7. Құрылыс салу ережелерiне осы ережелердiң қолданылуы салдарынан заңды мүдделерi бұзылған жеке және заңды тұлғалар сот тәртібімен шағымдануы мүмкiн.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-тарау. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын ұйымдастыру
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды:
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) құрылыс объектілеріне бару, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) объектілердің құрылысына инспекциялау жүргізу арқылы орындалатын бақылау функциялары шегінде жергілікті атқарушы органдар;
2) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) құрылысты техникалық қадағалауды және объектiнi пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру жолымен тапсырысшы;
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) құрылысқа авторлық қадағалау енгізу жолымен жобалық құжаттаманы әзірлеушілер жүзеге асырады.
5) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Шешілуі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау органдары құзыретінің шегінен тыс қалатын жағдай туындаған кезде бақылау мен қадағалау мыналарды:
1) құрылыс өнімдерiн стандарттау және сертификаттау бөлігiнде - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік органды;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау бөлігінде - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) аумақтар мен объектiлердiң санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйіне бақылау жүргізу бөлігінде - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы уәкілетті органды;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді
4) объектiлердi немесе олардың бөліктерiн салу және (немесе) пайдалану салдарынан аумақтың экологиялық жай-күйіне олардың әсер етуіне бақылау жүргізу бөлігінде - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды.
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) су қорғау аймақтарының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бақылау жүргізу бөлігінде - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органды;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара)
5) мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткізудi қамтамасыз ету бөлiгiнде - халықты әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органын тарта отырып жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында аталған мемлекеттік органдардың заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген ұйғарымдары, нұсқаулары мен өзге де шешiмдерi Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi.
4. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi мен сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдарының (қызметтерiнiң, лауазымды адамдарының) арасындағы өзара талаптар мен даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 31-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы
1. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тапсырысшы (меншік иесі) және мердігер (бас мердігер) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы немесе мемлекеттік құрылыс инспекторы сұратқан осы объект жөніндегі жобалау және атқару техникалық құжаттамасын, сондай-ақ тиісті жобалар бойынша сараптама қорытындысын ұсынады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы (мемлекеттік құрылыс инспекторы) объектілерді тексеру барысында:
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы жіберілетін хабарламаның болуын;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) хабарламада көрсетілген деректердің анықтығын;
2) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуын;
3) орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдары (бұйымдары, конструкциялары) мен жабдықтардың бекітілген жобалау шешімдеріне және мемлекеттік (мемлекетаралық), оның ішінде тіреу және қоршау конструкцияларының беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін және ғимараттарды (құрылыстарды) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерге сәйкестігін;
4) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс сапасын өзіндік өндірістік бақылаудың барлық түрлері мен нысандарын (кіру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және тағы басқа) ұйымдастыруын және жүзеге асыруын;
5) атқару құжаттамаларының уақтылы және дұрыс ресімделуін;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттiк қабылдау және қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауы тиіс объектiлер құрылысы кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық қадағалауды ұйымдастыруын және жүзеге асыруын;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) мемлекеттiк қабылдау және қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауы тиіс объектілердің құрылысы кезінде тапсырыс берушінің (меншік иесінің) авторлық қадағалауды ұйымдастыруын;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында техникалық және авторлық қадағалаудың мемлекеттік нормативтермен белгіленген техникалық және авторлық қадағалауларды (инжинирингтік қызметтер көрсетуді) жүзеге асыру тәртібін сақтауын анықтайды.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары:
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) ұлттық стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салу туралы;
2) жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы;
3) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді).
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сәулет-құрылыс бақылауының және қадағалауының мемлекеттік органдарының немесе мемлекеттік құрылыс инспекторларының нұсқамаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы.
6. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 7-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 8-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы лицензиялау
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметін және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай санаттарға бөлінеді:
I санат - осы тармақта аталған, қолда бар лицензиясы шеңберінде барлық жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті жүзеге асырады;
II санат - осы тармақта аталған, екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады;
III санат - осы тармақта аталған, техникалық қиын емес екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғаларды белгілі бір санаттарға жатқызуды лицензиар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметіне және құрылыс-монтаж жұмыстарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес лицензияны берген кезде жүзеге асырады және лицензияның қолданылуының ерекше жағдайларында көрсетіледі.
