Қазақстан Республикасының
Заңы
Микроқаржылық қызмет туралы
(2026.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңын қараңыз (2027 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі);
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі);
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 1 мамырдан, 2026 ж. 1 шілдеден 2026 ж. 2 шілдеден, 2026 ж. 18 шілдеден, 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасы
2-1-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
2-тарау. МИКРОҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
3-бап. Микроқаржылық қызмет
3-1-бап. Микроқаржылық қызметке қойылатын жалпы талаптар
3-2-бап. Электрондық тəсілмен микрокредиттер беру ерекшеліктері
3-3-бап. Мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіге берілетін микрокредит ерекшеліктері
4-бап. Микрокредит беруге қойылатын ең төмен талаптар
5-бап. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі
6-бап. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету
7-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтары мен мiндеттерi
8-бап. Өтініш берушінің құқықтары мен мiндеттерi
9-бап. Қарыз алушының құқықтары мен мiндеттерi
9-1-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру тəртібі
9-2-бап. Берешекті реттеу шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар
10-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi тоқтату
3-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТI
11-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтық жағдайы
12-бап. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
13-бап. Микроқаржы ұйымының атауы
14-бап. Микроқаржылық қызметті лицензиялау жəне микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері мен құрылтайшыларына (қатысушыларына) қойылатын талаптар
14-1-бап. Микроқаржы ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу
15-бап. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту негіздері
16-бап. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не одан айыру үшін негіздер
17-бап. Өтініш берушілердің жолданымдарын қарау
18-бап. Тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесі
19-бап. Алып тасталды
20-бап. Алып тасталды
21-бап. Микрокредит беру құпиясы
22-бап. Бухгалтерлiк есепті жүргiзу және қаржылық есептiлiкті жасау
23-бап. Құжаттарды сақтау
24-бап. Микроқаржы ұйымы тарататын жəне орналастыратын жарнама
25-бап. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату
25-1-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсаты
25-2-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беруден бас тарту негіздері
25-3-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
25-4-бап. Микроқаржы ұйымының банкке айналуы кезеңіндегі қызметі
25-5-бап. Микроқаржы ұйымын мемлекеттік қайта тіркеу және банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру
4-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
26-бап. Микроқаржы ұйымы үшін белгіленетін пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
27-бап. Уәкілетті органның құзыреті
28-бап. Микроқаржы ұйымына қолданылатын ықпал ету шаралары және оларды қолдану негіздері
29-бап. Микроқаржы ұйымының қызметін тексеру
4-1-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ОМБУДСМАНЫ
29-1-бап. Микроқаржы омбудсманы, оның мəртебесі, оны сайлау тəртібі жəне өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату. Микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесі, оның құзыреті
29-2-бап. Микроқаржы омбудсманына қойылатын талаптар
29-3-бап. Микроқаржы омбудсманының шешімдер қабылдау тəртібі
29-4-бап. Микроқаржы омбудсманының қызметі
4-2-тарау. МИКРОҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕЙТІН ҰЙЫМДАР
29-5-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды құру
29-6-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары
29-7-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құзыреті
29-8-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның құқықтары мен міндеттері
29-9-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары
29-10-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауы
29-11-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімі жəне оларды тізілімнен шығару
29-12-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға қолданылатын ықпал ету шаралары жəне оларды қолдану негіздері
29-13-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікті (қатысуды) тоқтату
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
30-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
31-бап. Өтпелі ережелер
31-1-бап. Микроқаржы ұйымының қаржы өнімдерінің бекітілгені туралы хабардар етуі
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы - сауда-саттық өткізу үшін қатысушыларға инфрақұрылымды қамтамасыз ететін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес қолданылатын интернет-ресурс;
2) кредиттiк дерекнама - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым әрбiр қарыз алушыға қалыптастыратын құжаттар мен мәлiметтер;
3) қарыз алушы - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты - сервистік компания мен «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 1-тармағында аталған тұлға немесе осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасында жасалған банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты;
4) микрокредит - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға осы Заңда айқындалған мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;
5) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым - микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард;
6) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 6-2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6-2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-2) мінсіз іскерлік бедел - адамның, оның ішінде:
