Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
209-баптың төртінші бөлігінде:
«он» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
«жетпіс» деген сөз «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; 2006 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында:
бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
екінші абзац алып тасталсын;
2) 91-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дивидендтер;»;
10) тармақша алып тасталсын;
3) 93-баптың 1-тармағында:
3) тармақшадағы «үш» деген сөз «алты» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «тәуліктік ақы жатады.« деген сөздер «тәуліктік ақы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) салық төлеуші кіру визасын ресімдеген кезде жұмсаған шығыстар (визаның, консулдық қызметтердің құны, міндетті медициналық сақтандыру) жатады.»;
4) 120-бапта:
2-тармақ «ұйымның» деген сөзден кейін «мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша,» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерімдерге жатқызылуға тиіс сомасы салық төлеушінің қалауы бойынша барабарлық немесе бөлек есептеу әдісі бойынша айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Барабарлық әдіс бойынша шығыстардың жалпы сомасындағы шегерімге жатқызылуға тиісті шығыстар сомасы коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасындағы осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген табыстардың үлес салмағы негізге алына отырып айқындалады.
7. Бөлек есептеу әдісі бойынша салық төлеуші осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарға жататын шығыстар және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарға қатысты шығыстар бойынша бөлек-бөлек есеп жүргізеді.»;
5) 126-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
8-тармақта:
«түзетудің себептерін жазбаша негіздей отырып,» деген сөздер алып тасталсын;
«түзетілген» деген сөз «қосымша» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 129-баптың 1-тармағы «Салық төлеушінің» деген сөздердің алдынан «Осы Кодекстің 91-бабына сәйкес түзетуге жататын кірістерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 131-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
1-1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
8) 140-1-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші-жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«мәтіндерді өңдеуге арналған машиналар, көшіру-көбейту жабдықтарын, жөнелту машиналарын, калькуляторлар, кассалық аппараттар, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналар өндіру, басқа да кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электронды есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтар өндіру;
электр- және радиоэлементтер, таратушы аппаратура, дыбыс пен бейнені қабылдауға, жазуға және шығаруға арналған аппаратура өндіру;
тұрмыстық электр аспаптарын өндіру;»;
екінші бөліктегі «нақты түрлерінің» деген сөздер алып тасталсын;
9) 144-бапта:
3) тармақшадағы «(жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа)» деген сөздер алып тасталсын;
5-2) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 50 проценті шегіндегі лотерея бойынша ұтыстар;»;
12) тармақшадағы «айлық есептік көрсеткіштің 240 еселенген» деген сөздер «тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 27 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшадағы «айлық есептік көрсеткіштің 70 еселенген» деген сөздер «төлемдердің әрбір түрі бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 8 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 145-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«145-бап. Салық ставкалары
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген табыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынуға тиіс.
2. Сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сыйақыларды қоспағанда), ұтыстар түріндегі табыстарға 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.
3. Дивидендтер түріндегі табыстарға 5 проценттік ставка бойынша салық салынады.»;
11) 152-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «бір айлық есептік көрсеткіш» деген сөздер «ең төменгі жалақы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өз пайдасына енгізген ерікті зейнетақы жарналары;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жеке тұлға - Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алған тұрғын үй заемдары және аралық тұрғын үй заемдары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалған сомалар.»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Жарты айдан аз жұмыс істеген қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын айқындау кезінде, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шегерім жүргізілмейді.»;
2-тармақта:
«2) және 4)» деген сөздер «4), 6), 7)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«(асырауындағыларға)» деген сөз алып тасталсын;
12) 153-баптың 1-тармағындағы, 155, 160, 162-баптардағы, 164-баптың 1 және 2-тармақтарындағы, 174-баптағы «белгіленген ставкаларды» деген сөздер «белгіленген ставканы» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«156-бап. Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдерi
Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдеріне салық төлеушілердің зейнетақы жинақтамаларынан жинақтаушы зейнетақы қорлары табыс есептеудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріндегі сомаға азайтылған төлемдер жатады.»;
14) 158-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«158-бап. Салық сомасын есептеу
1. Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаларға төленетін дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға 145-баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі және осы Кодекстің 146-148-баптарына сәйкес ұсталады.
2. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы төлем көзінен осы салықты ұстап қалуын растайтын құжаттар болғанда салықтарды есептеу шығару мен төлеуді жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын дара кәсіпкер салық кезеңі үшін есептеген жеке табыс салығының есебіне жатқызылады.»;
15) 168-баптың 1-тармағындағы «3-тармағында» деген сөздер «1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 192-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «500 айлық есептік көрсеткіштен» деген сөздер «60 еселенген ең төменгі жалақының мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 229-баптың 2) тармақшасындағы «діни қажеттілік заттарын өткізуіне байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «діни қажеттілік заттарын өткізуіне;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша қызмет көрсетуге байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.»;
18) 234-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «қағаз» деген сөз алып тасталсын;
19) мынадай мазмұндағы 244-1-баппен толықтырылсын:
«244-1-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеудің тәртібi
1. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдар қосылған құн салығын төлеуді осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
2. Осы баптың мақсатында ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін мына қызмет түрлерін:
ет және ет өнімдерін өндіруді;
жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуді және консервілеуді;
өсімдіктер мен жануарлар майын өндіруді;
сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіруді;
ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіруді;
жануарлар үшін дайын жемшөп өндіруді;
нан өндіруді;
балалар тағамын және диеталық тағам өнімдерін өндіруді жүзеге асыру нәтижесінде алынуға тиіс (алынған) табыстар құрайтын;
2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қоспағанда, арнаулы салық режимдерін қолданбайтын;
3) акцизделетін өнімді өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын ұйымдар жатады.
3. Осы Кодекстің 244-бабына сәйкес есептелген қосылған құн салығына салық сомасы 70 процентке азайтылады.»;
20) 245-баптың 1 және 3-тармақтарында:
«15» деген цифр «14» деген цифрмен ауыстырылсын;
20) тармақшаның 3 абзацы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді
«14» деген цифр «13» деген цифрмен ауыстырылсын;
20) тармақшаның 4 абзацы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді
«13» деген цифр «12» деген цифрмен ауыстырылсын;
21) 250-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
«3-3) теңіз кемелерінің;»;
22) тармақша 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді
22) 317-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«317-бап. Салық ставкалары
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттері, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиалдар мен өкілдіктер арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтік салықты мынадай ставкалар бойынша төлейді:
Салық төлеушінің салық салынатын табысы | Ставкасы |
15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін | салық салынатын табыс сомасының 13 процентi |
15-тен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін | 15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын соманың 11 процентi |
40-тан 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін | 40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын соманың 9 процентi |
200-ден 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін | 200 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын соманың 7 процентi |
600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен жоғары | 600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын соманың 5 процентi |
2. Жеке кәсіпкерлер, арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимінен басқа, жеке нотариустар, адвокаттар өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш және әрбір қызметкер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.
3. Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстің 121-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді.
4. Арнаулы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 374-384-баптарында белгіленген.»;
23) тармақша 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді
23) 318-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «1, 2 және 4-тармақтарында» деген сөздер «1 және 3-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақтағы «3-тармағында» деген сөздер «2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 375-баптың 1-тармағындағы «3» деген цифр «2» деген цифрмен ауыстырылсын;
25) 377-бапта:
1-тармақтағы «тиісті салық ставкасын» деген сөздер «3 процент мөлшеріндегі ставканы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтар алып тасталсын.
3. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 169-құжат; № 15-16, 224-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 73-құжат; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 21-22, 160-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат):
2-баптың 1-тармағында:
он төртінші абзацтағы «2007 жылғы» деген сөздер «2008 жылғы» деген сөздермен ауыстырылсын;
он жетінші абзацтағы «, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімде» деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң:
1) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 20) тармақшасының үшінші абзацын, 22) және 23) тармақшаларын;
2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 20) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2005 жылғы шілденің 7-сі.
№ 177-III ҚРЗ