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды лицензиялауды облыстардың, республикалық маңызы қалалардың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда
33-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы
1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:
1) тапсырысшыда (құрылыс салушыда) оның осы жер учаскесіне тиісті құқығын растайтын құжаттары және оның мердігермен (бас мердігермен) шартының болуына;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуына;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға жіберілген хабарламаның болуына;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) хабарламада көрсетілген деректердің анықтығына;
4) құрылысқа қатысушылардың атқарушылық техникалық құжаттаманы, соның ішінде оны бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу кезінде уақтылы рәсімдеуіне және жүргізуіне;
5) қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының, орнатылатын жабдықтың сапасына, тиісті сертификаттардың болуына;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдары (бұйымдар, конструкциялар) мен жабдықтардың бекітілген жобалау шешімдеріне және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге, оның ішінде негізгі және қоршау конструкцияларының және ғимараттарды (құрылыстарды) пайдалану сапасының беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерге сәйкестігіне;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс сапасын жеке өндірістік бақылаудың барлық түрлері мен нысандарын ұйымдастыруына және жүзеге асыруына;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) техникалық және авторлық қадағалаумен бірге құрылыстың ұйымдастырылуына және жүзеге асырылуына;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) техникалық және авторлық қадағалаудың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында техникалық және авторлық қадағалауларды (инжинирингтік қызметтер көрсетуді) жүзеге асырудың мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртібін сақтауына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады.
2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:
1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінен;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органынан тұрады.
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына:
1) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілердің мониторингі және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендердің сапасын бақылау;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау комиссиясының және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;
4) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану жүктеледі.
4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына (мемлекеттік құрылыс инспекторына):
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алу;
2) тапсырысшылардан танысу үшін осы құрылыс жөніндегі қажетті жобалау және атқару құжаттамасын, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және алу;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз бару және оларда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарын жедел инспекциялауды жүргізу;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін, осы хабарлама алынған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей объектілер мен кешендерге бару құқығы беріледі.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығарады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Инспекциялау нәтижелері бойынша жұмысы тексерілген мердігерге (бас мердігерге), сондай-ақ тапсырысшыға (меншік иесіне) берілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша анықталған ақаулардың сипаттамасы бар анықтама және объектілердің ведомосі жасалады.
6. Мыналар:
2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда немесе іске асыру кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды қажет ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар құрылысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының астанасында және мемлекеттік инвестициялар есебінен салынатын жеке тұрғын үйлер салуды қоспағанда, жеке тұрғын үйлер және техникалық жағынан күрделі емес, азаматтардың жеке пайдалануына арналған құрылыстар салу;
2) жеке үй жанындағы учаскелерде немесе бау-бақша серіктестіктері учаскелерінде орналасқан уақытша құрылыстар, сондай-ақ маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар тұрғызу;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, сондай-ақ үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертпей қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы тарапынан инспекциялауға жатпайды.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары және лауазымдық міндеттеріне бақылауды жүзеге асыру кіретін штат қызметкерлері тиісінше Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ведомстволық бағынысты аумақтардағы объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарының басшылары, олардың орынбасарлары және лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін штат қызметкерлері тиісінше облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану құқығы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы мен оның орынбасарларына, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларына беріледі.
34-бап. Авторлық қадағалау
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгерді; 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Авторлық қадағалауды жобаның авторы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеушілер:
1) осы Заңның 15-бабында және «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңыңда көзделген жағдайларда;
2) мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдауына жататын объектілер салынған кезде жүзеге асырады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттiк қабылдау және қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауы тиіс объектiлердiң құрылысы барысында жүргiзiлетiн авторлық қадағалау шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Мұндай жағдайларда авторлық қадағалау объект құрылысының (реконструкциялау, қалпына келтiру, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) не аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қоюдың бүкiл кезеңi iшiнде жүзеге асырылуға тиiс.
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Жобаны әзірлеуші объектінің құрылысына авторлық қадағалау жүргізуді (жүзеге асыруды):
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған аттестаты бар сарапшыға;
2) тиісті аттестаты бар авторлық қадағалауды жүргізу жөніндегі инжинирингтік қызмет көрсетушіні дербес таңдау үшін тапсырыс берушіге беруге құқығы бар.
3. 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. Техникалық қадағалау
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдауына жататын объектілерді салу, сондай-ақ автомобиль жолдарын жөндеу кезінде міндетті түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылуға тиіс.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Техникалық қадағалауды тапсырысшы объектiлер құрылысына жобалық-сметалық құжаттамада көзделген қаражат есебiнен дербес және (немесе) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарта отырып, қолданыстағы нормативтерге сәйкес жүзеге асырады.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырысшылар) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін нарықта әрекет ететін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі тиісті аттестаты бар сарапшыларды тартуға құқылы.