аталған адамның қаржы ұйымын мəжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы əрекеттерді (əрекетсіздікті) жасау;
аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның мəліметтері негізінде əрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кəсіпқойлығы мен адалдығы;»;
7) өтініш беруші - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға микрокредит алуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-1) сервистік компания - құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару бойынша, оның ішінде:
банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге;
өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта білдіруге;
борышкерден ақшаны жəне (немесе) өзге де мүлікті қабылдауға;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында жəне (немесе) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де өкілеттіктерге қатысты өкілеттіктерге ие стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым, коллекторлық агенттік;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-2) тұтынушылық микрокредит - жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит болып табылмайтын, жеке тұлғаға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жəне (немесе) кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарға берілетін микрокредит;
8) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шаруашылық серіктестіктері туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» және «Кредиттік серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға осы Заңда реттелмеген бөлiгiнде қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдарына және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Осы Заңның екінші деңгейдегі банктерге қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу микроқаржылық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу, қызмет стандарттарын белгілеу, микроқаржылық қызметті бақылау жəне қадағалау;
2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
3. Микроқаржылық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің ашықтығы;
3) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жауапкершілігі.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-тарау. МИКРОҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Микроқаржылық қызмет
1. Микроқаржылық қызметке:
1) микроқаржы ұйымының жеке жəне (немесе) заңды тұлғаларға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қамтамасыз етілетін не қамтамасыз етілмейтін микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;
2) ломбардтың жеке тұлғаларға жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлкін кепілге салғыза отырып, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған көлік құралын кепілге қойғыза отырып, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде бір жылға дейінгі мерзімге нысаналы емес микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;
3) кредиттік серіктестіктің өз қатысушыларына кредиттік серіктестіктің жоғары органы бекіткен кредиттік серіктестіктің ішкі қағидаларында айқындалатын мөлшерде қамтамасыз етілетін не қамтамасыз етілмейтін микрокредиттер беру жөніндегі қызметі жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны уəкілетті орган береді.
3. Микроқаржы ұйымы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызметтен басқа, мынадай операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының резиденттерінен жəне бейрезиденттерінен қарыз тарту (кəсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардан қарыз түрінде ақша тартуды қоспағанда);
2) меншікті активтерін бағалы қағаздарға жəне өзге де қаржы құралдарына инвестициялау;
3) қарыз алушыға оның кəсіпкерлік қызметіне байланысты мəселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
4) меншікті мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыру мақсатында жалданған мүлікті қосымша жалдауға (қосалқы жалға) беру;
5) меншікті мүлкін өткізу;
6) лизингтік қызметті жүзеге асыру;
7) төлем агентінің жəне қосалқы төлем агентінің функцияларын жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымдарының атынан жəне тапсырмасы бойынша сақтандыру агенті ретінде сақтандыру шарттарын жасасу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес электрондық ақша жүйесі агентінің функцияларын жүзеге асыру;
10) факторингтік операциялар: төлем жасамау тəуекелін қабылдай отырып немесе қабылдамай, ақшалай талапты басқаға беріп қаржыландыру;
11) форфейтингтік операциялар (форфетирлеу): тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;
12) заңды тұлғаларға ақшалай нысанда орындауды көздейтін кепілдіктерді, кепілгерліктерді жəне өзге де міндеттемелерді беру;
13) микроқаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды немесе микроқаржы ұйымдарының қызметінде пайдаланылатын өзге де бағдарламалық қамтылымды əзірлеу, іске асыру жəне оған қолдау көрсету;
14) осы тармақтың 6), 10), 11), 12) жəне 13) тармақшаларында көрсетілген операцияларды жүзеге асырумен байланысты мəселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету.
4. Ломбард осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызметтен басқа, осы баптың 3-тармағының 1), 2), 4), 5) жəне 8) тармақшаларында көрсетілген операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды есепке алуға, сақтауға жəне сатуға құқылы.
5. Кредиттік серіктестік осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызметтен басқа, осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) жəне 12) тармақшаларында көрсетілген операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ осы баптың 3-тармағының 6), 7), 8), 10), 11) жəне 12) тармақшаларында көзделген операцияларды жүзеге асырумен байланысты мəселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге құқылы.
6. Микроқаржы ұйымына, ломбардқа, кредиттік серіктестікке осы Заңда көзделмеген өзге де кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1-бап. Микроқаржылық қызметке қойылатын жалпы талаптар
1. Микроқаржы ұйымдары (кредиттік серіктестіктерді жəне ломбардтарды қоспағанда) қаржылық қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қаржы нарығында қаржылық қызметтерді тұтынушыларға адал, ашық жəне əділ қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар мен іс-қимылдар жиынтығын көздейтін, оның ішінде мыналарға:
1) 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2) микрокредиттер беру жөніндегі ақпаратты ашып көрсетуге;
3) қаржылық қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасаудың барлық кезеңінде жосықсыз практикаларға жол бермеуге;
4) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарауға;
5) тиісті іс-шараларды əзірлеу жəне іске асыру арқылы клиенттердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға қатысты жауапты іскерлік практикаларды сақтауға міндетті.
Қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикаларға қойылатын талаптар «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-4-тарауында белгіленеді.
2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан əрі - микроқаржы ұйымдары) қызметін олардың жоғары органы бекіткен микрокредиттер беру қағидалары болған кезде жүзеге асырады.
3. Микрокредиттер беру қағидалары уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сəйкес келуге тиіс.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар:
1) микрокредиттер беру қағидаларын қамтуға тиіс мəліметтер тізбесін;
2) микрокредиттер беру жəне клиенттерге консультация беру кезінде ақпаратты ашып көрсету тəртібін;
3) кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жеке тұлғамен микрокредит беру туралы шарт жасасу тəртібін, оның ішінде оның мазмұнына, ресімделуіне, міндетті шарттарына қойылатын талаптарды;
4) микрокредиттер беру кезіндегі адал мінез-құлық қағидаттарын;
5) жосықсыз практикалардың түрлері мен белгілерін, сондай-ақ микрокредиттер беру кезінде оларды анықтау тəртібін;
6) төлемге қабілетсіз клиенттермен жұмыс істеу кезінде берешекті өндіріп алудың тəртібі мен жауапты іскерлік практикаларын;
7) микроқаржылық қызметтерді ұсыну процесінде туындайтын клиенттердің жолданымдарын микроқаржы ұйымдарының қарау тəртібін;
8) клиенттердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды əзірлеуге жəне іске асыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
3-тармақтың екінші бөлігі 2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4. Микрокредиттер беру қағидалары ашық ақпарат болып табылады жəне коммерциялық құпияның немесе микрокредит беру құпиясының нысанасы бола алмайды.
5. Микроқаржы ұйымдары тəуекелдерді бағалау жəне басқару мақсатында өз қызметін жүзеге асыру жəне (немесе) қызметтер көрсету кезінде жасанды интеллектіні пайдалануға құқылы.
Микроқаржы ұйымдары жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып қабылданған шешімдер үшін жауапты болады.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-2-баппен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2-бап. Электрондық тəсілмен микрокредиттер беру ерекшеліктері
1. Микроқаржы ұйымдары уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен электрондық тəсілмен микрокредиттер беруге құқылы.
2. Микроқаржы ұйымдарының жеке тұлғаны биометриялық аутентификациялауды жүргізбей, онымен Интернет арқылы микрокредит беру туралы шарт жасасуына тыйым салынады.
Биометриялық аутентификациялауды жүргізу тəртібін, сондай-ақ биометриялық аутентификациялаудың нəтижелерін сақтау мерзімдерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындайды.
Егер микрокредит сомасы уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын болса, қарыз алушыны биометриялық аутентификациялау «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жұмыс істеуі көзделген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сəйкестендіру деректерін алмасу орталығы арқылы жүргізіледі.
3. Микрокредит беру құпиясын құрайтын ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізілгені, оның құқыққа сыйымсыз өзгертілгені, үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа сыйымсыз əрекеттердің не жеке тұлғалардың микрокредиттерімен өзге де заңсыз (алаяқтық) əрекеттердің жүзеге асырылғаны анықталған кезден бастап микроқаржы ұйымы бір жұмыс күні ішінде бұл туралы клиентке жəне уəкілетті органға хабар береді, екі жұмыс күні ішінде құқыққа сыйымсыз əрекеттерді жою үшін шаралар қабылдайды жəне он жұмыс күні ішінде мұндай əрекеттердің салдарын жою үшін шаралар қабылдайды.
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сəйкес қылмыстық қудалау органдары енгізген (шығарған) қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мəн-жайларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынудың не қарыз алушы жеке тұлғаны алаяқтық тəсілмен микрокредит ресімдеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жəбірленуші деп тану туралы қаулының негізінде микроқаржы ұйымы көрсетілген ұсынуды не қаулыны алған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей, көрсетілген микрокредитке қатысты:
берешекті өндіріп алуды жəне талап-арыз жұмысын;