Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден және салық рәсімдерін оңайлату
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5; 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж. № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат, № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2007 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 21 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 209-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацында «декларацияда» деген сөзден кейін «, есепте» деген сөзбен толықтырылсын;
ескерту мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі мақсаттар үшін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің үстеп есептелген сомасы да қосылған құн салығының есепке жатқызылған сомасын өсіріп көрсетуді білдіреді.».
2. 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11; 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат, № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; №5-6, 37, 40-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2007 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 21 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «уәкілетті мемлекеттік орган», «Уәкілетті мемлекеттік орган», «уәкілетті мемлекеттік органмен», «уәкілетті мемлекеттік органның», «уәкілетті мемлекеттік органымен», «уәкілетті мемлекеттік органға», «Уәкілетті мемлекеттік органға», «Уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «Уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», «уәкілетті органның», «уәкілетті органымен», «уәкілетті органға», «Уәкілетті органға», «Уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-баптың 31) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«31) уәкілетті орган - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
3) 15-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық органдарына уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық салық бөлімшелері, сондай-ақ уәкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда осы аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкін.»;
5 және 6-тармақтар алып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
15-1-бап. Уәкілетті органның функциясы
Уәкілетті орган:
1) салық салу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2) осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) салық органдарына басшылықты жүзеге асырады;
4) өзінің құрамына кіретін ведомствоның құзыретін айқындайды;
5) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық бақылауын жүзеге асырады;
6) белгіленген тәртіппен салық төлеушілердің, салық салынатын объектілердің және салық салынуға байланысты объектілердің есебін, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және төленген есебін жүргізеді;
7) салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық есептелуіне және уақтылы төленуіне, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталуына және жинақтаушы зейнетақы қорларына уақтылы аударылуына салық бақылауын жүзеге асырады;
8) мемлекет меншігіне алынған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтауға, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті органға толық және уақтылы берілуіне, сондай-ақ оны өткізген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуіне бақылауды жүзеге асырады.»;
5) 16-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «әзірлеуге» деген сөз «өз құзыреті шегінде әзірлеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 49-баптың бірінші абзацында «қолдануға құқылы» деген сөздер «қолданады» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 50-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде «өндіріп алуға құқылы» деген сөздер «өндіріп алады» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 52-баптың 1-тармағында:
«өндіріп алуға құқылы» деген сөздер «өндіріп алады» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 53-баптың 1-тармағында:
«жүргізуге құқылы» деген сөз «жүргізеді» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 55-бапта «жүгінуге құқылы» деген сөздер «жүгінеді» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 56-баптың 1-тармағында «қолдануға құқылы» деген сөздер «қолданады» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 339-баптың 10-тармағы алып тасталсын;
13) 451-баптың 3-тармағындағы және 466-баптың 7-тармағындағы «облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттеріне» деген сөздер «уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық салық бөлімшелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 520-1-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
15) 524-баптың 9-тармағы алып тасталсын.
3. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган», «кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның», «Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган», «кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен», «кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға», «кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органды» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «уәкілетті органның», «уәкілетті органмен», «уәкілетті органға», «уәкілетті органды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 1-тармағы:
10) тармақша «сондай-ақ» деген сөзден кейін «тауарлар туралы мәліметтерді, оның ішінде» деген сөздермен толықтырылсын.
