6. Бақылау мен қадағалау субъектілерінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген талаптарды сақтауы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасы болып табылады.
7. Профилактикалық бақылау немесе тексеру шеңберінде осы Кодекстің 136-бабының ережелеріне сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
Бақылау және қадағалау органы профилактикалық бақылауды немесе тексеруді жүргізу барысында жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдануға негіз болып табылатын тексеру парағының талаптарын бұзу фактісін байқаған кезде жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдану туралы тиісті нұсқаманы (актіні, қаулыны) ресімдейді.
138-бап. Бақылау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары
Бақылау:
1) электр энергетикасы саласында;
2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында;
3) 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;
5) газ және газбен жабдықтау саласында;
6) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында;
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде;
8) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге және олардың айналымына;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) ықтимал радиациялық қауіпті қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін атом энергиясын пайдалану саласында;
10) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
13) көлiк саласында;
14) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында;
17) техникалық реттеу саласында;
18) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына;
19) метрология саласында;
20) тұрғын үй қорын басқару саласында;
21) асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласында;
22) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;
23) тұқым шаруашылығы саласында;
24) астық нарығын реттеу саласында;
25) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында;
26) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласында;
27) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
29) 2021.05.01. № 409-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30) жердi пайдалану мен қорғауға;
31) геодезиялық және картографиялық қызметке;
32) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында;
33) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
34) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
35) азаматтық қорғаныс саласында;
36) өрт қауiпсiздiгi саласында;
37) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38) дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасына;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 39-1) тармақшамен толықтырыды
39-1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында;
40) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 41) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;
42) бiлiм беру жүйесiне;
43) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының сақталуына;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 44) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 44) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасының сақталуына;
45) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
46) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында;
48) арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну саласында;
49) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына;
50) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына;
51) байланыс саласында;
52) ақпараттандыру саласында;
53) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына;
138-баптың 54) тармақшасының қолданылуы 2016 ж. 1 қаңтардан 2017 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақша осы Кодекстің 324-бабының 11-тармағында қолданылды
54) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiне, сондай-ақ бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың аударымдары мен жарналарының толық және уақтылы аударылуына;
55) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде салықтық емес төлемдердің түсуiне;
56) трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде;
57) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына;
58) валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтiң жүзеге асырылуына;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 59) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
59) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында;
60) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
60-1) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 61) тармақша жаңа редакцияда
61) Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелерi туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасының валюта заңнамасының сақталуына;
62) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
63) бәсекелестікті қорғау саласында;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 64) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
64) тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын пайдалануға;
65) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
66) бағалау қызметi саласында;
67) табиғи монополиялар салаларында;
68) 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 68-1) тармақшамен толықтырылды
68-1) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және осы Кодексте белгіленген міндеттерді сақтауына;
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.08.06. № 48-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 69) тармақша жаңа редакцияда
69) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасының сақталуына;
70) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiне;
71) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметiне;
72) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
73) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
74) күзет қызметiне;
75) күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметке;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 76) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
76) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне;
77) жеке күзет ұйымында басшы және күзетшi лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi мамандандырылған оқу орталықтарының қызметiне;
78) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына;
79) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
80) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңнамасының сақталуына;
81) аудиторлық қызмет және кәсiптiк аудиторлық ұйымдар қызметi саласында;
82) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасының сақталуына;
83) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына;
84) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
85) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
86) спортта допингке қарсы iс-шаралардың жүргiзiлуiне;
87) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласында;
88) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен 89) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
89) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласында;
90) биоотын айналымы саласында;
91) биоотын өндiру саласында;
92) Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасының сақталуына;
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 92-1) тармақшамен толықтырылды
92-1) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуына;
93) ғарыш қызметi саласында;
94) 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
95) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына;
96) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
97) ветеринария саласында;
98) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында;
2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 98-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
98-1) жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласында;
99) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына;
100) автомобиль жолдары саласында;
101) баланың құқықтарын қорғау саласында;
102) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
103) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
104) рұқсаттық бақылау саласында;
105) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерiнiң, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;
106) өнеркәсiп саласында;
107) ұйымдардың, әскери мiндеттiлердiң және әскерге шақырылушылардың әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының сақталуына;
108) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
109) кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында;
110) мемлекеттік статистика саласында;
111) тармақша органикалық өнім өндіру туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізілді
111) органикалық өнім өндіру саласында;
112) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.14.01 № 445-V ҚР Заңымен 113) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2016.09.04. № 496-V ҚР Заңымен 113) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
113) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында;
2016.09.04. № 496-V ҚР Заңымен 114) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 114) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
114) Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 115) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 115) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
115) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарларға қатысты өндіріс пен айналым саласында;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 116) тармақшамен толықтырылды; 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 116) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
116) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуына;
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 117) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2023.10.07. № 19-VIІІ ҚР Заңымен 117) тармақша өзгертілді (2023 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
117) цифрлық активтер саласында;
2023.10.07. № 19-VIІІ ҚР Заңымен 118) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
118) Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасының сақталуына жүзеге асырылады.
139-бап. Қадағалау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары
Қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану саласында;
2) азаматтық авиация қызметiне;
3) халықаралық әуе тасымалдарына;
4) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
5) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;
6) iшкi су көлiгi саласында;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
8) ветеринария саласында;
9) өсiмдiктер карантинi саласында;
10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) өнімді айналысқа шығару бөлігінде оның техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне техникалық реттеу саласында;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында;
12) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) инвестициялық қорлар қызметiне;
15) - 17) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) атом энергиясын пайдалану саласында;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды
20) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды
21) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды; 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
23) өрт қауіпсіздігі саласында жүзеге асырылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда
2-параграф. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
140-бап. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 141-бап жаңа редакцияда
141-бап. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі
1. Бақылау мен қадағалау субъектісі қызметінің нәтижесінде салдарларының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы тәуекел болып табылады.
Тәуекелдерді бағалау деп бақылау және қадағалау органдарының зиян келтіру ықтималдығын өлшеу жөніндегі қызметі түсініледі.
2. Бақылау және қадағалау мақсаттары үшін тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі деп қызметтің тиісті салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін барынша аз мүмкін болатындай дәрежеде шектеу мақсатында, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) мұндай бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерден босатуға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі түсініледі.
Бақылау мен қадағалау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға ықпал ететін факторларға байланысты, бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарты болып табылады.
3. Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің (бұдан әрі - тәуекел дәрежелері) біріне жатқызады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
4. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық маңыздылығы жоғары бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу жиілігі жарты жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ екі жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ үш жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тәуекелдің жоғары немесе орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігін тексеру, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігін тексеру, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және талаптарға сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
6. Бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыруы қағидалары негізінде әзірленеді.
7. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін реттеуші мемлекеттік органдар бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) нақты тәуекел дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу графиктерін немесе тізімдерін автоматты режимде қалыптастыратын тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып жүргізеді, сондай-ақ ол мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Автоматты режимде тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүзеге асырылатын бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі белгілі бір бақылау мен қадағалау саласындағы осындай бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
Бақылау және қадағалау органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, автоматты режимде қалыптастыру тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының өзіндік ерекшелігі мен құпиялылығы ескеріле отырып, реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыруы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің нысанасы болып табылатын талаптардың бұзылу дәрежесін айқындауға негіз болып табылады.
Талаптардың бұзылуы ауырлығына қарай өрескел, елеулі және болмашы болып бөлінеді.
Осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген талаптардың бұзылуын өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтарға жатқызу реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыруы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) мынадай жағдайларда:
1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасаса;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан немесе тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалса;
3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болса, ақпараттық жүйе қолданыла отырып, бақылау мен қадағалау субъектілері қызметінің тиісті салаларында тәуекелдің жоғары дәрежесінен тәуекелдің орташа дәрежесіне немесе тәуекелдің орташа дәрежесінен тәуекелдің төмен дәрежесіне ауыстырылады.
10. Реттеуші мемлекеттік органдар ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) бақылау мен қадағалауды жүзеге асырған кезде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы жасалған келісімді ескере отырып, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында осындай мүшеліктің (қатысудың) болу фактісін жеңілдететін индикатор ретінде ескереді.