6. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын не қоғамның дауыс беретін акцияларының өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған, сатып алу нәтижесінде тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта тиесілі болған осы тұлға осы бапта белгіленген міндеттерді сақтамаған жағдайда, аталған тұлға (тұлғалар):
1) өзімен (өздерімен) үлестес емес тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма тоғыз пайызынан асатын, қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі акцияларының бір бөлігін иеліктен шығаруды жүргізуге міндетті;
2) өзімен (өздерімен) үлестес емес тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма тоғыз пайызынан асатын, қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі акцияларының бір бөлігін иеліктен шығаруды жүргізгенше қоғамның басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған ешбір әрекетті жасауға және (немесе) қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі дауыс беретін акциялары бойынша дауыс беруге құқылы емес.
7. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы ұсынысына жауап ретінде қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы жазбаша келісім берген қоғамның акционері осы ұсынысты жариялаған тұлғаның қоғамның акцияларын сатып алудан бас тартуына сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
8. Осы Заңның 25-1-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайға осы баптың талаптары қолданылмайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Осы баптың 2, 3, 4, 6 және 7-тармақтарының талаптары:
тұлғаның (қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын өзі дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта иеленетін және осы бапта белгіленген міндеттерді бұрын орындаған) бағалы қағаздардың қайталама нарығында өзінің үлестес тұлғаларынан (қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын көрсетілген тұлғамен жиынтықта иеленетін және қоғамға бұрын жіберілген хабарламада көрсетілген) осы қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуы;
үлестес тұлғаның (қоғамға бұрын жіберілген хабарламада көрсетілген және қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын осы бапта белгіленген міндеттерді бұрын орындаған тұлғамен жиынтықта иеленетін) бағалы қағаздардың қайталама нарығында басқа үлестес тұлғадан (қоғамға бұрын жіберілген хабарламада көрсетілген және қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын осы бапта белгіленген міндеттерді бұрын орындаған тұлғамен жиынтықта иеленетін) осы қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 25-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
25-1-бап. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған тұлғаның қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуы
1. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызын не жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде он пайызын құрайтын дауыс беретін акциялардың өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған, сатып алу нәтижесінде тұлғаға дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызы тиесілі болға осы тұлға, сатып алу күнінен кейін алпыс жұмыс күні ішінде қоғамның қалған акционерлерінен осы қоғамның оларға тиесілі дауыс беретін акцияларын өзіне сатуды талап етуге құқылы.
Қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын сату туралы акционерлерге талапта атын (атауын), тұрғылықты жерін (орналасқан жерін), қоғамның оған (оларға) тиесілі дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, осы талапты мәлімдеген тұлға (тұлғалар) туралы және осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалатын, қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алудың ұсынылып отырған бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қоғам осы баптың 1-тармағында көрсетілген талапты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді және орталық депозитарийге, сондай-ақ қор биржасына (қоғамның акциялары қор биржасының ресми тізімінде болған жағдайда) алынған талап туралы хабарлайды.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаның талабы бойынша қалған акционерлер қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында талап жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде сатуға міндетті.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға қалған акционерлердің талабы бойынша оларды акцияларды сату бағасының айқындалғанын растайтын құжатпен таныстыруға міндетті.
Акционерлердің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде, осы акцияларға құқықтар кепілін тоқтату және сенімгерлік басқаруды тоқтату жөніндегі мәмілелерден, сондай-ақ осындай акциялардан тыйым салуды алып тастау жөніндегі операциялардан басқа, қоғамның дауыс беретін акцияларымен өзге азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауына тыйым салынады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаның талабы бойынша акционерлердің өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларды сату бағасы төменде келтірілгендердің ең жоғары бағасы ретінде айқындалады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының өкілдік тізіміне енгізілген акцияларға қатысты:
нәтижесінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле күнінің алдындағы соңғы алты айда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан акциялардың орташа өлшемді бағасы;
не нәтижесінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген акцияларға қатысты:
акциялардың Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық бағасы;
не нәтижесінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға қалған акционерлерден сатып алынатын қоғамның дауыс беретін акцияларына осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалып ұсынылған сатып алу бағасы бойынша ақы төлеуге міндетті.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға басқа акционерден сатып алатын қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша қоғамда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде мәліметтері бар, осы акционердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан түсетін ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шотына аударылады.
Акционердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан түсетін ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шоты туралы мәліметтер қоғамда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде болмаған жағдайда, ие болған қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады.
6. Акционерлердің қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуі бойынша сату жөніндегі мәмілені тіркеу бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде осы тұлғаның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуі бойынша қоғамның ауыртпалық салынған дауыс беретін акцияларын акционердің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде ашылған жеке шотынан есептен шығару, сондай-ақ олардың ақысын төлеу ауыртпалық алынған күннен кейін бір айдың ішінде жүзеге асырылады.
Мәмілелерді тіркеуге және олардың ақысын төлеуге байланысты шығыстарды қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алатын тұлға көтереді.
7. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алу жөніндегі мәмілелерді тіркеу күні қоғамның дауыс беретін акциялары бойынша төленбеген дивидендтерді алу құқығы осы тұлғаның талап етуі бойынша қоғамның дауыс беретін акцияларын сатқан акционерлерде сақталады.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуіне сәйкес қоғамның дауыс беретін акцияларын сатқан акционерлерге қоғамның дауыс беретін акциялары бойынша дивидендтерді төлеу осы Заңның 22 және 23-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
8. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Осы Заңның 1-бабының 8) тармақшасында көрсетілген акциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өздері бойынша дауыс беру құқығы берілетін, орналастырылған, номиналды ұстаудағы және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде өзі туралы мәліметтер жоқ меншік иесіне тиесілі жай акциялар және (немесе) артықшылықты акциялар осы баптың мақсаттарында қоғамның дауыс беретін акциялары деп түсініледі.
26-бап. Орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алу
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Орналастырылған акцияларды сатып алу оларды кейіннен сату мақсатында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамның жарғысына қайшы келмейтін өзге де мақсаттарда қоғамның бастамасы бойынша акционердiң келiсiмiмен жүргізілуі мүмкін.
Орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алу қоғам акцияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен сатып алған жағдайларды қоспағанда, қоғамның оларды сатып алған кезінде акциялардың құнын айқындаудың осы Заңда белгіленген тәртіппен бекітілген әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
2. Егер осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында өзгеше белгіленбесе, қоғамның бастамасы бойынша орналастырылған акцияларын қоғамның сатып алуы директорлар кеңесінің шешімі негізінде жүргізіледі.
3. Қоғамның:
1) акционерлердің бірінші жалпы жиналысын өткізгенге дейін;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) акцияларды құрылтайшылар арасында орналастыру қорытындылары туралы бірінші есеп бекітілгенге дейін;
3) егер акцияларды сатып алу нәтижесінде қоғамның өз капиталының мөлшері осы Заңда белгіленген ең төменгі жарғылық капиталдың мөлшерінен аз болса;
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) егер акцияларды сатып алу кезiнде қоғам Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi не дәрменсiздiгi белгiлерiне сай келсе не аталған белгiлер қоғамда оның барлық талап етiлетiн немесе сатып алу болжанатын акцияларды сатып алу нәтижесiнде пайда болса;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) егер сот немесе қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы оны тарату туралы шешім қабылдаса;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуға құқығы жоқ.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Егер қоғамның бастамасы бойынша оның сатып алынатын орналастырылған акцияларының саны акцияларды сатып алу-сату мәмiлесi (мәмiлелерi) жасалғанға дейiнгi олардың жалпы санынан бір процент асатын болса, ол өз акционерлеріне осындай сатып алу туралы хабарлауға міндетті.
Қоғамның өзі орналастырған акцияларын сатып алуы туралы хабарламасында өзі сатып алатын акциялардың түрлері, саны, бағасы, мерзімі туралы және оларды сатып алу талаптары туралы мәліметтер болуға тиіс және ол қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Қоғамның өз акционерлері сатып алуға өтініш берген орналастырылған акцияларының саны қоғам сатып алуға жариялаған акциялардың санынан асып түскен жағдайда бұл акциялар акционерлерден оларға тиесілі акциялардың санына барабар сатып алынады.
27-бап. Қоғамның орналастырған акцияларды акционердің талап етуі бойынша сатып алуы
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Қоғам орналастырылған акцияларды сатып алуды:
1) акционерлердiң жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылдаған (егер акционер қоғамды қайта ұйымдастыру туралы мәселе қаралған акционерлердiң жалпы жиналысына қатысып, оған қарсы дауыс берсе);
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) акционерлердің жалпы жиналысы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған (егер акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе егер ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешімді қабылдауға қарсы дауыс берсе)
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен қабылданған iрi мәмiле жасау туралы шешiммен және (немесе) жасалуында қоғамның мүддесi бар мәмiле жасау туралы шешiммен келiспеген;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) акционерлердiң жалпы жиналысы қоғамның жарғысына осы акционерге тиесiлi акциялар бойынша құқықтарды шектейтiн өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешiм қабылдаған (егер акционер осындай шешiм қабылданған акционерлердiң жалпы жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешiмнiң қабылдануына қарсы дауыс берсе);
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4) акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесіне акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған (егер акционер осындай шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, көрсетілген шешімнің қабылдануына қарсы дауыс берсе) жағдайларда өзіне қойылуы мүмкін қоғам акционерінің талабы бойынша жүргізуге тиіс.
Қоғамның акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесінің мазмұнын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында осы әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда осы тармақшаның ережесі қолданылмайды.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді
1-1. Орналастырылған акцияларды акционердiң талап етуi бойынша қоғамның сатып алуы қоғамның акцияларды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында сатып алуы кезiнде олардың құнын айқындаудың осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда акционер өзіне тиесілі акцияларды акционерлердің жалпы жиналысы акциялардың құнын айқындау әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін қолданыста болған, қоғам оларды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында сатып алған кездегі акциялардың құнын айқындау әдістемесі редакциясына сәйкес сатып алуды талап етуге құқылы.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 2- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Акционер осы баптың 1-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап немесе сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде қоғамға жазбаша өтініш жіберу арқылы өзіне тиесілі акцияларды сатып алу туралы қоғамға талап қоюға құқылы.
Аталған өтініш алынған күннен бастап отыз күн ішінде қоғам акционерден акцияларды сәйкес белгіленген бағамен сатып алуға міндетті.
3. Қоғамның өз акционерлері сатып алуға өтініш берген орналастырылған акцияларының саны қоғам сатып алуы мүмкін акциялардың санынан артық болған жағдайда бұл акциялар акционерлерден оларға тиесілі акциялардың санына барабар сатып алынады.
28-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларды сатып алуы бойынша шектеулер
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоғам сатып алған және сатып алатын орналастырылған акциялардың жалпы саны орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс, ал қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алуға жұмсайтын шығыстары:
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) орналастырылған акцияларды акционердің талап етуі бойынша сатып алған кезде:
акционерлердің жалпы жиналысында осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында көрсетілген шешімдер қабылданған;
сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған;
оның жасалуында қоғамның мүддесі бар ірі мәміле және (немесе) мәміле жасасу туралы шешім қабылданған күнгі жағдай бойынша;
2) орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алған кезде - қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу туралы шешім қабылданған күнгі жағдай бойынша оның өз капиталы мөлшерінің он процентінен аспауға тиіс.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы баптың 1-тармағының талаптары банктің Қазақстан Республикасының Үкіметінен не ұлттық басқарушы холдингтен «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабына сәйкес, өздері бұрын сатып алған өз акцияларын сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
2. Қоғам сатып алған акциялар оның акционерлері жалпы жиналысының кворумын анықтаған кезде есепке алынбайды және онда дауыс беруге қатыспайды.
29-бап. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-бап. Эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де ақшалай міндеттемелерін қоғамның жай акцияларына айырбастау
1. Қоғам өзінің жарғысында айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару мүмкiндiгi көзделген жағдайда ғана мұндай шығаруға құқылы.
Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға құқығы жоқ.
2. Қоғамның акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын шығаруға қоғамның жарияланған және орналастырылған акциялары арасындағы айырма шегiнде жол берiледi.
3. Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары, мерзімдері мен тәртiбi айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару проспектiсiнде көрсетiледi.
4. Қоғамның бағалы қағаздарын және кредиторлар алдындағы өзге де ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына айырбастау мынадай құжаттардың бірінің:
1) қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар шығару проспектісі;
2) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған банкті қайта құрылымдау жоспары;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу жөнінде шараларды қолдану туралы уәкілетті органның шешімі;
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) егер қоғамға қатысты Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен оңалту рәсімі қолданылса, оңалту жоспары негiзiнде жүзеге асырылады.
2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Егер бұрын қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды орналастырған кезде акционерлерге осы бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығы берілсе, осы бағалы қағаздар шығару проспектісі негізінде бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастау кезінде қоғамның акционерлеріне акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Бағалы қағаздар және (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелер банктің активтері мен міндеттемелерін қайта құрылымдау, төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу жөнінде шаралар қолдану рәсімі шеңберінде немесе қоғамды оңалту процесінде қоғам акцияларына айырбасталатын жағдайларда, егер қоғамға қатысты оңалту рәсімі қолданылса, басымдықпен сатып алу құқығы банктің (қоғамның) акционерлеріне олардың акциялары бағалы қағаздарды және (немесе) қоғамның ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы орналастырылған кезде берілмейді.
7. Қоғам бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастауға, осындай айырбастау нәтижесінде жай акцияларды сатып алатын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыратын қоғам акционерлеріне (акцияларды сатып алуды жоспарлайтын тұлғаларға) қатысты белгіленген талаптарды орындаған жағдайда құқылы.
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастауға тыйым салынады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 30-1-баппен толықтырылды
30-1-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау