Қазақстан Республикасының
Заңы
Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы
(2025.16.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 1 қаңтардан, 2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қарулы Күштердегі әскери қызметтің құқықтық негізі
3-бап. Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесінің қағидаттары
4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
5-бап. Әскери қызметшінің мәртебесі
6-бап. Әскери қызметшілердің құқықтары
7-бап. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері
7-1-бап. Əскери міндеттілердің жалпы міндеттері
8-бап. Әскери қызмет өткерумен байланысты әскери қызметшілердің құқықтарын шектеу
2-тарау. АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ДАЯРЛАУ ЖƏНЕ ƏСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТƏРБИЕЛЕУ
9-бап. Азаматтарды әскери қызметке даярлау
10-бап. Бастапқы әскери даярлық
11-бап. Азаматтарды білім беру ұйымдарында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау
12-бап. Азаматтарды əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау
13-бап. Азаматтарды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлау
13-1-бап. Əскери міндеттілердің курстық даярлығы
14-бап. Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту
14-1-бап. Əскери-патриоттық тəрбие
3-тарау. ƏСКЕРИ ЕСЕПКЕ АЛУ
15-бап. Әскери есепке алу
16-бап. Азаматтарды жергілікті əскери басқару органдарына тіркеу
17-бап. Лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алу қағидаларын орындау жөніндегі міндеттері
4-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ
18-бап. Әскери қызметтің мазмұны
19-бап. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің құрамы.
20-бап. Әскери атақты беру, төмендету, одан айыру және әскери атағын қалпына келтіру тәртібі
21-бап. Әскери лауазымдар
22-бап. Ротация
22-1-бап. Әскери қызметшілерді аттестаттау
23-бап. Әскери қызметшілердiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерi
24-бап. Әскери қызмет мерзiмдері. Еңбек сіңірген жылдары
25-бап. Әскери қызметшiлердiң әскери қызметте болуының шектi жасы
26-бап. Әскери қызметтен шығару
26-1-бап. Алып тасталды
5-тарау. ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ
27-бап. Азаматтарды әскери қызметке шақыру
28-бап. Әскерге шақыру комиссиялары
29-бап. Медициналық комиссиялар
30-бап. Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың мiндеттері
31-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру
32-бап. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру
33-бап. Əскери мiндеттілердi əскери жиындарға шақыру
34-бап. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыру
35-бап. Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру
36-бап. Әскери қызметке және әскери жиындарға шақырудан босату
6-тарау. КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ
37-бап. Әскери қызмет өткеру туралы келiсімшарт
38-бап. Келiсімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар
39-бап. Азаматтардың əскери, арнаулы оқу орындарына түсуі, сондай-ақ шығарып жіберу жəне қайта қабылдау. Əскери, арнаулы оқу орындарында білім алып жатқан азаматтармен əскери қызмет өткеру туралы келiсімшарттар жасасу
39-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті
40-бап. Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт мерзімі және оны жасасу тәртiбi
6-1-тарау. Резервтегі әскери қызмет
40-1-бап. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт
40-2-бап. Резервтегі әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар
40-3-бап. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттың мерзімі және оны жасасу тәртібі
40-4-бап. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту
7-тарау. ЗАПАСТА ТҰРУ
41-бап. Запасқа қою
42-бап. Запаста тұрудың шектi жасы
43-бап. Әскери жиындардан өту
8-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
44-бап. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру
45-бап. Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін тұрғынжаймен қамтамасыз ету
46-бап. Әскери қызметшілердің демалыстары
47-бап. Қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерін әлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері
48-бап. Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери, арнаулы оқу орындарының ұландарын, кадеттері мен курсанттарын əлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері
48-1-бап Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының ұландарын, кадеттері мен курсанттарын әлеуметтік қорғаудың ерекшеліктері
49-бап. Әскери қызметшілердің жекелеген санаттарын қосымша әлеуметтік қамсыздандыру
50-бап. Әскери қызметтен шығарылған азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру
50-1-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызмет міндеттерін атқаруы кезіндегі кепілдіктер
51-бап. Қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда әскери қызметшілерге өтемақы төлеу
52-бап. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қамсыздандыру
9-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
53-бап. Әскери қызметшілердің жауаптылығы
53-1-бап. Әскери қызметшілердің материалдық жауаптылығы
54-бап. Әскери қызметшiлердiң қылмыстар, теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылығы
10-тарау. ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
55-бап. Өтпелi ережелер
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдардың, ауылдық», «ауылдың, ауылдық», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жоғары оқу орны», «жоғары оқу орындарында», «жоғары оқу орнын», «жоғары оқу орындарының» деген сөздер тиісінше «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) адъюнкт - жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік əскери оқу орнында білім алып жатқан офицерлік және сержанттық құрамдардың əскери қызметшісі;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) азаматтық персонал адамдары (жұмыскерлер) - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда (бұдан әрі - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) мемлекеттік қызметтегі немесе еңбек қатынастарында тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ауыспалы құрам - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың штат санына кірмейтін әскери, арнаулы оқу орындарында білім алып жатқан Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери қызметшілерінің санаты;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер - осы Заңда көзделген мерзімге Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары;
4) əскерге шақыруды кейінге қалдыру - осы Заңда көзделген негіздер бойынша азаматтарды əскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) əскерге шақыру жасына дейінгілер - әскерге шақыру жасына толғанға дейін əскери қызметке даярлықтан өтетін Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) əскерге шақырылушылар - жергілікті əскери басқару органдарында әскери есепте тұратын жəне мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
7) əскери атақ - əскери қызметшіге жəне əскери міндеттіге берілетін əскери айырым белгісі;
8) əскери билет - азаматтың əскери қызметке тиесілігін жəне əскери міндеттілікке қатыстылығын айқындайтын бірыңғай мерзімсіз жеке есептік-əскери құжаты;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) әскери бөлімнің (мекеменің) штаты - құрамды, ұйымдық-штаттық құрылымды, жеке құрамның санын және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарақ пен әскери техникасы кадастрына сәйкес бекітіп берілген негізгі қару-жарақ пен әскери техниканың санын айқындайтын құжат;
10) əскери есепке алу - əскерге шақырылушылар, əскери қызметшілер мен жұмылдыру ресурстары туралы сандық жəне сапалық деректерді есепке алу жəне талдау жүйесі;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) əскери жиындар - əскери міндеттілер мен азаматтардың əскери білім алуы жəне оны жетілдіруі мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда əскери басқару органдары, уəкілетті мемлекеттік органдар əскери даярлық бойынша өткізетін іс-шаралар.
Əскери жиындар:
оқу-жаттығу жиындары - əскери міндеттілерді даярлау жəне қайта даярлау мақсатында өткізілетін əскери жиындар түрі;
тексеру жиындары - соғыс уақытының ұйымдастырушылық-штаттық құрылымында міндеттерді орындауға арналған, əскери бөлімдердің əзірлігін тексеру мақсатында өткізілетін əскери жиындар түрі;
арнайы жиындар - төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында жəне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда өткізілетін əскери жиындар түрі болып бөлінеді;
12) əскери интерн - əскери интернатурада білім алып жатқан əскери қызметші;
13) əскери интернатура - жоғары əскери оқу орнының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асыратын, клиникалық практикаға рұқсат алу үшін əскери қызметшілерді базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша жаңа редакцияда
14) әскери кафедра (әскери факультет) - запастағы офицерлер және (немесе) запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша студенттерді әскери даярлауды және әскери-патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі;
15) əскери киім нысаны - Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен, əскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілігін айқындайтын, ерекшелік жəне айырым белгілері бар нысанды киім (киім-кешек) жəне жабдық;
16) əскери қызмет - егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмаушылығын қарулы қорғаумен байланысты əскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі;
17) əскери қызмет мерзімі - Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызметші мəртебесінде əскери қызмет өткерудің бүкіл кезеңі;
18) əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт - уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының азаматы арасындағы азаматтың əскери қызметті өткеру кезеңіне тараптардың құқықтарын, міндеттерін жəне жауапкершілігін белгілейтін ерікті түрде əскери қызмет өткеру туралы шарт;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19) əскери қызметтен шығару - əскери қызметшіні осы Заңда көзделген негіздер бойынша запасқа қойып немесе отставкаға шығара отырып, əскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен алып тастау;
20) əскери қызметшілер - Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызметте болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) әскери лауазым - әскери қызмет функцияларын орындау үшін лауазымдық өкілеттіктер, лауазымдық және арнайы міндеттер жүктелген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың штаттық бірлігі;
22) əскери міндеттілер - əскери есепте тұратын жəне əскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23) әскери міндеттілер запасы (бұдан әрі - запас) - аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті әскери басқару органдарында әскери есепте тұратын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды толық жасақтау, жұмылдыра өрістету және шығынының орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын, осы Заңда белгіленген жастағы әскери міндеттілер;
24) əскери міндеттілік - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндеті;
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
25) əскери оқу орны - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ұлттық ұланына ведомстволық бағынысты жəне əртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды
25-1) әскери оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы - Қарулы Күштердің білім беру, ғылыми, әдістемелік қызметпен айналысатын әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары;
2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 25-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 25-2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-2) әскери-оқу практикасы - әскери даярлықтың тиісті бағдарламасы бойынша теориялық білімді, машықтарды бекітуге, практикалық дағдыларды меңгеру мен дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 25-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
25-3) әскери резидент-дәрігер - медициналық ұйым тәлімгерінің қадағалауымен резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын әскери қызметші;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26) тармақшаның қолданысы 2026 ж. 1 қыркүйекке дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
26) бастапқы əскери жəне технологиялық даярлық - орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын əскери іс негіздері, робот техникасы жəне ІТ-технологиялар бойынша міндетті оқыту пəні (оқу пəні);
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
26-1) дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындар - дағдарыстық ахуалды оқшаулауға және жоюға қатысу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен өткізілетін іс-шаралар;
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
26-2) далалық төлемдер - əскери қызметшілерге (мерзімді əскери қызметтің əскери қызметшілерін, əскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, əскери жиындарға шақырылған əскери міндеттілерді, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшілерді қоспағанда) бір тəуліктен астам далалық шығу, теңізге шығу, оқу-жаттығуларға немесе кемелердің жорықтарына қатысу кезеңінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын төлемдер;
27) далалық шығу - далалық жағдайларда жауынгерлік, жұмылдыру жəне жедел дайындық бағдарламалары бойынша сабақтар, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мүддесінде арнайы далалық жұмыстарды орындау;
28) докторант - докторантурада білім алып жатқан əскери қызметші;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29) еңбек сіңірген жылдары - азаматтың əскери қызметте, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, фельдъегерлік қызметте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қызметте болуының күнтізбелікпен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын ұзақтығы;
30) жалпыға бірдей əскери оқыту - Қазақстан Республикасының азаматтарын соғыс жағдайы енгізілген кезеңде əскери даярлыққа міндетті оқыту;
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
30-1) жауынгерлік даярлық бойынша жиындар - жауынгерлік даярлық бағдарламалары бойынша резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен өткізілетін іс-шаралар;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 30-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
30-3) жауынгерлік даярлық бойынша жиындар - резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен жауынгерлік даярлық бағдарламалары бойынша өткізілетін іс-шаралар;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31) жеке құрам - әскери қызметшілер және азаматтық персонал адамдары (жұмыскерлер);
32) кадет - техникалық жəне кəсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнында білім алып жатқан əскери қызметші;
33) келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшілер - осы Заңда айқындалатын мерзімге Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға əскери қызметке ерікті түрде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 34) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34) курсант - жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери, арнаулы оқу орнында немесе шетелдік əскери оқу орнында білім алып жатқан, оны бітіргеннен кейін офицерлік құрамның бірінші əскери атағы берілетін əскери қызметші;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35) курстық даярлық - белгілі бір әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери білім мен дағдыларды алуға, сақтауға және жетілдіруге бағытталған, мыналарда:
әскери қызметшілер үшін әскери оқу орындарында, әскери басқару органдарының оқу орталықтарында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында немесе халықаралық шарттарға немесе шақыруларға сәйкес шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында;
әскери міндеттілер үшін әскери оқу орындарында, Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жанындағы әскери кафедраларда (әскери факультеттерде) немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында жүзеге асырылатын әскери қызметшілер мен әскери міндеттілерге қосымша білім беру нысаны;
35-1) 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 35-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
35-2) қатардағы жауынгерлер (матростар) - қатардағы құрамның тиісті әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;
36) қолданыстағы резерв - барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындайтын əскери қызметшілер;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 37) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы - азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауды, қайта даярлауды, әскери қызметшілер мен әскери міндеттілерді курстық даярлықты, оның ішінде көлік құралдарын басқару бойынша даярлауды өтеусіз, өтеулі негіздерде жүзеге асыратын ұйым;
38) магистрант - магистратурада білім алып жатқан əскери қызметші;
39) мерзімді əскери қызмет - ер азаматтарды осы Заңда айқындалған тəртіппен Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға қатардағы жəне сержанттық құрамдардың əскери лауазымдарына шақыруға негізделген əскери қызмет;
40) отставка - əскери қызметтен шығарылған немесе əскери есептен алып тасталған, запаста болудың шекті жасына толған адамдардың не əскери есептен алып тасталып, əскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдардың жағдайы;
41) офицерлер - офицерлік құрамның тиісті əскери атақтары берілген əскери қызметшілер;
42) психофизиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер - Қазақстан Республикасының əскери қызметшілері мен азаматтарының жеке психологиялық жəне психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған, тізбесін уəкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдарда əскери қызмет өткеру үшін іріктеу кезінде жүзеге асырылатын тексеру іс-шараларының жиынтығы;
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 42-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
42-1) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер (бұдан әрі - резервтегі әскери адамдар) - Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға резервтегі әскери қызметке өз еркімен кірген Қазақстан Республикасының азаматтары;
43) ротация - əскери қызметшілерді Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы тең жəне өзге де лауазымдарға ауыстыру;
44) 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 45) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45) сержанттар (старшиналар) - сержанттық құрамның тиісті əскери атақтары берілген əскери қызметшілер;
46) 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47) теңізге шығу - міндеттерді орындау үшін корабльдер, катерлер мен кемелер экипаждарының, əскери қызметшілердің теңізге шығуы;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 48) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 48) тармақша өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
48) уәкілетті лауазымды адам - Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт немесе резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт жасасу құқығы берілген лауазымды адам;
49) уəкілетті орган - құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган;
50) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар - Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда мемлекеттік мекемелерді жəне олардың құрылымдық бөлімшелерін құру, тарату, қайта ұйымдастыру, орнын ауыстыру, бағыныстылығын өзгерту, штаттарын өзгерту бойынша, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да əскерлермен əскери құралымдардың құрамы мен штат санын өзгерту бойынша жүргізілетін іс-шаралар;
51) ұлан - негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, əскери оқу орнының бірінші немесе екінші курсында білім алып жатқан адам;