Поиск 
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Сохранить(документ)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Экспорттық бақылау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі № 300-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2020.15.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Экспорттық бақылау туралы

(2020.15.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 172-VІІ Заңымен күші жойылды

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңын қараңыз (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

 

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

4-бап. Экспорттық бақылаудың негізгі мақсаттары мен қағидаттары

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау саласындағы құзыреті

6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

7-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының құзыреті

8-бап. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің түрлері

9-бап. Экспорттық бақылау және оны жүзеге асыру тәртібі

10-бап. Тұтастай қамтитын бақылау

11-бап. Ұйымдардағы фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі

12-бап. Өнiмдi тиеп жiберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуын мемлекеттік бақылау

13-бап. Сыртқы экономикалық мәмілелердің есебі

14-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы

15-бап. Өнімнің экспортын, импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуін шектеу

16-бап. Экспорттық бақылау саласындағы ақпаратты беру жөніндегі міндеттеме

17-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығының мақсаттары мен нысандары

18-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

19-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің уәкілетті органы мен мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

Осы Заң халықаралық және ұлттық қауіпсіздік мүддесіне орай қару-жараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнімге, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға, оларды өндіру мен пайдалануға байланысты шикізатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылыми-техникалық ақпарат пен көрсетілетін қызметтерге экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайтудың негіздері мен тәртібін белгілейді.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ қару-жарақ, әскери техника мен оқ-дәрілер, оның ішінде жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу құралдарын өндіру үшін қолданылуы мүмкін жабдықтар, материалдар, шикізат, технологиялар мен ғылыми-техникалық ақпарат;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) жаппай қырып-жоятын қару - химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық, ядролық және уытты қару;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) жеткізу құралдары - жаппай қырып-жоятын қаруды жеткізуге қабілетті зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары (500 килограмнан кем емес пайдалы жүктемені 300 километрге және одан да ұзақ қашықтыққа жеткізуге қабілетті);

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтар - қару-жарақпен, әскери техникамен, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлармен және технологиялармен, арнайы жабдықпен және жаппай қырып-жоятын қаруды жасауға арналған технологиямен байланысты ғылыми еңбектерге, электрондық-есептеу машиналарына арналған бағдарламаларға, карталарға, жоспарларға, эскиздерге, иллюстрациялар мен үш деңгейлі шығармаларға авторлық құқықтар, өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, интегралдық микросхема топологияларына құқықтар, ашылмаған ақпаратқа, оның ішінде «ноу-хау» өндірісінің құпияларына құқықтар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) импорт - өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі - импорттаушының (түпкі пайдаланушының) өнімді мәлімделген мақсаттарға пайдалану туралы, оны басқа тұлғаларға бермеу және оны уәкілетті органның келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы жазбаша сендіруі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7) кепілдік міндеттеме - импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны сатушы елдің келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің ресми сендіруі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8) кері импорт - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкетілген қазақстандық өнімнің өзгеріссіз жағдайда қайта әкелінуі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9) кері экспорт - Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген, оның аумағына бұрын әкелінген өнімді әкету не Қазақстан Республикасында шығарылған өнімді басқа мемлекеттің аумағынан үшінші елдерге әкету;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары - заңдарда белгіленген құзыреті шегінде экспорттық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11) өнім - экспорттық бақылауға жататын тауарлар, технологиялар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, ақпарат;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

12) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеу - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, қазақстандық тауарларды өңдеу және өнімді кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелу мақсатында оларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкету және пайдалану;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13) өнімнің номенклатурасы (тізімі) - экспорттық бақылауға жататын тауарлардың, технологиялардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және ақпараттың тізбесі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

14) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (мәлімдеуші) - өнімнің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуін жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

15) транзит - өнімге кедендік бақылау жасай отырып оны Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16) тұтастай қамтитын бақылау - өнімнің номенклатурасына (тізіміне) кірмейтін өнімді бақылау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17) уәкілетті орган - экспорттық бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі - экспорттық бақылау ережелерін сақтау мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) жүзеге асыратын ұйымдастырушылық, әкімшілік, ақпараттық және өзге де сипаттағы іс-шаралар кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