14) тармақшада «санитарлық» деген сөз «санитарлық-эпидемиологиялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
27) тармақша «сақтау бойынша» деген сөздерден кейін «, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«44) уәкілетті орган — кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
3) 14-бап алып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
17-1-бап. Уәкілетті органның функциялары
Уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын жүргізеді;
2) осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;
4) оның құрамына кіретін ведомствоның өкілеттігін айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлейді және жасайды;
6) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін лицензиялау мен бақылауды жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға шешімдер, рұқсаттар беру туралы шешім қабылдайды;
8) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;
10) осы Кодексте белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық және өзге де қызметтің қатысушыларын кеден ісі саласындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы тұрақты негізде уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.»;
5) 26-баптың 2-тармағында «тұратын» деген сөзден кейін «, оның ішінде тәуекелдерді бағалауға және басқаруға қатысты және сол кезде пайдаланылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 37-баптың 3 және 4-тармақтарында «орама», «орамасы» деген сөздерден кейін «және (немесе) ыдыс», «және (немесе) ыдысы» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 46-баптың мәтіні «кеден органы», «Кеден органының», «Кеден органдарының», «кеден органдары» деген сөздердің алдынан тиісінше «бақылау өткізу пункттері мен мамандандырылған кеден мекемелерінен басқа,» «Бақылау өткізу пункттері мен мамандандырылған кеден мекемелерінен басқа,» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 47-баптың 1-тармағында «Кеден бекеттері» деген сөздер «Мамандандырылған кеден мекемелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 63-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) меншігінде осы Кодекстің 81-бабында белгіленген талаптарға сәйкес жабдықталған көлік құралдары болуға;»;
4) тармақшадағы «етуге тиіс.» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) әрбір көлік құралында оның орнын сигнал беру арқылы анықтауға мүмкіндік беретін техникалық жабдық болуға тиіс»;
10) 64-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы бапта белгіленген өтініште және құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгерген және (немесе) толықтырылған жағдайда, кеден тасымалдаушысы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тиісті өзгерістер туралы уәкілетті органға хабарлайды.»;
11) 76-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ «аталған адамдар» деген сөздердің алдынан «Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтетін жерде» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 82-баптың 2-тармағының екінші сөйлемінде «Тауарларды қайта» деген сөздер «Тауарларды жеткізудің технологиялық процесі жүру жолында тауарларды түсірместен көлік түрін өзгертуді көздейтін жағдайларды қоспағанда, тауарларды қайта» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 84-баптың 3-тармағы «төлеу бойынша» деген сөздерден кейін «, осы баптың 2-тармағын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 86-бапта:
1-тармақта «көлік құралының келгендігі» деген сөздерден кейін «межелі кеден органында» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу туралы хабарламаны кеден органы жеткізуді бақылау құжаттары мен көлік, сондай-ақ коммерциялық құжаттарды растау немесе олардың электрондық форматын электрондық цифрлық қолтаңбамен тіркеу жолымен жүзеге асырады.»;
15) 87-бапта «айналдырылғанға дейін» деген сөздерден кейін «, не тауар мен көлік құралы кеден ісі саласындағы қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заттай дәлелдеме болып табылған жағдайда,» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 88-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында «жайластырылған бөлігі» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мамандандырылған көлік-экспедиция ұйымдары тасымалдайтын экспресс-жүктерді сұрыптауға және өңдеуге арналған үй-жайлар» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 89-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тауардың сипатына қарай қажетті тиеу-түсіру техникасымен және таразы жабдығымен қамтамасыз етілуге тиіс;»;
4-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кеден төлемдері мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету;»;
18) 90-баптың 2-тармағындағы:
бірінші бөлік «өкілеттіктері бар тұлға» деген сөздерден кейін «немесе тауарды сақтауға қабылдаған уақытша сақтау қоймасының өкілі» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте «орналастырылса» деген сөз «мәлімделсе» деген сөзбен ауыстырылсын;
19) 91-баптың 1-тармағында «екі айдан» деген сөздер «қысқаша декларация тіркелген күннен бастап қоса алғанда, күнтізбелік алпыс күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 93-баптың 2-тармағы «сақтау қоймаларында» деген сөздерден кейін «немесе осы Кодекстің 43-тарауына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың төленуі қамтамасыз етілген жағдайда көлік құралында» деген сөздермен толықтырылсын;
21) 104-бапта:
5) тармақшада «санитарлық» деген сөз «санитарлық-эпидемиологиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «болуға тиіс.» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлардың автоматтандырылған есепке алынуын жүргізу үшін осы Кодекстің 424-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен үйлесімді бағдарламалық өнімдерді орнату және міндетті түрде пайдалану үшін компьютерлік құрал-жабдық болуға тиіс.»;
22) 106-баптың 3-тармағындағы «өзге кедендік режимдермен орналастырылуы мүмкін» деген сөздер «кеден органының қызмет аймағындағы өзге уақытша сақтау орындарына орналастырылуға не тиісті кедендік режиммен орналастырылуға тиіс.» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 110-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тауар және көлік құралы кеден ісі саласындағы қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылған жағдайда, уақытша сақтау қоймасындағы жүкті ұстауды, есепке қоюды, орналастыруды жүзеге асырған орган қойманың иесімен шарт жасасады.»;
24) 125-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 39-тарауында әкелінетін тауарлар үшін белгіленген тәртіппен айқындалады.»;
25) 128-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте тауардың кедендік құны кеден қоймасының кедендік режимімен орналастырған кезде мәлімделгеннен төмен болмауы тиіс.»;
26) 130-баптың 1-тармағының 7) тармақшадағы «болуға тиіс.» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлардың автоматтандырылған есепке алынуын жүргізу үшін осы Кодекстің 424-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен үйлесімді бағдарламалық өнімдерді орнату және міндетті түрде пайдалану үшін компьютерлік құрал-жабдық болуға тиіс.»;
27) 142-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 39-тарауында әкелінетін тауарлар үшін белгіленген тәртіппен айқындалады.»;
28) 143-бапта:
1-тармақ «дүкенінде сату» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «өткізу пункттерінде» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ халықаралық тасымалдауды орындайтын әуе және теңіз кемелерінің бортында» деген сөздермен толықтырылсын;
29) 157-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шарттардың (келісімшарттардың) және олардың негізінде тауардың өңдеуі жүргізілетін басқа да құжаттардың күні мен нөмірі, өңдеудің өндірістік процесінің мерзімі;»
30) 160-баптың 1-тармағында «дәлелді сұратуы бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен» деген сөздер «жазбаша өтініші бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 162-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте тауарды қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құны қайта өңдеу үшін әкелінген тауардың құны ретінде айқындалады.»;
32) 172-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте тауарды қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құны қайта өңдеу үшін әкелінген тауардың құны ретінде айқындалады.»;
33) 174-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер тауарлар сатып алу-сату шарты бойынша әкетілсе;»;
34) 190-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі аяқталғанға дейін жер қойнауын пайдаланушы уақытша әкелінген тауарды басқа тұлғаға пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруге не иеліктен шығаруға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы берілген және (немесе) әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен жер қойнауын пайдалану құқығы ауысқан жағдайда жол беріледі.»;
35) 192-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлікте «дәлелді» деген сөз «жазбаша» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Кеден органының уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы шешімі декларантқа жазбаша нысанда беріледі, шешімнің екінші данасы кедендік жүк декларациясымен бірге кеден органында сақталады.
Тауарларды уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы өтініш берген кезде декларант кедендік тексеріп қарау үшін кеден органына осы тауарларды, ал тауарлар кедендік ресімдеуді жүзеге асырған кеден органының қызмет аймағынан тыс жерде болған жағдайда, өздері тұрған қызмет аймағында тауарлардың бар-жоғы және өзгеріссіз қалыпта тұрғандығы туралы кеден органының қорытындысын ұсынуға міндетті.»;
36) 194-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте кеден қоймасы режимін аяқтау және тауарларды уақытша әкелу мерзімін жаңарту үшін пайдаланылмаған мерзімге жаңа кедендік жүк декларациясы ресімделеді.»;
37) 210-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1 Тауарлардың кері экспорты кезінде алдыңғы кедендік режиммен орналастырылған күнгі кедендік құн қолданылады.»;
38) 211-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «тауарларды» деген сөздің алдынан «егер келісімшарттың талаптарында басқа мерзім көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
39) 223-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте тауарлардың кедендік құны тиісті кедендік режиммен орналастыру кезінде кедендік құнды айқындау ерекшеліктеріне сәйкес белгіленеді.»;
40) 240-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«240-бап. Еркін қоймалардағы тауарлармен жүргізілетін операциялар
1. Еркін қоймаларда қайта өңдеуге арналған тауарлар үшін қайта өңдеу жөніндегі:
әкелінген тауарлардың негізгі сипаттамалары сақталатын монтаждауды, жинауды және шақтауды қоса алғанда, басқа тауарды дайындау (өңдеу), бірдейлендіру қайта өңдеудің міндетті шарты болып табылатын жағдайда, әкелінген тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендіруге мүмкіндік беретін сипаттамалар сақтала отырып, бұл ретте шетелдік тауарлар жеке сипатын жоғалтатын тауардың өзін қайта өңдеу; оларды қалпына келтіруді қоса алғанда, оларды жөндеу, қайта өңдеу процесінде тауарларды толық немесе ішінара тұтына отырып, қайта өңдеу өнімдері өндірісін жеңілдетуге арналған кейбір тауарларды пайдалану операцияларын жасауға жол беріледі.
2. Олардың көмегімен тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарлар үшін технологиялық жабдық және оған қосалқы бөлшектер ретінде тиеу-түсіру техникасын, еркін қоймада пайдаланылатын өзге де техникалық құралдарды пайдалануға жол беріледі.
3. Қайта өңдеу өнімдері үшін тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі:
тауарлар партияларын бөлшектеу, жөнелтімдерді түзу, сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, жеткізе жинақтаумен немесе жұмыс жағдайына келтірумен байланысты қарапайым операциялар, тиімді орналастыру мақсатында қойма шегінде тауарлардың орнын ауыстыру, тауарларды көрсету стендтеріне орналастыру, тестілеу операцияларын жасауға жол беріледі.
4. Қайта өңдеуге арналған тауарлар және қайта өңдеу өнімдері үшін бұл тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі:
тазалау, желдету, кептіру (оның ішінде жылу ағынын келтірумен), сақтаудың қолайлы температуралық режимін жасау (суыту, мұздату, жылыту), қорғайтын орамаға орналастыру, қорғаныш майын және консерванттар жағу, коррозиядан қорғайтын жабынды жасау, сақтандырғыш заттарды енгізу операцияларын жасауға жол беріледі.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген еркін қоймаға орналастырылған тауарлармен операциялар кеден органына хабарлана отырып жүргізіледі және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодын өзгертпеуге тиіс.»;
41) 245-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте қайта өңделген тауарлардың кедендік құны қайта өңдеу үшін әкелінген тауардың құны ретінде айқындалады.»;
42) 246-баптың 1-тармағы 5) тармақшадағы «тиіс.» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлардың автоматтандырылған есепке алынуын жүргізу үшін осы Кодекстің 424-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен үйлесімді бағдарламалық өнімдерді орнату және міндетті түрде пайдалану үшін компьютерлік құрал-жабдық болуға;»;
7) өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық нормаларға сәйкес келуге тиіс.»;
43) 248-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) қызмет аймағында еркін қойма құрылатын кеден органының ол қойманың біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытындысы.»;
44) 268-баптың 3-тармағы «уақытша әкелінген» деген сөздерден кейін «және уақытша әкетілген» деген сөздермен толықтырылсын;
45) мынадай мазмұндағы 269-1, 269-2, 269-3-баптармен толықтырылсын:
«269-1-бап. Декларациялаудың конклюденттік нысаны кезінде өткізу пункттерін жайластыруға қатысты жалпы ережелер
1. Өткізу пункттерінде декларациялаудың конклюденттік нысанын қолдану мақсаты үшін «жасыл және қызыл дәліздер» жүйесін қолдану үшін орындар жайластырылады.
2. «Жасыл және қызыл дәліздер» жүйесін қолдану Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғаның декларациялау нысанын және кедендік ресімдеу үшін оған сәйкес дәлізді және өзі өткізетін тауарларды кедендік бақылауды дербес таңдауын көздейді.
3. Кәмелетке толмаған адамдар өткізетін тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау үшін декларациялау нысаны мен оған сәйкес дәлізді таңдауды оларды ертіп жүрген адам жүргізеді.
269-2-бап. Халықаралық өткізу пунктінде «жасыл және қызыл дәліздер» жүйесін қолдану
1. «Жасыл дәліз» — Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы халықаралық өткізу пункттері арқылы өтетін және қол жүгінде және алып келе жатқан багажында осы Кодекстің 289-бабына сәйкес міндетті түрде жазбаша декларациялануға жататын тауарлары жоқ жеке тұлғалардың тауарларды жеңілдікпен өткізу тәртібі.
«Жасыл дәлізде» кедендік бақылаудың кейбір нысандарының қолданылмауы адамдардың Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтау міндетінен босатылуын білдірмейді.
2. «Қызыл дәліз» - қол жүгінде және алып келе жатқан багажында осы Кодекстің 265-бабына сәйкес міндетті жазбаша декларациялануға жататын тауарлары бар жеке тұлғаларға қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік бақылау нысандарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы халықаралық өткізу пункттері арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды кедендік бақылау тәртібі.