10-шы Халықаралық ҚаржылықЕсептілігінің Стандарты (IFRS 10)
«Шоғырландырылған Қаржылық Есептілігі»
1 Бұл стандарттың мақсаты кәсіпорын бір немесе бірнеше басқадай кәсіпорынды бақылаған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну ұстанымдарын анықтау болып табылады.
Мақсаттың жетістігі
2 1-тармақта баяндалған мақсаттарға қол жеткізу үшін осы стандарт:
(а) бір немесе бірнеше басқа кәсіпорынды (еншілес кәсіпорынды) бақылайтын кәсіпорын (бас кәсіпорын) шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынуы үшін талап етеді;
(b) бақылау қағидасына түсінік береді және шоғырландыру үшін ретінде бақылауды анықтайды.
(с) инвестор инвестиция нысанын бақылайтындығын немесе бақыламайтындығын анықтау үшін бақылау қағидасын қалай қолдануын және сәйкесінше инвестор инвестициялар нысанын шоғырландыруы керек пе дегенді көрсетеді;
(d) шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау мақсатында бухгалтерлік есепке қойылатын талаптарды анықтайды; және
(е) Инвестициялық кәсіпорын мен инвестициялық кәсіпорынның еншілес компанияларының шоғырландыру артықшылықтарын анықтайды.
3 Бұл стандарт бизнестің бірігуі кезінде туындайтын гудвилді қоса алғанда бизнестің бірігуі бухгалтерлік есепке қойылатын талаптарды және олардың шоғырлануға әсерін қарастырмайды. (3 «Бизнестің бірігуі» ХҚЕС (IFRS) қараңыз).
4 Бас кәсіпорын біріккен қаржылық есепті ұсынуға тиісті. Қазіргі стандарт төменгі жазылған жағдайда барлық кәсіпорындарға таратылады.
(а) бас кәсіпорын біріккен қаржылық есеп беруді ұсынуға тиісті емес, егер де ол келесі барлық жағдайда қанағаттандыратын болса;
(i) бас кәсіпорын өзі еншісіне алған кәсіпорын бола тұра басқа кәсіпорынның толық және жеке меншігінде орналасса оның басқа меншіктері басқа жағдайда дауыс құқығы болмауын қоса есепке ала отырып бас кәсіпорын біріккен қаржылық есепті ұсынбайды,бұған қарсы емес;
(ii) бас кәсіпорынның қарыздық және үлестік құралдары ашық нарыққа шығарылмайды (жергілікті аумақтық нарықты қоса ішкі және сыртқы қор биржасына немесе биржадан тыс нарықта);
(iii) бас кәсіпорын ашық нарықта кез-келген сападағы құралдарын шығару мақсатына бағалы қағаздар комиссиясы және де басқа реттеуші органдарға өзінің біріккен қаржылық есебін ұсынбаған және ұсынбайды; және
(iv) бас кәсіпорын көрсеткен соңғы немесе кез-келген аралық бас кәсіпорын ХҚЕС сәйкес дайындалған ашық қолдану үшін қол жетімді шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынатын.
(b) «Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» ХҚЕС (IAS) 19 қатынасында қолданылатын жұмысшыларға еңбек қызметі аяқталуы бойынша сыйақы немесе басқа да ұзақ мерзімді сыйақы жоспары.
(с) Осы ҚХЕС-тің 31-тармағына сәйкес барлық еншілес компанияларды пайда мен залал арқылы әділ құнмен өлшеуталап етілсе, инвестициялық кәсіпорын шоғырландырылған қаржылық есептілігін ұсынбауы қажет.
5 Инвестор қандай бір кәсіпорынның қатысу сипатына байланысты инвестиция нысанында бақылау орната алатынын бағалап, ол бас кәсіпорын бола алатындығын анықтайды.
6 Инвестор инвестиция нысанына қатысуынан кіріс өзгеруімен байланысты шығынға ұшырағанда немесе ондай кірісті алуға құқығы болса, сондай- ақ инвестициялар нысанына қатынастыықпал өзінің билігін жүзеге асырумен кіріске иелік ету мүмкіндігі болса ғана инвестиция нысанын бақылауға ие бола алады.
7 Осылайша келесі жағдайда инвестор инвестиция нысанын бақылайды, егер инвестор:
(а) инвестиция нысанына қатысты өклеттілікке ие болады (10- 14 тармақтарды қараңыз);
(b) инвестиция нысанына қатысудан түскен ауыспалы кіріспен байланысты тәуекелге ұшырайды немесе мұндай кірісті алуға құқығы болады (15 және 16 - тармақтарды қараңыз); және
(с) инвестордың кіріс мөлшеріне ықпал ету мақсатында инвестиция нысанына қатынасты өзінің өкілеттігін қолдану мүмкіндігі бар ( 17 және 18 -тармақтарды қараңыз).
8 Инвестор оның инвестиция нысанын бақылауға ие ма жоқпа дегенді бақылап,барлық жағдайлар мен фактлерді қарауға тиісті. Инвестор 7-бөлімде көрсетілген бір бақылаудың үш элементінің немесе бірнеше фактілер мен жағдайлар өзгерісін көрсеткенде, инвестиция нысанын бақылауды игергенін қайта бағалауы керек ( В80 -В85 тармақтар).
9 Егер де басшылықтың маңызды қызметіне олардың біріккен іс әрекеті керек болса, инвестиция нысаны екі немесе одан да көп инвесторлардың біріккен бақылауында орналасады. Ондай жағдайда инвесторлардың біреуі инвестиция нысанын жеке бақылаумен айналыспайды, сондықтан да инвесторлардың біреуі де басқа инвесторлардың қатысынсыз қызметті басқара алмайды. Әрбір инвестор тиісті ХҚЕС қарастырылған ХҚЕС (IAS) 28 «Қауымдасқан ұйымдарға және бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестициялар» және (IFRS) 11 «Бірлескен қызмет»немесе ХҚЕС (IFRS) 9 «Қаржы құралдары» сияқты ХҚЕС сәйкес өзінің инвестициялар нысанына қатысу үлесін есепте көрсетеді.
Өкілеттік
10 Егер де инвестор қазіргі уақытта маңызды қызметін басқару мүмкіндігін «(IFRS) 11 де инвестиция «Бірлескен қызмет», ХҚЕС (IAS) 28 «Қауымдасқан ұйымдарға және бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестициялар», немесе ХҚЕС (IFRS) 9 Қаржы құралдары құқығына ие болса инвестиция нысанында өкілеттілігін жүргізе алады,инвестициялар нысанына қатынасты кіріске маңызды ықпал етеді.
11 Өкілеттік құқық нәтижесі болып табылады. Кейбір жағдайда өкілеттілікті бағалау қиындық туғызбайды, мысалы өкілеттік инвестициялар нысанына қатынастытура дауыс құқығының нәтижесі және акция сияқты дауыс құқығы ұсынылған үлестік құралдар немесе акция пакетімент байланысты дауыс беру құқығының қарауымен өндірілген болуы мүмкін. Басқа жағдайларда егер де өкілеттік бір немесе бірнеше келісімшарттың нәтижесі болып табылса, бірнеше факторларды қарастыру талап етіледі, бағалау қиындау болады.
12 Қазіргі уақытта елеулі қызметті басқару мүмкіндігі бар инвестор, егер басқару құқығы әлі жүзеге асырылмаған болса да өкілеттіліктерге ие болады. Инвестордың маңызды қызметті басқаруының дәлелдемесі инвестордың өкілеттілікке ие ме жоқ па дегенді анықтау мүмкіндігін көрсетеді, алайда ондай дәлелдеме инвестордың инвестиция нысанына өкілеттікке ие ме дегенді анықтау кезінде өздігінен шешуші фактор болып табылады.
13 Екі немесе одан да көп инвестор әртүрлі елеулі қызметтің түрлерін бір жақтық тәртіпте басқаруға мүмкіндік беретін қолданыстағы құқықтарға ие болған жағдайда, инвестициялар нысанының кірісіне ең елеулі әсер еткен қызметті басқару мүмкіндігі бар инвестор инвестициялар нысанына қатысты өкілеттілікке ие болады.
14 Инвестор егер де басқа кәсіпорын оларға маңызды қызметті басқаруға мүмкіндік беретін құқығы болса, мысалы басқа кәсіпорын маңызды ықпалын тигізсе, инвестиция нысанына қатысты өкілеттілікке ие болады. Алайда инвестициялар нысанына қатысты тек қана қорғау құқықтары бар (В26 -В28 тармақтарын қараңыз), бірақ өкілеттілігі жоқ инвестор және сәйкесінше мұндай инвестор инвестициялар нысанын бақыламайды.
Кіріс
15 Инвестор инвестиция нысанына қатысуынан кіріс өзгерісімен байланысты шығынға ұшыраса немесе ондай кірісті алуға құқығы болса, егер инвестор инвестиция нысанына қатысуынан тапқан кірісі инвестиция нысаны қызмет көрсеткішіне байланысты түрленуі мүмкін. Инвестордың кірісі тек қана жарамды, тек қана жарамсыз болуы немесе жарамды және жарамсыз болуы мүмкін.
16 Осыған қарамастан тек қана бір инвестор инвестиция нысанын бақылауы, инвестиция нысаны кірісіне бірнеше тарап қатысуы мүмкін. Мысалы бақыланбайтын үлестерді иеленушілер инвестициялар нысанының бөлінуіне немесе пайдасына қатыса алады.
Өкілеттілік пен кірістің арақатынасы
17 Инвестор инвестициялар нысанына қатынасты тек қана өкілеттілікке ие болмай инвестиция нысанына қатысуына байланысты кіріс өзгерісіне байланысты шығынға ұшыраса немесе сондай кірісті алуға құқылы болса, сондай-ақ инвестиция нысанына қатысуынан инвестордың кірісіне ықпал көрсету мақсатымен өзінің өкілеттігін көрсету мүмкіндігіне ие болса, инвестиция нысанын бақылауға ие бола алады.
18 Сонымен шешім қабылдауға құқығы бар инвестор принципал немесе агент болып табылатынын анықтауы керек. В58- В72 тармақтарына сәйкес агент болып табылатын инвестор оған шешім қабылдау құқығын бере отырып, инвестициялар нысанын бақыламайды.
Есеп жүргізуге қойылатын талап
19 Бас кәсіпорын ұқсас жағдайларда ұқсас оперциялар мен басқа да оқиғаларға арналған бірыңғай есеп саясатын пайдалана отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілігін дайындауы тиіс.
20 Инвестиция нысанын шоғырландыру инвестор инвестиция нысанын бақылауға алған сәттен басталады және инвестор инвестиция нысанын бақылауды тоқтатқан кезден аяқталады.
21 В86-В93 тармақтары шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындауға арналған нұсқаулықтан тұрады.
Бақыланбайтын үлестер
22 Бас кәсіпорын меншігінің капиталынан басқа басқа жеке капитал құрамындағы қаржылық жағдай туралы шоғырландырылмаған есебіндегі бақыланбайтын үлестерді ұсынуы тиіс.
23 Бас кәсіпорынға еншілес кәсіпорын үстінен жүргізетін бақылауды жоғалтуға әкелмейтін еншілес кәсіпорындардағы бас кәсіпорынның қатысу үлесіндегі өзгерістер капиталы бар операция ретінде есептеледі (яғни, осы сапада қолданылатын меншік иелерімен жүргізілетін операция).
24 В94-В96 тармақтары шоғырландырылған қаржылық еспке алуға арналған нұсқаулықтан тұрады.
Бақылауды жоғалту
25 Егер де бас кәсіпорын еншілес кәсіпорынды бақылауын жоғалтқан жағдайда бас кәсіпорын:
(а) қаржылық жағдайы туралы шоғырландырылған есептегі бұрынғы еншілес кәсіпорынның активтері мен міндеттемелерін тануды тоқтатады
(b) ХҚЕС сәйкес анықталған тәртіпте бұрынғы еншілес кәсіпорынға немесе оның пайдасына тиіселі, сондай-ақ кез-келген бағалар сондай-ақ инвестиция есебіне бақылаудың шығындану уақыты және ақыры тойтарыс береді, бұрынғы еншілес кәсіпорында қалған кез-келген инвестицияның әділ бағасы тануын тоқтатады. Көрсетілген әділ құн ХҚЕС (IFRS) 9 сәйкес қаржылық активті алғашқы тану кезіндегі әділ құн сияқты немесе қажеттілігіне орай алғашқы тану кезіндегі қауымдасқан кәсіпорындардағы немесе бірлескен кәсіпорындардағы инвестициялардың өзіндік құны сияқты бағаланады.
(с) бұрынғы бақылау пакетіне жататын бақылауды жоғалтуға байланысты пайда мен шығынды таниды.
26 В97 -В99 тармақтар бақылауды жоғалтудың есебі бойынша нұсқаулықтан тұрады.
Ұйымның инвестициялық ұйым екендігін анықтау |
27 Бас компания бұл инвестициялық ұйым екендігін анықтауы қажет. Инвестициялық ұйым:
(а) бір немесе бірнеше инвестордан оларды инвестициялық басқару қызметімен қамтамасыз ететін қаржыландыру қорын алады;
(b) инвестор(-лар)ғаолардың бизнес мақсаты инвестициялық табыс, капитал өсімшесінің табысы үшін ғана қорды инвестициялайтынын хабарлайды;
(с) инвестициялардың барлық жүзеге асырылу нәтижесін әділ құн негізінде өлшейді және бағалайды.
28 Бағалау кезінде 27-ші тармақта көрсетілген анықтамаға анықтау үшін, кәсіпорын инвестициялық ұйымның келесі қасиеттерін қарастыру қажет:
(а) бірден көп инвестция бар(B85O-B85P тармақтарын қараңыз);
(b) бірден аса инвесторлары бар(B85Q-B85S тармақтарын қараңыз);
(с) ұйыммен байланысты емес инвесторлары бар(B85T-B85U тармақтарын қараңыз); және
(d) оның меншікті капиталдық үлес немесе ұқсас пайыздағы үлесі бар(B85V-B85W тармақтарын қараңыз).
Көрсетілеген ерекшеліктердің біреуінің сәйкес келмеуі кәсіпорынды инвестициялық кәсіпорын болып сыныпталудын болдырмайды. Кәсіпорынға осы ерекшеліктердің барлығы тән болмаса, 12-ХҚЕС-ң 9A тармағына сәйкес Басқа кәсіпорындардағы қатысулар туралы ақпараттарды ашып көрсетуталаптары бойынша қосымша ақпарат ұсынады.
29 Егер 27-ші тармақта көрсетілгендей, деректер мен жағдайлар инвестициялық кәсіпорынның анықтамасын құраған бір немесе үштен көпэлемент өзгерісін анықтаса, немесе 28-ші тармақта көрсетілгендей, инвестициялық кәсіпорынның ерекшеліктері өзгерсе, бас компания инвестициялық ұйымды қайта бағалауы қажет.
30 Инвестициялық қызметті тоқтататын немесе инвестциялық компанияға айналатын ұйым, өзгерістер орын алған күннен бастап мәртебедегі өзгерістерді есепке ал қажет(B100-B101 тармақтарын қараңыз).
Инвестициялық ұйым: шоғырландырудағы ерекшеліктер |
31 32-ші тармақты ескермегенде, басқа ұйымның бақылауына өткенде, инвестициялық кәсіпорын еншілес компанияларын шоғырландырмайды және 3-ші ХҚЕС-ті қолданбайды. Оның орнына, инвестициялық кәсіпорын еншілес компаниядағы инвестицияларын пайда мен залал арқылы әділ құнда 9-шы ХҚЕС-ке[1] сәйкес өлшеуі қажет.
32. 31-ші тармақтағы талаптарға қарамастан, егер инвестициялық кәсіпорынның инвестициялық қызметпен байланысты қызмет көрсететін еншілес компаниясы болса, осы еншілес компанияны осы ХҚЕС-тің 19-26 тармақтарына сәйкес шоғырландыру қажет және 3-ші ҚХЕС-ң талаптарын ұқсас еншілес компанияларға қолдану қажет.
33 Бас компания өзінің бақылауындағы, еншілес инвестициялық компаниялар арқылы басқаратын компаниялардың барлығын шоғырландыру қажет, бас компанияның өзі инвестициялық ұйым болмаса да.
А қосымшасы
Терминдердің анықтамасы
Аталған қосымша осы стандарттың маңызды бөлігі болып табылады.
Шоғырландырылған қаржы есептілігі | Бас кәсіпорын мен оның еншілес кәсіпорнының активтері, міндеттемелері, капиталы, кірісі, шығысы мен ақша ағындары бірыңғай эконмикалық қызмет субьектісінің активтері, міндеттемелері, капиталы, кірісі, шығысы мен ақша ағымдары сияқты ұсынылған топтардың қаржылық есептілігі. |
Инвестициялар нысанына бақылау | Инвестор инвестициялар нысанынбақылау жасау өкілеттілігі бар немесе инвестор инвестициялар нысанына қатысудан түскен ауыспалы кіріске байланысты тәуекелге ұшыраса немесе мұндай кірісті алуға құқығы болса сонымен қатар, инвестициялар нысанына қатысты өз өкілеттілігін жүзеге асыру көмегімен кіріске әсер ету мүмкіндігі. |
Шешім қабылдайтын тұлға | Басқа тараптар үшін агент немесе приципалдар болып табылатын шешім қабылдау құқығы бар кәсіпорын, |
Топ Инвестициялық ұйым | Бас кәсіпорын және оның еншілес кәсіпорны Келесілерді орындайтын ұйым: (а) бір немесе бірнеше инвестордан оларды инвестициялық басқару қызметімен қамтамасыз ететін қаржыландыру қорын алады; (b) инвестор(-лар)ғаолардың бизнес мақсаты инвестициялық табыс, капитал өсімшесінің табысы үшін ғана қорды инвестициялайтынын хабарлайды; (с) инвестициялардың барлық жүзеге асырылу нәтижесін әділ құн негізінде өлшейді және бағалайды. |
Бақыланбайтын үлестер | Бас кәсіпорын тура немесе жанама иелене алмайтын еншілес кәсіпорындағы капитал |
Бас кәсіпорын | Бір немесе біршеше кәсіпорынды бақылайтын кәсіпорын |
Өкілеттілік | Қазіргі уақытта елеулі қызметті басқарудың мүмкіндігін ұсынатын қолданыстағы құқықтар |
Қорғану құқығы | Мұндай құқықтармен байланысты кәсіпорындарға қатысты мұндай тарапқа өкілеттіліксіз, көрсетілген құқтары бар тараптардың қатысу үлесін қорғау мақсатынан тұратын құқықтар. |
Елеулі қызмет | Бұл стандарт мәтініндегі елеулі қызмет бұл - инвестициялар нысанының кірісіне елеулі ықпал ететін инвестициялар нысанының қызметі. |
Шеттеу құқығы | Шешім қабылдайтын тұлғаны оның шешім қабылдау бойынша өкілеттілігінен босату құқығы. |
Еншілес кәсіпорын | Басқа кәсіпорынның бақылауындағы кәсіпорын |
11 ХҚЕС (IFRS), 12 ХҚЕС (IFRS) «Басқа кәсіпорындардағы қатысулар туралы ақпараттарды ашып көрсету»терминдерде көрсетілген, ХҚЕС (IAS) 28 ( 2011 жылғы есеппен түзету) немесе 24 ХҚЕС (IAS) «Байланысты тараптар туралы ақпарттарды ашып көрсету». Осы терминдер ХҚЕС-да баяндалған мағынада осы стандартта қолданылады:
• қауымдасқан кәсіпорын
• басқа кәсіпорындарға қатысу
• бірлескен кәсіпорын
• негізгі басқарушы қызметкер
• байланысты тарап
• елеулі әсер.
В қосымшасы
Қолдану бойынша нұсқаулық
Осы қосымша бұл стандарттың маңызды бөлігі болып табылады. Қосымша 1- 26 тармақтарының қолданылуын және бұл стандарттың басқа бөлігімен тең мәнде қолданылады.
B1 Қосымшада ұсынылған мысалдар болжамдық жағдайларды сипаттайды. Төменде ұсынылған кейбір аспектілерге қарамастан, нақты жағдайда ескерілуі мүмкін10 ХҚЕС (IFRS) қолдану кезінде әрбір нақты жағдайлардың барлық фактілері мен міндеттемелерін бағалау қажет.
B2 Инвестор инвестиция нысанын бақылау жасауды анықтау үшін, инвестор төмендегілерді бағалауы керек:
(a) ол инвестициялар нысанына қатынасты өкілдікке ие ме;
(b) инвестиция нысанына қатысуынан кіріс өзгеруіне байланысты шығынға ұшырады ма немесе сондай кірісті алуға құқығы бар ма; және
(c) инвестордың кіріс көлеміне ықпал көрсету мақсатымен инвестициялар нысанына қатынастыөз өкілеттілігін қолдану мүмкіндігіне ие ме.
B3 Бақылау фактісін белгілеу кезінде келесі факторлар қарауға пайдалы болуы мүмкін:
(a) инвестиция нысаны мақсаты және құрылымы ( B5-B8 тармақтарды қараңыз);
(b) қандай қызмет маңызды болып табылса,сондай қызметке қатысты шешім қабылданады ( B11-B13 тармақтарын қараңыз);
(c) инвестор қазіргі уақыттағы маңызды қызметті басқаратын мүмкіндігі, инвестордың құқығын ұсына алама ( B14-B54 тармақтарды қараңыз);
(d) инвестиция нысанына қатысуынан кіріс өзгеруіне байланысты шығынға ұшырадыма,немесе сондай кірісті алуға құқығы барма ( B55-B57 тармақтарды қараңыз);
(e) инвестордың кіріс көлеміне ықпал көрсету мақсатымен инвестициялар нысанына қатынасты өз өкілеттілігін қолдану мүмкіндігіне ие ме (В58- В72 тармақтарды қараңыз).
B4 Инвестор инвестиция нысанын бақылауды бағалай отырып, басқа тараптармен өз қатынасының сипатын қарауы керек (В73 - В75 тармақтары қараңыз).
Инвестиция нысанының мақсаты және құрылымы
B5 Инвестор инвестиция нысанын бақылауды бағалай отырып, қандай қызмет маңызды,маңызды қызметке қатысты шешімді қалай қабылдау, сондай қызметті басқаруға ағымды мүмкіндікке кім ие, және сондай қызметтен кірісті кім алатынын анықтап, инвестиция нысанының құрылымы мен мақсатын қарауы керек.
B6 Инвестиция нысанының құрылымының жәнемақсатының қортындысын инвестиция нысанын бақылау пропорционалдық дауыс құқығын ұстаушы үлестік құралдармен жүзеге асатын кәдімгі акциялар анықтауға болады.Мұндай жағдайда қосымша келісімнің жоқтығынан инвестиция нысанының операциялық және қаржылық саясатты анықтау үшін қандай көлемде дауыс құқығы жүзеге асуы мүмкін, қандай жақтың бақылау бағасы шешім қабылдау үдерісінде өзгері енгізеді. (В34 -В50 тармақтарын қара) Инвестор ең қарапайым жағдайда,инвестиция нысанын бақылауға ие басқа факторлардың жоқтығы кезінде дауы сқұқығының бақылау пакетінің ұстаушысы болып табылады.
B7 Инвестор инвестиция нысанын қиындау жағдайда бақылауға иелігінайқындау үшін, факторлардан бірнешеуі қаралуы талап етілуі мүмкін В3 тармағындағы сөйлемде немесе барлық сондай факторлар.
B8 Инвестиция нысанын бақылаушы дауыс құқығының басым факторы болып табылмаса,егер де дауыс құқығы әкімшілік тапсырмамен тығыз байланыста болса, басшылық маңызды қызметті келісім түрінде рәсімдеп, келісімшарт негізінде жүзеге асырады. Мұндай жағдайда инвестиция нысанының құрылымы мен мақсаты қортындысы инвестиция нысанын ұйымдастыру кезінде жоспарланған шығындарды қарауды қоса, инвестиция нысанына қатысушы жақтарға беру үшін жоспарланған шығындар, сондай -ақ инвестор немесе басқалары шығынға ұшырайма жоқпа қару керек. Шығындарды қару тек акция курстарының төмендеуі емес жоғарлауында енгізіледі.