4. Әзірлеуші органдар сараптама қорытындыларын қарауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады.
5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға сәйкес қызметін жүзеге асыруға дайындалу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті мерзімдер негізге алынып белгіленуге тиіс.
Нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу тәртібі мен мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектілеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.
6. Осы бапта көзделген рәсімдер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың міндетті шарттары болып табылады.
7. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары оларды сараптама кеңесі және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қарағанға дейін, интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.»;
4) 29-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңның 30-бабына сәйкес ғылыми сараптама қорытындысы және олар болған кезде сараптама кеңесінің мүшелері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өзге де сараптама қорытындылары;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларда реттеушілік әсерді талдау.»;
5) 37-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
6) 44-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тиісті мемлекеттік органның сараптама кеңесімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу рәсімі сақталмай қабылданса;».
117. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 жылғы 18 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 35) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«35) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
2) 8-тараудың тақырыбы «саласындағы» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.».
118. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентің Жаршысы, 2016 ж., № 8-І, 64-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 24, 115-құжат):
23-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды, оның ішінде бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды инкассациялауды;».
119. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат):
1) 42-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық ақшаның иесін сәйкестендіруді электрондық ақша эмитенті электрондық ақша иесінің өзі қатысқан және жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде не банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығынан қолжетімді дереккөздерден алынған мәліметтер негізінде қашықтан сәйкестендіру арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін өзге де тәсілмен жүргізеді.»;
2) 45-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бастамашының қолтаңбасы және Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлғалар шыққан елдің заңнамасына сәйкес мөрі жоқ бейрезидент - заңды тұлғаларын қоспағанда, мөрінің бедері қамтылуға тиіс.».
120-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
120. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 108-құжат):
1) 2-баптың 6) тармақшасындағы «553-бабы 3-тармағы кестесінің 2-бағаны 14-жолының үшінші және алтыншы абзацтары,» деген сөздер алып тасталсын;
2) 37-баптың он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жүктерді халықаралық тасымалдау қызметтері бойынша қосылған құн салығын төлеушілер.»;
3) мынадай мазмұндағы 43-1 және 43-2-баптармен толықтырылсын:
«43-1-бап. Салық кодексінің 510-бабы 1-тармағы үшінші бөлігінің қолданысы 2018 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган 1 маусымнан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.».
43-2-бап. Салық кодексінің 529-бабы 6-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы 2018 жылға 1 маусымға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6. Салық салу объектісінің елді мекенде орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін (К айм.) аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар 1 маусымнан кешіктірілмейтін мерзімде бекітеді және ол бекітілген жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.».
121-тармақ «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілді
121. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-V, 113-құжат):
1-бапта:
5-тармақта:
9) тармақшаның үшінші абзацында:
«344,» деген цифрлар алып тасталсын;
«, 392 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393, 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер алып тасталсын;
13) тармақшаның екінші абзацындағы «374, 377, 379, 391, 392 (бірінші бөлігінде), 393 (бірінші бөлігінде), 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер «377 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 2), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) 1-қосымшаның тақырыбы мен 8-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Көмірсутектер саласындағы қызметті лицензиялау |
8. | Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия | 1. Мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіру. 2. Көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар). 3. Мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары. 4. Құрлықтағы; теңіздегі; ішкі су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау. 5. Кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі). 6. Көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру; сынамалау. 7. Көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою. 8. Мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту. 9. Құрлықтағы; теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар. 10. Мұнай-химия өндірістерін пайдалану. 11. Көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау. 12. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану. | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
»;».
122. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 24, 115-құжат):
1) 1-баптың 14-тармағы 3) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтары алып тасталсын;
2) 2-баптың екінші абзацындағы «3) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтарын,» деген сөздер алып тасталсын.
123-тармақ 2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
123. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 1, 3-құжат):
29-бапта:
тақырыптағы «бақылау» деген сөз «мемлекеттік бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «бақылауды» деген сөз «мемлекеттік бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
«бақылау» деген сөз «мемлекеттік бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тексерулер және бақылаудың өзге нысандарын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер және профилактикалық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 13-тармағының 9), 10), 11), 15), 16), 17), 18) және 22) тармақшаларын, 120-тармағын;
2) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 13-тармағының 19) және 20) тармақшаларын;
3) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14 және 121-тармақтарын;
4) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 123-тармағын;
5) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағы 1) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтарын, 7) тармақшасының оныншы абзацын, 26) тармақшасын;
6) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағы 1) тармақшасының жиырма сегізінші абзацын, 10) тармақшасының бесінші абзацын, 15) тармақшасының бесінші абзацын, 50) тармақшасын және 13-тармағының 14) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
1) осы Заңның 1-бабының 87-тармағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген кезге дейін қолданылады;
2) осы Заңның 1-бабының 36-тармағы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген кезге дейін қолданылады деп белгіленсін.
3. Осы Заңның 1-бабы 97-тармағы 4) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтарының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымы бойынша Қордың директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.
Қордың директорлар кеңесінің құрамы мынадай адамдар қатарынан қалыптастырылады:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі - Қордың жалғыз акционерінің өкілі;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы;
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
төрт тәуелсіз директор;
Қордың басқарма төрағасы.».
4. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мемлекеттік органдар осы Заңның 1-бабы 10-тармағы 39) тармақшасының он сегізінші, жиырма тоғызыншы және елуінші абзацтарында, 41) тармақшасында көрсетілген тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлеуге және бекітуге міндетті.
Мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін реттеуші мемлекеттік органдар бекіткен ішінара тексерулері тексеру аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
Тексерілетін субъектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер осы тармақтың талаптары орындалғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
5. Осы Заңның 1-бабы 10-тармағы 6) тармақшасы бірінші - он тоғызыншы абзацтарының нормалары осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 63-бабына сәйкес берілген орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттелгені туралы қолданыстағы куәліктері бар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне қолданылады деп белгіленсін.
6. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-3-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 24 мамыр
№ 156-VI ҚРЗ