Активтердің басқарушысының инвестиция нысанының анықтамалығында баяндалған параметрлер шеңберінде әрекет ететіндігіне қарамастан, ол дәл қазіргі уақытта инвестиция насанының табысына айтарлықтай ықпал ететін инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік береді, бұл уақытта басқа инвесторлардың шеттету құқықтары талдау кезінде аз мөлшердегі салмаққа ие, себебі бұл құқықтар инвесторлардың көп бөлігіне тән. Осы мысалды активтердің басқарушысы оның капиталдағы үлесіне қатысты қордан түсетін табыстың өзгермелілігіне байланысты өз тәуекеліне көп мән береді, бұл борышқорлық құралдарға қатысты тәртіптелген болып есептеледі. Капиталға 35 пайыздық қатысу үлесінің болуы шығындардың тәртіптелген тәуекелін және инвестиция нысанына табыс табу құқығын тудырады, бұлардың көлемінің маңыздылығы сондай, бұл активтердің басқарушысының принципал болып табылатындығы меңзейді. Осылайша, активтерге басшылық етуші өзінің инвестиция нысанына бақылау жүргізетіні туралы қорытынды шығарады. |
16-мысал |
Шешім қабылдайтын тұлға (демеуші) байланыссыз үшінші тұлға болып табылатын инвесторларға қысқа мерзімді борышқорлық құралдар шығаратын көпке бағытталған кондуитке демеушілік етеді. Әлеуетті инвесторларға келісім портфель активтерінің эмитенттерінің ықтимал дефолтымен байланысты рейтингісі жоғары және аз мөлшерлегі несиелік тәуекелді орта мерзімді активтер портфеліне салынатын инвестициялар ретінде ұсынылды. Түрлі цеденттер кондуитке жоғары сапалы орта мерзімдік активтердің портфелін сатады. Әрбір цедент кондуитке сататын активтер портфеліне қызмет көрсетеді, және дефолт орнаған шақта нарықтық гонорар үшін дебиторлық берешекті ұстайды. Сондай-ақ, Әрбір цедент кондуитке тапсырылған активтерді басы артық қамтамасыз ету әдісімен өз портфелінен несиелер бойынша активтерді жоғалтуға қатысты алғашқы шығындардан қорғанысты қамтамасыз етеді. Демеуші кондуит шарттарын бекітеді және нарықтық гонорар үшін кондуит операцияларын басқарады. Гонорар көрсетілген қызметке шамалас келеді. Демеуші кондуитке құралдарды сату құқығы берілген сатушыларды, кондуит сатып алатын активтерді бекітеді, және кондуитті қаржыландыру жөнінен шешім қабылдайды. Демеуші барлық нвесторлардың мүдделерін басшылыққа ала отырып, әрекет жасауы тиіс. |
Демеуші кондуиттың қалдық табысына құқылы, кондуитке несиелік сапаны және өтімділікті қолдау жөнінен қызмет көрсетеді. Шығын цеденттермен өтелгеннен кейін демеуші қамтамасыз ететін несие сапасын қолдау кондуиттің барлық активтерінен 5 пайызға дейін шығынды жояды. Өтімділікті қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету өтелмеген қарызға көрсетілмейді. Инвесторлар шешім қабылдау бойынша демеушінің өкілеттігіне ықпал ете алатындай шынайы құқыққа ие емес. |
Демеуші көрсетілген қызметпен мөлшерлес нарықтық гонорарды өзінің қызметі үшін алатындығына қарамастан, демеуші кондуиттің қалған табысына оның құқығының және несиелік сапа және өтімділікті қолдау жөнінен қызмет көрсетудің нәтижесінде кондуит қызметінен түсетін табыстың өзгермелілігімен байланысты қатерге ұрынады (яғни, орташа мерзімді активтерді қаржыландыру үшін қысқа мерзімді борышқорлық құралдарды пайдалану кезінде кондуит өтімділік қаупіне ұрынады).Цеденттердің әрқайсысының кондуит активінің құнынан әсер ететін шешім қабылдауға құқылы болғанына қарамастан, демеуші шешім қабылдау сұрақтарына еркін әрекет ете алады. Бұл мүмкіндік оған қазіргі уақытта кондуит табысына айтарлықтай ықпал ететін қызметті басқару (яғни, демеуші кондуит шарттарын белгіледі, активтерге қатысты шешім қабылдау құқығына ие сатып алынатын активтерді және осы активтердің цеденттерін бекіту), кондуитті қаржыландыру (ол үшін жаңа инвестицияларға үнемі іздеу салып отыруы керек) мүмкіндігін береді. Кондуиттің қалдық табысына құқығы және несие сапасын және өтімділікті қолдау жұмыстарын атқару демеушіні басқа инвесторлардың тәуекелдерінен өзгешеленетін кондуит қызметінен түсетін табыстың өзгермелілімен байланысты тәуекелге душар етеді. Демек, қатерлі сома демеушінің принципал екендігіне меңзейді, және осылайша, демеуші кондуитке бақылау жүргізетіндігі туралы қорытынды шығарады. Инвесторлардың барлық мүдделерін басшылыққа ала отырып әрекет ету - демеушінің міндеті, ол демеушіні принципал ретінде қарастыруға кедергі келтірмейді. |
Басқа тараптармен қарым-қатынас
B73 Бақылауды бағалай отырып, инвестор басқа тараптармен өзінің қарым-қатынастарының сипатын қарастыруы керек, сонымен қатар, мұндай тараптар инвестордың атынан әрекет жасайтындығы, жасамайтындығы туралы (яғни, бұлар «де-факто» (іс жүзіндегі) агент болып табылатындығын анықтау). Басқа тараптардың іс жүзіндегі агенттер ретінде әрекет жасайтындығын анықтау, қарым-қатынас сипатын есепке алып қана қоймай, сондай-ақ, тараптардың бір бірімен және инвестормен өзара байланысының қалай өрбитіндігі жайды пікір қалыптастыруды талап етеді.
B74 Мұндай қарым-қатынастардың келісімшарт түрінде рәсімделген уағдаластыққа негізделуі міндетті емес. Егер инвестор осындай тарапқа инвестордың атынан әрекет етуге рұқсат беретін мүмкіндікке ие болса, немесе осындай мүмкіндікке инвестордың қызметін басқаратын тұлға ие болса, онда тарап іс жүзіндегі агент болып табылады. Мұндай жағдайларда инвестор инвестиция нысанына жүргізілетін бақылауды бағалай отырып, өзінің іс жүзіндегі агенттерінің шешімдерін қабылдау бойынша құқықтарын, сондай-ақ, өзгермелі табысқа байланысты өзінің жанама қатерлерін, немесе өзінің меншік тәуекелдері мен құқықтарымен бірлесіп, іс жүзіндегі агент арқылы осындай табысқа қол жеткізу құқықтарын қарастыруы керек.
B75 Төменде тараптардың инвестормен қарым-қатынастарының сипаты олардың инвестор үшін іс жүзіндегі агенттер ретінде әрекет жасауы мүмкіндігін білдіредтін басқа тараптардың мысалдары келтірілген:
(a) инвестордың байланысқан тараптары.
(b) инвестордан инвестиция нысанына қатысу үлесін жарна немесе қарыз түрінде алған тарап.
(c) алдын ала инвестордың рұқсатынсыз инвестиция нысанында өзінің қатысу үлесін сатпауға, тапсырмауға, және салмақ салмауға келіскен тарап (инвестор және басқа тарап алдын ала мақұлдау құқығына ие болған және өзара келісімді жүзеге асырғысы келетін тәуелсіз тараптардың арасында келісілген шарттарға негізделген жағдайды есептемегенде).
(d) өзінің операцияларын инвестордың тәртіптелмеген қаржылық қолдауынсыз қаржыландыра алмайтын тарап.
(e) инвестиция нысаны, басқару органының көптеген мүшелерінің немесе мұның басты басқарушылық персоналы басқару органы және инвестордың басты басқарушылық персоналы сияқты тұлғалармен ұсынылған.
