2) 31-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
53. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпарат - кез келген нысанда тіркелген тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер;»;
«5) ашық деректер - машинада оқылатын түрде ұсынылған және одан әрі пайдалануға, өзгертілмеген түрде қайта жариялауға арналған деректер;»;
4), 6), 6-1), 7), 11) және 11-1) тармақшалардағы «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы» деген сөздер «ақпараттандыру объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-бапта:
3-тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацындағы «мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстары көру және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдардың пайдалануы үшін бейімделуге тиіс.».
54. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
19-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесі мен электрондық ақпараттық ресурстарын құруды және дамытуды жүзеге асырады.».
55. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ақпараттандырудың сервистік моделі - ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;»;
55-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-1) және 3-2) тармақшалар алып тасталсын;
24) тармақша «жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы» деген сөздерден кейін «қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге,» деген сөздермен толықтырылсын;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет - осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі өзі арқылы қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, есептеу ресурстарын мүліктік жалдау (жалға беру, уақытша пайдалану) және (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызмет немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;»;
55-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
26-1) және 27) тармақшалар алып тасталсын;
31-1) және 35) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«31-1) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы - ведомстволық бағынысты ұйымдарға және (немесе) реттелетін басқару саласына қатысты ақпаратты санкцияланбаған қол жеткізуден немесе ықпал етуден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе орталық атқарушы органның, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;»;
«35) ашық деректер - машинада оқылатын түрде ұсынылған және өзгермеген түрде одан әрі пайдалануға, қайта жариялауға арналған деректер;»;
36) тармақшадағы «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы» деген сөздер «ақпараттандыру объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
45) тармақшадағы «телекоммуникациялар желілерін» деген сөздер «ақпараттандыру объектілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
55-тармақтың 1) тармақшасының он төртінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
49) және 53) тармақшалар алып тасталсын;
53-2) және 55-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«53-2) техникалық құжаттама - ақпараттандыру объектісін құру мен дамыту, сондай-ақ оны тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану өзінің негізінде жүзеге асырылатын ақпараттандыру объектісіне арналған құжаттамалар жиынтығы;»;
«55-2) цифрлық құжаттар сервисі - «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі.
Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар пайдаланатын және оларға ұсынылатын цифрлық құжаттар сервисіндегі құжаттардың қағаз жеткізгіштегі құжаттармен мәні бірдей;»;
55-тармақтың 1) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
59) тармақша алып тасталсын;
61) тармақшадағы «не проактивті қызмет көрсетуге келісім берген» деген сөздер алып тасталсын;
68) тармақша «мемлекеттік қызметтерді көрсетуге» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға» деген сөздермен толықтырылсын;
69) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«69) «электрондық үкіметтің» архитектурасы - тиісті салалар (аялар) бөлінісінде мемлекеттік басқарудың міндеттерін, функцияларын қоса алғанда, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің цифрлық нысандағы сипаттамасы;»;
71) тармақшадағы «және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын» деген сөздер алып тасталсын;
2) 4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидаларға» деген сөздер «деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару жөніндегі талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) ақпараттандырудың сервистік моделіне көшуді қамтамасыз ету;»;
4) 7-бапта:
4) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларын бекітеді;»;
55-тармақтың 4) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«17) «электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асыру мониторингі қағидаларын бекітеді;»;
18), 24), 29) және 33) тармақшалар алып тасталсын;
35) тармақшадағы «ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
40), 41), 41-1) және 41-2) тармақшалар алып тасталсын;
52) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«52) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының мәліметтері мен көшірмелерін орналастыруды ұйымдастырады;»;
59), 61) және 63-1) тармақшалар алып тасталсын;
63-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«63-4) цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 63-5) тармақшамен толықтырылсын:
«63-5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша «ақылды» қалалар салу әдістемесін (Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының эталондық стандартын) бекітеді;»;
5) 7-1-баптың 12) тармақшасындағы «ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде» деген сөздер алып тасталсын;
6) 7-2-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның иеленушісіне, сондай-ақ Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары мен қатерлерін анықтау фактілері туралы дереу хабар береді;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағының талабы Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының функцияларын өздерінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды.»;
7) 7-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы:
1) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталықтары мен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асырады;
2) Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметінің міндеттері мен функцияларын іске асырады;
3) Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының міндеттері мен функцияларын іске асырады.»;
8) 7-5-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы мемлекеттік реттеудің тиісті саласының (аясының) ақпараттандыру субъектілерінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуін ұйымдастырады және үйлестіреді, оның ішінде:
1) ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігі қатерлерін талдау, бағалау, болжау және профилактикасы жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
2) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
3) тиісті саланың (аяның) ақпараттандыру субъектілерінен келіп түскен ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды және сақтауды жүзеге асырады;
4) тиісті саланың (аяның) ақпараттандыру субъектілеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде тиісті саланың (аяның) ақпараттандыру объектілеріндегі қауіпсіздік қатерлері, осалдық, ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты береді;
5) өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығына белгілі болған, таралуы шектелген мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы өз функцияларын жүзеге асыру үшін ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары жөніндегі ақпаратты жинау, өңдеу және алмасу бойынша ақпараттандыру объектісін пайдаланады, салалық ұйымдардың оған қосылу және оны пайдалану тәртібін мемлекеттік реттеудің тиісті саласының (аясының) уәкілетті органы айқындайды.»;
9) мынадай мазмұндағы 7-7 және 7-8-баптармен толықтырылсын:
«7-7-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметі
1. Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2) ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде жәрдемдеседі.
2. Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметінің қызметкерлері өзінің қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
7-8-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығы
1. Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығы:
1) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингін жүзеге асырады;
3) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлері мен оқыс оқиғаларын анықтау, олардың жолын кесу және зерттеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады және оларды жою немесе болғызбау жөніндегі ұсынымдарды қалыптастырады;
4) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асырады;
5) Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығына қосылған ақпараттандыру объектілері туралы осалдықты анықтау платформасында мәліметтер жариялауды қамтамасыз етеді.
2. Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының қызметкерлері өзінің қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
10) 9-бапта:
тақырыптағы «органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың» деген сөздер «органдар мен мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзац «органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар» деген сөздер «органдар мен мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының» деген сөздер «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «электрондық үкімет» архитектурасын іске асыруды қамтамасыз етеді;»;
5) тармақша алып тасталсын;
10) тармақшадағы «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына» деген сөздер «операторға» деген сөзбен ауыстырылсын;
55-тармақтың 10) тармақшасының оныншы абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) тармақшадағы «ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан» деген сөздер алып тасталсын;
17-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17-4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, операторға деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік береді;»;
мынадай мазмұндағы 17-5) тармақшамен толықтырылсын:
«17-5) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына береді;»;
11) 10-бапта:
1) тармақшадағы «сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының» деген сөздер «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
55-тармақтың 11) тармақшасының үшінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақшадағы «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына» деген сөздер «операторға» деген сөзбен ауыстырылсын;
55-тармақтың 11) тармақшасының бесінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) тармақшадағы «ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан» деген сөздер алып тасталсын;
16-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16-3) операторға деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік береді;»;
мынадай мазмұндағы 16-4) тармақшамен толықтырылсын:
«16-4) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына береді;»;
12) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына қатысу, заңды тұлғаларды, оның ішінде шетелдік қатысумен заңды тұлғаларды құру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларға, венчурлік қорларға инвестицияларды жүзеге асырады;»;
«15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
13) 12-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;»;
55-тармақтың 13) тармақшасының төртінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақшадағы «, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді;»;
55-тармақтың 13) тармақшасының жетінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) «ақылды» қалалар салу жөніндегі әдістемені (Қазақстан Республикасы «ақылды» қалаларының эталондық стандартын) әзірлейді;»;
55-тармақтың 13) тармақшасының оныншы абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) ақпараттандырудың сервистік моделін дамытуды ұйымдастырады;»;
55-тармақтың 13) тармақшасының он үшінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) тармақшадағы «, мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына, «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасына сәйкестігіне және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құру және дамыту кезінде стандарттық шешімдерді пайдалану мүмкіндігінің бар-жоғына» деген сөздер «және «электрондық үкіметтің» архитектурасына сәйкестігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) және 13) тармақшалар алып тасталсын;
15) тармақша «құру және дамыту» деген сөздерден кейін «, деректерді басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
55-тармақтың 13) тармақшасының он алтыншы абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) тармақша алып тасталсын;
19) және 21-1) тармақшалар алып тасталсын;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) деректерді, оның ішінде мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар қалыптастыратын ашық деректерді талдауды жүргізеді.»;
14) 13-бапта:
1) тармақшадағы «сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының» деген сөздер «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
55-тармақтың 14) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетеді;»;
8) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және орналастыру үшін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін «электрондық үкіметтің» шлюзіне және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзіне интеграциялауды және қосуды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қосуды жүзеге асырады;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
«17) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асырады;»;
18) заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық және консультациялық қызметтер көрсету үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
19) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының теңшеулер кешенін есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады.»;
15) 13-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қиылды жетілдіру мақсатында корпоративтік секторда инновацияларды дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізуге және ұйымдастыруға жәрдем көрсету;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру.»;
16) 14-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік техникалық қызмет ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:»;
55-тармақтың 16) тармақшасының төртінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) тармақша алып тасталсын;
14) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
«18) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
19) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін белгілейді;
20) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысады.»;
17) 15-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) оператор көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтер мәселелері бойынша мемлекеттік органдарды тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады;»;
18) 16-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілерін мемлекеттік, орыс тілдерінде және қажет болған кезде басқа да тілдерде жасауға және Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығаруға;»;
«2-1) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асыруға;»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің меншік иесі өзіне тиесілі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінде орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігі және қорғалуы, ақпараттық жүйелердің қорғалуы үшін электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі алдында жауапты болады.