ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
цифрлық активтер және ақпараттандыру мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2023 ж. 18 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
41-баптың 4-1-тармағының бірінші бөлігі 26) тармақшасындағы «орындау бойынша тапсырыстар жатқызылуы мүмкін.» деген сөздер «орындау бойынша;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
«27) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығын дамытуды ынталандыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу бойынша тапсырыстар жатқызылуы мүмкін.».
2-тармақ 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне:
182-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«182-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсетуге ақы төлеу
1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсетуге ақы төлеу мөлшерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсеткені үшін ақы төлеуден мыналар босатылады:
1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегені және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамаларды бергені үшін - растайтын құжаттарды көрсеткен кезде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар);
2) туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін - мемлекеттік ұйымдар;
3) баланың тууын мемлекеттік тіркегені және туу туралы куәлікті бергені үшін - жеке тұлғалар;
4) қайтыс болуды мемлекеттік тіркегені және қайтыс болу туралы куәліктерді, қайталама куәліктерді, анықтамаларды және хабарламаларды бергені үшін - жеке тұлғалар;
5) азаматтық хал актілерінің күшін жойғаны үшін - жеке тұлғалар;
6) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетілген кезде оларға куәліктерді бергені үшін - жеке тұлғалар;
7) әке болуды анықтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуына байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізгені және бала асырап алу мен әке болуды анықтауға байланысты туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін - жеке тұлғалар.».
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне:
1) 24-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі 12) тармақшасындағы «қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп танылмайды.» деген сөздер «қызметті;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) І кіші түрдегі цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп танылмайды.»;
2) 138-бап 116) тармақшасындағы «сақталуына жүзеге асырылады.» деген сөздер «сақталуына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 117) тармақшамен толықтырылсын:
«117) цифрлық активтер саласында жүзеге асырылады.».
4. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
127-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы 6) тармақшасындағы «қағаз жеткізгіште жіберілген хабарлама тараптың тиісінше хабарландырылуы болып табылады.» деген сөздер «қағаз жеткізгіште;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелте отырып, «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушы кабинетіне жіберілген хабарлама тараптың тиісінше хабарландырылуы болып табылады.».
5. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:
1) 66-баптың екінші бөлігі «телеграммамен,» деген сөзден кейін «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелте отырып, «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 113-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы «телефонограммамен,» деген сөзден кейін «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелте отырып, «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацының 1) тармақшасы «мәтіндік хабар» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелте отырып, «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
14-бапта:
тақырыптағы «және бағалы қағаздарды» деген сөздер «, бағалы қағаздарды және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «ақшаларын, сондай-ақ бағалы қағаздарды пайдалануға байланысты қаржы (соның ішінде банктік), сақтандыру, инвестициялық және өзге де көрсетілетін қызметтерге» деген сөздер «ақшасын пайдалануға байланысты қаржы (оның ішінде, банктік), сақтандыру, инвестициялық және өзге де көрсетілетін қызметтерге, бағалы қағаздарға, сондай-ақ қамтамасыз етілген цифрлық активтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «немесе бағалы қағаздарға» деген сөздер «, бағалы қағаздарға немесе қамтамасыз етілген цифрлық активтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша «дивидендтер мөлшеріне» деген сөздерден кейін «немесе қамтамасыз етілген цифрлық активтер бойынша кіріс алуға» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «бағалы қағаздардың» деген сөздерден кейін «немесе қамтамасыз етілген цифрлық активтердің» деген сөздермен толықтырылсын.
7. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 14-1), 36-4) және 67-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) антенна-діңгекті құрылысжай - байланыс құралдарын орналастыруға арналған, мұнара немесе діңгек пішіндегі байланыс құрылысжайы;»;
«14-1) байланыс құрылысжайлары - байланыс құралдарын орналастыру үшін жасалған және (немесе) ыңғайластырылған инженерлік инфрақұрылым объектілері;»;
«36-4) қосарланған мақсаттағы тіреуіштер - телекоммуникация құралдарын және (немесе) өзге де инженерлік инфрақұрылым объектілерін, ақпараттық мақсаттағы құрылғыларды бір мезгілде орналастыруға арналған байланыс құрылысжайлары;»;
«67-5) ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған тіреуіштер - жерге тереңдетіп көмілген іргетас түріндегі берік байланысы жоқ, ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығын орналастыруға арналған байланыс құрылысжайлары;»;
2) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-21) тармақшамен толықтырылсын:
«19-21) қосарланған мақсаттағы тіреуіштерге телекоммуникация құралдарын орналастыру тәртібін бекіту;»;
3) 10-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «қызметін», «айқындайды және әзірлейді» деген сөздер тиісінше «уәкілетті органмен және қызметін», «әзірлейді және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 25-баптың 2-тармағындағы «Байланыс операторлары», «Байланыс операторларын қосудың үлгілік шарттары» деген сөздер тиісінше «Байланыс операторлары, телекоммуникация желілерінің иелері және байланыс қызметтерін пайдаланушылар», «Байланыс операторларының үлгілік қосу шарттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 29-баптың 4-3-тармағындағы «телекоммуникациялық жабдық пен» деген сөздер «қосарланған мақсаттағы тіреуіштерді, өзге де телекоммуникация құралдары мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 35-баптың 1-тармағы «техникалық нормаларға,» деген сөздерден кейін «байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне,» деген сөздермен толықтырылсын.
8. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-1-тарау мынадай мазмұндағы 9-4-баппен толықтырылсын:
«9-4-бап. Цифрлық майнерлердің электр энергиясын сатып алу тәртібі мен талаптары
1. Цифрлық майнерлер электр энергиясын:
1) жүйелік оператор айқындайтын белгіленген квоталар шеңберінде;
2) жүйелік оператор айқындайтын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің техникалық мүмкіндігі шеңберінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде өндірілген;
3) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан;
4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан;
5) 2023 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесіне қосылған энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесіне қосылмаған генерациялайтын қондырғылардан сатып алады.
2. Жүйелік оператор электр энергиясының профицитін айқындаған жағдайда, цифрлық майнерлердің электр энергиясының квотасына сәйкес электр энергиясын тұтынуға құқығы бар.
Бұл ретте, цифрлық майнерлердің электр энергиясын сатып алуы көтерме сауда нарығында, бағаны көтеруге арналған сауда-саттық әдісімен электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында сатып алынған орташа тәуліктік (базалық) қуаттың кемінде 1 мегаватт көлемінде жүзеге асырылады.
3. Цифрлық майнерлерде жүйелік оператор мен энергия беруші ұйымның желілеріне қосылған кезде оларда орнатылған электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелері, оларды жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйелері, жүктемені ажырату құрылғысы болуға міндетті.»;
2) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 22-3) тармақшамен толықтырылсын:
«22-3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес энергетикалық аймақтар бөлінісінде цифрлық майнерлердің қызметі үшін қолжетімді болатын электр энергиясының квотасын және электр энергиясын тұтыну бейінін айқындайды және квотаның есеп-қисабы үшін пайдаланылған электр энергиясының тапшылығы мен профицитінің бар-жоғы туралы ақпаратты тиісті негіздемесімен бірге өзінің интернет-ресурсында жариялайды, сондай-ақ осы ақпаратты цифрлық активтер саласындағы уәкілетті органға береді;»;
3) 12-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Энергия өндіруші ұйым» деген сөздер «Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында цифрлық майнерлерге өткізуді қоспағанда, энергия өндіруші ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-бапта:
3-2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын өткізуді қоспағанда, цифрлық майнерлерге электр энергиясын өткізуге (сатуға);»;
3-3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден сатып алынған электр энергиясының көлемдерін өткізетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды қоспағанда, электр энергиясын цифрлық майнерлерге, басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымға өткізуге (сатуға), сондай-ақ оны басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымнан алуға (сатып алуға);»;
9-тармақтағы «Электр энергиясын» деген сөздер «Елдің жекелеген өңірлерінің суармалы жерлерін суаратын сумен қамтамасыз ету мақсаттары үшін экспорттық өнім берулер мен тауар алмасуды қоспағанда, электр энергиясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
«14. Цифрлық майнерлер үшін электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес рұқсат етілген қуаттылығы кемінде бір мегаватт болатын, кернеуі 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық кіші станциялардан ғана береді.».
9. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 2) тармақшасының екінші абзацы алып тасталсын;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 10-8) тармақшамен толықтырылсын:
«10-8) электр энергиясын көтерме тұтынушылар болып табылатын цифрлық майнерлердің қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алу тәртібін айқындайды;»;
3) 7-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік он күн бұрын оны шығарудың, желілерге жіберудің, энергия беруші ұйымдарға берудің болжамды көлемдері туралы ақпарат беруге;».
10. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-бап мынадай мазмұндағы 12-4) тармақшамен толықтырылсын:
«12-4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процестерін бағалауды жүзеге асырады;»;
2) 10-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процесін бағалауды жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде беруді қамтамасыз етеді;»;
3) 11-баптың 9) тармақшасындағы «электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын» деген сөздер «мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу тәртібі
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.».
11. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 28-баптың 1-тармағы 26) тармақшасындағы «қызмет көрсету салаларындағы жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттер (операциялар) жатады.» деген сөздер «қызмет көрсету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
«27) цифрлық активтер салаларындағы жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттер (операциялар) жатады.»;
11-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 1 сәуір - 2023 ж. 31 желтоқсан аралығында қолданылды
2) 29-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.»;
3) 36-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің және қайта ресімдеудің ерекше шарттары «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;
4) 1-қосымша мынадай мазмұндағы 12-1-жолмен толықтырылсын:
«
Цифрлық активтер саласындағы қызметті лицензиялау |
12-1. | Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия | 1. І кіші түр - меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы. 2. ІІ кіші түр - меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналастырылған, өзіне меншік тиесілі цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы. | Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 3 жыл; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
»;
5) 2-қосымшаның 1-сыныбы мынадай мазмұндағы 87-12-жолмен толықтырылсын:
«
1-сынып - «қызметке берілетін рұқсаттар» |
87-12. | Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру | Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат | Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 3 жыл; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
»;
6) 3-қосымшаның 62-тармағы алып тасталсын.
12. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
55-1), 55-3) және 56-1) тармақшалар алып тасталсын;
57) тармақшада:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«ақпарат» деген сөз «деректер» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 7-бапта:
25-1) тармақшадағы «электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын» деген сөздер «мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру процесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
59-2), 59-3), 63-3) және 63-6) тармақшалар алып тасталсын;
3) 7-1-баптың 20-2) және 20-3) тармақшалары алып тасталсын;
4) 12-баптың 12) тармақшасындағы «электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын» деген сөздер «мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру процесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 33-1-бап алып тасталсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын;
2) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын қоспағанда, 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 11-тармағының 2) тармақшасы 2023 жылғы 1 сәуір - 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығында қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 6 ақпан
№ 194-VІІ ҚРЗ