Электрондық құжат айналымы шеңберінде электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді беру «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
9) 36-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Пошта жөнелтілімі, пошталық ақша аударымы адресатқа жеткізілген және (немесе) оларды пошта операторы табыс еткен кезге дейін жөнелтушіге тиесілі болады.
Пошта жөнелтілімін табыс ету мүмкін болмаған жағдайда, мұндай жөнелтілім жөнелтушіге кері қайтарылады.
Алушының қайтыс болуы, жөнелтуші көрсеткен мекенжай бойынша алушының болмауы не алушы пошта жөнелтілімін алудан бас тартуы себебінен табыс етілмеген пошта жөнелтілімі талап етілмеген кезде жөнелтуші пошта операторына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда пошта жөнелтілімін қайтарудан бас тарту туралы өтініш береді, ол кейіннен пошта операторының иелігіне түседі.»;
10) 37-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Пошта операторлары ақпараттық жүйе болған кезде пошта саласындағы қызметтерді автоматтандырылған (электрондық) құрылғылар, жабдық, ақпараттық жүйелер арқылы көрсетуге, сондай-ақ оларды пошта саласында қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру және оңтайландыру үшін пайдалануға құқылы.
Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға қызмет көрсету ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану арқылы мүмкін болады.»;
11) 38-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Пошта операторлары пошта жөнелтілімін қабылдау немесе табыс ету алдында пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға өтінішін (келісімін) алуға міндетті. Мұндай келісім электрондық цифрлық қолтаңба пайдаланыла отырып, электрондық түрде немесе автоматтандырылған (электрондық) құрылғылар, жабдық немесе ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып, келісім алынғанын растайтын өзге де тәсілмен не қолын қойғызып қағаз жеткізгіште алынады.».
57. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) геномдық тіркеу - дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар геномдық ақпаратты жинау, өңдеу, қорғау, биологиялық материалды іріктеу, сақтау, пайдалану, жою, адамның жеке басын анықтау немесе растау бойынша жүзеге асыратын қызмет;»;
2) 6-баптың 1-тармағындағы «дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге, биологиялық материалды іріктеуге және пайдалануға» деген сөздер «дактилоскопиялық ақпаратты жинауға, өңдеуге немесе геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге, қорғауға, биологиялық материалды іріктеуге, сақтауға, пайдалануға және жоюға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-баптың 5-тармағындағы «іріктеу және пайдалану» деген сөздер «іріктеу, сақтау, пайдалану, жою» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «алуға, сондай-ақ оны қалпына келтіру, ауыстыру жағдайларында» деген сөздер «алу үшін, сондай-ақ бұрын дактилоскопиялық тіркеуден өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтары оны қалпына келтірген, ауыстырған жағдайларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «, босқын куәлігін» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) пана іздеген адам мәртебесін алу туралы өтінішхат берген, босқын куәлігін және (немесе) жол жүру құжатын алуға бірінші рет жүгінген немесе оларды қалпына келтіру, ауыстыру үшін жүгінген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамдар осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша қайта өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен верификация рәсімінен өтеді.»;
5) 12-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратында осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9) және 11) тармақшаларында белгіленген мәліметтер, сондай-ақ:
1) тұрақты тұратын жерінің толық мекенжайы;
2) Қазақстан Республикасында уақытша тұратын мекенжайы;
3) жұмыс берушінің мекенжайы қамтылады.
4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жіберуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратында осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9) және 11) тармақшаларында белгіленген мәліметтер, сондай-ақ:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жіберу күні мен негіздері (заңды күшіне енген сот үкімі немесе шешімі);
2) мерзімі өткенге дейін сот Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салуды белгілеген күн қамтылады.»;
6) 15-баптың 1-тармағының екінші абзацындағы «анықталғанға дейін» деген сөздер «анықталғаннан кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 20-баптың 3-тармағының 4) тармақшасында:
«биологиялық материалды алған» деген сөздер алып тасталсын;
«(ол болған кезде)» деген сөздер «(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 21-баптың 5-тармағындағы «қайта» деген сөз алып тасталсын;
9) 39-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мыналардың:
1) өздерінің дактилоскопиялық ақпаратын немесе өздері заңды мүдделерін білдіретін адамның дактилоскопиялық ақпаратын жинауға және (немесе) өңдеуге, қорғауға байланысты мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау бөлігінде осы Заңның 7-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының;
2) осы Заңның 2-тарауының;
3) дактилоскопиялық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау бөлігінде осы Заңның 37-бабының;
4) Қазақстан Республикасының дактилоскопиялық тіркеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық бөлігінде осы Заңның 38-бабының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
58. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 3-тармағындағы «қағаз жеткізгіште немесе» деген сөздер алып тасталсын;
2) 11-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) нотариустарға: өздерінің іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша нотариустың сұрау салуы негізінде;»;
59. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
19-баптың 7-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацы «қайтыс болу туралы куәлікте» деген сөздерден кейін «немесе хабарламада» деген сөздермен толықтырылсын.
60. «Өнеркәсіптік саясат туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 24-баптың екінші бөлігі «жеделдетілген технологиялық даму» деген сөздерден кейін «, әдіснамалық қамтамасыз ету, цифрландыруды қолдап отыру» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 25-баптың 8-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
61. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 3-тармағы 33) тармақшасының он жетінші абзацы «бекітілген жартыжылдық тізімдерін» деген сөздерден кейін «, оның ішінде электрондық нысанда» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 31-тармағының 7), 8), 9) тармақшаларын және 10) тармақшасының үшінші абзацын, 40-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын;
2) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын, 9-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларын, 52-тармағын, 55-тармағы 1) тармақшасының төртінші, сегізінші, он төртінші және он тоғызыншы абзацтарын, 4) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 10) тармақшасының оныншы абзацын, 11) тармақшасының үшінші және бесінші абзацтарын, 13) тармақшасының төртінші, жетінші, оныншы, он үшінші және он алтыншы абзацтарын, 14) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 16) тармақшасының төртінші абзацын, 23) және 24) тармақшаларын, 35) тармақшасының бесінші абзацын, 36) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 41) тармақшасын, 42) тармақшасының төртінші абзацын, 44) тармақшасын;
3) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 6-тармағын, 10-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларын, 20-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасының екінші абзацын, 35-тармағын;
4) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағының 1), 13) және 14) тармақшаларын;
5) мыналарды:
мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрден асатын резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап;
мұнай өнімдерінің базаларын және (немесе) резервуарлық паркінің жалпы көлемі он мың текше метрге тең немесе одан кем резервуарларды иеленетін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер үшін 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 40-тармағының 4) және 5) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 14 шілде
№ 141-VІІ ҚРЗ