7. Квазимемлекеттік сектор субъектілері деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыруға қажетті иесіздендірілген мәліметтерді операторға береді.»;
19) 17-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асыруға;»;
2-1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері болып табылатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері үшін ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын журналдау жүйелерін Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесінің техникалық құралдарына дербес немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес үшінші тұлғалардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу арқылы қосуды қамтамасыз етуге;
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері қосылған ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларында айқын далған тәртіппен және мерзімдерде өз бетінше анықталған ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы хабарлауға;»;
20) 18-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Зияткерлік роботтың меншік иелері мен иеленушілері дербес деректер субъектісіне осы Заңның 36-бабының 6-тармағына сәйкес автоматтандырылған өңдеу туралы хабар беруге міндетті.»;
21) 19-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі «қағаз құжат айналымын» деген сөздерден кейін «және қызмет көрсету субъектісінің қатысуын» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметтер көрсету субъектісінің бастамасы бойынша қызметтерді алу субъектісінің өтінішінсіз көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілетін проактивті қызмет болып табылады.»;
22) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қызметтер көрсету субъектілері «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінен көрсетілетін қызметті алушылардың төлемдері туралы электрондық нысандағы мәліметтерді анық мәліметтер ретінде қабылдайды.»;
55-тармақтың 23) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23) 22-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингтеу «электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
55-тармақтың 24) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) 23 және 24-баптар алып тасталсын;
25) 25-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру «электрондық үкіметтің» архитектурасына сәйкес және жүргізілген реинжиниринг ескеріле отырып, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту арқылы не «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін немесе ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырылады.»;
26) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру мен дамытудың және Қазақстан Республикасының аумағындағы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсетудің басымдығын қамтамасыз ету ескеріле отырып жүзеге асырылады.
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы әзірлеу мен тестілеу орталарын қамтуға тиіс.
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына меншік құқығы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, платформаның көмегімен жасалатын және (немесе) онда орналастырылған, басқа меншік иелеріне немесе иеленушілерге тиесілі деректерге меншік құқығын туындатпайды.
Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру, сондай-ақ деректерді талдау кезінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында орналастырылған деректерді пайдалану деректердің меншік иелерінің немесе иеленушілерінің келісімінсіз жүзеге асырылады.»;
27) 27-бапта:
тақырыптағы «мен шлюзі» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «ақпараттық жүйе» деген сөздер «ақпараттандыру объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
28) 28-баптың 1-тармағындағы «ақпараттық жүйе» деген сөздер «ақпараттандыру объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 30-баптың 1 және 2-тармақтарындағы «жергілікті, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерін» деген сөздер «ақпараттандыру объектілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 31-бапта:
1-тармақта:
«сыныптауышқа сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелендіруді жүзеге асыруға және ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануына» деген сөздер «мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін одан әрі пайдалануы мақсатында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелендіруді, «электрондық үкіметтің» архитектурасын жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ақпараттық жүйе» деген сөздер «ақпараттандыру объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларына сәйкес «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және олардың техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастырады.
Орналастыру талап етілетін ақпараттандыру объектісінің техникалық құжаттамасының тізбесі «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларында айқындалады.»;
31) 33-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесінің немесе иеленушісінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, басқа тұлғаға тиесілі ақпараттандыру объектілерінде құрылымдалған, машина оқи алатын форматта жасалатын және (немесе) орналастырылған өзіне тиесілі электрондық ақпараттық ресурстарды, егер бұл техникалық тұрғыда жүзеге асырылатындай болса, оларды өзге тұлғаға беру мақсатында алып қоюға құқығы бар.»;
32) 34-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру шеңберінде электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған деректерді басқару және оларды іске асырудан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
7-тармақтағы «сервисінде электрондық құжаттарды қалыптастыруға» деген сөздер «сервисі арқылы электрондық құжаттарды көрсетуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «сервисінде сақталатын» деген сөздер «сервисі арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 35-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Деректерге талдауды жүзеге асыру үшін құпия болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу электрондық ақпараттық ресурстарды иесіздендіруді қамтамасыз ету ескере отырып жүзеге асырылады. Деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректер операторға беріледі.»;
34) 36-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға дербес деректер субъектісінің келісуі бойынша өздеріне қол жеткізу еркін болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар жатады.»;
4-тармақтағы «дербес деректерді ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде» деген сөздер «, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының және соттардың қызметін жүзеге асыруды, атқарушылық іс жүргізуді қоспағанда, ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде дербес деректерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесінің немесе иеленушісінің пайдаланушының ақпаратты орналастыруы бойынша қызмет көрсетуі «электрондық үкімет» порталында сәйкестендіріліп жазбаша түрде (оның ішінде, электрондық нысанда) жасалатын келісім негізінде, келісім жасасу үшін бір реттік парольді қамтитын қысқаша мәтіндік хабарлама жөнелте отырып немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан интернет сервистерін пайдалана отырып, пайдаланушының жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурста тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Пайдаланушының ақпаратты орналастыруы өз атымен немесе бүркеншік атпен (ойдан шығарылған атпен) жүзеге асырылады. Дербес деректерді иесіздендіру келісімде айқындалған негізде және тәртіппен жүзеге асырылады. Электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесі немесе иеленушісі келісім жасасу кезінде пайдаланылатын ақпаратты бүкіл қолдану кезеңінде, сондай-ақ келісім бұзылғаннан кейін үш ай бойы сақтауға міндетті.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерінің немесе иеленушілерінің электрондық ақпараттық ресурстарды тек қана автоматтандырылған өңдеу негізінде, оның ішінде дербес деректер субъектілерінің құқықтары, заңды мүдделері соның нәтижесінде туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын интеллектуалдық робот арқылы шешімдер қабылдауына тыйым салынады, бұған көрсетілген шешім дербес деректер субъектісінің келісімімен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қабылданатын жағдайлар кірмейді.
Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері немесе иеленушілері дербес деректер субъектісінің құқықтары, заңды мүдделері соның нәтижесінде туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын автоматтандырылған өңдеу пайдаланылатыны туралы дербес деректер субъектісіне хабар беруге міндетті.
Дербес деректер субъектісі электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерінің немесе иеленушілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.»;
7-тармақтағы «функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидаларға» деген сөздер «деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару жөніндегі талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 38-бапта:
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «электрондық үкіметтің» архитектурасын, оны дамыту жөніндегі талаптарды, сондай-ақ деректерді басқару жөніндегі талаптарды;»;
55-тармақтың 35) тармақшасының бесінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) тармақша алып тасталсын;
4-тармақтағы «ақпараттық жүйе өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгеннен кейін» деген сөздер алып тасталсын;
36) 39-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
55-тармақтың 36) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту осы Заңға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
37) 40-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Меншік иелері және (немесе) иеленушілер «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісі өнеркәсіптік пайдалануға берілген кезден бастап «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларына сәйкес, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымының, бастапқы бағдарламалық кодтарының (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенінің барлық версияларын есепке алу және сақтау үшін операторға беруді қамтамасыз етеді.»;
38) 41-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін есептен шығару «электрондық үкімет» архитектурасы негізінде меншік иесі қабылдаған шешім бойынша Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
39) 43-бапта:
1-тармақтағы «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің» деген сөздер «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
40) 44-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
55-тармақтың 41) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
41) 7-тарау алып тасталсын;
42) 49-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін міндетті сынауға жататын сынақ объектілеріне:
55-тармақтың 42) тармақшасының төртінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында құрылған және (немесе) орналастырылған бағдарламалық қамтылым (бағдарламалық өнім);
2) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы;
3) мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсы;
4) мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің ақпараттық жүйесі;
5) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері;
6) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйе жатады.»;
4-тармақтағы «ақпараттық жүйенің» деген сөздер «, мемлекеттік заңды тұлғаның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің ақпараттық жүйесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 54-баптың 3-1 және 3-2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын іске асыру мақсатында осы Заңға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасына сәйкес сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінен тауар және ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет түрінде бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу жүзеге асырылады.
Бұл ретте, сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қажетті өнім болмаған жағдайда, оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасына сәйкес сатып алуға жол беріледі.
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтылымның меншік иелері мен иеленушілері бастапқы бағдарламалық кодтардың есепке алу және сақтау үшін операторға берілуін қамтамасыз етеді.
3-2. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланғанға дейін:
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестік бойынша шаралар қабылдайды;
ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алады, сондай-ақ оның Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.»;
55-тармақтың 44) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
44) 59-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
56. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 48), 51) және 63) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«48) сәйкестендіру - қызметтер көрсету үшін қажетті, ұсынылған мәліметтерді жеке тұлға туралы мәліметтермен салыстыру рәсімі;»;
«51) тіркелетін пошта жөнелтілімі - пошта жөнелтіліміне пошталық тіркеу нөмірін (сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-код) беріле отырып, жөнелтушіге қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда растау құжаты беріліп қабылданатын және пошта жөнелтілімінің адресатына қолын қойғызып не осындай табыс етуді өзге де тәсілмен растайтын автомат тандырылған (электрондық) құрылғыларды, жабдықты, ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып табыс етілетін жазбаша хат-хабар, сәлем-сауқат;»;
«63) электрондық абоненттік пошта жәшігі - электрондық пошта мекенжайы болып табылатын және электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды, ақпараттарды және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді беру және оларды сақтау үшін пошта операторының, Ұлттық пошта операторының ақпараттық жүйесінде құрылатын, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының домендік атауы;»;
2) 5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) Ұлттық пошта операторының ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидаларын бекітеді;»;
3) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тіркелетін пошта жөнелтілімін жіберу пошта жөнелтілімінің қабылданғанын құжаттық не электрондық растау, пошта жөнелтіліміне пошталық тіркеу нөмірін (сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-код) бере отырып, жөнелтушіге қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда растау құжатын беру, сондай-ақ адресатқа пошта жөнелтілімін қол қойғызып не осындай табыс етуді өзге де тәсілмен растайтын автоматтандырылған (электрондық) құрылғыларды, жабдықты, ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып табыс ету арқылы жүзеге асырылады.»;
4) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Электрондық, гибридтік поштаның көрсетілетін қызметтері
Электрондық поштаның көрсетілетін қызметтері аутентификацияланған көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылары арасында мұндай берудің жөнелтілуін және жеткізілуін растай отырып хабарламаларды, ақпаратты, хаттар мен құжаттарды электрондық түрде беруден және алынған хабарламаларды, ақпаратты, хаттар мен құжаттарды қауіпсіз сақтауды қамтамасыз етуден тұрады.
Гибридтік поштаның көрсетілетін қызметтеріне гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер жатады.
Пошта операторлары көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда берген өтінішке сәйкес көрсетілетін қызметтерді пайдаланушыларды ерікті негізде тіркеуді жүзеге асырады. Электрондық поштаның көрсетілетін қызметтерін аутентификациялау және ұсыну тәртібі пошта операторы мен көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы арасындағы пайдалану келісімі негізінде айқындалады.
Электрондық поштаның көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыны аутентификациялау электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады.
Пошта операторлары электрондық пошта штемпелін қолданады, ол хабарламаларды, ақпаратты, хаттар мен құжаттарды электрондық түрде беруді және көрсетілетін қызметтердің бір немесе бірнеше пайдаланушысы белгілі бір уақытта жүргізген операцияның төлнұсқалығын тиісті нысанда растау болып табылады.»;
5) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Хабархат, хабарлама
1. Тіркелетін пошта жөнелтілімі межелі жері бойынша келіп түскені туралы хабархат пошта жөнелтілімін алушының электрондық абоненттік пошта жәшігіне электрондық тәсілмен жіберіледі, электрондық абоненттік пошта жәшігі болмаған жағдайда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі болған кезде хабархат соған жіберіледі не қағаз жеткізгіште абоненттік пошта жәшігіне және (немесе) абонементтік жәшікке дейін жеткізіледі.
2. Адресаттың пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарлама пошта байланысының қосымша көрсетілетін қызметі болып табылады, ол үшін жөнелтушіден тіркелетін пошта жөнелтілімін қабылдаған кезде төлемақы алынады және алушыға тіркелетін пошта жөнелтілімі табыс етілген кезде жөнелтушіге кері жіберіледі.
3. Тіркелетін пошта жөнелтілімін алу туралы хабарламаны ресімдеу және жіберу қағаз жеткізгіште не электрондық абоненттік пошта жәшігі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
4. Адресаттың пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарлама үшін тарифті жөнелтуші пошта операторының квитанциясын ала отырып, алдын ала төлейді.»;
6) 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) ауылдық елді мекендерде осы Заңның 23-1-бабында көзделген қызметтерді көрсетеді;»;
«7) электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесін құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.»;
7) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
«23-1-бап. Ұлттық пошта операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге байланысты шығындарын өтеу
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес пошта байланысы бөлімшелерінде Ұлттық пошта операторы қамтамасыз етеді.
2. Ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін жасауға және қамтамасыз етуге байланысты Ұлттық пошта операторының шығындары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өтеледі.»;
8) 33-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Пошта операторлары электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді жіберу кезінде электрондық абоненттік пошта жәшіктерін пайдаланады. Пошта операторлары электрондық абоненттік пошта жәшіктерін құруды және пайдалануды дербес жүзеге асырады. Электрондық абоненттік пошта жәшіктері пошта операторымен жасалған пайдалану келісімі негізінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға беріледі.
Пошта операторлары пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың электрондық абоненттік пошта жәшіктерін пайдалануының қауіпсіздігі мен құпиялылығын, сондай-ақ пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының жеке хат жазысу құпиясын қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды сәйкестендіру олардың дербес деректері (жеке сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғаларды сәйкестендіру бизнес-сәйкестендіру нөмірі арқылы жүргізіледі. Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың деректерін растау мақсатында Ұлттық пошта операторы мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларының мемлекеттік дерекқорларына қолжетімділік алады.
Ұлттық пошта операторы мен мемлекеттік органдар арасында ақпараттық жүйелерді интеграциялау «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.