19) экспорт - өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

20) экспорттық бақылау - өнім экспортының, кері экспортының, импортының, кері импортының, транзитінің немесе өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеудің тәртібін Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары мен фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесін пайдаланатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) іске асыруы жөніндегі осы Заңда және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шаралар жиынтығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

21) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар - ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық режимнің талаптарына сәйкес осындай деп айқындалған материалдар.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда белгіленгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

  • Показать изменения

Осы Заңның күші осы Заңның 8-бабында көрсетілген өнімнің экспортына, кері экспортына, импортына, кері импортына, транзитіне және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) қызметіне қолданылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4-бап. Экспорттық бақылаудың негізгі мақсаттары мен қағидаттары

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Экспорттық бақылаудың негізгі мақсаттары:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайту;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, жаппай қырып-жоятын қару мен оны жеткізу құралдарының таралуын болдырмау болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Экспорттық бақылаудың негізгі қағидаттары:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) экспорттық бақылауды жүзеге асыруда саяси мүдделердің басымдылығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы бойынша ақпаратқа қолжетімділік;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) терроризм мен экстремизмді қолдауға жол бермеу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) экспорттық бақылау рәсімдері мен ережелерінің жалпыға бірдей танылған халықаралық нормалар мен практикаға сәйкестігі болып табылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Yкіметі экспорттық бақылау саласында:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) Қазақстан Республикасында мемлекеттік экспорттық бақылау жүйесін қалыптастырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіреді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) белгіленген құзыреті шегінде өнімнің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуін бақылайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен экспорттық бақылау саласындағы шараларды әзірлейді және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, қажет болған жағдайда өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және оның түпкілікті пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8) өнімді импорттаған кезде түпкі пайдаланушының сертификаты түріндегі кепілдік міндеттеме береді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) өнімнің транзитіне рұқсат береді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) мәлімдеушілер мен мүдделі мемлекеттік органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды береді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

11) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат береді;

  • Показать изменения

12) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14), 15), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылды

  • Показать изменения

14) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидаларын бекітеді;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15) импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру қағидаларын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16) өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекітеді;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекітеді;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19) өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларын бекітеді;

20) өнімнің кері экспортына рұқсат береді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының құзыреті

Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) өнімнің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізілуінің алдын алады және жолын кеседі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) өз құзыреті шегінде өнімнің экспорты, кері экспорты, импорты, транзиті және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуі мәселелерін келіседі.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-бап. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің түрлері

Экспорттық бақылануға тиіс өнімнің түрлеріне мыналар жатады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) жай қару-жарақ пен әскери техника, шикізат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтар және тиісті тауарлар мен технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерінде белгіленетін тізімдер, тізбелер бойынша химиялық қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін химикаттар, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгерген нысандары мен генетикалық материалдың фрагменттері, олардың тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттері, зымырандық техника жасау кезінде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар, олардың тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) жаппай қырып-жоятын қару түрлері;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) ғылыми-техникалық ақпарат, көрсетілетін қызметтер және әскери мақсаттағы өнімге, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға байланысты зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Экспорттық бақылау және оны жүзеге асыру тәртібі

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Экспорттық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Өнімнің экспорты мен импорты лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Өнiмнiң экспорты мен импортын лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Қазақстан Республикасынан шығарылатын өнімнің кері экспорты уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша, кепілдік міндеттеме негізге алына отырып жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің кері экспорты өнім шығарылған елдің құзыретті органының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының немесе басқа мемлекеттердің Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан әскери құралымдарының қаруланымында (жарақтанымында) қолданылып жүрген жарақтарды, өнімдерді жөндеу (жаңғырту) мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу, сондай-ақ өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеу уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

