2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсіздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға бағытталған, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса -
бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
телевизия бағдарламалары мен (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке берілетін лицензиядан айырып және заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан бір мың бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсіздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткіштің елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi әкiмшiлiк қамауға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — өнімдері тәркілене отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан бір мың бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —
телевизия және (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке берілетін лицензиядан айырып және заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
345-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 346-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
346-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарымен сотқа ықпал жасау
Сот қарайтын қандай да болсын iс бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сотта iс қарау нәтижелерiне алдын ала пайымдау жасау немесе сот актiсi күшiне енгенге дейiн сотқа ықпал ету, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 347-бап өзгертілді
347-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу жалған мәлiметтер және материалдар беру
Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу жалған мәлiметтер және материалдар беру, -
жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 348-бап өзгертілді
348-бап. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн даналарын берудiң, теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеудiң, сақтаудың тәртібін бұзу
1. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн даналарын берудiң, сондай-ақ теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеу мен сақтаудың тәртібін бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға және бұқаралық ақпарат құралдарының шығуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 349-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 349- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
349-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының заңдарымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану,-
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жарнаманы тарату тілдеріне қойылатын талаптарды бұзу-
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған нақ сол іс-әрекеттер,-
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - жүз елуден жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 349-1-баппен толықтырылды
349-1-бап. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 350- бап өзгертілді
350-бап. Шығарылым деректерiн жариялау тәртібін бұзу
1. Мерзiмдi баспа басылымдарын белгiленген шығарылым деректерiнсіз шығару, эфирде өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларының эфирге шығуы, -
бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң таралымы тәркiлене отырып немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
өнiм таралымы және бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн дайындау және тарату үшiн қолданылатын техникалық құралдар тәркiлене отырып немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 351-бап өзгертілді
351-бап. Авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария ету
Бұқаралық ақпарат құралының лауазымды адамының авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария етуi, егер ол оны жария етпеуге жазбаша түрде мiндеттенген болса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 352-бап жаңа редакцияда
352-бап. Журналистiң заңды кәсiби қызметiне кедергi жасау
1. Журналистiң заңды кәсiби қызметiн орындауына кедергi келтiретiн не оны бұл мүмкiндiктен толық айыратын жағдайлар туғызу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Журналист сұратқан ақпаратты беруден негiзсіз бас тарту не заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етпеу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
24-тарау. Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 353-бап өзгертілді
353-бап. Заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығару және оны қолдану
1. Мемлекеттік органның лауазымды адамының Конституцияға не өзге де заң актілеріне қайшы келетiн, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мiндеттерiн, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекеттің заңды мүдделерiн қозғайтын көрiнеу заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген тәртiппен күшi жойылған, сот күшi жоқ деп таныған, белгіленген тәртіппен ресми жарияланбаған не қолданылу күшiн уәкiлеттi органдар тоқтата тұрған, сондай-ақ әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының көрiнеу заңсыз қолдануы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 354-бап өзгертілді
354-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеудiң ережелерiн бұзу
1. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң заңнамада белгiленген қағидаларын лауазымды адамдардың бұзуы -
жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 354-1-баппен толықтырылды; 2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен 354-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
354-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк рәміздерді пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау, -
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер,-
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2005.21.10. № 80-III Заңымен 354-2-баппен толықтырылды
354-2-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртібін бұзу -өнiм таралымы тәркiлене отырып не онсыз жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.26.07. № 311- III ҚР Заңымен 354-3-баппен толықтырылды; 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 354-3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
354-3-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы-
жеке тұлғаларға он, заңды тұлғалар үшін - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II Заңымен; 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен; 2006.20.01. № 123-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 355-бап өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 355-бап жаңа редакцияда
355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі, әскери полиция, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң нұсқамаларын орындамау немесе заңды өкiмiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбау
1. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі, әскери полиция, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның нұсқамаларын және (немесе) басқа да заңды талаптарын орындамау -
лауазымды тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі, әскери полиция, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметi, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнің қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның заңды өкiмiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбау, сол сияқты тiл тигiзу не оған қатысты зорлық әрекеттерін жасау қатерiн төндiру -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 355-1-баппен толықтырылды; 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 355-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
355-1-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу
Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу,- ескерту жасауға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 356-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 356-бап өзгертілді
356-бапқа өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
356-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау
1. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, қызмет туралы, кiрiстер туралы, энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылу туралы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемі туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы, атом энергиясын пайдалану туралы ақпаратты беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңнамада көзделген басқа да іс-әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не бұрыс ақпарат беру, -
жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - жетi, лауазымды адамдарға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 130, 147-9, 172-1, 172-2, 216, 219, 219-10, 305, 313, 317, 317-1, 317-4, 362, 381, 474, 486, 522, 528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау,-
жеке тұлғаларға - беске дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш, лауазымды тұлғалар мен дара кәсiпкерлерге он беске дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы Кодекстiң 481-бабының екiншi бөлiгiнде, 482-бабының бірiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы салған мөрiн (пломбасын) жұлып тастау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 356-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
356-1-бап. Бақылау және қадағалау функцияларын заңсыз беру
Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын уәкілетті емес тұлғаларға заңсыз беруі, -
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 356-2-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)
356-2-бап. Билік өкілінің немесе мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену
1. Билік өкілеттіктерін алу мақсатында билік өкілінің немесе мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, —
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, —
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 357-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
357-бап. Озбырлық
Озбырлық, яғни бір адамның заңдармен белгiленген тәртiпке қарамастан, заңсыз жасаған, заңдылығы екiншi бір адам немесе ұйым тарапынан дау туғызатын iс-әрекетi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 357-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 357-1-бап өзгертілді
357-1-бап. Кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiксiз), басқа да рұқсатсыз, хабарламасыз айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру
1. Рұқсат, лицензия, бiлiктiлiк аттестаты (куәлiгi), хабарлама жасау мiндеттi болған жағдайларда, кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгiнсiз), басқа да рұқсатсыз, хабарламасыз айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары тәркiленiп не онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табысты (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.