аудиторға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 185-бап өзгертілді; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 185-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
185-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға уақтылы емес, дұрыс емес немесе толық емес ақпарат беруі
Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға аудит жүргізу барысында дұрыс емес аудиторлық есеп жасауға әкеп соғатын уақтылы емес, дұрыс емес немесе толық емес ақпарат беруі -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 186-бап өзгертілді
186-бап. Мiндеттi аудит өткізуден жалтару
Мiндеттi аудит өткізуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру, -
ұйым басшыларына, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен ( бұр.ред. қара); 2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 187-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 187-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 187-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
187-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау
Уәкiлеттi банктердегi банк шоттарына:
тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) экспортынан түсетін ұлттық және шетел валютасындағы түсiмдердi;
резиденттiң тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) импорты үшін резидент еместiң пайдасына аударған ұлттық және шетел валютасын, резидент еместiң тауарларды жеткізу (жұмыстарды жүзеге асыру, қызметтер көрсету) бойынша мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық және шетел валютасын есепке жатқызбау түрiнде жасалған ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау -
дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасы сомасының жиырма пайызы, бірақ екі мың айлық есептiк көрсеткіштен аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы бапта көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі аяқталғаннан кейін есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасының сомасы елу мың АҚШ долларына балама сомадан асып кеткен және егер осы іс-әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстың жазаланатын әрекет белгілері болмаған жағдайларда туындайды.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 188-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 188-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
188-бап. Валюта заңнамасын бұза отырып, валюталық операцияларды жүргізу
1. Шетел валютасын уәкілетті банктер мен олардың айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы емес айырбас операцияларын жүргізу, резиденттер арасында тыйым салынған валюта операцияларын жүргізу, төлемдер мен аударымдарды уәкілетті банктердегі шоттар арқылы емес жүргізу, егер мұндай талап валюта заңнамасында белгіленсе, —
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —
шағын немесе орта кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдардың субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға — белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының жетпіс процентіне дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз процентіне дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
3. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ауытқу шегін сақтамауы, -
лауазымды тұлғаларға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 188-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
188-1-бап. Арнайы валюта режимін бұзу
Арнайы валюта режимін:
валюталық операцияны жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы рұқсатын алу талабын орындамау;
резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабын орындамау;
шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану;
валюталық операцияларды жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды орындамау;
Қазақстан Республикасының Президенті енгізген өзге де уақытша валюталық шектеулерді сақтамау бөлігінде бұзу, -
жеке және заңды тұлғаларға арнайы валюта режимін бұза отырып жүргізген операция сомасының жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 189-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
189-бап. 2007.27.07. № 314- III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен ( бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 190-бап жаңа редакцияда
190-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану
1. Инсайдерлердің бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалану, инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға заңсыз беру, үшінші тұлғаларға бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу туралы инсайдерлік ақпаратқа негізделген ұсынымдарды немесе ұсыныстарды беру жөніндегі іс-әрекеті, сондай-ақ эмитенттерге инсайдерлер деп танылған заңды тұлғалардың осы эмитенттерге қатысты ақпаратты беруі жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындамауы, егер осы іc-әрекеттер ірі залал келтірмеген болса, -
жеке тұлғаға - екі жүз, лауазымды адамға - төрт жүз, заңды тұлғаға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Эмитенттердің эмитент туралы және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратқа билік етуді және пайдалануды бақылауды жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы -
лауазымды адамға - төрт жүз, заңды тұлғаға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 191-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 191-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 191-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
191-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды беру мерзiмiн бұзу
Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды беру мерзiмiн бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы -
эмитентке елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 192-бап өзгертілді
192-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы
Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiне жарнаманы жариялау кезiнде дұрыс емес мәлiметтер табыс ету және тарату жолымен жасалған бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы, -
жарнама берушiге жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара) Заңдарымен 193-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 193-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 193-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
193-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға есептемені, ақпаратты, мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға есептемені, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты уақтылы бермеуі немесе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін мәліметтері жоқ есептемені, ақпаратты беруі не анық емес есептемені немесе мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектiлерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың және (немесе) өтеудің қорытындылары туралы есепті бекіту, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін ақпаратты беруі -
лауазымды адамдарға - жүз, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар нарығы субъектiсiнiң қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға бағалы қағаздармен операциялар туралы көрiнеу жалған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ мәлiметтердi ұсынуы -
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара) Заңдарымен 194-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 194-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
194-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар құқықтарының бұзылуы
1. Акционерлердің акционерлiк қоғам iстерiн басқару құқықтарының, табыс бөлiгiн бөлу (дивидендтер төлеу) тәртiбiнің, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу, қоғамның қызметi туралы ақпарат алу құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу -
лауазымды адамға - екі жүз, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Облигациялар бойынша сыйақылар төлеудің және (немесе) оларды өтеудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу -
лауазымды адамға - екі жүз, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Бағалы қағаздар эмитентінің өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алу тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда бұзуы, сондай-ақ өздері орналастырған бағалы қағаздарды сатып алуды Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда жүзеге асырмауы -
лауазымды адамға - екі жүз, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 194-1-баппен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 194-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
194-1-бап. Акцияларды сатып алу тәртiбiн бұзу
Акцияларды сатып алудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн бұзу, оның iшiнде акцияларды сатып алу кезiндегi олардың құнын айқындаудың қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бекiткен әдiстемесi болмаған кезде акционерлiк қоғамның орналастырылған акцияларын осы қоғамның сатып алуы -
лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 195-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 195-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
195-бап. Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу тәртібін, сондай-ақ мәмілелер жасасу шарттарын бұзу
Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн, сондай-ақ мәмілелер жасасудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарын бұзу -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 195-1-баппен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 195-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
195-1-бап. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасу
Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiмен мәмiлелер жасасу, -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 196-бап өзгертілді; ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 196-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 196-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
196-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар бойынша құқықтарды есепке алу және растау тәртiбiн бұзу
1. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы, сол сияқты бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн бұзуы, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамға - екi жүз, заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесін немесе номиналды ұстау жүйесiн құрайтын құжаттар мен мәліметтерді бағалы қағаздар рыногының басқа кәсiби қатысушысына беру тәртібі мен шарттарын бұзуы -
лауазымды адамға - үш жүз, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 196-1-баппен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 196-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
196-1-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың шарттары мен тәртiбiн бұзуы
1. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттары мен тәртiбiн, оның ішінде қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитенттің, осы баптың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, облигациялар шығару проспектісінде белгіленген облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдалану шарттары мен тәртібін бұзуы -
лауазымды адамдарға - үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Эмитенттің бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттары мен тәртiбiн бұзуы -
заңды тұлғаларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақша сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 197-бап өзгертілді
197-бап. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 197-1-баппен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 197-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
197-1-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының олардың қызметiне қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзуы
Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының олардың қызметiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп) бұзуы -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
198-бап. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 199-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 199-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
199-бап. Бағалы қағаздар эмитентінің өз қызметі туралы ақпаратты ашудың тәртібі мен шарттарына қойылатын талаптарды орындамауы
Бағалы қағаздар эмитентінің өз қызметі туралы ақпаратты ашудың Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) қор биржасының ішкі қағидаларында белгіленген тәртібі мен шарттарына қойылатын талаптарды орындамауы, сондай-ақ эмитенттің өз қызметі туралы толық емес немесе дәйексіз ақпаратты ұсынуы -
лауазымды адамдарға - екі жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 200-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
200-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпаратты ашу жөніндегі мiндеттi бұзу
Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен және жағдайларда ақпаратты ашу жөніндегі мiндеттi орындамауы, -
лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 13.03.03 ж. № 394-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 201-бап өзгертілді; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 201-бап жаңа редакцияда (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
201-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұзуы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының кастодиан-банктермен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiбiн iрi залал келтiрмей бұзуы -
лауазымды адамдарға - екi жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 201-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 201-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
201-1-бап. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу
1. Инвестициялық қордың компаниясын басқаратын акционерлiк инвестициялық қордың өзiнiң қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртiбiн бұзуы -
лауазымды адамдарға - екi жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Инвестициялық қордың компаниясын басқаратын акционерлiк инвестициялық қордың дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы -
лауазымды адамдарға - екi жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 202-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
202-бап. Бағалы қағаздар туралы ақпаратқа құқықтарды бұзу
Бағалы қағаздар туралы коммерциялық құпия болып табылмайтын ақпаратты жасыру, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң оны алуына кедергi келтiру, егер бұл әрекет iрi залал келтiруге әкеп соқпаса, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 203-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
203-бап. Төлемдер жүргiзу бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген шектеулердi бұзу
Заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша басқа заңды тұлғаның пайдасына бір мың айлық есептiк көрсеткiштен астам сомада қолма-қол тәртiппен төлемдi жүзеге асыруы, -
төлемдi жүзеге асырушы заңды тұлғаға төлем сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 204-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 204-бап өзгертілді
204-бап. Мемлекеттік мекеменiң және оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi қабылдау жөніндегі заңсыз әрекеттерi
1. Мемлекеттік мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңдарда белгiленген тiркеусіз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан тыс қабылдау жөніндегі, мемлекеттік мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен мазмұн 204-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
204-1-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу
1. Тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы -
айлық есептік көрсеткіштің бір жүз отыздан бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауар биржасының сауда қызметін және биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес өзге де қызметті жүзеге асыруы -
айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз сексеннен бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу -