үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер, жобалау-сметалық құжаттама бойынша «бір терезе» қағидатымен жүргізілетін, объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама (салалық және ведомстволық сараптамаларды қамтиды);
барлық деңгейдегі қала құрылысы жобалары бойынша жүргізілетін, аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді қала құрылысы сараптамасы;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 16-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
16-1) жобалау саласындағы сараптама қызметінің субъектілері - сараптама ұйымдары, сондай-ақ сараптама ұйымдарының штаттағы қызметкерлері болып табылатын не осы ұйымдар жобаның құрамында жекелеген бөлім (бөлік) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы немесе кешенді қала құрылысы сараптамасын орындау үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде уақытша тартқан сарапшылар;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды
16-2) жобалау саласындағы сарапшы - жобалардың белгілі бір бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған, сараптама ұйымдарының бірінің штатында тұрған жеке тұлға;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 16-3) тармақшамен толықтырылды
16-3) жобаны басқару - салынған бюджет пен мерзімдер шеңберінде инвестициялық жобаның мақсаттарына жету үшін тапсырыс берушімен не инвестормен жасалған шарттарға сәйкес объектілерді жобалауды, құрылысын салуды және оларды пайдалануға беруді ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, бақылау жөніндегі қызмет;
17) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
18) инженерлік инфрақұрылым - адамдардың тіршілік етуі, сондай-ақ өндірістің немесе тауарлар мен көрсетілетін қызмет айналымының тұрақты жұмыс істеуі үшін қалыпты жағдай туғызатын кәсіпорындардың (ұйымдардың), объектілердің (ғимараттар мен құрылыстардың), инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету коммуникацияларының және желілерінің жиынтығы;
18-1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 18-2) тармақшамен толықтырылды
18-2) инженер-техник жұмыскер - орташа кәсіптік немесе жоғары білімі бар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өндірістік процесті ұйымдастыруды және оған басшылық жасауды жүзеге асыратын жеке тұлға;
19) көлік инфрақұрылымы - көпір, тоннель және өзге де көлік құрылыстарының, жол тарамдары мен жол өткізгіштерінің, реттеуші белгі беру құрылғыларының, байланыстың, көлік жұмысының инженерлік қамтамасыз ету, жүктерді, жолаушыларды тасымалдайтын көлік құралдарына қызмет көрсету, өндірістік және қызмет көрсетуші адамдардың функционалдық қызметін қамтамасыз ететін объектілердің, қойма үй-жайлары мен аумақтардың, санитарлық-қорғаныш және күзет алаңдарының, сондай-ақ көрсетілген бағыттағы жолдарға және жылжымайтын мүлік объектілерін қамтитын объектілерге заңдарда бекітілген жерлердің кешені бар жерүсті (автомобиль және (немесе) темір) жолдарының, су (теңіз және (немесе) өзен) жолдарының жиынтығы;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 19-1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-1) көше-жол желісі - қызыл сызықтармен шектелген және көлік құралдарының, велосипедтер мен жаяу жүргіншілердің жүруіне, инженерлік коммуникациялар салуды және төсеуді ретке келтіруге, сондай-ақ елді мекендер аумақтары қатынас жолдарының құрамдас бөлігі ретінде олардың көлік, велосипед және жаяу жүргіншілер байланыстарын қамтамасыз етуге арналған, елді мекендер аумақтарының бір бөлігі болып табылатын көлік инфрақұрылымының объектісі. Көшелер, даңғылдар, тұйық көшелер, өтпелер, жағалаулар, алаңдар, тротуарлар, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары көше-жол желісінің негізгі элементтері болып табылады;
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 19-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 19-2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-2) күзетілетін объектілер - күзетілетін адамдардың болуына арналған ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін өзге де ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен акватория. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітеді;
20) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
21) қалалық аймақтарға бөлу - елді мекеннің аумағын олардың функционалдық мақсатына сәйкес бөлу (тұрғын, қоғамдық, өнеркәсіптік, рекреациялық және басқа да функционалдық аймақтар);
22) қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы - аумақтарды ұйымдастыру, аумақтар мен елді мекендерді дамыту мен салудың қала құрылысын жоспарлау, объектілерді салу (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, консервациялау және кейіннен кәдеге жарату), сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы безендіру үшін қажетті (жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттарды қоса алғанда) өзара байланысты құжаттардың жүйесі;
23) қала құрылысы кадастрының есептеу бірліктері - тұтастай Қазақстан Республикасы, облыстар, аудандар, елді мекендер аумағының, ауқымды, жайпақ және желілік құрылыстардың барлық түрлерін қоса алғанда, жылжымайтын мүлік объектілерінің ұйымдастырылған және пайдаланылған элементтері;
24) қала құрылысының кеңістігі - адамның (ел, аймақ, елді мекен, елді мекен бөлігі халқының) мекендейтін және тіршілік ететін материалдық ортасы қалыптасатын қала құрылысын реттеу аумағы;
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) қала құрылысы қызметi (бұдан әрi - қала құрылысы) - қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың шығармашылық процесін, қала құрылысы құжаттамасының барлық сабақтас бөлімдерін үйлестіруді қамтитын, қала құрылысын жоспарлауда аумақтар мен елді мекендерді ұйымдастырудағы және дамытудағы, оларды аумақтық көліктік жоспарлаудағы және жол жүрісін ұйымдастырудағы, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін айқындаудағы, қалалық және ауылдық елдi мекендердi кешендi жоспарлаудағы қызмет;
26) қала құрылысының регламенттері - аумақтарды (жер учаскелерін) және басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін пайдаланудың, сондай-ақ олардың жай-күйінің заңнамада белгіленген тәртіппен жол берілетін кез келген өзгерістерінің режимдері, рұқсаттары, шектеулері (ауыртпалық салуды, тыйым салу мен сервитуттарды қоса алғанда).
Қала құрылысының регламенттері мемлекеттік нормативтерге сәйкес орындалған қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасымен белгіленеді. Қала құрылысы регламенттерінің қолданылуы олар үшін белгіленген мерзім шегінде шектеледі;
27) қала құрылысын реттеу аумағы - шегінде қандай да болсын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жүзеге асырылатын аумақ;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
28) қаупі ықтимал құрылыс объектiлерi - өзінің функционалдық мақсаты және өндiрiстiк процестер салдарынан адамның денсаулығы мен өмiрiне зиян, орны толмас залал келтiретiн техногендiк және (немесе) экологиялық зiлзалалар туындау, жобалануы, салынуы және пайдаланылуы кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі арнайы іс-шаралар талап етілетін басқа да объектiлердiң жұмыс iстеуiн бұзу қатерi бар қауіпті өндірістік объектiлер;
29) қонысаралық аумақтар - елді мекендердің шекарасынан (шегінен) тыс жатқан аумақтар;
30) қоныстану аумағы - тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да объектілерді орналастыруға арналған, орналастырылуы мен қызметі арнаулы санитарлық-қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін елді мекен аумағының бір бөлігі;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 30-1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-1) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкі - кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған, жаңа объектілерді салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелердің, үлгілік жобалардың және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың электрондық архиві;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 30-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 30-2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-2) құрылысқа салынатын мемлекеттік инвестициялар (бұдан әрі - мемлекеттік инвестициялар) - жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға, сондай-ақ бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) немесе күрделі жөндеуге салынатын инвестициялар, олардың көзі мыналар болып табылады:
республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге бағытталған нысаналы қаражат;
мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыруға бағытталған қаражат;
31) құрылыс қызметі (бұдан әрі - құрылыс) - жаңа объектілер салу және (немесе) бар объектілерді (үйлерді, ғимараттар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
31-1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды - техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын растайтын құжат;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 32) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
32) құрылыс-монтаж жұмыстары - құрылыс қызметі, ол:
жер жұмыстарын және топырақтағы арнаулы жұмыстарды;
қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды бұзуға, уақытша инженерлік желілер, жолдар, қойма алаңдарын жайластыруға, сондай-ақ аумақты сатылап жоспарлауға байланысты дайындық жұмыстарын;
үйлер мен ғимараттардың (оның ішінде көпірлер, көлік эстакадалары, тоннельдер мен метрополитендер, жол құбырлары, құбыр өткізгіштер, өзге де жасанды құрылыстар) тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды;
желілік құрылыстарды төсеу жөніндегі арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын;
сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстар, сондай-ақ ішкі инженерлік жүйелер орнатуды;
конструкциялар мен жабдықтарды қорғау және өңдеу жөніндегі жұмыстарды;
автомобиль және темір жол құрылысын;
технологиялық жабдықты жинауды және тұрақты пайдаланатын жерде жобалық жағдайға орнатуды, жеке сынауды және жүктемемен сынауды, сондай-ақ бөлшектеуді қоса алғанда, оны монтаждауды қамтиды;
33) құрылыс өнімі - сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің аралық және (немесе) түпкілікті нәтижесі;
34) құрылыс өнімінің сапасы (объектінің сапасы) - қызметтің (пайдалануға берудің, пайдаланудың, қолданудың) бүкіл мерзімі бойында меншік иелерінің (пайдаланушылардың) және тұтас алғанда қоғамның мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды білдіретін, тұтынушыларға жеткізілген түпкілікті құрылыс өнімі сипаттамаларының (эстетикалық сипаттаманы қоса алғанда) жиынтығы;
35) құрылыс салуды реттейтін сызық (құрылыс салу сызығы) - қызыл және сары сызықтардан немесе жер учаскесі шекарасынан шегіндіре отырып, үйлерді (ғимараттарды, құрылғыларды) орналастыру кезінде белгіленетін құрылыс салу шекарасы;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 35-1), 35-2) және 35-3) тармақшалармен толықтырылды
35-1) құрылыстағы баға белгілеу - құрылыс өнімінің құнын қалыптастыру тетігі;
35-2) Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырылатын, сметалық-нормативтік базада олар бойынша нормалар жоқ, Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері енгізген жаңа тиімді құрылыс өндірісі технологияларының тізбесі;
35-3) құрылыстың сметалық құны - сомасы жобалау материалдары мен сметалық-нормативтік база негізінде айқындалатын, объектінің құрылысын жүзеге асыру үшін қажетті ақша;
36) қызыл сызық - елді мекендерді жоспарлау құрылымындағы кварталдардың, шағын аудандардың, өзге элементтердің аумағын көшеден (жолдардан, алаңдардан) бөліп тұратын шекара. Әдетте қызыл сызық құрылыс салу шекарасын реттеу үшін қолданылады;
36-1) 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
37) макет - жоспарланып отырған аумақтардың, жобаланып отырған объектілердің, олардың жекелеген элементтерінің, сондай-ақ үй-жайлар интерьерлерінің кеңістіктегі өлшемдестігін немесе құрылыстардың ішкі кеңістігін белгілеу мақсатында көлемді нысандағы (түгелдей көрсете отырып немесе шартты түрде) масштабқа қатаң сәйкес келетін етіп орындалған иллюстрациялық (көрнекі) материал. Макет ретінде компьютерлік кеңістіктік модельдеудің бейнематериалдары пайдаланылуы мүмкін;
38) мемлекеттік қала құрылысы кадастры - қала құрылысы регламенттерін, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметі аумағын оның пайдаланылу режимінің әлеуметтік-құқықтық белгілері, инженерлік-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі, онда орналасқан объектілердің параметрлері мен жай-күйі, сондай-ақ табиғи-климаттық жағдайлары мен экологиялық жай-күйі бойынша сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты қамтитын сан және сапа көрсеткіштерінің мемлекеттік жүйесі;
39) мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтік құжаттар) - адамның мекендеуі мен тіршілік етуіне қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілер, қала құрылысы және техникалық регламенттері, нормативтік-техникалық құжаттар, өзге де міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер жүйесі;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 39-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 39-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
39-1) мемлекеттік сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және объектілердің құрылыс жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) кешенді ведомстводан тыс сараптамасын жүргізу, құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру жөніндегі мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
40) нобай (нобайлық жоба) - жобалық (жоспарлық, кеңістіктік, сәулеттік, технологиялық, конструкциялық, инженерлік, әшекейлік немесе басқа) шешімнің оңайлатылған, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешімнің түпкі ойын түсіндіретін түрі;
40-1) 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41) объектінің бас жоспары - құрылыс объектісі (үй, ғимарат, кешен) жобасының оны аумаққа (учаскеге) орналастыру, көлік коммуникацияларын, инженерлік желілерді төсеу (жүргізу), учаскені инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, шаруашылық қызметін көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін және жобаланып отырған объектінің орналасатын жеріне байланысты өзге де іс-шараларды кешенді шешу қамтылатын бөлігі;
42) объектіні кейіннен кәдеге жарату - күрделі құрылыстың (үйдің, ғимараттың, кешеннің) пайдаланылуы (пайдалану, қолдану) тоқтатылғаннан кейін кәдеге асатын элементтерін (конструкцияларды, материалдарды, жабдықтарды) бір мезгілде қалпына келтіріп және қайталап пайдаланып, сондай-ақ кәдеге аспайтын элементтер мен қалдықтарды өңдей отырып, бөлшектеп алу және бұзу жөніндегі жұмыстар кешені;
43) объектілер мониторингі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің жай-күйі мен өзгерістерін байқау жүйесі;
44) объектінің техникалық күрделілігі - объектінің функционалдық қызметіне, оның тірек және қоршау конструкцияларының ерекшеліктеріне, қабаттар (конструкциялық қатарлар) санына, сейсмикалық қауіптілігіне немесе салынатын жерінің (ауданының) өзге де айрықша геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық жағдайларына қарай мемлекеттік және (немесе) мемлекетаралық (халықаралық) нормативтермен белгіленетін, табандары мен конструкцияларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша құрылыс объектісінің жауапкершілік деңгейі, олар:
жауапкершіліктің бірінші деңгейі - күшейтілген;
жауапкершіліктің екінші деңгейі - қалыпты;
жауапкершіліктің үшінші деңгейі - төмендетілген болып бөлінеді;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 44-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44-1) объектіні пайдалануға қабылдау актісі - объект құрылысының бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес аяқталғанын және объектінің пайдалануға толық әзірлігін растайтын құжат;
44-2) 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 44-3) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
44-3) орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды - авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар орындалған жұмыстардың бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкестігін растайтын құжат;
45) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
46) салынып жатқан объектілерді консервациялау - құрылысы аяқталмаған объект конструкцияларының, материалдары мен жабдықтарының оны салудың уақытша тоқтатылуы кезеңінде сақталуы мен сапалық сипаттамаларын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені;
47) санитарлық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіп орындары мен елді мекендегі басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 47-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 47-1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47-1) сараптама ұйымдарының палатасы (бұдан әрі - палата) - мемлекеттік сараптама ұйымын қоспағанда, құрылыс объектілерін жобалау саласында сараптама қызметін жүзеге асыратын, аккредиттелген сараптама ұйымдарының кемінде үшеуінен заңды тұлғалар құратын, бірыңғай коммерциялық емес ұйым;
48) сары сызық - жойқын жер сілкіністері, өзге де табиғи немесе техногендік сипаттағы зілзалалардың салдарынан үйлердің (ғимараттардың, құрылыстардың) үйінділерге (қиратындыларға) айналуы барынша мүмкін болатын аймақтар шекарасы. Әдетте сары сызық үйлер мен ғимараттар арасындағы қашықтықты реттеу үшін қолданылады;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 48-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
48-1) сәйкестік туралы декларация - мердігер (бас мердігер) құрылысы аяқталған объектіде орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 49) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
49) сәулет-жоспарлау тапсырмасы - объектінің мақсатына, негізгі өлшемдеріне және оны нақты жер учаскесіне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешені, сондай-ақ осы елді мекен үшін қала құрылысының регламенттеріне сәйкес белгіленетін, жобалау мен құрылысқа қойылатын міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер. Бұл ретте тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор) ұсынатын нобайларға (нобайлық жобаларға) сәйкес түсi жөнiндегi шешiм мен ғимараттардың (құрылыстардың) қасбеттерiн әрлеу материалдарын пайдалану, көлемдiк-кеңiстiктегi шешiм бойынша талаптар белгiлеуге жол берiледi;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 50) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 50) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
50) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы инжинирингтiк қызметтер көрсету - оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткізу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау, жобаны басқару);
51) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекетаралық нормативтер (мемлекетаралық нормативтік құжаттар) - Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттің (басқа мемлекеттердің) аумақтарында Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар негізінде қолданылатын, мемлекетаралық қала құрылысы нормативтерін, мемлекетаралық құрылыс нормалары мен ережелерін, құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды қамтитын нормативтік-техникалық құжаттардың, ережелердің және басқа да міндетті талаптардың, шарттар мен шектеулердің жүйесі;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 51-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
51-1) сараптамалық жұмыстар - ғимараттар мен құрылыстардың жобаларына сараптама жасау және олардың сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргізу жөніндегі жұмыстар;
52) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
53) сәулет қызметі (бұдан әрі - сәулет) - объектінің сыртқы және ішкі келбетін жасаудың, құрылысқа арналған (реконструкциялау, қалпына келтіру) жобалау құжаттамасының сәулет бөлігінде кеңістікті, композициялық, көлемдік-жоспарлау және функционалдық ұйымдастырудың шығармашылық процесін, жобаны іске асыру кезінде авторлық қадағалау жүргізуді қамтитын сәулет объектілерін жасау жөніндегі қызмет;
54) сәулет объектілері - әзірленуіне сәулетшінің қатысуы қажет болатын, сәулет немесе қала құрылысы жобаларының негізінде салынған үй, ғимарат, монумент, үйлер мен ғимараттар кешені, олардың экстерьерлері және (немесе) интерьерлері, абаттандыру, ландшафт немесе бақ-саябақ өнерінің элементтері;
55) сәулет (қала құрылысы) туындысы - қандай да бір сәулет объектісін жасауға немесе қала құрылысы кеңістігін қалыптастыруға бағытталған, жобалау құжаттамасы, жекелеген сызба, макет немесе нобай нысанында белгіленген авторлық ойды қоса алғанда, жеке тұлғалардың кәсіби қызметіндегі шығармашылық процестің нәтижесі болып табылатын авторлық құқық және автордың (авторлардың) зияткерлік меншік объектісі, сондай-ақ нақты іске асырылған жоба (жобаның бөлігі);