жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүз жиырмадан жүз қырыққа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үш жүз сексеннен төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Биржалық брокерлердің және (немесе) биржалық дилерлердің әрбір клиент бойынша жеке жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізу және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақтау жөніндегі талаптарды сақтамауы -
айлық есептік көрсеткіштің алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
16-тарау. Тіркеу салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 205-бап өзгертілді
205-бап. Салық органында салық есебiне қою мерзiмiнiң бұзылуы
1. Салық органында тiркелу есебiне қою туралы, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркелу есебі туралы, жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркелу есебі туралы салықтық өтініш берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмдерiн бұзу -
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 205-бап 2-1-бөлікпен толықтырылды
2-1. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - сегiз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен үшінші бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Салық төлеушiнiң қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салық өтінішін берудiң Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
дара кәсiпкерлерге - он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке қойылмаған кезең үшiн салық салынатын айналым сомасының он бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ескерту. Осы тарауда пайдаланылатын салық заңдарының ұғымы мен терминдерi Қазақстан Республикасының салық заңдарында олар пайдаланылатын мағынада ғана қолданылады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 205-1-баппен толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 205-1-бап жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 205-1-бап өзгертілді
205-1-бап. Арнаулы салық режимін қолданған кезде қызметтi заңсыз жүзеге асыру
1. Арнаулы салық режимін қолданған кезде қызметті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде осы режим үшін көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, -
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - сегіз, дара кәсiпкерлерге - он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Дара кәсiпкердiң патент алу үшін есеп-қисап беру мерзiмiн бұзуы - дара кәсіпкерлерге ескерту жасауға әкеп соғады.
4. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ескерту. Қызметті жүзеге асыру деп патент алу үшін салық органына есеп-қисапты табыс етпей, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттеменің туындауына әкеп соғатын қызметті қайта бастау түсініледі.
ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 205-2-баппен толықтырылды; 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 205-2-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 205-2-бап жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
205-2-бап. Салық органының салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімінің қолданылуы кезеңінде қызметті жүзеге асыру
1. Салық органының салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімінің қолданылуы кезеңінде тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы -
дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, орта немесе iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 206-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 206-бап жаңа редакцияда; 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 206-бап өзгертілді
206-бап. Салық есептiлiгiн, сондай-ақ шартты банк салымына байланысты құжаттарды табыс етпеу
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі -
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
1-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген әрекетті қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - он бес, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Мониторинг бойынша есептілікті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде табыс етпеуді білдіретін, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушілерге бес жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салық агентінің шартты банк салымы туралы шартты табыс салығын шартты банк салымы арқылы төлеген жағдайда салық органына табыс етпеуі не уақтылы табыс етпеуі -
дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - он, заңды тұлғаларға, оның ішінде, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын резидент еместерге - отыз, заңды тұлғаларға, оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын резидент еместерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Салық төлеушінің салық органына жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген, Қазақстан Республика-сының Салық кодексіне сәйкес салық салынуға жататын резидент емес заңды тұлға пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды табыс етпеуі, -
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - бір жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 206-1-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 206-1-бап жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
206-1-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде салық органына мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті табыс етпеуі, сондай-ақ салық төлеушiнiң трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның iшiнде электрондық түрдегi) уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде табыс етпеуi не оны табыс етуден бас тартуы -
дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мәмілелер мониторингі бойынша есептіліктің деректері мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 000 еселенген мөлшерінен асатын алшақтықтарды анықтау -
дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен 206-2-баппен толықтырылды; 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 206-2-бап өзгертілді
206-2-бап. Келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) қаржылық бақылау шараларын бұзуы
1. Келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейін үш жыл бойы жыл сайын, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кірістер, мүлік туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген басқа да мәліметтерді бермеуі, дер кезінде бермеуі немесе толық емес, дәйексіз мәліметтер беруі, -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттер, -
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қосымша салық есептілігін және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыс ету арқылы бұзушылықты жойған жағдайда, тұлға осы бапта көзделген әкімшілік жауапқа тартылуға жатпайды.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 207-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 207-бап өзгертілді
207-бап. Салық салу объектілерін жасыру
1. Салық төлеушiнiң салық салу объектілерін жасыруы, -
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының жүз елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) —
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екі жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін салық төлеушінің кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамауы да салық салу объектілерін жасыру деп түсініледі.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 208-бап жаңа редакцияда; 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 208-бап өзгертілді
208-бап. Есепке алу құжаттамаларының болмауы және салық есебін жүргізуді бұзу
1. Салық төлеушіде есеп құжаттамасының болмауы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есеп құжаттамасын жасау және сақтау жөніндегі талаптардың орындалмауы, -
дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
дара кәсiпкерлерге - жиырма бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) есепке алу және сату жөніндегі операциялардың есеп құжаттамасында көрсетілмеуі, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Салық төлеушіде есеп құжаттамасының болмауы деп бухгалтерлік құжаттаманың және (немесе) салық нысандарының, салықтық есепке алу саясаты құжаттарының, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың болмауы түсініледі.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 208-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 208-1-бап өзгертілді
208-1-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген (есептелген) сомасын төлеуден жалтару
Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің қолданысы кезеңіндегі салық берешегі болған жағдайда, салық төлеушiнiң касса не үшiншi тұлғалардың банк шоты арқылы өзара есеп айырысуды жүзеге асыруы арқылы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген (есептелген) сомасын төлеуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - он бес, дара кәсiпкерлерге - отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға жүргізілген есеп айырысу сомасының отыз пайызы мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға немесе құқық бұзушылық жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07. № 177-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.26.07. № 312- III; 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 209-бап өзгертілді; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 209-бап өзгертілді
209-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын кемiтiп көрсету
1. Салықтың және басқа да міндетті төлемдердің сомасын декларацияда, есепте, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште төмендетіп көрсету, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға- жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға немесе құқық бұзушылықты жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
2. ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
3. Салық төлеушiнiң ағымдағы төлемдер сомасын есепте кемітіп көрсетуi, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - ағымдағы төлемдердің кемітіп көрсетілген сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға немесе құқық бұзушылықты жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу әкеп соғады.
4. Салық кезеңi үшiн iс жүзiнде есептелген корпорациялық табыс салығы сомасының салық кезеңi iшiнде төленген аванстық төлемдер сомасынан жиырма процент мөлшерде асып түсуi, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, ic жүзіндегі салықтың асып түскен сомасының қырық процентi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе құқық бұзушылықты жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
5. ҚР 2003.29.03. № 500-II Заңымен алып тасталды
6. Бюджетпен патент негiзiнде есеп айырысуды жүргiзетiн ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi-заңды тұлғаның патент құнының есебiне кiретiн салық сомасын кемiтiп көрсетуi, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса -
патент құнының есебi кезiнде азайтылмай, кемiтiп көрсетiлген салық сомасының отыз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе құқық бұзушылықты жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін қосылған құн салығының есепке жазылған сомасы бойынша әкімшілік жаза сомасын айқындау кезінде салық кезеңі үшін қосылған құн салығын төлеудің белгіленген мерзімі күніне салық төлеушінің жеке шоты бойынша қосылған құн салығының артық төленген сомасы есепке алынады.
Бір салық кезеңінен артық кезеңге салықтық тексеру болған жағдайда, әрбір келесі салық кезеңі үшін төлемнің белгіленген мерзімі күніне жеке шот бойынша артық төленген сома осы салықтық тексеруге енгізілген алдыңғы салық кезеңдері үшін қосылған құн салығының есепке жазылған және (немесе) азайтылған сомасын есепке ала отырып айқындалады.
1-1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін, егер тұлға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште жанама салықтардың сомаларын төмендеткені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс болған жағдайда, мұндай тұлға импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда жанама салықтардың көрсетілген сомаларын төмендеткені үшін бөлек әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.