Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 530-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат):
1) 209-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық кезеңi үшiн iс жүзiнде есептелген корпорациялық табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасының салық кезеңi iшiнде есептелген аванстық төлемдер сомасынан он процент мөлшерде асып түсуi ic жүзіндегі салықтың асып түскен сомасының жетпiс процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
2) 214-бапта «акциз алымының таңбаларымен» деген сөздер «акциздiк маркалармен» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар):
1) Кодекстiң бүкіл мәтiнi бойынша «акциз алымы маркалары», «акциз алымы маркаларының», «акциз алымы маркаларын», «акциздiк алымы маркаларын», «акциз алымының (бүлiнген немесе жоғалған (оның iшiнде ұрланған) маркалары», «акциз алымының бүлінген немесе жоғалған маркалары», «акциз алымының бүлінген маркаларын» деген сөздер тиiсiнше «акциздiк маркалар», «акциздiк маркалардың», «акциздiк маркаларды», «бүлінген немесе жоғалған (оның iшiнде ұрланған) акциздiк маркалар», «бүлiнген немесе жоғалған акциздiк маркалар», «бүлінген акциздiк маркаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қайырымдылық көмек - жеке тұлғаларға әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында, коммерциялық ұйымдарға, сондай-ақ қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға олардың жарғылық қызметiн қолдау мақсатында өтеусiз негiзде берiлетiн мүлiк;";
7) тармақшада «орналастырылу» және «сатып алу» деген сөздерден кейiн»(купон есепке алынбаған)»деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша алып тасталсын;
14) тармақша «купон» деген сөзден кейiн»(бұдан әрі - купон)»деген сөздермен толықтырылсын;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) салық агентi - осы Кодекске сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі мiндет жүктелген жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға;";
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;";
23) тармақша алып тасталсын;
24) тармақша «орналастыру» және «сатып алу» деген сөздерден кейiн»(купон есепке алынбаған)»деген сөздермен толықтырылсын;
27) тармақшаның үшiншi абзацында:
"; осыған байланысты техникалық көмек көрсету үшiн» деген сөздер алып тасталсын;
«төленетiн төлем» деген сөздерден кейiн нүкте қойылып, мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңiз және әуе кемелерi өнеркәсiптiк жабдыққа жатады;";
29) тармақшада «және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмше» деген сөздер алып тасталсын;
3) 11-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «арқылы» деген сөзден кейiн «немесе салық консультантының қатысуымен» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 12-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында «қайта құрылу арқылы қайта ұйымдастырылуын» дeгeн сөздер «осы Кодекстiң 69-бабы 7-тармағының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 13-баптың 2-тармағының 4) тармақшасында «мiндеттi» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Кодекстiң 177-бабының 6-1-тармағының ережелерiн қолдануға мiндеттi.»;
6) 15-баптың 1-тармағында «жарналарының» деген сөзден кейiн «және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 16-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында «жарналарының» деген сөзден кейiн «және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 17-баптың 1-тармағында:
3) тармақша «орындауына,»деген сөзден кейiн «Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық есептелуiне және уақтылы төленуiне,»деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақша «сақталуын,»деген сөзден кейiн «оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi уәкiлеттi органға толық және уақтылы тапсырылуын,»деген сөздермен толықтырылсын;
9) 29-баптың 7-тармағы «мiндеттемесi,»деген сөзден кейiн «Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың қызметiн реттейтiн заң актілерiнде көзделген жағдайларды, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 32-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың салық берешегi сомаларын жабу үшiн соттың шешiмiмен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргiзiлетiн салық берешек сомаларын төлеу жөніндегі мiндеттемелерiн орындау мерзімдерi жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешiмi күшiне енген кезден бастап оларды орналастыру (өткізу) аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.»;
11) 38-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. Салық қызметi органы, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, салық кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қызметiн жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушiлер бойынша салық қызметi органы жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттың қолданылу мерзімi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер сомасын есептеуге немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдiстемесiнде рентабельдiлiктiң iшкi нормасының (РIН) және R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) көрсеткiштерi қолданылады.»;
12) 39-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстiң 198-1-бабына сәйкес резидент емес салық төлеушiге қайтарылуға тиiс төленген салық сомасы да артық төленген салық сомасы болып танылады.»;
2-тармақта «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша, салықтардың артық төленген сомаларының бар екендiгi туралы кеден органының растамасымен қоса, өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде осы бапта белгiленген тәртiппен салық берешегiн жабу есебiне есептеуге жатады.»;
13) 40-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарларды өткiзген кезде кеден органдары алатын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомаларын қайтару, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомаларының бар екендiгі туралы кеден органының растамасымен қоса, қайтару туралы өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде төленген жерi бойынша жүргiзiледi.»;
14) 46-баптың 7-тармағында «акциялардың қосымша эмиссиясы», «акциялардың қосымша эмиссиясын» деген сөздер тиiсiнше «жарияланған акциялар мәжбүрлеп», «жарияланған акцияларды мәжбүрлеп» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 50-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушi декларациялар және (немесе) есеп айырысулар бойынша, сондай-ақ салық тексерулерi нәтижелерi бойынша есептеген салық берешегi сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегiнiң сомасын салық төлеушiнің және (немесе) дербес салық төлеушi болып табылмайтын оның құрылымдық бөлiмшелерінің банк шоттарынан олардың келісімiнсiз мәжбүрлеу тәртібімен өндiрiп алуға құқылы.
Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң актiсiне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банк шоттарына қолданылмайды.»;
5-тармақта «теңгелiк банк шоттарында» деген сөздер «теңгемен жүргiзiлетiн банк шоттарында» деген сөздермен ауыстырылсын; «валюталық банк шоттарынан» деген сөздер «шетел валютасымен жүргiзiлетiн банк шоттарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 2) тармақшасында «екiншi кезекте еңбек келісімi бойынша,»деген сөздер «екiншi кезекте клиенттiң жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару жөніндегі мiндеттемелерi бойынша еңбек келісімi,»деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 55-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«55-бап. Салық төлеушінің-жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару
Осы Кодекстiң 49-бабының 1)-4) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық төлеуші-жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, сотқа жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен жүгiнуге құқылы.»;
17) 68-баптың 2-тармағының екiншi абзацы «зейнетақы жарналары» деген сөздерден кейiн «және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 69-бапта:
4-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық төлеушi қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ол туралы салық органына жазбаша хабарлайды.
Салық төлеушiнi (заңды тұлғаны) қосу, бiрiктiру, бөлу жолымен қайта ұйымдастырған немесе таратқан кезде қайта ұйымдастырылған немесе таратылған әрбiр салық төлеушiге салық кезеңi басталғаннан қайта ұйымдастыру немесе тарату аяқталған күнге дейiн өткізу актiсiнiң, тиiсiнше бөлу немесе тарату балансының негiзiнде бөлек салық есептiлiгi жасалады.
Осы тармақта көрсетiлген есептiлiк заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiшпен бір уақытта өткізу актiсiн, бөлу немесе тарату балансын бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тапсырылады.
Заңды тұлғаны бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiш бөлу балансын бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тапсырылады.
Осы тармақтың ережелерi қайта құру, сондай-ақ басқа заңды тұлғаны бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.»;
19) 74-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған лизинг шарты бойынша амортизациялауға жататын негiзгi құралдарды үш жылдан астам мерзiмге беру, егер ол мынадай талаптардың бiрiне сай келсе:
1) негiзгi құралдарды лизинг алушының меншiгiне беру және (немесе) лизинг алушыға негiзгi құралдарды тiркелген бағамен сатып алу жөнiнде құқық беру лизинг шартында белгiленсе;
2) қаржы лизингiнiң мерзiмi негiзгi құралдардың пайдалы қызметi мерзiмiнiң жетпiс бес процентiнен acca;
3) қаржы лизингiнiң барлық мерзiмi үшiн лизинг төлемдерiнің ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингi бойынша берілетiн негiзгі құралдар құнының тоқсан процентiнен асса, ол қаржы лизингi болып табылады.
Қаржы лизингiне (лизинг бойынша) берiлген (алынған) негiзгi құралдардың құны лизинг шарты жасалған кезiне айқындалады.
Салық салу мақсатында мұндай мәмiле лизинг алушының негiзгi құралдарды сатып алуы ретiнде қарастырылады. Бұл ретте лизинг алушы негiзгi құралдардың иесi ретiнде, ал лизинг төлемдерi лизинг алушыға берiлген кредит бойынша төлемдер ретiнде қарастырылады.»;
20) 81-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында «келісілген өтемдер» деген сөздер «бағалар, өтемдер» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 82-баптың 1-тармағында:
бiрiншi абзацтың бiрiншi сөйлемi «сондай-ақ» деген сөзден кейiн «Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттiлiктер үшiн сатып алынған активтердi қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша «заңды тұлғаға» деген сөздерден кейiн», консорциумдарға» деген сөзбен толықтырылсын;
22) 91-баптың 1-тармағында:
6) тармақша «мемлекеттік кәсiпорынның» деген сөздердiң алдынан, «немесе» деген сөзден кейiн «республикалық» деген сөзбен толықтырылсын;
7) тармақшадағы «алып тасталуға тиiс.»деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн ұлғайтуға жiберiлген инвестициялық табыстар алып тасталуға тиiс.»;
23) 94-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасында «депозиттер» деген сөз «салымдар (депозиттер)»деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сыйақы бойынша шегерiм:
салық кезеңi үшiн салық төлеушінің резидентке төлейтiн сыйақы сомасы
қосу
меншiктi капиталдың орташа жылдық сомасының мiндеттемелердiң орташа жылдық сомасына қатынасының, шектi коэффициент және салық кезеңi үшiн салық төлеушiнiң резидент емеске төлейтiн сыйақы сомасының көбейтiндiсi ретiнде есептелетiн сома түрiнде есептелетін сома шегiнде жүргiзiледi.
3. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшiн:
1) меншiктi капиталдың орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының соңындағы меншiктi капитал сомаларының орташа арифметикалық шамасына тең;
2) мiндеттемелердің орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының iшiнде олар бойынша сыйақы төленетiн мiндеттемелердiң ең жоғары сомасының орташа арифметикалық шамасына тең;
3) қаржы ұйымдары үшiн шектi коэффициент - 7-гe, өзге заңды тұлғалар үшiн 4-кe тең.»;
4-тармақ алып тасталсын;
24) 95-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы бапта көзделген шегерiмге жатқызу тәртібі осы Кодекстің 83-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған мiндеттемелердi төлеу жағдайында да қолданылады.»;
25) 100-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шегерiмге салық төлеушiнің Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын мөлшерде:
1) қызметкерлердiң уақытша еңбекке жарамсыздығына ақы төлеуге есептелген;
2) жүктiлігі мен босануы бойынша демалысына ақы төлеуге есептелген;
3) өзiнің еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты қызметкерге (бұрынғы қызметкерге) келтiрiлген зиянды өтеуге бағытталған;
4) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша есептелген шығыстары жатады.»;
26) 101-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Жеке топ құрылғаннан кейiн болған осындай шығыстар оның ұлғаюына жатқызылады.»;
27) 105-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Негiзгi құралдар - сатып алған кездегi құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген елу айлық есептiк көрсеткiштен астам болатын, жұмыс iстеген мерзiмi бiр жылдан артық материалдық активтер.»;
28) 108-баптың 2-тармағының екiншi абзацында «2-тармағына» деген сөздер «2 және 6-тармақтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 110-баптың 1-тармағының кестесiнде:
«Тiркелген активтердiң атауы» деген бағандағы «Кен байыту» деген сөздер «Кен өндiру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Амортизацияның шектi нормасы (%)»деген бағанда:
V тобында:
6-кiшi тобындағы «20» цифры «25» цифрымен ауыстырылсын;
19-кiшi тобындағы «8» цифры «15» цифрымен ауыстырылсын;
VII тобында:
3-кіші тобындағы «10» цифры «15» цифрымен ауыстырылсын;
4-кiшi тобындағы «7» цифры «10» цифрымен ауыстырылсын;
VIII тобында:
1-кіші тобындағы «25» цифры «30» цифрымен ауыстырылсын;
2-кiшi тобындағы «20» цифры «25» цифрымен ауыстырылсын;
IX тобында:
1-кіші тобындағы «8» цифры «10» цифрымен ауыстырылсын;
4-кiшi тобындағы «8» цифры «10» цифрымен ауыстырылсын;
6-кiшi тобындағы «10» цифры «15» цифрымен ауыстырылсын;
30) 111-баптың 2-тармағындағы «100» цифры «300» цифрымен ауыстырылсын;
31) 113-бапта:
2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әрбiр топ бойынша негiзгi құралдарды жөндеуге арналған iс жүзіндегі шығыстар сомасы салық кезеңiнiң соңында топтың құндық балансынан белгiленген мынадай шектерде шегерiледi:
Топ Топтың атауы Шектi № нормасы (%) |
I Үйлер, құрылыстар 15 II Ғимараттар 15 III Беріліс құрылғылары 15 IV Қуат машиналары мен жабдықтары 25 V Қызмет түрлерi бойынша жұмыс машиналары мен жабдықтары (икемдi көлiктен басқа) 25 VI Басқа машиналар мен жабдықтар (икемдi көлiктен басқа) 25 VII Ұтқыр көлiк 25 VIII Компьютерлер, шеткерi құрылғылар мен деректердi өңдеу жабдығы 20 IX Басқа топтарға енгiзiлмеген тiркелген активтер 15 |
Көрсетiлген шектен асатын сома тиiстi кiшi топтың құндық балансын iс
жүзіндегі шығыстарға тепе-тең арттырады.»;
«4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген, жалдаушы жалға алынатын
негiзгi құралдарға қатысты жүргізген және жалға берушi жалдау шартына
сәйкес өтемеген шығыстар осы бапта айқындалған тәртiппен шегерiмге
жатқызылуға тиiс.»;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетiлген шығыстар осы бапқа
сәйкес шегерiмге жатқызылмаған жағдайда, мұндай шығыстар жалға алушыда
тиiстi жекелеген амортизациялық кiшi топтар құрады және осы Кодекстің
107-бабында айқындалған тәртiппен жалдау шартының қолданылу мерзiмi
iшiнде амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан
шегерiледi. Жалдау шартының қолданылу мерзiмi аяқталған соң жалға алушы
тиiстi кiшi топтың құндық балансын шығарып тастайды.
6. Инвестициялық жобаның шеңберiнде пайдалануға берiлген негiзгi
құралдарды жөндеуге арналған iс жүзіндегі шығыстардың сомасы кiшi топтың
тиiстi құндық балансын ұлғайтады.»;
32) 115-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгі 8) тармақшада «сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының салық салу объектiсi болып табылмайды.»деген
сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры мәжбүрлеп таратылатын
сақтандыру ұйымының сақтанушысымен жасалған мiндеттi сақтандыру шарты
бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшiн сақтандыру төлемдерiне
кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарына
беретiн өтемақы төлемдерi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық
салу объектiсi болып табылмайды.»;
33) 16-тараудың 2-параграфы мынадай мазмұндағы 119-1-баппен
толықтырылсын:
«119-1-бап. Мұнай-химия өнеркәсiбіндегі қызметтi жүзеге асыратын
жекелеген ұйымдарға салық салу
1. Осы баптың күші қолданылатын, мұнай-химия өнеркәсiбіндегі
қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес
келетiн:
1) 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қамтитын
аралықтағы кезеңде мемлекеттік тiркеуден өткен;
2) өндiрiстiк мақсаттағы (толық технологиялық циклi бар)
объектiлерiн мемлекеттік қабылдау комиссиялары осы тармақтың 1)
тармақшасында көрсетiлген кезеңде пайдалануға қабылдаған;
3) жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайтын қызмет түрлерi бойынша Қазақстан
Республикасының жер қойнауынан өндiрiлетiн мұнай және (немесе) газ
өнiмдерiн өңдеуге негiзделген жеке өндiрiсiнiң тауарларын өткізуден
алынуға тиiс (алынған) табыстар құрайтын;
4) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлерiне (осы тармақтың 2)
тармақшасында көзделген) инвестициялардың ең төменгi көлемi тиiстi қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген кемiнде бес
миллион айлық есептiк көрсеткiштi құрайтын ұйымдар жатады.
2. Осы баптың күші қолданылмайтын ұйымдарға:
жер қойнауын пайдаланушылар;
акцизделетiн тауарлар өндiретiн ұйымдар;
арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар жатады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ұйымдардың салықтарды есептер
осы Кодексте белгiленген тәртiппен, осы баптың 4-тармағында көзделген
ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.
4. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын
айқындау кезiнде осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық
табыс салығының сомасы жүз процентке азайтылады.
Осы тармақта көзделген салық сомасының азайтылуы осы Кодекстiң
126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша
аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген талаптар сақталмаған
жағдайда, мұнай-химия өнеркәсiбіндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың
табыстарына жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
6. Осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiптi мұнай-химия