4-тармақ алып тасталсын;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Аукционды құзыретті орган ұйымдастырады және ол көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісі пайдаланыла отырып, құзыретті орган айқындайтын тәртіппен электрондық нысанда өткізіледі.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы деп құзыретті орган айқындайтын, осы Кодексте көзделген тәртіппен көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарды өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға танылады.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторын айқындау жөніндегі өлшемшарттарды құзыретті орган бекітеді.
6. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы:
1) құзыретті орган аукционға қатысуға жіберген өтініш берушілерді тіркеуді;
2) осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді электрондық нысанда алу мақсатында, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін тиісті мемлекеттік және өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялауды;
3) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде тіркеу үшін өтініш берушілерден құжаттар қабылдауды;
4) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісіндегі жұмыс бойынша консультация берілуін жүргізуді;
5) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде аукционға қатысушылар үшін қол жеткізудің тең жағдайларын;
6) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, аукциондарды қашықтан өткізуді;
7) аукциондар қорытындыларының тізілімін қалыптастыруды;
8) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде электрондық аукциондар қорытындыларының тізілімін жариялауды;
9) техникалық құралдар кешенін, жүйелік және технологиялық бағдарламалық қамтылымды:
көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінің тиісінше жұмыс істеуі;
көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторы жұмыскерлерін қоса алғанда, үшінші тұлғалардың аукцион өткізілетін күні көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарды өткізу процесіне араласуына жол бермеу үшін тұрақты жұмыс жағдайында ұстап тұруды;
10) ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарды және аукцион өткізу процесіне бөгде сырттан араласудан қорғау жөніндегі талаптарды қоса алғанда, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісіне қойылатын техникалық талаптардың сақталуын;
11) аукцион өткізілетін күні көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде жасалған барлық іс-әрекеттердің жазбаларын құзыретті органның сұрау салуы бойынша беруді;
12) аукциондар өткізуді регламенттейтін ішкі техникалық құжаттарды әзірлеуді және бекітуді;
13) аукциондар өткізу мәселелері бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасауды;
14) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде аукциондар өткізу туралы хабархатты орналастыруды;
15) аукциондар өткізу бойынша жаңа бағдарламалық қамтылымның әзірленуін және (немесе) қолданыстағысының жаңғыртылуын ұйымдастыруды;
16) құзыретті орган айқындайтын тәртіппен аукциондар өткізуді тоқтата тұруды, ауыстыруды немесе оның күшін жоюды қамтамасыз етеді.»;
9-тармақтың 10) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 100-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аукцион нәтижелері электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісіндегі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың қорытындылары тізілімінің негізінде аукцион өткізілген күні хаттамамен автоматты түрде ресімделеді, оған құзыретті орган мен аукцион жеңімпазы қол қояды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер аукцион жеңімпазы осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қол қою бонусын төлемесе және (немесе) құзыретті органға өз тарапынан қол қойылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты ұсынбаса, мұндай тұлға келісімшарт жасасу құқығынан айырылады, бұл ретте құзыретті органның осы баптың 3-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жіберілетін жазбаша хабарламасымен тиісті жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт жасасу құқығы аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыға беріледі.
Құзыретті органнан жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы баптың 3-тармағында көзделген, аукцион жеңімпазына қойылатын талаптарды орындауға міндетті. Бұл ретте, аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген қол қою бонусын осындай аукционға қатысушы ұсынған мөлшерде төлейді.
Аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы құзыретті органнан жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде осы баптың 3-тармағында көзделген, аукцион жеңімпазына қойылатын талаптарды орындамаған жағдайда, мұндай тұлға келісімшарт жасасу құқығынан айырылады, ал жер қойнауы учаскесі қайтадан аукционға шығарылады.»;
9-тармақтың 11) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 101-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
9-тармақтың 12) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 107-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Осы баптың 6 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда, құзыретті органның хабарламасын алған тұлға атқарылған жұмыс туралы есеп жібереді.»;
9-тармақтың 13) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) 144-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«144-бап. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесі
1. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта өңдеуге және тұтынушыға беруге дайындалған, сондай-ақ өз мұқтаждарына пайдаланылатын, қабаттық қысымды сақтау және (немесе) ұстап тұру мақсатында қабаттарға айдау жолымен кәдеге жаратуға жататын, осы Кодекстің 146-бабында белгіленген жағдайларда және шарттарда жағылатын шикі газдың айналымдағы мөлшері туралы деректерді автоматтандырылған жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану арқылы шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушыға беруге дайындалған шикі мұнай мен газ конденсатының айналымдағы мөлшері туралы деректерді автоматтандырылған жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану арқылы шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алуды жүзеге асырады.
2. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шикі мұнай мен газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастырудың және оның жұмыс істеуінің өзі айқындайтын тәртібіне сәйкес, ақпаратты өңдеу, сақтау, пайдалану, оның ішінде беру және тарату мақсаттарында шикі мұнай мен газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесіне қосу үшін ақпарат жинауды жүзеге асырады.
3. Шикі мұнай мен газ конденсатының айналымы деп оларды дайындау, тасу, сақтау, тиеп-жөнелту, өткізу, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкету түсініледі.
Шикі газдың, оны қайта өңдеу өнімдерінің (тауарлық газдың) айналымы деп оларды жинау, дайындау, тасу, қайта өңдеу, сондай-ақ Кодексте және жобалау құжатында белгіленген жағдайлар мен шарттарда - қабатқа айдау және алау етіп жағу арқылы кәдеге жарату түсініледі.
4. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспабы деп шикі мұнайдың, газ конденсатының, шикі газдың және оны қайта өңдеу өнімдерінің (тауарлық газдың) көлемдік және сапалық сипаттамаларын айқындайтын және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат берілген техникалық құрылғы, сондай-ақ нақты уақыт режимінде шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесі операторына ақпарат беруді жүзеге асыратын бағдарламалық қамтылым танылады.
5. Шикі мұнайдың, газ конденсатының, шикі газдың және оны қайта өңдеу өнімдерінің (тауарлық газдың) айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер жарақтандыру тізбесі мен мерзімдерін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін өздерінің өндірістік объектілерін есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға және көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.
6. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) өндіру және (немесе) олардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілердің шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі операцияларды жарақтандыру тізбесі мен мерзімдерін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін өндірістік объектілерді есепке алу аспаптарымен жарақтандырмай не ақауы бар есепке алу аспаптарымен жарақтандырып жүргізуіне тыйым салынады.»;
9-тармақтың 14) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 165-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер қойнауы учаскесін сенімгерлікпен басқару шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі пайдаланылып, уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында әзірленеді әрі жасалады және сенімгерлік басқарушыға:».
10. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:
1) 4-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2) және 37-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) деректер - өңдеуге жарамды, формалданған түрдегі ақпарат;
14-2) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган - деректерді басқару бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
«37-1) цифрлық трансформациялау - цифрлық технологияларды ендіруді, реинжинирингті және деректерді пайдалануды қамтитын іс-шаралар кешені;»;
2) 5-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау;»;
3) мынадай мазмұндағы 43-2 және 43-3-баптармен толықтырылсын:
«43-2-бап. Деректерді басқару
1. Деректерді басқару - деректерді айқындауға, құруға, жинауға, жинақтауға, сақтауға, таратуға, жоюға, қолдауға, сондай-ақ олардың талдауын, сапасын, қолжетімділігін, қорғалуын қамтамасыз етуге байланысты процесс.
2. Деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган:
1) деректерді басқарудың мемлекеттік саясатына басшылықты жүзеге асырады және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) деректерді басқару жөніндегі талаптарды әзірлейді және бекітеді;
3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Мемлекет бюджет қаражаты есебінен жасалатын, жинақталатын және сатып алынатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдермен алынған деректердің меншік иесі болып табылады.
4. Мемлекеттік құпияларды, қызметтік немесе құпия ақпаратты құрайтын деректерді басқару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
43-3-бап. Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау
1. Мемлекеттік органдар цифрлық трансформацияны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес жүргізеді.
2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды ұйымдастырушылық және әдіснамалық қолдап отыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға жүзеге асырады.»;
4) 45-бапта:
бесінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттандыру объектілеріндегі деректерге қол жеткізуге мемлекеттік органдардың келісімі талап етілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 5-1 және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«5-1. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінде ақпарат болған жағдайда, оны жеке және заңды тұлғалардан жинауға және талап етуге тыйым салынады.»;
«7. Қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық нысандағы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалады, куәландырылады және сақталады.
Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық нысандағы құжат (электрондық құжат) қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен тең және өзге де тәсілдермен куәландыруды талап етпейді.»;
5) 63-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда берілген жолданымда, хаттамада:»;
10-тармақтың 6) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6) 26-тараудың тақырыбындағы «Жергілікті атқарушы» деген сөздер «Әкімшілік» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақтың 7) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7) 165-бапта:
бірінші бөліктегі «Жергілікті атқарушы» деген сөздер «Әкімшілік» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «тізіміне» деген сөз «бірыңғай тізіміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «алдын ала тізімдерімен» деген сөздер «бірыңғай тізімімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 8) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8) 166-баптың екінші бөлігіндегі «жергілікті атқарушы» деген сөздер «әкімшілік» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақтың 9) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) 167-бапта:
бірінші бөліктегі «алдын ала тізімдеріне» деген сөздер «бірыңғай тізіміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «жергілікті атқарушы» деген сөздер «әкімшілік» деген сөзбен ауыстырылсын.
11. «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Қуғын-сүргіндермен байланысты архив материалдарын сақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу органдарына қайтыс болуы туралы куәлікті ресімдеу үшін хабархат жіберуге, сондай-ақ деректер болған кезде, өтініш иелері жүгінген жағдайда оларға ақталған адамның қайтыс болу уақытын, себебін және жерленген орнын хабарлауға міндетті.».
12. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың он екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен «электрондық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізіледі.»;
2) 6-2-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Саяси партиялар мен діни бірлестіктердің филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен «электрондық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізіледі.»;
3) 6-3-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, қайта ұйымдастыру арқылы құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен «электрондық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізіледі.»;
4) 14-бапта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен «электрондық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізіледі.»;
екінші бөліктің 4) тармақшасы алып тасталсын;
5) 14-1-бапта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен «электрондық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізіледі.»;
төртінші бөліктің 4) тармақшасы алып тасталсын;
6) 14-2-бапта:
екінші бөліктегі «2),» деген цифр «1), 2), 4), 5),» деген цифрлармен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «1), 3), 4) және 5) тармақшаларында» деген сөздер «3) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тұрған жерін өзгерту жылжымайтын мүліктің меншік иесінің электрондық цифрлық қолтаңба арқылы келісімімен жүзеге асырылады.»;
төртінші, бесінші және сегізінші бөліктер алып тасталсын;
7) 16-бап мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен «электрондық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізіледі.».
13. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
50-баптың 8-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сот ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың сұрау салуы негізінде, өздерінің іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша соттар мен нотариустарға;».
14. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Тіл - байланыс және ақпараттандыру саласында
Қазақстан Республикасының шегінде байланыс саласында мемлекеттік тілдің және орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге пошта-телеграф жөнелтілімдері белгіленген халықаралық қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
Ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілерін Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тілде, орыс тілінде және қажет болған кезде басқа да тілдерде құруға және айналысқа шығаруға міндетті.».
15. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 25) тармақшасындағы «және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын» деген сөздер алып тасталсын.
16. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 12-баптың 36) тармақшасындағы «, кешенді тестілеу мен тестілеудің басқа да түрлерін» деген сөздер алып тасталсын;
2) 20-баптың 3-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
17. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
15-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «жеке және» деген сөздер «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес жеке және» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
16-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы «куәліктің көшірмесі» деген сөздерден кейін «немесе хабарлама» деген сөздермен толықтырылсын.
19. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
31-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құрылтай құжаттарына қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хабарламаны қабылдау туралы Корпорацияның белгісі қойылған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға хабарламаның қабылданғанын растайтын құжатты, құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмесін ұсынуға міндетті.».
20. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы «инфрақұрылымдар объектілерін» деген сөздерден кейін «, байланыс желілерін» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 31-баптың 1-тармағында:
20-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2-2) тармақша алып тасталсын;
7) тармақшадағы «объектілерінің құрылысын» деген сөздер «объектілерін, байланыс желілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтың 3) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 33-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері жөніндегі, азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;»;
4) 35-баптың 1-тармағында:
20-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
10) тармақша алып тасталсын;
10-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын органдар жоқ кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде кент, ауыл, ауылдық округ әкімі нотариаттық әрекеттер жасауды ұйымдастырады, өз аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін тіркеуге құжаттар қабылдауды және оларды азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың азаматтық хал актілерін тіркеу органына беруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәліктерді және қажет болған кезде анықтамаларды беруді және табыс етуді жүргізеді;».
21. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өтініш берушілер атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінуге құқылы.».