(f) мысалы, қызметпен кәсіби қамтамасыз етуші мен оның негізгі клинттерінің бірімен арасындағы қарым-қатынас сияқты, инвестормен тығыз іскерлік қарым-қатынастағы тарап.
Белгіленген активтерге бақылау
B76 Инвестор шартты дербес кәсіпорын сияқты инвестицияның қандай бір бөлігін бағалайтындығы туралы, егер солай болағанда шартты дербес кәсіпорынға бақылау жасай алады ма деген мәселені қарастыруы тиіс.
B77 Инвестор инвестиция нысанының бөлігін шартты дербес кәсіпорын сияқты егер, төменде баяндалған шарттардың барлығы орындалғанда ғана қарастыруы тиіс:
Инвестициялар нысанының белгіленген активтері (және несиелік сапаны ілеспелі қолдау, егер ол болған жағдайда) инвестициялар нысанының белгіленген активтерінің немесе инвестициялар нысанындағы белгіленген басқа да мүдделердің есебінен төлемдердің жалғыз көзі болып табылады. Белгіленген міндеттемелері жоқ тараптар белгіленген активтермен немесе мұндай активтерден түсетін ақша қаражаттарының қалдық ағындарымен байланысты құқықтары немесе міндеттемелері болмайды. Мәні бойынша белгіленген активтерден түскен кіріс инвестициялар нысанының қалған бөлігін пайдалана алмайды және шартты дербес кәсіпорынның міндеттемелерінің ешқайсысы инвестициялар нысанының қалған бөлігінің активтерінен төлемге жатпайды. Осылайша, шартты дербес кәсіпорынның барлық активтері, міндеттемелері мен капиталы жалпы алғанда инвестициялар нысанынан қорғалған. Мұндай шартты дербес кәсіпорынды көбінде «бункер» деп атайды.
B78 Егер В77 тармағында баяндалған шарт орындалатын болса, шартты дербес кәсіпорынның кірісіне елеулі әсер ететін қызметті және де мұндай инвестициялар нысанына қатысты оның қандай өкілеттілігі бар- жоғын бағалау үшін мұндай қызметті басқару қалай жүргізіледідегенді сәйкестендіруі тиіс. Инвестор шартты дербес кәсіпорынға бақылауы барын бағалай отырып, сонымен қатар, мұндай шратты дербес кәсіпорыындағы қатысудан түскен ауыспалы кіріспен байланысты тәуекелдерге ұшырамайды ма немесе мұндай кірісті алуға оның құқығы бар ма, сондай-ақ инвестор кірісінің шамасына әсер ету мақсатында инвестициялар нысанының бөлігіне қатысты өзінің өкілеттілігін қолдану мүмкіндігін қарастыруы тиіс.
B79 Егер инвестордың шартты дербес кәсіпорынға бақылау ие болатын болса, инвестор инвестициялар нысанының тиісті бөлігін шоғырландыруы тиіс. Мұндай жағдайда басқа тараптар бақылаудың барын бағалай отырып, инвестициялар нысанының мұндай бөлігін, ал шоғырландыру кезінде - инвестициялар нысанын істен шығарады.
Үздіксіз бағалау
B80 Инвестор егер қандай да бір фактілер мен міндеттемелер бақылаудың 7-тармақта көрсетілген үш элементінің бір немесе бірнеше өзгерістердің барын көрсетсе,онда инвестициялар нысанына бақылауы барын қайта бағалауды жүргізуі тиіс.
B81 Инвестор инвестициялар нысанына қатысты өзінің өкілеттілігін қалайша жүргізе алатындығы уралы өзгерістер бар болатын болса, онда мұдай өзгеріс инвестициялар нысанына қатысты инвестор өзінің өкілеттілігін қалай бағалайтындығы туралы өзгерістерден көрініс табуы қажет. Мысалы шешім қабылдау бойынша құқықтардағы өзгерістер елеулі қызметке бақылау жасау бұдан кейін дауыс беру құқығының көмегімен жүргізілмейді, ал оның орнына келісімшарттар сияқты басқа келісімдер басқа тарапқа немесе тараптарға осы уақыт аралығында елеулі қызметті басқару мүмкіндігін ұсынатынын білдіруі мүмкін.
B82 Инвестордың инвестициялар нысанына қатысты өкілеттілігін сатып алуы немесе жоғалтуы инвестордың өзі қатыспайтын қандай да бір оқиға нәтижесінде туындауы мүмкін. Мысалы, инвестор инвестициялар нысанына қатысты инвесторға бұрынғы уақытта инвестициялар нысанына бақылау жасауға өкілеттілікке ие болуы мүмкін, себебі, кедергі болған қандай да бір басқа тараптың құқық әрекетінің мерзімі аяқталды.
B83 Инвестор, сонымен қатар инвестициялар нысанындағы қатысудан түскен ауыспалы кіріспен байланысты оның тәуекелдеріне әсер етуші өзгерістерді немесе мұндай кірісті алуға құқығын қарастырады. Мысалы, инвестициялар нысанына қатысты өкілеттіліктерге ие болатын инвестор инвестициялар нысанына бақылау жасауды жоғалтуы мүмкін, егер инвестор кіріс алуға құқығын жоғалтатын немесе міндеттемелері жоқ болса, мұндай жағдайда инвестор 7 (b) тармағының (мысалы, қызмет нәтижелері негізінде есептелінген гонарар алу туралы келісімшарт бұзылғанда) шарттарын қанағаттандырмайды.
B84 Инвестор агентке немесе принципиалға қандай деңгейде әрекет ететініне қатысты оның бағасы өзгерді ме дегенді қарастыруы тиіс. Инвесторлар мен басқа тараптар арасындағы белгіленген өзгерістеринвестордың агент ретінде және керісінше бұрын әрекет етсе де оның агент ретінде әрекет етпейтіндігін білдіруі мүмін. Мысалы, инвестордың немесе басқа тараптардың құқықтарында қандай да бір өзгерістер болса, инвестор өзінің принципиал немесе агентінің статусын қайта қарастыруы тиіс.
B85 Нарықтық жағдайлардағы өзгерістер (мысалы, нарықтық жағдайлардан туындаған инвестициялар нысанының кірістеріндегі өзгерістер)егер тек нарықтық жағдайлар өзгерісі 7-тармақта көрсетілген бақылау элементінің үш түрінің бірінің немесе бірнешеуінің өзгеруіне немесе жалпы алғанда принципиал мен агент арасындағы қатынастырдың өзгеруіне әкелмейтін болса ғана бақылау жасау құқығының және оның агент немесе принципиал ретіндегі статуысың барына инвестордың бағалау өздігінен алғанда өзгерістерге әкелмейді.
Ұйымның инвестициялық ұйым екендігін анықтау |
B85A Кәсіпорын мақсаты мен әрлемін, деректер мен жағдайларды қоса бағалап, кәсіпорынның инвестициялық екендігін анықтау қажет. Кәсіпорын 27-тармақта анықталған инвестициялық кәсіпорынның анықтамасының үш элементіне ие болса, инвестициялық кәсіпорын болып есептеледі. B85B-B85M тармақтары элементтерді жетік суреттейді.
Бизнес мақсат
B85B Инвестициялық кәсіпорынның анықтамасы, кәсіпорынның мақсаты тек капитал өсімі, инвестициядан түсетін табыс(дивиденд, пайыздық табыс немесе жалгерліктен түсетін табыс сияқты) болуын немесе екеуін де талап етеді.Кәсіпорынның ұсыныс меморандумы, жарияланымдар сияқты кәсіпорын немесе басқа корпорация тарататын кәсіпорынның инвестициялық мақсатын көрсететін құжаттар - кәсіпорынның бизнес мақсатынынң дәлелі болып табылады.Жаңа дәлелдер кәсіпорынды басқа тараптарға көрсету әдісі болуы мүмкін(әлеуетті инвесторлар немесе әлеуетті инвестициялау объектілері сияқты); мысалы, кәсіпорын өзінің бизнесін капитал өсімі үшін орташа мерзімдегі инвестицияларды қамтамасыз ету негізінде ұсынуы мүмкін.Керісінше, инвестициялау объектісімен қоса нарықта өнім өндіру немесе шығару мақсаты бар кәсіпорынның инвестициялық кәсіпорынмен мақсаты қарама-қарсы келеді, себебі, кәсіпорын пайданы дамуынан, өндірістен, маркетингтік қызметтен немесе инветициядан алады(B85I тармағын қараңыз).
B85C Инвестициялық кәсіпорын инвестициямен байланысты қызметтерді(инвестициялық кеңес беру, инвестициялық менеджмент, инвестициялық қызмет пен әкімшілік қызмет) тікелей немесе еншілес компаниясы арқылы үшінші тарапқа, және инвесторларына бұл операциялар кәсіпорынға қатысты маңызды болса да ұсынады.
B85D Инвестициялық кәсіпорын сонымен қоса инвестициямен байланысты операцияларға егер осы операциялар инвестициялардың өтелімділігін инвестициялау объектілері арқылы жоғарылату мақсатында(капитал өсімі мен инвестициялық түсім) жасалса, және жеке маңызды қызметі немесе қосымша табысымен байланысты болмаса,тікелей, еншілес компания арқылы қатыса алады:
(а) басқарушылық қызмет көрсету және инвестициялау объектісіне стратегиялық кеңес беру; және
(b) инвестициялау объектісіне несие, инвестициялық міндеттеме немесе кепілдік сияқты экономикалық қолдау көрсету.
B85E Егер инвестицилық кәсіпорынның инвестициямен байланысты B85C-B85D тармақтарында суреттелген кәсіпорынға немесе басқа тараптарға операция немесе қызмет көрсететін еншілес компаниясы болса, 32-ші тармаққа сәйкес еншілес компанияны шоғырландыру қажет.
Шығу стратегиялары
B85F Кәсіпорынның инвестициялық жоспары оның бизес мақсатының дәлелі болып табылады. Инвестициялық кәсіпорынды басқа кәсіпорындардан ажырататын бір ерекшелігі - инвестициялық кәсіпорын өзінің инвестицияларын белгісіз уақыт аралығында ұстаудан гөрі, шектелген уақыт аралығында ұстайды. Акцияларға инвестициялау мен активтердің материалдық емес инвестицияларының белгісіз уақыт аралығында жүргізілу әлеуеті болғандықтан, инвестициялық кәсіпорын барлық шығу стратегияларын құжаттау қажет: кәсіпорын акцияларға және активтердің материалдық емес инвестицияларынан капитал өсімін қалай алатынын. Инвестициялық кәсіпорынның белгісіз уақыт аралығында жүргізілу әлеуеті бар кез келген борышқорлық құралдар үшін, мысалы мерзімсіз борышқорлық инвестициялар, шығу стратегиясы болу қажет. Кәсіпорын әрбір жеке инвестиция үшін шығу стратегиясын құжаттамау қажет, бірақ инвестициялардың түрлі типтері мен портфельдері үшін тәуелсіз уақыт мерзімін қоса, инвестициялаудан шығу үшін әлеуетті стратегиялары болу керек. мысалы, келісімшарттың талаптарын бұзу немесе орындамаумен байланысты жасырынды оқиғаларға қатысты шығу механизмдері бұл бағамда шығу стратегиялары болып саналмайды.
B85G Шығу стратегиялары инвестициялардың түрлеріне байланысты өзгереді. Меншікті үлестік құнды қағаздарға салынған инвестициялар үшін мысалдар алғашқы жария ұсыныс, жеке орналастыру, бизнесті саудаға салу, меншікті инвестициялау объектілерінде үлестерді тарату(инвесторларға) және активтерді сату(инвестициялау объектісінің ликвидациялануымен жалғасатын инвестициялау объектісінің активтерін сату). Ашық нарықта сатылатын акцияларға инвестициялаудың шығу стратегиясының мысалы жеке орналастыру немесе ашық нарықта сату болып табылады. Жылжымайтын мүлік инвестициялары үшін шығу стратегиясының мысалы, жылжымайтын мүлікті арнйы дилер немесе ашық нарық арқылы сату болып табылады.
B85H Инвестициялық кәсіпорынның заңдық, реттеуші, салықтық немесе ұқсас бизнес мақсаттары үшін құрылған ксіпорындарға салынған инвестициялары болуы мүмкін. Бұл ретте инвестициялау объектісінде тиімді шығу тратегиясы болған жағдайда, инвестордың арнйы шығу стратегиясының болуы қажет емес.
Инвестициялаудан түсетін табыс
B85I Егер кәсіпорын немесе оның мүшесі инвестициялаудан капитал өсімі мен инвестициялаудан түсетін табыстанбасқа, инвестициялау объектілерімен байланысты емес, өзге мүшелер иелене алмайтын артықшылықтары болса,кәсіпорын тікелей капитал өсімі мен инвестициялаудан түсетін табыс үшін ғана инвестицияламайды. Осындай артықшылықтарға:
(а) инвестициялау объектісінің активтерін, технологиясын, үрдісін сатып алу, айырбастау немесе қолдану жатады. Бұл инвестициялау объектісінің активтерін, технологияны, өнім немесе қызметті алуғапропорционалды емес немесе артықшылықты құқығы бар кәсіпорынды немесе оның мүшесін қосушы еді; мысалы, активтен түсетін пайда жоғары деп саналса, инвестициялау объектісінің активтерін сатып алу опционын ұстау;
(b) кәсіпорын немесе басқа топ мүшесі мен инвестициялау объектісі арасындағы өнім мен қызметті нарықта ұсыну, өндіру немесе жетілдіру мақсатындағы біріккен немесе басқа шаралар(11-ші ХҚЕС-те анықталғандай);
(с) инвестициялау объектісі ұсынған кәсіпорын немесе немесе тротың басқа мүшесінің орнын алу шараларына кепілдік болатын қаржылық кепілдік немесе немесе актив(дегенмен, инвестициялық кәсіпорынға инвестицияларды берешектің кепілдігі ретінде қолдануына болады);
(d) кәсіпорынның инвестициялау объектісінің үлесін кәсіпорыннан немесе топтың басқа мүшесінен сатып алынатын кәсіпорынға қатысты опцион;
(е) B85J тармағында суреттелгеннен басқа, кәсіпорын немесе топтың басқа мүшесі мен инвестициялау объектісінің арасында келесі операциялар болады:
(і) кәсіпорын, топтың басқа мүшесі мен инвестициялау объектісімен байланысты емес ұйымдарға оңтайлы емес шарттарда;
(іі) әділ құнмен бағаланбайды; немесе
(ііі) инвестициялау объектісінің маңызды бөлігін немесе кәсіпорынның іскерлік белсенділігін көрсететін, топтың басқа кәсіпорындарының шаруышылық қызметін қосқанда.
B85J Инвестициялық кәсіпорынның сол салада, нарықта немесе географиялық сегментте капитал өсімі мен инвестициялық түсімді жоғарылататынбіріккен қызметтен артықшылық алу мақсатында бірден аса инвестициялау объектісіне инвестициялау стратегиясы болады. B85I(e) тармағына қарамастан, инвестициялау объектілері бір-бірімен саудаға түсуіне байланысты кәсіпорын инвестициялық кәсіпорын болып сыныпталудан босамайды.
Әділ құнды бағалау
B85K Инвестициялық кәсіпорынды анықтаудың маңызды элементі - оның инвестицияларының барлығының өлшенуі мен бағалануы әділ құн негізінде жүргізіледі. Себебі, әділ құнды қолдану, мысалы, еншілес компанияларды шоғырландыру мен үлестік қатысу әдісін қолданғанумен салыстырған да сәйкес ақпарат береді. Элементтің инвестициялық кәсіпорынның анықтамасы екендігін анықтау үшін инвестициялық кәсіпорын:
(а) ҚХЕС-на сәйкес әділ құн сұрастырылса немесе рұқсат етілсе, кәсіпорын қаржы есептілігінде инвестордарға әділ құн туралы ақпаратты береді және барлық инвестицияларын әділ құнмен өлшейді; және
(b) әділ құн туралы ақпаратты өлшеудің негізгі принципі ретінде инвестициялардың жүзеге асырылуын бағалау және инвестициялық шешім қабылдау үшін кәсіпорынның негізгі басқарушы қызмет құрамына(24-ші ХҚЕС(IAS) анықталғандай) хабарлайды.
B85L B85K(a) тармағындағы талаптарды орындау үшін, кәсіпорын:
(а) 40-шы ХҚЕС-і Инвестициялық жылжымайтын мүліктегі әділ құн моделін пайдаланып, кез келген инвестициялық жылжымайтын мүлікті таңдап есепке алады;
(b) 28-ші ХҚЕС(IAS) қауымдастықтар мен біріккен кәсіпорындарға инвестициялау үшін үлестік қатысу әдісін қолданудан босату; және
(с) 9-шы ХҚЕС-і талаптарды орындай отырып, қаржы активтерін әділ құнмен есептеу.
B85M Инвестициялық кәсіпорынның басты кеңсе меншігі және онымен байланысты құралдар, сонымен қатар қаржы міндеттемелері сияқты кейбір инвестициялық емес активтері болуы мүмкін. 27 (c) тармағындағы инвестициялық кәсіпорынның анықтамасының әділ құнын өлшеу элементі инвестициялық ұйымның инвестициясына жатады. Сәйкесінще, инвестициялық кәсіпорын өзінің инвестициялық емес активтері мен міндеттемелерін әділ құнмен өлшей алмайды.
Инвестициялық ұйымның типтік ерекшеліктері
B85N Инвестициялық ұйымның анықтамасын анықтау кезінде, кәсіпорын оның типтік ерекшеліктерін көрсететінін немесе көрсетпейтінін қарастыру қажет(28 тармақты қараңыз).
Бірден көп инвестиция
B85O Инвестициялық ұйым тәуекелді әртараптандыру және табысты жоғарылату үшін, әдетте, бірнеше инвестиция ұстайды. Кәсіпорын инвестиция портфелін тікелей немесе жанама түрде ұстай алады, мысалы, басқа кәсіпорында бірнеше инвестициясы бар кәсіпорында бір инвестиция ұстау.
B85P Кәсіпорын тек бір инвестиция ұстайтын уақыт болады. Дегенмен, бір инвестиция ұстау кәсіпорынның инвестициялық ұйым болып анықталуына кедергі жасамайды. Мысалы, инвестициялық кәсіпорын келесі жағдайда тек бір инвестиция ұстай алады:
(a) бастапқы кезеңде орналасқан және тиісті инвестицияларды таңдамады, сондықтан, бірнеше инвестиция алу алатын инвестициялық жоспарды орындамады;
(b) арылған инвестициялардың орнын басу үшін басқа инвестицияларды жасамады;
(c) дара инвесторларға жеке инвестицияға инвестициялау оңтайлы болмағанда(мысалы, талап етілетін ең төменгі инвестициялау деңгейі дара инвестор үшін өте жоғары болып саналғанда), инвесторлардың қорларын біріктіру қарастыралады; және
(d) ликвидациялау үрдісінде болғанда.
Бірден көп инвестор
B85Q Әдетте, инвестициялық ұйымның бұрын болмаған инвестициялық басқару қызметіне және инвестициялық мүмкіндіктерге қол жеткізу мақсатында қорларды біріктіру нәтижесінде бірнеше инвесторы болады. Бірнеше инвестордың болуы кәсіпорын немесе оның басқа мүшелері капитал өсімі мен инвестициядан түсетін табыстан басқа артықшылықтарға ие болу ықтималдығын төмендетеді(B85I тармақты қараңыз).