2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-тармақ өзгертілді
18. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі банктің өзіне тиеселі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей не жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар акциялары санының орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасын өзгерту туралы, мұндай өзгеріс банктің немесе банк холдингінің меншікті акцияларды өзге акционерлерден сатып алуы салдарларынан болған жағдайларды қоспағанда, шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі банк акцияларының саны (пайыздық немесе абсолюттік мәнінде) банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына қатысты ұлғаю жағына қарай өзгерген жағдайда банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат ұсынуға тиіс. Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланатын қаражат көздері осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында айқындалған.
Банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің өтініші бойынша банк акцияларының саны банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі он немесе жиырма бес пайыздан кем болатын санға дейін өзгерген жағдайда не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді дербес анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бұрын берілген жазбаша келісімінің күші уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі күннен бастап жойылды деп саналады.
Жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысы өзіне тиесілі акциялар санын банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк иеленген акциялар шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызына дейін ұлғайтқан жағдайда, құжаттарға қосымша ретінде және осы тармақта көрсетілген мерзімдерде таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
19. Банк және банк холдингі өздерінің барлық ірі қатысушыларының немесе банк холдингтерінің (банк үшін) оларға тиесілі орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) немесе банктің немесе банк холдингінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің санын, сондай-ақ олардың пайыздық арақатынасын көрсете отырып, тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етіп отыруға міндетті.
20. Банктер өзінің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының он және одан астам пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы осындай факт анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
21. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен Заң 17-2-баппен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 17-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-2-бап. Банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің сатып алу ерекшеліктері
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің жарияланған акцияларын Үкімет не ұлттық басқарушы холдинг сатып алатын акцияларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің орналастырылған акциялардың жалпы санының он пайызынан кем емес мөлшерде сатып алу мүмкіндігін қарайды.
Уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің банктің жарияланған акцияларын орналастырылған акциялардың жалпы санының он пайызынан кем емес мөлшерде сатып алу мүмкіндігі туралы ұсынысы қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің акцияларын сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Банк акцияларына мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органға тіркеледі.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің банк акцияларын сатып алу туралы шешімі мыналарды:
банктің жарияланған орналастырылмаған немесе сатып алынған акциялары болмаған жағдайда не олардың саны жеткіліксіз болғанда, банктің жарияланған акцияларының жалпы саны соншама ұлғайтылатын акциялар санын;
мәжбүрлеп орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың орналастыру (өткізу) бағасын және санын қамтуға тиіс.
3. Мәжбүрлеп орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың орналастыру (өткізу) бағасы және саны ұлттық басқарушы холдингтің не Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның келісімі бойынша уәкілетті органның қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен, акцияларды орналастыру (өткізу) туралы шешім қабылданған күні қалыптасқан нарықтық баға бойынша айқындалады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның не ұлттық басқарушы холдингтің бастамасы бойынша акцияларды орналастыру бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындауы мүмкін.
Акцияларды орналастыру бағасын бағалаушы айқындаған жағдайда бағалаумен байланысты шығындарды банк көтереді.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің жарияланған акцияларын сатып алу және оларды ұлғайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер енгізеді;
2) проспектіге өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) банкке акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жібереді және орталық депозитарийді жарияланған акциялар санының ұлғайтылғаны жөнінде хабардар етеді.
Банк акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алған күннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәліктің тұпнұсқасын қайтаруға міндетті.
5. Банк акцияларын сатып алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы холдинг құрамның отыз пайызынан аспайтын санда банктің атқарушы органының және (немесе) басқару органының мүшелерін тағайындайды, олар мемлекеттің немесе ұлттық басқарушы холдингтің мүдделерін білдіретін өкілдер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің лауазымды адамдарын немесе қызметкерлерін ауыстыру, банк активтерін оңтайландыру, жарғылық капиталды ұлғайту туралы мәселелерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өзге де мәселелерді қарау үшін банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырады.
5-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi не ұлттық басқарушы холдинг банктің жарияланған акцияларын сатып алған кезден бастап осы банктің еншілес ұйымдарына қатысты шешімдерді банктің директорлар кеңесі қабылдайды.
6. Банктің пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауына алып келген, оның қаржылық жай-күйі жақсарған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің осы бапқа сәйкес сатып алынған акцияларын тікелей атаулы сату жолымен не қор биржасында сауда-саттық жолымен өткізу жөнінде шаралар қолданады.
Банктің осы бапқа сәйкес сатып алынған акцияларын өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
7. Банктің жарияланған акцияларының санын ұлғайту, банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы, сондай-ақ осы баптың негізінде банктің атқарушы органының және (немесе) басқару органының мүшелерін тағайындау банк органдарының шешім қабылдауынсыз жүзеге асырылады.
Акционерлердің банктің осы баптың 1-тармағына сәйкес орналастырылатын (өткізілетін) жарияланған акциялары бойынша басымдықпен сатып алу құқығы жоқ.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң еншiлес банк құру ерекшелiктерi
1. Рейтинг агенттiктерi бірiнiң белгiлi бір рейтингi бар Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлер еншiлес банкiге еншi берушi банк бола алады. Негiзгi рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен талап етiлетiн ең төменгi рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. алынып тасталды
11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді ) (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 19-бап өзгертiлдi
19-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiш
1. Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнiнде уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы.
2. Өтiнiш қазақ немесе орыс тiлдерiнде берiледi және онда өтiнiш берушiнiң мекен-жайы көрсетiлуге тиiс.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша берілген банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар:
1) нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесі;
2) банктің жарғылық капиталындағы үлесі он пайыздан аз болатын құрылтайшылар - жеке және заңды тұлғалар (уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша) туралы мәліметтер, оның ішінде құрылтайшы-заңды тұлғаның аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы екі қаржы жылына қаржылық есептілігі (бар болса, шоғырландырылған есептілікті қоса алғанда) қоса берілуге тиіс.
Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қаржылық есептілік болған немесе уәкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болған жағдайда, осы есептілік ұсынылмайды;
3) осы Заңның 11-1-бабында көзделген тәртіппен құжаттар мен мәліметтер;
4) осы Заңның 17-1-бабында көзделген өтініш пен бизнес-жоспарды қоспағанда, өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуі қажет болған жағдайда, осы Заңның 17-1-бабында көзделген тәртіппен құжаттар мен мәліметтер;
5) акцияларды сатып алу шарттары мен тәртібін, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражатты растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс. Осы Заңның 17-1-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қаражат банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі болып табылады;
6) құрылтайшылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары қоса берілуге тиіс. Бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды ашылатын банктің толық құрылымын ашып көрсетуді, қызмет стратегиясын, қызмет бағыттары мен ауқымдарын, қаржылық перспективаларын (бюджетін, есеп-қисап балансын, алғашқы үш қаржы жылындағы (операциялық жылдағы) пайда мен шығындар есебін, маркетинг жоспарын (банк клиентурасын қалыптастыруды), еңбек ресурстарын тарту жоспарын, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруды қоса алғанда, уәкілетті орган белгілейді;
7) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты, жарғы) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері қоса берілуге тиіс.
10) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Аудиторлық ұйымның есебi:
ол акционерлер мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн;
ол аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның қаржы ұйымдарының міндетті аудитін жүргізу жөніндегі лицензиясына және біліктілік талаптарына сәйкес не резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екенін растайтын құжаттарды табыс еткен жағдайда ғана жарамды деп танылады.
5. уәкiлеттi орган банк ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.
6. Өтiнiш берушi банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiштi ол уәкiлеттi органда қаралып жатқан кез келген сәтте қайтарып алуы мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 12.08.97 ж. № 200-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 20-бап өзгертiлдi; 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 20-бап өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
20-бап. Банктің және банк холдингінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Банктің басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары және атқарушы органының мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие өзге де басшылары, бас бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары банктің басшы қызметкерлері деп танылады.
Банктің оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшылары және олардың бас бухгалтерлері, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар және бір ғана құрылымдық бөлімшенің қызметін бақылауды жүзеге асыратын адамдар банктің басшы қызметкерлері болып табылмайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалы құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығына ие өзге де басшылары, бас бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері болып танылады. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының кемінде екі басшы қызметкері Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы және оның орынбасарлары заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамның, басқа қаржы ұйымдарында және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында басшы қызметкердің лауазымын атқаруға құқылы емес.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Банк қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне банктің қаржы жылы ішінде банктің барлық басшы қызметкерлеріне төлеген кірістері туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.
Банктің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыны, сондай-ақ оларға материалдық көтермелеудің басқа түрлерін есебіне жазу бойынша банктің ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.
3. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мынадай:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында;
және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында;
және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында;
жəне (немесе) экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарында;
жəне (немесе) ұлттық басқарушы холдингте, Қазақстанның Даму Банкінде, жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорында, тікелей инвестициялар нарығын дамытуды жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымында осы баптың 5-1-тармағының 3-2) тармақшасында көзделген лауазымдарда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) осы бапта белгіленген талаптарға сай келмейтін;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) бұрын уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы не банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары немесе атқарушы органының мүшесі, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, ірі қатысушы-жеке тұлға, қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымының ірі қатысушы (банк холдингі) - заңды тұлғасының басшысы болып табылған адам банктің басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (олар тағайындала (сайлана) алмайды).
Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдары санатына жатқызу не банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның талабы көрсетілген банктердің акцияларын осы Заңның 17-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг иеленгенге дейін тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлерді қоспағанда, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі, өздеріне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүзеге асырылған банктердің басшы қызметкерлеріне қолданылмайды;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)