2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоғамның жарғысында айырбастау мүмкіндігі көзделген жағдайда ғана қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастауды жүзеге асыруға құқылы.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаудың шарттарын, мерзімдерін және тәртібін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы айқындайды.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 30-2-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
30-2-бап. Қоғамның акцияларын бөлшектеу
1. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша қоғам акцияларға бөлшектеу жүргізуге құқылы.
Акцияларды бөлшектеу қоғамның жарғылық капиталы мөлшерінің өзгеруіне алып келмейді.
Акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есепке өзгерістер енгізу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
2. Қоғам акционерлері жалпы жиналысының акцияларды бөлшектеу жөніндегі шешімінде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) бөлшектеуге жататын акциялардың түрі;
2) бөлшектеу коэффициенті;
3) бөлшектеуді жүргізу мерзімдері;
4) өзге де мәліметтер.
Жай акциялар бөлшектелген жағдайда, қоғам дәл осы коэффициент бойынша мыналарды жүргізуге міндетті:
қоғамның артықшылықты акцияларын бөлшектеу;
қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшерін азайту.
Артықшылықты акциялар бөлшектелген жағдайда, қоғам дәл осы коэффициент бойынша мыналарды жүргізуге міндетті:
қоғамның жай акцияларын бөлшектеу;
қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшерін азайту.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, акцияларды бөлшектеу кезінде акционерлердің құқықтарын шектеуге жол берілмейді.
31-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу
1. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу құқығын қоғам жарғысының ережелерімен шектеуге немесе алып тастауға болмайды.
Егер кепіл талаптарында өзгеше көзделмесе, акционердің дауыс беруге және өзі кепілге салған акция бойынша дивидендтер алуға құқығы болады.
2. Қоғам өзі орналастырған бағалы қағаздарды:
1) кепілге берілетін бағалы қағаздар толық төленген;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) қоғамның сатып алған акцияларын қоспағанда, қоғамға кепілге берілетін және оның кепілінде жатқан акциялардың жалпы саны қоғамның орналастырылған акцияларының жиырма бес процентінен аспаған;
3) егер қоғам жарғысында өзгеше белгіленбесе, кепіл туралы шартты директорлар кеңесі мақұлдаған жағдайда ғана кепілге қабылдай алады.
3. Егер кепіл талаптарында өзгеше белгіленбесе, қоғам орналастырған және оның кепілінде жатқан акциялар бойынша дауыс беру құқығы акционерге тиесілі болады. Қоғам өзінде кепілде жатқан акцияларымен дауыс беруге құқылы емес.
4. Қоғамның бағалы қағаздарының кепілін тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес белгіленеді.
29.11.03 ж. № 500-ІІ ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді; 13.12.04 ж. № 11-IІІ ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
32-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегiн қоғамның жарияланған акциялары есебiнен өтеу
13.12.04 ж. № 11-IІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Егер жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегiн (бұдан әрі - мерзімі өткен берешек) төлеу мерзімі үш айдан астам өтіп кетсе, Қазақстан Республикасының мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органы (бұдан әрі - мемлекеттік орган) қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеткізу мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес қоғамның жарияланған акцияларына билік етуін шектеу туралы шешім қабылдауға;
2) қоғамның жарияланған акциялары болмаған немесе олар қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеуге жеткіліксіз болған жағдайда қоғамның мерзімі өткен берешегін қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығартқызып, кейіннен оларды орналастыру арқылы өтеткізу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.
2. Қоғамның жарияланған билік етуі шектелген акцияларын және мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастыру Қазақстан Республикасының салық заңдарында билік етуі шектелген мүлікті өткізу үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қоғам қызметін республиканың экономикасы үшін стратегиялық маңызы зор салаларда жүзеге асыратын жағдайда, мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеу есебіне мемлекет меншігіне оларды мәжбүрлеп алып қою арқылы орналастыруға құқылы.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын мемлекет меншігіне алып қою оларға мемлекеттік меншік құқығын қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiнде тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органға тіркеледі.
4. Жарияланған акцияларды сот шешімімен мәжбүрлеп шығаруды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
5. Қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастырудан түскен ақшаны, қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеуді қоспағанда, өзге мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.
Қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастырудан алынған сома мерзімі өткен берешек сомасынан асып түскен жағдайда айырма қоғамның кірісіне жіберіледі.
6. Қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеу үшін қажетті акциялардың орналастырылу бағасы мен санын қоғаммен келісе отырып, мемлекеттік орган белгілейді. Мемлекеттік органның бастамасымен акциялардың орналастырылу бағасын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалаушының да белгілеуі мүмкін.
Акциялардың орналастырылу бағасын бағалаушы белгілеген жағдайда бағалауға байланысты шығындарды қоғам көтереді.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Мерзімі өткен берешек қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастырудан түсетін ақша есебінен өтелген жағдайда немесе қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларға мемлекеттің меншік құқығы қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiнде тіркелген кезден бастап қоғамның мерзімі өткен берешегі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес өтелген болып есептеледі.
5-тарау. Қоғамды басқару
33-бап. Қоғамның органдары
1. Мыналар қоғам органдары болып табылады:
1) жоғары орган - акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі қоғамда - сол акционер);
2) басқару органы - директорлар кеңесі;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) атқарушы орган - алқалы орган немесе атауы қоғамның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және (немесе) қоғам жарғысына сәйкес өзге де органдар.
2. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен акционерлік қоғам банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Бұрын мемлекеттік қызметшi болған және өзінің қызметтік функциялары бойынша қоғам қызметіне мемлекет тарапынан бақылау мен қадағалау жөнінде өкілеттігі болған жеке адам осындай өкілеттік тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде, дауыс беретін акцияларының кемінде он проценті мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі қоғамның органдарын қоспағанда, осы қоғамның органына сайлана алмайды.
4. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен ; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшеліктері
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ерекшеліктері
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2012.01.02. № 551-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.08.06. № 48-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, кейіннен сатып алу құқығымен жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілгендерді қоспағанда, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы, оның ішінде кепілдік берілген тапсырысты орналастыруы Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. 2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар отандық өнеркәсіптің дамуын мониторингтеу мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға ол белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы елішілік құндылық бойынша ақпарат береді.
35-бап. Акционерлердің жалпы жиналысы
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Акционерлердің жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді.
Қоғам акционерлердің жылдық жалпы жиналысын жыл сайын өткізіп отыруға міндетті. Акционерлердің өзге жалпы жиналыстары кезектен тыс болып табылады.
Акционерлердің бірінші жалпы жиналысы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен және акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесi жасалғаннан кейін екі ай ішінде шақырылуға және өткізілуге тиіс.
Акционерлердің бірінші жалпы жиналысында қоғамның директорлар кеңесі сайланады.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысында:
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қоғамның аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітіледі;
2) қоғамның аяқталған қаржы жылы үшін таза кірісін бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшері айқындалады;
3) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселе қаралады.
Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесінің және қоғамның атқарушы органының мүшелеріне сыйақы беру мөлшері және олардың құрамы туралы қоғамның акционерлеріне хабарлайды.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы олар бойынша шешімдер қабылдау акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған басқа мәселелерді де қарауға құқылы.
3. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс.
Есепті кезең ішінде қоғамның аудитін аяқтау мүмкін болмаған жағдайда аталған мерзім үш айға дейін ұзартылған болып саналады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Барлық дауыс беретін акциялары жалғыз акционерге тиесілі қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілмейді. Осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді мұндай акционер жеке-дара қабылдайды және бұл шешімдер артықшылықты акциялармен куәландырылған құқыққа нұқсан келтірмейтін және оны шектемейтін жағдайда жазбаша түрде ресімделуге тиіс.
5. Егер осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда қоғамның жалғыз акционері немесе қоғамның барлық дауыс беретін акцияларын иеленуші тұлға заңды тұлға болып табылса, осы Заңда және қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының заңдарына және заңды тұлғаның жарғысына сәйкес заңды тұлғаның осындай шешімдерді қабылдауға құқығы бар органы, лауазымды адамдары немесе қызметкерлері қабылдайды.
36-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті
1. Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мына мәселелер жатқызылады:
1) қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакциясында бекіту;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1) тармақша өзгертілді
1-1) осы кодекстi қабылдау қоғамның жарғысында көзделген жағдайда, корпоративтiк басқару кодексiн, сондай-ақ оған енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда) корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне сәйкес корпоративтік басқару кодекстерін бекітеді;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) артықшылықпен сатып алу құқығын қолданбай, қоғамның орналастырылатын (өткізілетін) акцияларының немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың тәртібін, шекті мерзімдерін және жалпы санын айқындау;
2) қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрiн өзгерту туралы шешiм қабылдау;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін, сондай-ақ оларды өзгертуді айқындау;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылдау;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-3) орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау туралы шешім қабылдау, мұндай айырбастаудың шарттарын, мерзімдері мен тәртібін айқындау;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-4) акцияларды бөлшектеу туралы шешім қабылдау, осындай бөлшектеу шарттарын, мерзімдерін және тәртібін айқындау;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-5) өтеу мерзімінсіз мемлекеттік емес облигациялар шығару туралы шешім қабылдау және оларды шығару шарттарын айқындау;
4) есеп комиссиясының сан құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) директорлар кеңесі санының құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау (қайта сайлау) және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақылар төлемі мен шығыстары өтемақысының мөлшерін және шарттарын айқындау;
6) қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) аудиттелген жылдық қаржылық есептілікті бекіту;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) қоғамның есепті қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) қоғам акцияларының ерікті делистингі туралы шешім қабылдау;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
10) қоғамға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы активтердің бір немесе бірнеше бөлігін беру (алу) арқылы қоғамның өзге де заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы не өзге де заңды тұлғалардың қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуы туралы шешім қабылдау;
11) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша өзгертілді
13) акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы қоғамның акционерлерге хабарлау нысанын белгілеу;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді
14) қоғам акцияларды осы Заңға сәйкес ұйымдастырылмаған нарықта сатып алған жағдайда олардың құнын белгілеу әдістемесіне өзгерістерді бекіту (егер оны құрылтай жиналысы бекітпесе, әдістемені бекіту);
15) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) тармақша өзгертілді
16) акционерлерге, егер мұндай тәртіп қоғамның жарғысында айқындалмаса, қоғам қызметі туралы ақпарат беру тәртібін айқындау;
17) «алтын акцияны» енгізу және оның күшін жою;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-1) тармақша жаңа редакцияда
17-1) нәтижесінде акционерлік қоғам активтері баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан көп пайызы сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын (сатып алынуы немесе иелiктен шығарылуы мүмкiн) мәміле туралы шешімді қабылдау күніне құны оның активтері баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан көп пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) ірі мәмілені қоғамның жасасуы туралы шешім қабылдауы;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) шешім қабылдау осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен мазмұн 1-1-тармақпен толықтырылды; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.01.02. № 551-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің жалғыз акционері құзыретінің ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы баптың 1-тармағының 1-1), 1-2), 2), 3) және 14) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмдерi қоғамның дауыс беретiн акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілігімен, ал инвестициялық жекешелендiру қорын қайта құру нәтижесiнде құрылған қоғамда - қоғамның жиналыста өкiлдiк еткен дауыс беретiн акцияларының айқын басым көпшілігімен қабылданады.
Осы баптың 1-тармағының 3-5) тармақшасында көрсетілген мәселе бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімі қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.
Егер осы Заңда және (немесе) қоғам жарғысында өзгеше белгiленбесе, акционерлердiң жалпы жиналысының өзге мәселелер бойынша шешiмдерi қоғамның дауыс беруге қатысушы дауыс беретiн акцияларының жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
Акционерлердiң жалпы жиналысы орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау бөлігінде осы баптың 1-тармағының 3-3) тармақшасында көрсетілген мәселе бойынша шешiм қабылдаған кезде артықшылықты акцияларды иеленетін акционердің құқықтарын шектеуі мүмкін шешім орналастырылған (сатып алынғандары шегеріле отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі осындай шешім үшін дауыс берген жағдайда ғана қабылданды деп есептеледі.
3. Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шешім қабылдау акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді басқа органдардың, лауазымды адамдардың және қоғам қызметкерлерінің құзыретіне беруге жол берілмейді.
4. Егер жарғыда өзгеше белгіленбесе, акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның ішкі қызметіне жататын мәселелер бойынша қоғамның өзге органдарының кез келген шешімінің күшін жоюға құқылы.
37-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын шақыру тәртібі
1. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын директорлар кеңесі шақырады.
2. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы:
1) директорлар кеңесінің;
2) ірі акционердің бастамасы бойынша шақырылады.
Ерікті түрде таратылу процесіндегі қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын қоғамның тарату комиссиясы шақыруы, әзірлеуі және өткізуі мүмкін.