Қазақстан Республикасының заң актілерінде акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы міндетті түрде шақырылатын жағдайлар көзделуі мүмкін.
3. Акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізуді:
1) атқарушы орган;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қоғаммен жасалған шартқа сәйкес орталық депозитарий;
3) директорлар кеңесі;
4) қоғамның тарату комиссиясы жүзеге асырады.
4. Осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысын шақыру, әзірлеу және өткізу жөніндегі шығындарды қоғам көтереді.
5. Қоғамның органдары акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақырудың осы Заңда белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, акционерлердің жылдық жалпы жиналысы кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша қабылданған сот шешімі негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін.
Егер қоғам органдары акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы қоғамның ірі акционерінің талабын орындамаса, қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы оның талап-арызы бойынша қабылданған сот шешімінің негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін.
2008.05.07. № 58-IV ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-бап. Ірі акционердің бастамасы бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және өткізу ерекшеліктері
1. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы ірі акционердің талабы қоғамның атқарушы органының орналасқан жері бойынша тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы директорлар кеңесіне қойылады, онда мұндай жиналыстың күн тәртібі болуға тиіс.
2. Қоғамның директорлар кеңесі ірі акционердің талабы бойынша шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелерінің тұжырымдамаларына өзгерістер енгізуге және ұсынылған өткізу тәртібін өзгертуге құқылы емес.
Қойылған талапқа сәйкес акционерлердің кезектен тыс жиналысы шақырылған кезде директорлар кеңесі жалпы жиналыстың күн тәртібін өз қалауы бойынша кез келген мәселелермен толықтыруға құқылы.
3. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талапты ірі акционер (акционерлер) қойған жағдайда, мұндай жиналысты шақыруды талап етуші акционерлердің (акционердің) есімдері (атаулары) және оған тиесілі акциялардың саны, түрі көрсетілуге тиіс.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талапқа акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуші адам (адамдар) қол қояды.
4. Директорлар кеңесі аталған талапты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шешім қабылдауға және осындай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы талапты қойған адамға акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы не оны шақырудан бас тарту туралы хабарлама жіберуге міндетті.
5. Қоғамның директорлар кеңесінің ірі акционердің талап етуі бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудан бас тарту туралы шешімі:
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талапты қоюдың осы бапта белгіленген тәртібі сақталмаған;
2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізуге ұсынылған мәселелер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қабылдануы мүмкін.
Қоғамның директорлар кеңесінің акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудан бас тарту туралы шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.
6. Егер қоғамның директорлар кеңесі осы Заңда белгіленген мерзім ішінде қойылған талап бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешімді қабылдамаса, оның шақырылуын талап етуші адам қоғамды акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізуге міндеттеу талабымен сотқа жүгінуге құқылы.
39-бап. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімін қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесіндегі деректер негізінде орталық депозитарий жасайды. Аталған тізімді жасау күні жалпы жиналысты өткізу туралы шешім қабылданған күннен ерте белгіленбеуі керек.
Акционерлердің тізіміне енгізілуге тиісті мәліметтерді уәкілетті орган белгілейді.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердiң тiзiмi жасалғаннан кейiн, осы тiзiмге енгiзiлген тұлға қоғамның оған тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен айырса, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл орайда акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар табыс етілуге тиіс.
40-бап. Жалпы жиналыстың өткізілетін күні, уақыты және орны
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күн мен уақыт оған қатысу құқығы бар адамдардың неғұрлым көпшілігі жиналысқа қатыса алатындай етіп белгіленуге тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысы, шешімдері сырттай дауыс беру арқылы қабылданатын акционерлердің жалпы жиналысын қоспағанда, атқарушы орган орналасқан жердегі елді мекенде өткізілуге тиіс.
2. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу басталатын уақыт пен жиналысты өткізу уақыты қоғамның есеп комиссиясына жиналысқа қатысушыларды тіркеуді, санын есептеуді және оның кворумын айқындауды жүргізуге жеткілікті уақытты қамтамасыз етуге тиіс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қоғам акционерлері қатысу тәртібімен өткізілетін акционерлердің жалпы жиналысының отырысына қоғамның ішкі құжаттарында айқындалған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып қашықтан қатысуға құқылы.
41-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы ақпарат
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Акционерлерге («алтын акцияның» иесіне) алда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетіні туралы жиналыс өткізілетін күннен - күнтізбелік отыз күн бұрын, ал өткізу кезінде бір немесе одан көп акционерді хабардар ету үшін пошта байланысы құралдары пайдаланылатын сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында күнтізбелік қырық бес күн бұрын хабарлануға тиіс.
Қаржы ұйымы болып табылатын қоғам акционерлерінің, уәкілетті органның талабы бойынша пруденциялық және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де нормалар мен лимиттерді орындау мақсатында күн тәртібіне қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту туралы мәселе енгізілген жалпы жиналысы өткізілген жағдайда, акционерлерге («алтын акцияның» иесіне) акционерлердің алдағы жалпы жиналысының өткізілетіні туралы акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін - он жұмыс күнінен бұрын, ал өткізу кезінде бір немесе одан көп акционерлерді хабардар ету үшін пошта байланысы құралдары пайдаланылатын сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында он бес жұмыс күнінен бұрын хабарлануы тиіс.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға не оларға жіберілуге тиіс. Егер қоғам акционерлерінің саны елу акционерден аспаса, хабарлама акционерге жазбаша хабарлама жолдау арқылы жіберілуге тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы жазбаша хабарлама акционерлерге қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жіберіледі.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Шешімі қатысу немесе аралас дауыс беру арқылы қабылданатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада:
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы туралы мәліметтер;
3) қоғам акционерлері жалпы жиналысының өткізілетін күні, уақыты және орны, жиналысқа қатысушыларды тіркеу басталатын уақыт, сондай-ақ егер алғашқысы өткізілмесе, қоғам акционерлерінің өткізілуге тиісті болған жалпы жиналысының қайта өткізілетін күні және уақыты;
4) акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күн;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібі;
6) қоғам акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен таныстыру тәртібі;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі;
9) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) оларға сәйкес қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өткізілетін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормалары болуға тиіс.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Аралас дауыс беру кезінде қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада Заңның осы бабының 3-тармағында көзделген ақпаратқа қосымша ретінде бюллетеньдерді берудің соңғы күні көрсетіледі.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Шешімі сырттай дауыс беру арқылы қабылданатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада:
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы туралы мәліметтер;
3) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күн;
4) сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді берудің басталған және аяқталған күні;
5) сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні;
6) қоғам акционерлері жалпы жиналысының күн тәртібі;
7) қоғам акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен таныстыру тәртібі;
8) дауыс беруді өткізу тәртібі;
9) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы соған сәйкес өткізілетін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормалары қамтылуға тиіс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Миноритарлық акционер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде басқа акционерлермен бірігу мақсатында орталық депозитарийге өтініш жасауға құқылы.
Миноритарлық акционердің өтініш жасау және орталық депозитарийдің басқа акционерлерге ақпарат тарату тәртібі орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
42-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын қайталап өткізу
1. Акционерлердің жалпы жиналысын қайталап өткізуді акционерлердің бастапқы (болмай қалған) жалпы жиналысы белгіленген күннен кейінгі келесі күннен ерте тағайындауға болмайды.
2. Акционерлердің қайталап өткізілетін жалпы жиналысы акционерлердің болмай қалған жалпы жиналысы белгіленген жерде өткізілуге тиіс.
3. Акционерлердің қайталап өткізілетін жалпы жиналысы күн тәртібінің акционерлердің болмай қалған жалпы жиналысының күн тәртібінен айырмашылығы болмауға тиіс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
43-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі
1. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін директорлар кеңесі қалыптастырады және онда талқылауға шығарылатын мәселелердің нақты тұжырымдалған түбегейлі тізбесі қамтылуға тиіс.
2. Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысын ашу кезінде директорлар кеңесі күн тәртібін өзгерту бойынша алған ұсыныстары туралы баяндауға міндетті.
3. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту қоғамның жиналыста өкілдік еткен дауыс беретін акцияларының жалпы санының көпшілік дауысымен жүзеге асырылады.
4. Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысының күн тәртібіне:
1) қоғам акционерлері жалпы жиналыс өткізілетін күнге дейін он бес күннен кешіктірілмей толықтырулар туралы хабардар етілген жағдайда, қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленетін акционерлер немесе директорлар кеңесі ұсынған осындай толықтырулар;
2) егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде тоқсан бес пайызын жиынтығында иеленетін акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі енгізілуіне дауыс берсе, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.
5. Қатысу тәртібімен өткізілетін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі, егер орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі енгізілуіне дауыс берсе, мәселені шешу артықшылықты акцияларды иеленетін акционерлердің құқықтарын шектеуі мүмкін мәселемен толықтырылуы мүмкін.
6. Акционерлердің жалпы жиналысы сырттай және (немесе) аралас дауыс беру арқылы шешім қабылдаған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін өзгертуге және (немесе) толықтыруға болмайды.
7. Акционерлердің жалпы жиналысы оның күн тәртібіне енгізілмеген мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы емес.
8. Күн тәртібінде «әр түрлі», «өзге», «басқалары» деген сөздерді қоса алғанда, кең түсінік беретін тұжырымдамаларды және осыларға ұқсас тұжырымдамаларды пайдалануға тыйым салынады.
44-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
1. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарда осы мәселелер бойынша негізделген шешімдер қабылдауға қажетті ақпарат болуға тиіс.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қоғамның органдарын сайлау мәселелері бойынша материалдарда ұсынылып отырған кандидаттар туралы мынадай ақпарат:
1) аты-жөні, сондай-ақ тілегі бойынша - әкесінің аты;
2) білімі туралы мәліметтер;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) қоғамға үлестестігі туралы мәліметтер;
3) соңғы үш жылдағы жұмыс орны және атқарған қызметі туралы мәліметтер;
4) кандидаттардың біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын өзге де ақпарат болуға тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қоғамның директорлар кеңесін сайлау (директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау) туралы мәселе енгізілген жағдайда, материалдарда директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылып отырған кандидат қай акционердің өкілі болып табылатындығы немесе ол қоғамның тәуелсіз директоры лауазымына кандидат болып табылатын-табылмайтындығы көрсетілуге тиіс. Егер директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидат акционер не осы Заңның 54-бабының 2-тармағының 3) тармақшасындағы көрсетілген жеке тұлға болып табылса, онда бұл мәліметтер де акционерлердің тізімі қалыптастырылған күнгі қоғамның дауыс беретін акцияларын акционердің иелену үлесі туралы деректер енгізіле отырып, материалдарда көрсетілуге тиіс.
3. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар:
1) қоғамның жылдық қаржы есептілігі;
2) жылдық қаржы есептілігіне аудиторлық есеп;
3) директорлар кеңесінің аяқталған қаржы жылындағы қоғамның таза табысын бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы жыл ішіндегі дивидендтің мөлшері туралы ұсыныстары;
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне жүгінуі және оларды қарау қорытындылары туралы ақпарат;
3-2) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге бастамашының қалауы бойынша өзге де құжаттар қамтылуға тиіс.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар акционерлер танысуы үшін қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде жиналыс өткізілетін күннен он күн бұрын дайын әрі қол жетімді болуға тиіс, ал акционердің сауал салуы болған кезде - сауал салу алынғаннан кейін оған үш жұмыс күні ішінде жіберілуге тиіс, егер жарғыда өзгеше көзделмесе, құжаттар көшірмелерін жасауға және құжаттарды жеткізуге кеткен шығыстар акционерге жүктеледі.
45-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының кворумы
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер акционерлердiң жалпы жиналысына қатысушыларды тiркеу аяқталған кезде (акционерлердің жалпы жиналысын сырттай дауыс беру арқылы өткізу кезінде барлық бюллетеньді ұсыну күні не бюллетеньдерді ұсыну мерзімі аяқталған күні) оған қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар, қоғамның дауыс беретiн акцияларының жинақтап алғанда елу және одан да көп процентiн иеленген акционерлер (акционерлердің өкілдері) тiркелсе, жиналыс күн тәртiбіндегі мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға құқылы.
2. Акционерлердің өтпей қалған жалпы жиналысы орнына қайталап өткізілетін жалпы жиналысы, егер:
1) кворумның болмауы себепті акционерлердің өтпей қалған жалпы жиналысын шақыру тәртібі сақталған болса;
2) тіркеу аяқталған кезде оған қатысу үшін қоғамның дауыс беретін акцияларының жинақтап алғанда қырық және одан да көп процентін иеленетін акционерлер (немесе олардың өкілдері), оның ішінде сырттай дауыс беретін акционерлер тіркелген болса, күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға құқылы.
Он мың және одан да көп акционері бар қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысын қайталап өткізу үшін аз кворум (қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде он бес проценті) көзделуі мүмкін.
