Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металдар мен асыл тастар мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18-құжаттар; №13-14, 63-құжат; №15-16, 74-құжат; №17, 82-құжат; №18, 84-құжат; №23, 100-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №7, 28, 29-құжаттар; №11, 58-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; №22, 130, 132-құжаттар; №24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №15, 120-құжат; №16, 128-құжат; №20, 151-құжат; №21, 161-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 11, 15-құжаттар; №3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №6, 43, 44-құжаттар; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №11, 80-құжат; №13, 91-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 7, 10-құжаттар; №3, 15-құжат; №4, 21-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №12, 57-құжат; №14, 72-құжат; №15, 76, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №21-22, 114, 115-құжаттар; №23-24, 116-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44, 49-құжаттар; №10, 52-құжат; №11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №11, 52-құжат; №14, 72-құжат; №15, 78-құжат; №19-I, 99, 100, 101-құжаттар; №20-I, 110-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 13 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 13 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 21 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 1 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-баптың 1-тармағының 19-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1) инвестициялық алтын - мынадай шарттарға сәйкес келетін алтын:
алтын монеталар үшін:
мұндай алтын монеталардың нумизматикалық құндылығы болмайды;
алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының 1000 үлесінің 900 мыңдық үлесіне тең немесе одан асады (бұл 900-сынамаға, 900 промиллеге, 90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес келеді).
Бұл ретте алтын монета мынадай шарттардың біріне сәйкес болған кезде:
1800 жылға дейін соғылған;
«пруф» (proof) сапасымен бетінің айнадай болып шығуын қамтамасыз ететін технология бойынша соғылған;
шығарылымының таралымы 1000 данадан аспаған;
оның нарықтық бағасы монета құрамындағы алтын құнының 80 пайызынан асқан жағдайда, оның нумизматикалық құндылығы бар деп танылады.
Монетаның құрамындағы алтынның құны алтын монетаны өткізу күні Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы белгілеген (белгіленген) алтынның таңертеңгі фиксингін (баға белгіленімін) көрсетілген күні белгіленген валюта айырбасының нарықтық бағамына көбейту арқылы айқындалады.
Қалған алтын үшін:
мұндай алтын аффинирленген болып табылады (мұндай алтынның тазалығы лигатуралық массаның 1000 үлесінің 995 мыңдық үлесіне тең немесе одан асады (бұл 995-сынамаға, 995 промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес келеді);
мұндай алтын ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкес келеді, өлшеуіш немесе стандартты құйма және (немесе) тілім түрінде дайындалып, мынадай таңбалау салынады:
стандартты құйма және (немесе) тілім үшін:
сериялық нөмірі (дайындалған жылы қамтылуы мүмкін);
дайындаушының тауар белгісі;
алтынның тазалығы (массалық үлесі);
егер сериялық нөмірге енгізілмеген болса, дайындалған жылы;
өлшеуіш құйма үшін:
металдың атауы;
дайындаушының тауар белгісі;
алтынның тазалығы (массалық үлесі);
құйманың массасы;»;
2) 248-баптың 16-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) егер осы баптың 16) тармақшасында және осы Кодекстің 244-4-бабында өзгеше белгіленбесе, инвестициялық алтын бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес болған:
инвестициялық алтын құймалар мен тілімдер түрінде болған;
инвестициялық алтынмен мәміле қор биржасында жасалған кезде не мәміле тараптарының бірі:
екінші деңгейдегі банк;
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы - заңды тұлға болған кезде;»;
3) 250-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) инвестициялық алтынды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызмет көрсететін заңды тұлғалар санаты үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған металл шоттары арқылы өткізу;»;
4) 255-баптың 1-тармағы 11) тармақшасы екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар түрінде өткізу кезінде қолданылады.».
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №18-I, 18-II, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., №1, 2-құжат; №2, 6-құжат; №7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №9, 46-құжат; №10, 50-құжат; №11, 52-құжат; №14, 71-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №19-I, 101-құжат; 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; №20-IV, 113-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 13 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 13 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 21 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 25 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 1 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
2-тармақтың 2) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 190-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«190-1-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу жөніндегі талаптарын бұзу»;
мынадай мазмұндағы 297-1 және 698-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«297-1-бап. Бағалы металдарды, асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету»;
«698-1-бап. Бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті орган»;
2-тармақтың 2) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
2) мынадай мазмұндағы 190-1-баппен толықтырылсын:
«190-1-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу жөніндегі талаптарын бұзу
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі өздері өндірген бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын сынамалау таңбасынсыз, сондай-ақ атаулы таңба бедерінсіз бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - сексен, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) мынадай мазмұндағы 297-1 және 698-1-баптармен толықтырылсын:
«297-1-бап. Бағалы металдарды, асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету
1. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, бағалы металдарды, асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«698-1-бап. Бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті орган
1. Бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 190-1 және 297-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) 190-1-бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары және олардың орынбасарлары;
2) 297-1-бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары құқылы.».
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №20-II, 20-III, 112-құжат):
1) 129-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.» деген сөздер «бақылауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды қоспағанда, бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
2) 138-баптың 112) тармақшасындағы «сақталуына жүзеге асырылады.» деген сөздер «сақталуына;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 113) тармақшамен толықтырылсын:
«113) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында жүзеге асырылады.».
4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №3-4, 23-құжат; №12, 88-құжат; №15-16, 100-құжат; №23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 184-құжат; №11-12, 262-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №13-14, 205-құжат; №22, 333-құжат; 1998 ж., №11-12, 176-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №8, 52-құжат; №10, 123-құжат; 2003 ж., №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №14, 55-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №4, 24-құжат; №13, 86-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20-құжат; №4, 33-құжат; 2009 ж., №8, 44-құжат; №13-14, 63-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №13, 116-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 6-құжат; №2, 14-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):