56) сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтар (аудандар) - сейсмикалық әсерінің жиілігі жеті және одан да көп балл болуы мүмкін (күтілетін) аудандар;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 56-1), 56-2) тармақшалармен толықтырылды
56-1) сметалық нормалар - қабылданған құрылыс, монтаждау және басқа да жұмыстар өлшеміне белгіленген ресурстар (құрылыс жұмыскерлері еңбегінің, құрылыс машиналарының жұмыс уақытының жұмсалуы, материалдарға, бұйымдарға және конструкцияларға қажеттілік) жиынтығы;
56-2) сметалық-нормативтік база - материалдарға, бұйымдарға және жабдықтарға арналған сметалық нормалар мен сметалық бағалар жинағы;
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 56-3) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi)
56-3) тапсырыс беруші - қызметін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Жобаның (бағдарламаның) тапсырыс беруші-инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі), құрылыс салушы не олардың уәкілетті адамдары қызмет мақсаттарына қарай тапсырыс беруші бола алады;
57) техногендік әсер ету - халыққа, елді мекендерге не қонысаралық аумақтарға, әдетте, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін төндірмей немесе қатер төндіре отырып, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде туындаған жағымсыз немесе зиянды (қауіпті) әсер ету;
58) техногендік зілзалалар - шаруашылық қызметпен байланысты және:
өнеркәсіп, көлік аварияларын және басқа да аварияларды;
өрт, жарылыстар немесе жарылыс қатерін;
биологиялық, химиялық қауіпті немесе радиоактивті заттардың шығарылуын немесе шығарылу қатерін;
үйлердің немесе ғимараттардың, коммуникациялардың кенеттен құлап түсуін;
гидротехникалық немесе тазарту құрылыстарының опырылуын;
электр энергетикасы және коммуникация жүйелеріндегі аварияларды туғызатын тұтқиыл факторлар;
59) техникалық қадағалау - орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау;
60) үй - адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік процестерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, міндетті түрде жер бетіне салынып, тұйық көлемді құрайтын, тіреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Yйдің жер асты бөлігі болуы мүмкін;
61) үйлердің (ғимараттардың) инженерлік жабдықтары - материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен өндіріс процестерін инженерлік жағынан қамтамасыз ететін, адамдардың тұруына (тұрмысына), еңбек етуіне (болуына) қалыпты не жайлы жағдайлар жасайтын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар кешені;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 61-1) тармақшамен толықтырылды
61-1) үйлер мен ғимараттардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау - сараптама жұмыстарының нәтижесінде үйлер мен ғимараттардың және олардың элементтерінің нақты жай-күйі, үйлер мен ғимараттардың сенімділігі және орнықтылығы, оларды кейіннен пайдалану мүмкіндігі, объектідегі күрделі жөндеу жұмыстарының құрамы мен көлемін, оларды жаңғырту және реконструкциялауды, сондай-ақ нысаналы мақсатындағы өзгерісті анықтау үшін уақытында болатын өзгерістерді ескере отырып, конструкциялар сапасының нақты көрсеткіштерінің сандық бағалауын алу айқындалатын сараптама жұмыстарының түрі;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 61-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 61-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
61-2) үлгілік жоба - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасы шеңберінде әзірленетін, жобалау кезінде одан әрі бірнеше рет қолдануға арналған жобалау-сметалық құжаттама;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 61-3) тармақшамен толықтырылды; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 61-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
61-3) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары - егде жастағы адамдар, мүгедектігі бар адамдар, өз бетінше жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар;
62) экологиялық зілзалалар - табиғи тепе-теңдік бұзылуының экологиялық тұтқиыл факторлары, олар:
құрлықтың жай-күйінің (пайдалы қазбаларды өндіру салдарынан болатын апатты опырылыстар, тектоникалық жарықтар, грифондар, көшкіндер, ойылыстар, топырақта ауыр металдардың немесе басқа да зиянды заттардың жол берілетін шектен тыс шоғырлануы, топырақтың тез тозуы, топырақтың эрозиясы, сортаңдануы немесе батпақтануы салдарынан көлемді аумақтардың шөлге айналуы);
атмосфераның құрамы мен қасиеттерінің (антропогендік әсер ету салдарынан климаттың күрт өзгеруі, зиянды қоспалар жиынтығының жол беруге болатын шектен үнемі артып кетуі және ауа тазалығының нашарлауы, елді мекендерде оттегінің тұрақты жетіспеуі, қышқылды жауындар жауатын көлемді аймақтың пайда болуы);
гидросфера жай-күйінің (су көздерінің сарқылуы немесе олардың апатты түрде немесе біржола ластануы, ауыз судың, сондай-ақ өндіріс қажеттіліктері мен шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған судың тұрақты жетіспеуі);
биосфера жай-күйінің (көлемді аумақтардағы өсімдіктердің құрып бітуі, хайуанаттар, өсімдіктер түрлерінің жойылуы, биосфераның молықтыру қабілетінің күрт өзгеруі) өзгеруімен байланысты.
Дүлей зілзалалар (табиғи апатты құбылыстар) да экологиялық зілзалаларға жатады.
2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң нормаларынан тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң негiзгi бағыттары
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң негiзгi бағыттары осы саладағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделердi:
2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттiк мүдделердi - тұтастай алғанда, өңірлерді, қалаларды, кенттердi, ауылдарды (селоларды) және басқа да қоныстарды тұрақты дамыту жағдайларын, аумақтық көліктік жоспарлауды және жол жүрісін ұйымдастыруды, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiнiң, көлiк және инженерлiк коммуникациялардың, байланыс пен энергетиканың жұмыс iстеуiн, қоршаған ортаны қорғауды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтауды қамтамасыз етудегі қоғам мүдделерiн;
2006.11.12. № 204-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) қоғамдық мүдделердi - жекелеген аймақтар, қалалар, кенттер, ауылдар мен басқа да қоныстар халқының осы аумақта тұруының (болуының) қолайлы жағдайларын, экологиялық ахуалдың жақсаруын, шаруашылық және өзге де қызмет салдарынан болған қауіпті (зиянды) әсерлердiң алдын алуды, елдi мекендер мен оған iргелес жатқан аумақтардың инфрақұрылымдарын дамытуды, тарихи-мәдени мұра объектілерін, табиғат құндылықтарын сақтауды қамтамасыз етудегі мүдделерiн;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) жеке мүдделердi - жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi жер учаскелерiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыруға байланысты олардың мүдделерiн қамтамасыз етуге тиiс
Егер азаматтар мен заңды тұлғалардың қала құрылысы және сәулет-құрылыс қызметi қолайсыздық туғызған немесе өздеріне тиесiлi (өздері пайдаланатын) объектiнi (жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi) пайдалануға, иеленуге не иелiк етуге мүмкiндік бермеген жағдайда, ол шектелуге жатады.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
2022.21.12. № 167-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) құрылыс үшiн инженерлiк iзденiстер жүргiзу, сәулет-қала құрылысы және құрылыс мақсаттарына Ұлттық кеңістіктік деректер қорын пайдалану;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы негiздемелерін, болжамдарын, құжаттарын жасау;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы белгіленген тәртіппен әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу және бекіту;
4) жаңа құрылыстар салу, сондай-ақ бар құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу;
5) аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру объектiлерiн салу;
6) аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою;
7) объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыс кешенiн жүргiзу;
8) ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-эксперимент жұмыстарын жүргiзу және олардың нәтижелерiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында пайдалану;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) қала құрылысы және сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру;
2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен тармақ 10) тармақшамен толықтырылды
10) инжинирингтік қызметтерді тарту және көрсету;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарды белгілеу болып табылады.
4-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi
Қазақстан Республикасының аумағында адамның мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортасын қалыптастыруға және дамытуға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi болып табылады.
Азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiктер мен шетелдiк заңды тұлғаларға, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметiне қатысты жұмыстар (қызмет көрсету) Қазақстан Республикасының аумағында орындау құқығы заңдарда белгiленген тәртiппен берiлуi мүмкiн.
5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi
Мыналар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағы;
2) облыстардың, аудандардың аумақтары;
3) елдi мекендердiң және олардың бөлiктерiнiң аумақтары;
4) функционалдық аймақтар;
5) тиесiлi технологиялық және инженерлiк жабдықтарымен ғимараттардың барлық түрлерiн қоса алғанда, жылжымайтын объектiлер;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар;
7) мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тарих және мәдениет, табиғи және қалалық ландшафт жылжымайтын ескерткiштерi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-бөлікпен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2. Қалалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілері ретінде:
1) ірі қала (халық саны 500 мыңнан көп);
2) үлкен қала (халық саны 100 мыңнан 500 мыңға дейін);
3) орташа қала (халық саны 50 мыңнан 100 мыңға дейін);
4) шағын қала (халық саны 50 мыңға дейін) болып бөлінеді.
6-бап. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының объектiлерi
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясы объектiлерi:
1) ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясының аумақтық объектiлерiне;
2) ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясының елдi мекендерiне;
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) ерекше реттеудi және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететiн жекелеген жылжымайтын мүлiк объектiлерiне;
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілеріне бөлінеді.
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Ерекше реттелетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мен қала құрылысы регламентациясының аумақтық объектілеріне:
1) экологиялық апат және (немесе) төтенше жағдайлар аймақтары;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3) су қорғау аймақтары мен белдеулері;
4) тарихи-мәдени мұра объектілері және (немесе) қорғалатын бірегей және сирек кездесетін ландшафтық объектілері бар аумақтар;
5) сауықтыру, курорттық, рекреациялық және резервтік мақсаттағы аумақтар;
6) қала маңындағы аймақтар;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) агломерациялар аумақтары;
7) режимдік аумақтар аймақтары және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ерекше реттелетін аймақтарға жатқызылған өзге де аумақтар жатады.
3. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының елдi мекендерiне:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасының астанасы және республикалық маңызы бар қалалар;
2) халқының саны жүз мың тұрғыннан асатын қалалар;
3) курорттық қалалар мен кенттер;
4) тарихи, мәдени құндылықтар не қорғалатын ландшафтық объектiлер бар елдi мекендер, олардың бөлiктерi немесе оған iргелес жатқан аумақ, сондай-ақ қорықтар мен ұлттық парктердегі қоныстар;
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) әскери қалашықтар, шекара бөлімшелері және өзге де жабық объектiлердегi қоныстар;
6) ерекше (төтенше) табиғи-климаттық, геотехникалық немесе гидрогеологиялық жағдайлары бар аудандарда, сондай-ақ экологиялық және техногендік зілзалалардан не өзге де қолайсыз құбылыстар мен процестердің әсер етуінен зақымданған аймақтарда орналасқан елді мекендер жатады.
4. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының жылжымайтын мүлiк объектiлерiне:
1) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен олардың ансамбльдерi;
2) мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектiлерi;
3) адамның өмiрi мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға көрiнеу қауiп төндiретiн объектiлердi қоса алғанда, арнаулы мемлекеттік немесе шаруашылық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ғимараттар;
2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) мүгедектігі бар адамдардың тұруына, болуына және жұмыс істеуіне арналған ғимараттар мен құрылысжайлар жатады.
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4-1. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген құрылыс объектілерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
5. Ерекше реттеу режимi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен белгiленедi.
2-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін және
тіршілік ететін қолайлы ортаны қамтамасыз ету
7-бап. Азаматтардың елдi мекендердегi қолайлы ортаға құқықтары
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi нәтижелерiнiң тұтынушылары ретiнде азаматтардың:
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) өндіргіш күштерді қоныстандыру мен орналастыру бөлігінде мемлекеттік қала құрылысы саясатына, аумақтарды аймақтарға бөлуге қойылатын қала құрылысы талаптарына, экологиялық және санитариялық-гигиеналық қауіпсіздік нормаларына және аталған жергілікті жердің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейіне сәйкес елді мекеннің (қоныстың) аумағы шегінде осы жергілікті жерге қатысты мекендеу мен тіршілік етуге қолайлы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қолжетімді ортаға;
2) демалу мақсаттарына арналған және тиiстi емдiк және санитариялық-гигиеналық жағдайлары, оқу-ағарту, мәдени-бұқаралық, спорт-сауықтыру және ойын-сауық iс-шараларын қоса алғанда, бос уақытты өткізу жағдайлары, саяжайлық, бағбандық және бақшалық учаскелердi орналастыру мүмкiндiгi бар, табиғи-климаттық жағдайлары мен ландшафты мейлiнше қолайлы рекреациялық аумақтарды бөлу (бөлiп беру) арқылы демалуға құқығы бар.
Халықтың демалуына арналған аумақты таңдау кезiнде қорғалатын ландшафтық объектiлер мен (немесе) тарихи және мәдени құндылықтарға жатқызылған объектiлердiң болуы да ескерiлуге тиiс.
8-бап. Табиғи және техногендiк, антропогендiк әсерлерден қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру халықтың, аумақтар мен елдi мекендердiң қауiптi (зиянды) табиғи және техногендiк, антропогендiк құбылыстар мен процестердiң әсер етуiнен қауiпсiздiгi жөнінде заңдарда белгiленген талаптарды қамтамасыз ету ережелерiне негiзделуге тиiс.
Осы талаптарды орындау жөніндегi шаралар мемлекеттік нормативтермен реттелетiн жобалау құжаттамасында көрiнiс табуға тиiс.
2. Мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтiк құжаттар) қала құрылысы мен сәулет-құрылыс құжаттамаларына халықты, елдi мекендердi және қонысаралық аумақтарды табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан болатын қауiптi (зиянды) әсерлерден қорғау жөніндегi шаралар туралы бөлiмдердi қамту мiндеттілігiн көздеуге тиiс.
3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар, сондай-ақ техногендiк сипаттағы болжамды төтенше жағдайлар салдарынан болатын қауiптi (зиянды) әсерлерге ұшырайтын елдi мекендер мен аумақтар халықты және аумақтарды аталған әсерлерден қорғау жөніндегi кешендi жобалық құжаттамалармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
4. Табиғи, техногендiк, антропогендiк сипаттағы әсерлерге ұшыраған елдi мекендерде болып өткен қауiптi (зиянды) құбылыстар мен процестер мониторингiнiң нәтижелері мемлекеттік қала құрылысы кадастрында базалық деңгейде көрсетiледi.
9-бап. Экологиялық қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптар
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi оның қоршаған ортаға әсерiн бағалауды ескере отырып Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген объектілердің жіктелуіне сәйкес жүзеге асырылуға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауiпсiздiк пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды көздеуге тиiс.
Аталған iс-шаралар әсер етудiң осы түрi үшiн заңдарда белгiленген нормативтерге және (немесе) мүмкiн болатын шектi деңгейге (жүктемеге) сәйкес қарастырылады және орындалады.
2. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасының құрамына қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі жобалардың бөлiмдерi (бөлiктерi) енгiзiледi.
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөніндегi жобалау құжаттамасының белгiленген тәртiппен бекітілген талаптарын (шарттарды, шектеулердi) орындау жобаларды iске асыруды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi.
Экологиялық апат аймақтары деп жарияланған өнеркәсiптiк орталықтар немесе жекелеген өндірістiк кешендер бар аумақтар халықты және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кешенді жобалық құжаттамалармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Аумақтарда қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларында, аумақты дамытудың аймақаралық схемаларында қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану, сондай-ақ экологиялық апат және төтенше жағдайлар аймақтарын оңалту шаралары ескерілуге тиіс.
Елді мекендердің бас жоспарларында, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларында және өзге де қала құрылысы құжаттамасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті органдармен келісілген жобалардың болуы көрсетіле отырып, жоспарланатын аумақтарда бар су қорғау аймақтары мен белдеулері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы мәліметтер болуға тиіс.
Жоспарланатын аумақ үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерінің қолданыстағы жобалары болмаған жағдайда, аталған қала құрылысы жобаларын әзірлеуге арналған тапсырмада бұрын болмаған су қорғау құжаттамасын ауыстыратын арнайы бөлімнің міндеттілігі көзделуге тиіс.
4. Аумақтың және (немесе) объектiнiң жол берiлетiн концентрациялар шегiнен тыс зиянды химиялық, биологиялық заттармен, жол берiлетiн шектi деңгейден тыс радиоактивтi заттармен ластану салдарынан аумақта бұрын туындаған не күтіліп отырған (болжанып отырған), адам өмiрi мен денсаулығына төнетiн қауiп болған жағдайда, қала құрылысы құжаттамасында жобаның мұндай көздердi құрту (жою) жөніндегi шараларды, ластанған аумақтарды (объектiлердi) оңалтудың кешендi шараларын жүргiзе отырып, оларды тоқтатып қоюды, сондай-ақ азаматтардың (халықтың) қолайсыз аймақта уақытша болуын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң аумақты және объектiнi (объектiлердi) пайдаланудың ерекше режимiн енгізу мүмкiндiгiн көздейтiн жобаның арнаулы бөлiмдерi (бөлiктерi) болуға тиiс.
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
9-1-бап. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс кызметін жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету шарттарына негізделуге тиіс.
Осы талаптарды орындау жөніндегі шаралар аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі жобалау құжаттамасында көрсетілуге тиіс.
2. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасының құрамына аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөнiндегi жобалардың бөлiмдерi (бөлiктерi) енгiзiледi.
Аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөнiндегi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасының талаптарын (шарттарын, шектеулерiн) орындау жобаларды iске асыруды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi.
3. Елді мекендер мен аумақтар аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі кешенді жобалау құжаттамасымен қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Елді мекендерде жол-көлік оқиғалары және жолдар мен көшелердің өткізу қабілеті мониторингінің нәтижелері мемлекеттік қала құрылысының кадастрында базалық деңгейде көрсетіледі.
5. Аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі жобалардың бөлімдерінде (бөліктерінде) құжаттардың мынадай түрлері қамтылады: