мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектісі - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдық, резервуарлық парк, техникалық құрылғылар мен коммуникациялар;»;
24-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24-2) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы - мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға, оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің автоматтандырылған онлайн-берілуін қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;»;
40-тармақтың 2) тармақшасы 2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 21-8) тармақшамен толықтырылсын:
«21-8) мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;»;
40-тармақтың 3) тармақшасы 2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
3) 12-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы «айналым саласындағы уәкілетті органға» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен толықтырылсын;
40-тармақтың 4) тармақшасы мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрден асатын резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді;
мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрге тең немесе одан кем резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4) 19-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұнай өнімдері базаларынан мұнай өнімдерін өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау, сондай-ақ айдау есепке алатын бақылау аспаптарын қолданбай жүзеге асырылады, бұл ретте мұнай өнімдері базаларының резервуарларында мұнай өнімдерін сақтау есепке алатын бақылау аспаптарымен міндетті түрде жарақтандырыла отырып жүзеге асырылады.»;
40-тармақтың 5) тармақшасы мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрден асатын резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап;
мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрге тең немесе одан кем резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 21-баптың 6-тармағы «сақтауды» деген сөзден кейін «есепке алатын бақылау аспаптарымен міндетті түрде жарақтандыра отырып» деген сөздермен толықтырылсын.
41. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 19-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қандас мәртебесін беру немесе ұзарту және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге жүгіне алады.»;
3) 20-баптың 8-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Этникалық қазақтар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қандас мәртебесін беру және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге жүгіне алады.»;
4) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар тұратын жеріне келгеннен кейін, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қандас мәртебесін беру немесе ұзарту және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге жүгіне алады және тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне жүгінеді.».
42. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-баптың 1-тармағында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) байланыс саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) ақпарат саласындағы уәкілетті орган - бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8-2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 23-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі «операторларына» деген сөзден кейін «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 6) және 7) тармақшаларындағы «және ақпарат» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақ «Байланыс» деген сөзден кейін «және ақпарат» деген сөздермен толықтырылсын.
43. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 1-тармағының 18-1) тармақшасы алып тасталсын.
44. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
17-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың тегінің, атының, әкесінің атының (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күнінің, жерінің өзгеруі туралы; қайтыс болуын тіркеу туралы; мүгедектігі бар адам деп танылғандығы; азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеу есебінен шығару туралы; адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауының болуы не болмауы туралы мәліметтерді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органдары мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету арқылы, көрсетілген бағыттар бойынша қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған жағдайда, мәліметтер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органдарына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.»;
6, 8 және 10-тармақтар алып тасталсын.
45. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
21-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) нотариустарға: өздерінің іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша нотариустың сұрау салуы негізінде беріледі.»;
46. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 24-баптың 2-тармағындағы «жеке басын куәландыратын құжаттары» деген сөздер «жеке басын куәландыратын құжаттары болған не оларды цифрлық құжаттар сервисі арқылы көрсеткен кезде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 40-баптың 1-тармағы «жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша» деген сөздерден кейін «не оларды цифрлық құжаттар сервисі арқылы көрсеткен кезде» деген сөздермен толықтырылсын.
47. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеке басты куәландыратын құжат - материалдық жеткізгіште не осы Заңда айқындалған жағдайларда электрондық нысанда берілетін, жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар, белгіленген үлгідегі құжат;»;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жеке және заңды тұлғаларға цифрлық құжаттар сервисі арқылы пайдаланылатын және берілетін жеке басты куәландыратын құжаттардың қағаз жеткізгіштегі құжаттармен мәні бірдей.»;
3) 22-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
48. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет - үздіксіз негізде жүзеге асырылатын және қоғамның заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет;»;
5) тармақшадағы «жеке тәртіппен» деген сөздер алып тасталып, «нысандарының бірі» деген сөздерден кейін «немесе олардың жиынтығы» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша алып тасталсын;
10-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жоба - мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі процестердің, тәсілдердің өзгеруін сынамалау жөніндегі процесс;»;
16) тармақша алып тасталсын;
17-1) және 17-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1) проактивті көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
17-2) реинжиниринг - ұйым қызметінің тиімділігін, сапасын және нәтижелілігін арттыру мақсатында ағымдағы жұмыс процесін қайта өзгерту;»;
мынадай мазмұндағы 17-3) және 17-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-3) стационарлық абоненттік құрылғы - сымдар арқылы берілетін электр сигналдарының немесе радиосигналдардың көмегімен абонент берген ақпаратты қашықтан беруді немесе қабылдауды қамтамасыз ететін байланыс құралы;
17-4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы - абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық тұрғыдан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке-дара пайдаланылатын байланыс құралы;»;
2) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «бір өтініш» қағидаты бойынша алуға;»;
3) 5-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «алуға;» деген сөз «алуға құқығы бар.» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
5) тармақшадағы «мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін» деген сөздер «бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшадағы «пайдалануға міндетті.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға міндетті.»;
екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді;»;
4) 6-баптың 2-1) тармақшасы алып тасталсын;
5) 7-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, талдау және мониторингтеу негізінде оларды көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алуға және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды тұжырымдайды;»;
6) 8-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
7) 9-бапта:
8-1) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің және Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасауы қағидаларын бекітеді;»;
10) тармақша алып тасталсын;
12-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына (бұдан әрі - мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидалары) сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингі жөніндегі қызметін үйлестіреді;»;
13) тармақша алып тасталсын;
13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) проактивті қызметтер көрсету тәртібін бекітеді;»;
8) 9-1-баптың 2) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
9) 10-бапта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) өзінің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін заңнамасын сақтау жөніндегі қызметін үйлестіреді;»;
10) 11-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін жүзеге асырады;»;
11) 13-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
12) 14-бапта:
2) тармақшаның төртінші абзацындағы «пайдалану тәртібін сипаттауды» деген сөздер «пайдалану» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тәртібін сипаттауды;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және көрсетілетін қызметті берушілерге жіберу тәртібін;»;
3-1) тармақшада:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін;
мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін;»;
он бірінші абзацтағы «негіздерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанындағы қосымшаны» деген сөздер «негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 15-баптың 2-тармағындағы «мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде» деген сөздер алып тасталсын;
14) 18-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;»;
4) тармақшадағы «арқылы көрсетіледі.» деген сөздер «арқылы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы;
6) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетіледі.»;
15) 20-баптың 6-тармағындағы «жазбаша» деген сөз алып тасталсын;
16) 21-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
17) 21-1 және 22-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«21-1-бап. Проактивті қызметтер көрсету
Проактивті қызметтер көрсету «электрондық үкімет» веб-порталында көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірін тіркеген кезде және көрсетілетін қызметті алушының дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісімі болған кезде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады.
22-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингі
Мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін орталық мемлекеттік органдар, мемлекеттік корпорация, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес тұрақты негізде жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлеуші - мүдделі орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жобаларын іске асыру бірлескен шешім негізінде жүзеге асырылады.»;
18) 29-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қоғамдық маңызы бар қызметтер көрсету сапасын бағалау өлшемшарттары әлеуметтанушылық зерттеулер немесе оларды көрсету сапасын мониторингтеу шеңберінде белгіленеді.».
49. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың екінші бөлігіндегі «заңнамасына» деген сөз «заңдарына» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дербес деректерді иесіздендіруді меншік иесі және (немесе) оператор жүргізген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың қызметті іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін дербес деректерді жинау, өңдеу кезінде дербес деректерді иесіздендіруді деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторы жүзеге асырады.».
50. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 72-баптың 2, 3 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау туралы құжаттарды қарауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
«6. Өтініш берушінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі себебіне байланысты аттестат беруден бас тартылуы мүмкін.
Заңды тұлға көрсетілген себепті жойған кезде аттестаттау туралы өтініш жалпы негіздерде қаралады.»;
2) 74-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алуға арналған құжаттарды қарауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарап шығып, кауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсатты беру туралы шешім қабылдайды не уәжді бас тартуды ұсынады.»;
3) 75-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды, оның ішінде шетелде шығарылғандарын ұдайы қолдануға рұқсат алуға арналған құжаттарды қарауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
4) 76-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Декларацияға тіркеу шифрын беруге арналған құжаттарды қарауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
5) 77-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің немесе әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын қадағалау функциясын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу журналында тиісті жазба жасалады.»;
6) 78-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын қарау және келісу тәртібі қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларымен реттеледі.».
51. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимі - рұқсат беру органының жауапты адамының қатысуынсыз өтінішті қарау және рұқсатты беру жүргізілетін режим;»;
2) 7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, берілген рұқсаттар, жіберілген хабарламалар, рұқсаттар беру мен хабарламалар жіберудің шарттары туралы мәліметтер «электрондық үкіметтің» веб-порталында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де ақпараттандыру объектілерінде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуға тиіс.»;
3) 15-бап мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) өтініш берушіні біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін әзірлеу және бекіту;»;
4) 25-баптың 4-тармағының екінші бөлігінде:
«рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы» деген сөздер алып тасталсын;
«электрондық цифрлық қолтаңбасымен» деген сөздер «электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 26-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтініш электрондық нысанда берілген жағдайда рұқсат беру органының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған құжат өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.»;
6) 34-баптың 8-тармағының екінші бөлігінде:
«Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда өтініш» деген сөздер «Өтініш электрондық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«электрондық цифрлық қолтаңбасымен» деген сөздер «электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 46-баптың 2-тармағы «жүйесі арқылы» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ақпараттандыру объектілерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 48-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өтініш электрондық нысанда берілген жағдайда, лицензиар және екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілеттік берілген орган өтінішті тіркеуді бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Өтініш берушіні біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде рұқсат беруге жол беріледі.
Мұндай жағдайда тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады. Бұл ретте рұқсат беру органы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі үшін жауапты болады.
Өтініш берушіні біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган рұқсат беру органының бекітілген нормативтік құқықтық актісі негізінде айқындайды.».
52-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
52. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;