7. Экспорттық бақылауға жататын шикізат не өнеркәсіп өнімі үлгілерінің ең аз мөлшерін көрмелерде көрсету үшін, экспорттық бақылауға жататын, коммерциялық құндылығы жоқ осы шикізатқа не өнеркәсіп өніміне ықтимал сұранысты анықтау мақсатында зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды орындау үшін халықаралық ұйымдардың инспекторлары іріктеп алатын сынамалар үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкету лицензиясыз жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ оқу-жаттығуларға, байқауларға, конкурстарға, көрмелерге, парадтарға, жарыстарға, демонстрациялық іс-шараларға, сынақтарға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әдеттегі қару-жарағы мен әскери техникасын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету (аумағына әкелу) Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбенің негізінде лицензиясыз жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын оқу-жаттығуларды, байқауларды, конкурстарды, көрмелерді, сынақтарды, парадтарды, демонстрациялық іс-шараларды өткізу кезінде тартуға қажетті, шетелдік мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға тиесілі әдеттегі қару-жарақ пен әскери техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (аумағынан әкету) Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбенің негізінде лицензиясыз жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.15.06. № 321-V ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды

7-1. Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің жұмыс істеуі немесе бітімгершілік дайындықты жүргізу үшін қажетті жай қару-жарақ пен әскери техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (аумағынан әкету) қорғаныс саласындағы уәкілетті орган беретін әскери рұқсаттамалар негізінде тыйым салулар, шектеулер, рұқсаттар немесе лицензиялар қолданылмай және кедендік баждар, салықтар және өзге де алымдар алынбай жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8. Өнімнің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуіне бақылау жасауды мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде мәлімдеуші келісімшарт талаптарында Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының өнімнің түпкі пайдаланылуын тексеруге қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздеуге міндетті.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10. Уәкілетті орган өнім шығарылған елдің құзыретті органы берген рұқсаттың дұрыстығын айқындауға құқылы.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10-бап. Тұтастай қамтитын бақылау

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Тұтастай қамтитын бақылау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, егер сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге) осы өнім және зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері шет мемлекеттің не шетелдіктердің немесе шетелдік заңды тұлғалардың жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу құралдарын жасау мақсаттары үшін пайдаланылатыны анық белгілі болса, оларға бұл өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелер жасасуға немесе оларға өзге де кез келген түрде қатысуға тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлiмдеушiлер) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен осы Заңның 8-бабының қолданыс аясына жатпайтын өнiммен, зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерiмен сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясын:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) оларды Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң уәкiлеттi органы немесе өзге де мемлекеттiк органы аталған өнiм мен зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн екендiгi туралы хабардар еткен;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) олардың аталған өнiм мен зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн деп пайымдауына негiз болған жағдайларда алуға мiндеттi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11-бап. Ұйымдардағы фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі

Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген экспорттық бақылау ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін өнімге қатысты сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде экспорттық бақылау ережелерін орындауды қамтамасыз ету, аталған салада құқық бұзушылықты болғызбау үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйелерін құрады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап жаңа редакцияда

  • Показать изменения

12-бап. Өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын мемлекеттік бақылау

  • Показать изменения

Өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.


Содержание
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы4-бап. Экспорттық бақылаудың негізгі мақсаттары мен қағидаттары5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау саласындағы құзыреті6-бап. Уәкілетті органның құзыреті7-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының құзыреті8-бап. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің түрлері9-бап. Экспорттық бақылау және оны жүзеге асыру тәртібі10-бап. Тұтастай қамтитын бақылау11-бап. Ұйымдардағы фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі12-бап. Өнiмдi тиеп жiберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуын мемлекеттік бақылау13-бап. Сыртқы экономикалық мәмілелердің есебі14-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы15-бап. Өнімнің экспортын, импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуін шектеу16-бап. Экспорттық бақылау саласындағы ақпаратты беру жөніндегі міндеттеме17-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығының мақсаттары мен нысандары18-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық19-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің уәкілетті органы мен мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі