Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2014.04.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; 2014 жылғы 22 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 464-2 және 464-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«464-2-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзу
464-3-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасын бұзу»;
469-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«469-бап. Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы»;
471-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«471-бап. Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органы қызметкерінің (тек қана әскери көлік құралын басқаратын адам) талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару»;
473-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«473-1-бап. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу қағидаларын бұзу»;
мынадай мазмұндағы 474-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«474-2-бап. Көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұза отырып, жаңа көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру»;
1-тармақтың 2) - 8) тармақшалары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
2) 51-бапта:
3-1-бөліктегі «екі» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-2-бөліктегі «екі» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 52-баптың бесінші бөлігі «көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 58-бапта:
«463-1 (үшінші бөлігінде)» деген сөздер «463-1 (төртінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«463-4 (төртінші бөлігінде)» деген сөздер «463-4 (бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 461-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 462-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«462-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын арттыруы
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң көлік құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейiнгi шамаға арттыруы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына жиырмадан қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына қырық километрден асатын шамаға арттыру -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7) 463-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«463-1-бап. Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту
1. Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол жүрісі қағидаларының жол қиылыстарынан өтудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
8) 463-2, 463-3 және 463-4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«463-2-бап. Маневр жасау қағидаларын бұзу
1. Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа жүру -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 463-1-бабының екінші бөлігінде және 463-5-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қағидаларының жүрудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
463-3-бап. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу
1. Жол жүрісі қағидаларын бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектерімен немесе тротуарлармен жүру - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай, басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлік немесе жаяу колоннаны кесіп өту не оның арасынан орын алу - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Егер бұл жол жүрісі қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу - бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не ондай құқығы жоқ адам жасаған әрекет - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
463-4-бап. Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу
1. Осы Кодекстің 463-бабының бірінші бөлігінде, 466-бабында және осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұру - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мүгедектердің көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
9) мынадай мазмұндағы 464-2 және 464-3-баптармен толықтырылсын:
«464-2-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзу
1. Жеке тұлғалардың көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзуы - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - біліктілік куәлігінен айыруға әкеп соғады.
3. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзуы - дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастай отырып, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
464-3-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасын бұзу
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттерді орындамауы -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерге бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын кәсіптік бірлестіктердің белгіленген мерзімде орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұрып, жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұрған себептерді жоймау -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәлігінен айыруға әкеп соғады.
4. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктің «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аккредиттеу туралы куәліктен айыруға негіздер болып табылатын талаптарын бұзуы -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәлігінен айыруға әкеп соғады.
5. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттерді орындамауы -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастай отырып, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымына екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын белгіленген мерзімде орындамауы -
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
1-тармақтың 10) - 13) тармақшалары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
10) 467-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«467-бап. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру
1. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру -
үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан нақ сол әрекеттер -
төрт жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер -
бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және алты жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер -
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және он жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
6. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер -
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер -
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
8. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер -
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер -
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
10. Осы баптың алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Жүргізушінің (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық) масаң күйде болуы осы Кодекстің 629-бабының үшінші бөлігінде айқындалған тәртіппен анықталады.»;
11) 469-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«469-бап. Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы
1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүргізушінің өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұза отырып, өзi қатысушы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы -
бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адам жасаған нақ сол әрекеттер -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескерту. Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша жауаптылықтан босатылады.»;
12) 471-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«471-бап. Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органы қызметкерінің (тек қана әскери көлік құралын басқаратын адамның) талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару
1. Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана әскери көлік құралын басқаратын адамның) органдары қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау -
бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға, ал мұндай құқығы жоқ не одан айырылған адамдарға қатысты жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау -
айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана әскери көлік құралын басқаратын адамның) органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау -
үш жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және алты жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер -
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және он жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
7. Осы баптың төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер -
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер -
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
9. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекет -
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер -
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
11. Осы баптың жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Жүргізушіні ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана әскери көлік құралын басқаратын адамның) органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жүргізушінің және жолаушылардың (жолаушының) көлік құралы кабинасынан (салонынан) кетіп қалуы, сондай-ақ олардың көлік құралы кабинасынан (салонынан) шығу туралы талаптарды орындамауы -