22. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
43-баптың 1-тармағындағы «(немесе баланы асырап алуы)» деген сөздер «туу» деген сөзбен ауыстырылсын.
23. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 6-баптың 2) тармақшасындағы «және беру» деген сөздер «, беру, ұсыну және растау» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-бапта:
6-тармақ «тіркеу» деген сөзден кейін «, растау» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылған электрондық құжаттарға қолданылмайды.»;
4) 8-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде сақталатын электрондық құжаттар цифрлық құжаттар сервисі арқылы пайдаланылуы және берілуі мүмкін.».
24. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «жеке және» деген сөздер «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес жеке және» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-1-баптың 1-тармағы «пайдалануға, сондай-ақ» деген сөздерден кейін «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 15-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы «қызметін» деген сөзден кейін «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын.
25. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
17-2-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жәбірленушінің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама;».
26. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
21-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жәбірленушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама және пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжат (көшірмесі) - жәбірленуші қайтыс болған жағдайда;».
27. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
25-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жәбірленушінің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама;».
28. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;».
29. «Туристі міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
18-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда - қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы немесе патологиялық-анатомиялық ашып қарау хаттамасы;».
30. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
21-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға электрондық өтініш ұсынады.
3. Рұқсат өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде беріледі.»;
8-тармақ алып тасталсын.
31. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бапта:
4-4) тармақшадағы «беретін» деген сөз «шығаратын» деген сөзбен ауыстырылсын;
21) тармақша алып тасталсын;
30-3) тармақшадағы «қалааралық және (немесе) халықаралық» деген сөздер алып тасталсын;
36-1) және 36-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«36-1) қалааралық трафикті өткізу - қалааралық байланыс жолдары арқылы қосылуды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;
36-2) қауіпсіздік сертификаты - шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 36-3) тармақшамен толықтырылсын:
«36-3) қорғалған байланыс - ақпаратты қорғаудың арнаулы құралдары пайдаланылатын электр байланысының түрі (кодталған байланыс, құпияландырылған байланыс, шифрланған байланыс);»;
2) 8-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;»;
19-3) тармақша алып тасталсын;
3) 9-1-баптың 1-тармағында:
2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді және Қазақстан Республикасының елді мекендерінде байланыс желілерінің болуы және байланыс сапасын бақылау нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын интернет-ресурсты (телекоммуникациялардың цифрлық картасы) техникалық қамтамасыз етуді;»;
«4) радиожиіліктер ресурстарын және орбиталық позицияларды халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыруды;»;
5) тармақшадағы «беруді жүзеге асырады.» деген сөздер «беруді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) телерадио хабарларын тарату желілерінің жиілік-аумақтық жоспарын келісуді, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату желілері үшін радиожиіліктерді іріктеу мен қолдап отыруды жүзеге асырады.»;
4) 9-2-баптың 1-тармағында:
1) тармақша «есепке алуды» деген сөздерден кейін «, деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «қалааралық және халықаралық» деген сөздер алып тасталсын;
5) 12-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Байланыс операторының Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды көрсетілетін байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамауы, сондай-ақ радиожиілік спектрін бір жыл ішінде пайдаланбауы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа алып келеді.»;
6) 14-баптың 1-тармағы «пайдалануға, сондай-ақ» деген сөздерден кейін «осы Заңның 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
31-тармақтың 7) тармақшасы 2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
7) 21-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Функционалдық міндеттеріне жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын жүргізу құралдарымен жұмыс істеу және оларға қызмет көрсету, сондай-ақ абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды қамтамасыз ететін жүйелерге қызмет көрсету кіретін байланыс операторларының жұмыскерлері Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс. Байланыс операторларының өз байланыс желілерін қандай да бір басқару түрінде өзге адамдарға беруіне тыйым салынады.»;
31-тармақтың 8) тармақшасы 2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
8) 23-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждары үшін байланыс арналары мен жолдарын басымдықпен беруді, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз етуге және бүлінген жағдайда байланыс арналарын ауыстыру немесе оларды қалпына келтіру жөнінде бірінші кезекті және кезек күттірмейтін шаралар қабылдауға міндетті.»;
7-тармақ «ішкі істер органдарына» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына» деген сөздермен толықтырылсын;
31-тармақтың 9) тармақшасы 2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
9) 25-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Байланыс операторлары уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес қосу және трафикті өткізу қызметтерін көрсетуге міндетті. Байланыс операторларын қосудың үлгілік шарттары уәкілетті органмен келісіледі.
3. Халықаралық трафикті өткізу Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібінің сақталуы ескеріле отырып, халықаралық байланыс операторларының желілері арқылы ғана жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафикті өткізуі Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібінің сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
10) 26-бапта:
тақырыптағы, 1 және 2-тармақтардағы «Басым байланыс», «басым байланыс», «Байланыстың үстем», «байланыстың үстем» деген сөздер тиісінше «Байланыс», «байланыс», «Байланыс», «байланыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
31-тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацы 2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
3-1-тармақтың 3) тармақшасы «тәртіппен» деген сөзден кейін «, интернет-трафикпен алмасу нүктелері орналасқан өңірде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы болған жағдайда, өңірлік белгісі бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 29-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Талшықты-оптикалық байланыс жолдары электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен, электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес электр берудің әуе жолдары арқылы жүргізілуі мүмкін.».
32. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат (бұдан әрі - ақпарат) - кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын, кредиттік тарих субъектілеріне қатысты электрондық нысандағы және қағаз жеткізгіштегі мәліметтер;»;
мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:
«13-2) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат - заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің болуы туралы мәліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны;»;
2) 7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметін автоматтандыру үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды ұсыну бойынша қызметтер көрсету;»;
3) 23-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталық атқарушы органдар және оларға ведомстволық бағынысты заңды тұлғалар мемлекет қатысатын кредиттік бюроға ақпарат беруді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпарат алмасудың электрондық шлюзін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен онымен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өнім берушілер кредиттік бюроларға ақпаратты электрондық нысанда береді. Ақпаратты қағаз жеткізгіште беру жағдайлары кредиттік бюролардың ішкі құжаттарында және олар ақпарат берушілермен жасасатын шарттарда айқындалады.»;
4) 29-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кредиттік бюроның кредиттік тарих субъектісіне оның өзіне қатысты кредиттік есепті беруі кредиттік тарих субъектісінің жазбаша сұрау салуы не электрондық нысандағы сұрау салуы негізінде жүзеге асырылады.»;
5) 30-1-баптың 5-тармағындағы «электронды жеткізгіште» деген сөздер «электрондық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын.
33. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
33-1-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы» деген сөздер «электрондық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын.
34. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
20-баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қызметкердің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама;».
35-тармақ 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
35. «Алқабилер туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
2) тармақша «кандидаттардың» деген сөзден кейін «бірыңғай» деген сөзбен толықтырылсын;
3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
5) тармақшадағы «негізгі» деген сөз алып тасталсын;
6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақшадағы «алдын ала» деген сөздер «бірыңғай» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 4 және 5-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімі
1. Алқабилерді іріктеу процесіне Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуын қамтамасыз ету мақсатында алқабилерге кандидаттардың бірыңғай тізімі соттың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-талдау жүйесі және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері арқылы электрондық нысанда қалыптастырылады.
2. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімін қалыптастыру үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-талдау жүйесіне мәліметтер ұсынуға міндетті.
3. Алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімі әліпби тәртібімен қалыптастырылады. Тізімде алқабиге кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы (жасы жиырма бесте болса - қосымша күні мен айы) және тұрғылықты жері бойынша тіркелуі көрсетіледі.
5-бап. Алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізіміне енгізілетін азаматтардың саны
Алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізіміне тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрғылықты жері бойынша тіркелген және осы Заңның 10-бабының талаптарына сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы айқындайтын шамада енгізіледі.»;
3) 6, 7, 8 және 9-баптар алып тасталсын;
4) 11-баптың 2, 3 және 4-тармақтары алып тасталсын;
5) 12-бап алып тасталсын.
36. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген бизнес-сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыруға және сақтауға арналған мемлекеттік дерекқор;»;
«4) Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі - жеке сәйкестендіру нөмірлері туралы ақпаратты және олар берілген жеке тұлғалар туралы мәліметтерді қалыптастыруға, есепке алуға, сақтауға арналған мемлекеттік дерекқор;»;
2) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-7) тармақшамен толықтырылсын:
«3-7) электрондық құжат айналымы шеңберінде электрондық абоненттік пошта жәшіктері бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі мақсатында Ұлттық пошта операторына;».
37. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жария мүдделі ұйымдар - қаржы ұйымдары (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда), акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерін қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа), астық қабылдау кәсіпорындары, шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік монополия, арнаулы құқық субъектілері, сондай-ақ жарғылық капиталдарында мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;».
38. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 49-3) тармақшасы алып тасталсын;
2) 5-баптың бірінші бөлігінде:
6-5) тармақша алып тасталсын;
23-4) тармақшадағы «орта,» деген сөз «мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша,» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 46-27) тармақшамен толықтырылсын:
«46-27) мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»;
3) 47-баптың 17-тармағында:
бірінші, екінші, төртінші, бесінші және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.»;
«Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.»;
«Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.»;
сегізінші бөліктегі «осы тармақта көзделген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын» деген сөздермен ауыстырылсын.
39. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 7-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 8-бапта:
4-тармақта:
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) экономика секторларының сыныптауышы бойынша коды;
3-2) меншік нысандары мен түрлерінің сыныптауышы бойынша коды;»;
6-тармақтағы «Деректер базаларын ғылыми мақсаттарда» деген сөздер «Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-бапта:
8) тармақшадағы «және ведомстволық» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін сәйкестендірілмеген түрде ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
13) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-2), 15-3) және 19-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардан уәкілетті орган қалыптастыратын ресми статистикалық ақпаратты жүргізу үшін қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;
15-3) сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру мақсатында иесіздендірілген түрде жиналатын алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;»;
«19-2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан мемлекеттік тапсырыстар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру кезінде қалыптастырылған деректерді, оның ішінде статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде Жерді ғарыштан қашықтан зондтау деректерін өтеусіз негізде алады және пайдаланады;»;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық қызметінің мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жүргізу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесінде бекітілген талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізеді, сондай-ақ талдау жүргізу үшін қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұратады;»;
4) 13-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен статистикалық әдіснаманы әзірлейді, қалыптастырады және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) уәкілетті органмен келісу бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын бекітеді;»;
«5-2) үшінші тұлғаларға бермей статистикалық мақсаттарда ғана пайдалану үшін уәкілетті органнан иесіздендірілген алғашқы статистикалық деректерді сұрау салу негізінде алады;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үшінші тұлғаларға бермей статистикалық мақсаттарда ғана пайдалану үшін уәкілетті органнан иесіздендірілген алғашқы статистикалық деректерді сұрау салу негізінде алады.»;
5) 16-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін уәкілетті органмен келісу бойынша бекітуге;»;
6) 17-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсыну үшін қажетті статистикалық нысанды және (немесе) бағдарламалық қамтылымды өтеусіз негізде алуға;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің соңғы күні ақпараттық жүйеде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсынбауына алып келген техникалық ақаулардың туындағанын растау болған кезде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және мерзімді ауыстыру туралы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған хабарлама негізінде техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күні статистикалық нысандарды ұсынуға;»;
7) 19-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «ескере отырып,» деген сөздерден кейін «сондай-ақ статистикалық қызметті талдау қорытындысы негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 22-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру жөніндегі статистикалық әдіснаманы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
3. Ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснаманы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлейді және бекітеді.»;
9) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік статистика органдары пайдаланушыларға сапалы ресми статистикалық ақпаратқа, оның ішінде машинада оқылатын деректер және статистикалық әдіснама форматындағы ақпаратқа бір мезгілде қол жеткізуге тең құқықтарды оларды мемлекеттік статистика органдарының интернет-ресурстарында және «электрондық үкімет» веб-порталының ашық деректер интернет-порталында орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.».
40. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
40-тармақтың 1) тармақшасы 2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есепке алатын бақылау аспаптары - мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде, мұнай өнімдері базаларында және автожанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін оператор арқылы нақты уақыт режимінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізуге арналған, мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын айқындайтын техникалық құрылғылар;»;