3. Егер жиналысқа қатысушыларды тіркеу аяқталған кезде оған қатысу үшін қоғамның дауыс беретін акцияларын иеленетін кемінде бес жүз акционер (немесе олардың өкілдері) тіркелген болса, инвестициялық жекешелендіру қорын қайта ұйымдастыру және қайта тіркеу нәтижесінде құрылған қоғамда акционерлердің қайталап өткізілетін жалпы жиналысы мәселелерді қарауға және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
4. Акционерлерге сырттай дауыс беру үшін бюллетеньдер жіберілген жағдайда, аталған бюллетеньдермен берілген және жалпы жиналысқа қатысушыларды тіркеу кезінде қоғам алған дауыстар кворумды айқындау және дауыс беру қорытындыларын шығару кезінде есепке алынады.
Акционерлердің жалпы жиналысын сырттай дауыс беру арқылы өткізген кезде кворум болмаған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы қайталап өткізілмейді.
46-бап. Есеп комиссиясы
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Есеп комиссиясы акционерлер саны жүз және одан да көп қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында сайланады.
Акционерлер саны жүзден аз қоғамда есеп комиссиясының функциясын акционерлердің жалпы жиналысының хатшысы жүзеге асырады. Акционерлердің бірінші жалпы жиналысында есеп комиссиясының функциясын орталық депозитарий жүзеге асырады.
Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша есеп комиссиясының функциясы орталық депозитарийге жүктелуі мүмкін.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Есеп комиссиясы үш адамнан кем болмауға тиіс. Есеп комиссиясына қоғамның алқалы органдары мүшелерінің, сондай-ақ қоғамның атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның кіруіне болмайды.
Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін уақытта есеп комиссиясының мүшесі болмаған жағдайда жиналыс өткізілетін уақытқа есеп комиссиясының мүшесін қосымша сайлауға рұқсат етіледі.
3. Есеп комиссиясы:
1) акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін келген адамдардың өкілеттігін тексереді;
2) акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркейді және оларға акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды береді;
3) сырттай дауыс беру үшін алынған бюллетеньдердің дұрыстығын анықтайды және дұрыс бюллетеньдер мен күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша оларда көрсетілген дауыстарды санайды;
4) акционерлердің жалпы жиналысы кворумының, оның ішінде жиналыс өткізілген барлық уақыттың ішінде болуын да анықтайды және кворумның болғаны немесе болмағаны туралы хабарлайды;
5) акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің құқықтарын іске асыру мәселелерін түсіндіреді;
6) акционерлердің жалпы жиналысында қаралған мәселелер бойынша дауыстарды санайды және дауыс берудің қорытындысын шығарады;
7) акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасайды;
8) дауыс беру бюллетеньдерін және дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы қоғамның мұрағатына береді.
4. Есеп комиссиясы акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру үшін толтырылған бюллетеньдердегі ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 47-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 47-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47-бап. Акционерлердің жалпы жиналысындағы өкілдік
1. Акционер жеке өзі немесе өз өкілі арқылы акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге құқылы.
Қоғамның атқарушы органы мүшелерінің акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілдері ретінде сөз сөйлеуге құқығы жоқ.
Мұндай өкілдік акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша дауыс беру туралы нақты нұсқаулары бар сенімхатқа негізделген жағдайларды қоспағанда, қоғам қызметкерлерінің акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілдері ретінде сөз сөйлеуге құқығы жоқ.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүддесін білдіруге құқығы бар тұлға үшін акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 48-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
48-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын қатысу тәртібімен өткізу тәртібі
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Акционерлердің жалпы жиналысын қатысу тәртібімен өткізу тәртібі осы Заңға, қоғамның жарғысына және қоғамның ішкі қызметін реттейтін өзге де құжаттарға сәйкес не акционерлердің жалпы жиналысының тікелей шешіммен белгіленеді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (акционерлердің өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өзінің өкілеттігін растайтын сенімхатты көрсетуге тиіс.
Шешімдері аралас дауыс беру арқылы қабылданатын акционерлердің жалпы жиналысының кворумын айқындау кезінде сырттай дауыс берген акционерлердің (акционерлер өкілдерінің) бюллетеньдері ескеріледі.
Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысына келген акционер (акционердің өкілі) тіркелуге міндетті.