ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және
онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 127-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) 174-баптың бірінші бөлігіндегі «бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін» деген сөздер «бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 274-баптың екінші бөлігінің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет -».
2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
138-бап 117) тармақшасындағы «саласында жүзеге асырылады.» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 118) тармақшамен толықтырылсын:
«118) Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасының сақталуына жүзеге асырылады.».
3. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 4-1) тармақшасы «телекоммуникация желілері» деген сөздерден кейін «және (немесе) онлайн-платформалар» деген сөздермен толықтырылсын.
4. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Онлайн-жарнаманы реттеу ерекшеліктері «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.».
5. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 4-2) тармақшасы «телекоммуникация желілері» деген сөздерден кейін «және (немесе) онлайн-платформалар» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 47-2), 51-1) және 51-2) тармақшалары алып тасталсын;
2) 18-2-бап алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 10 шілде
№ 19-VIІІ ҚРЗ