5-2) орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу;
5-3) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 5-4) тармақшамен толықтырылды
5-4) әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру;
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 5-5) тармақшамен толықтырылды; 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 5-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 5-6) тармақшамен толықтырылды
5-6) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 5-7) тармақшамен толықтырылды
5-7) жастар практикасын ұйымдастыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5-8) тармақшамен толықтырылды
5-8) еңбек ресурстарына қажеттілікті қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5-9) тармақшамен толықтырылды
5-9) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асыру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-бап. Уәкiлеттi орган
1. Уәкiлеттi орган:
1) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және бұл туралы халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруге;
2) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін iс-шараларды iске асыруға міндетті.
2. Уәкiлеттi органның:
1) бiлiм беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардан, білiм беру ұйымдарынан, мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын әртүрлi ұйымдардың оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәлiметтерді, оқыту жүргiзiлетiн кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы мен бітіруі жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға;
2) жұмыс берушілерден кадрларға деген болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратуға;
3) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар кәсіпорындардың мониторингін жүзеге асыруға құқығы бар.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 9-бап толықтырылды (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара); 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы
1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
2) қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесін дамыту;
2-1) кадрларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы даярлау;
3) құрылымдық өзгерістер барысында білiктi қызметкерлердің кадрлық әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;
4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу;
5) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;
6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген біліктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа қабылдау;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашу;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкерлерді сақтандыру;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ оқу орындарының түлектеріне жұмыс орнын ұсыну арқылы қатысады.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жұмыс берушi:
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, біліктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын халықты жұмыспен қамту орталығына толық көлемде ақпарат беруге;
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады)
1-1) 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы халықты жұмыспен қамту орталығына мәлiмет жiберуге;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) халықты жұмыспен қамту орталығы берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (халықты жұмыспен қамту орталығы оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындауға;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) халықты жұмыспен қамту орталығына алған мамандығы мен біліктiлiгiн көрсете отырып, кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан және өндiрiсiшiлiк оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәлiметтер беруге;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы ақпараттарда еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарға жол бермеуге;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылуы тоқтатылуға байланысты жұмысқа тартылған шетелдік жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кетуін қамтамасыз етуге міндетті.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туындайды.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi
1. Жеке жұмыспен қамту агенттiгiнiң:
1) өтiнiш жасаған адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi бойынша консультация беруге;
2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және өтiнiш жасаған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге;
3) жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы келетiн адамдар туралы мәлiметтер қалыптастыруға;
4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiлердiң біліктiлiк талаптарына сәйкес келуiн ескере отырып, оларды iрiктеудi жүзеге асыруға;
5) халықаралық шарттар бар болған кезде, бiр елден екiншi елге жұмысқа орналастыру үшiн жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға;
6) өтiнiш жасаған адамдарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырып, бұдан кейiн жұмысқа орналастыруға;
7) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырған жағдайда, оларды әкету үшiн рұқсат құжаттарын ресiмдеуге құқығы бар.
2. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi:
1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанына жол бермеуге;
2) өтiнiш жасаған адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
3) бала еңбегiн пайдалануға, адамдарды жыныстық және (немесе) өзге де мақсатта пайдалану үшiн тартуға жол бермеуге;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) өтiнiш жасаған адамдармен еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) өтініш берген және жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығына тоқсан сайын беруге мiндеттi.
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасайды.
2007 ж. 6 шілдедегі № 276-ІІI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңы (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкетуге байланысты қызметті жеке меншік жұмыспен қамту агенттiктерi жүзеге асырады.
Шетелдiк жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкету жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне жұмыскердің атына кепілді жарна енгізу арқылы шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн жұмыскердiң өз елiне оралуына кепiлдiк берілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Кепілді жарнаны Қазақстан Республикасының банктеріне енгізу тәртібін, шарттарын және олардың мөлшерін орталық атқарушы орган айқындайды.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн тарту
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңы (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Iшкi еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квота белгiлейдi.
Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушіге шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы нормалары:
мемлекеттік органдарда жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен расталған құжаттары бар;
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар орта білімнен кейiнгi және жоғары білімдi;
дербес білім беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Қорында» басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн жоғары бiлiмдi;
Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларында жұмыс істейтін, сондай-ақ аталған заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге тартатын ұйымдарда басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсiптер тізбесіне және санға сәйкес білікті жұмысшылар ретінде жұмыс істейтін;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің индустриялық-инновациялық даму саласындағы құжаттарында дамытылуы көзделген жоғары оқу орындарында басшылар және жоғары білімді оқытушылар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар;
индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру мақсатында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган біліктілігі жоғары шетел мамандарын тартуға инновациялық грант беру туралы шешім қабылдаған ұйымдарда басшылар және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
ұлттық даму институттарында, олармен байланысты ұйымдарда басшылар және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
«Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының дербес кластерлік қорында басшы және жоғары бiлiмді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жұмыс істейтін;
Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылар немесе қатысушылардың қызметкерлері болып табылатын;
арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және орталық атқарушы органның, жергілікті атқарушы органдардың және мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын ведомствоаралық комиссия орталық атқарушы органның және арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бірлескен шешімімен бекітілген тәртіппен айқындайтын санаттар мен адам саны тізбесіне сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін;
Он үшінші абзац 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн жыл сайын квоталау туралы нормалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика секторларында корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңы (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі.
2007 ж. 6 шілдедегі № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ өзгертілді
2-1-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңы (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін адамдарды қоспағанда, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға рұқсаттар береді, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.
2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңы (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Квота белгiлеу тәртібін, жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға рұқсат беру шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
Жұмыс берушiлерге корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар берудің шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
4-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңы (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң білім деңгейi (кәсiби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжiрибесi (стажы) жұмыстар мен кәсiптердiң біліктiлiк анықтамалығына және қызметшiлер лауазымдарының біліктiлiк анықтамалығына сәйкес жұмысшылардың кәсiптерiне және басшылардың, мамандар мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сай келуге тиiс.
5. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа тартатын жұмыс берушілер олар Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жергілікті атқарушы органға жазбаша түрде:
1) санын, олар ауыстырылатын ұйымның және елдің атауын;
2) тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе);
3) әрқайсысының білім деңгейін, біліктілігін, кәсібі мен жұмыс тәжірибесін;
4) еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімін қамтитын ақпаратты жібереді.
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылған шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар болу мақсаттарына сәйкес уақытша еңбек қызметін жүзеге асырады және еңбек шартында көрсетілген, бір жылға ұзартылу ықтималдығымен үш жылдан аспайтын мерзім аяқталғаннан кейін елден кетуге міндетті.
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Менеджерлер мен мамандарды корпоративішілік ауыстыру орталық атқарушы орган айқындайтын, шетелдік жұмыскерлер санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық қатынасының сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Жергілікті атқарушы органдар корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың есебін жүргізеді.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 10, 11, 12 және 13-тармақтармен толықтырылады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-бап. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 12-1-тармақпен толықтырылды; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 12-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-1-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды санаттар бойынша іріктеу мен бөлуді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын айқындауды;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау бойынша қызметтер көрсетуді;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және оралмандармен әлеуметтік келісімшарттар жасасуды;
4) осы Заңның 20-1-бабында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының іске асырылуын ұйымдастыруды;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын ұсынуды;
6) өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей адамдарды тіркеуді және оларды есепке қоюды;
7) Қазақстан Республикасының азаматтарына және жұмыссыздарға жұмысқа орналасу үшін жолдама беруді;
8) жұмыссыздарды өздерінің келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберуді;
9) жұмыссыздарды кейіннен олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесе отырып, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуді;
10) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар өтініш берген жағдайда, оларды еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуді;
11) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгендігі жөнінде қолданылу мерзімі тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайтын анықтама беруді;
12) Қазақстан Республикасы азаматының жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпаратты тіркелген орны бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органға электронды форматта тіркелген күннен кейін бір жұмыс күні ішінде беруді;
13) еңбек нарығы бойынша деректер банкін қалыптастыруды және жаңартып отыруды;
14) еңбек делдалдығын жүзеге асырады.
3-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
13-бап. 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-бап. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтiк қорғау
Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғаудың мынадай түрлерiн көрсетедi:
1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру;
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстарда iстейтiн жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен бап 3-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды)
3-1) 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
4) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсету;
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұсыну;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді жүзеге асыру.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2007 ж. 6 шілдедегі № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді; 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Жұмыссыздарды тiркеу
1-тармақ 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі