Қорғау құқықтары
B26 Инвесторға өкілеттілік беру құқығын бағалауда инвестор өз құқығы, сондай-ақ өзге де жақтардың құқықтары қорғау құқықтары бола алуын бағалауы керек. Қорғау құқықтары инвестиция нысаны әрекетіне түбегейлі өзгеріс енгізумен байланысты немесе төтенше жағдайларда қабылданады. Бірақ, төтенше жағдайларда қабылданған барлық құқықтар немесе сол немесе басқа да жағдайларға тәуелді құқықтар қорғау құқықтары болып табылмайды (В13 және В53 тармақтарын қараңыз).
B27 Мынандай құқықтармен байланысты жағдайда, яғни тек қорғау құқықтарына ие инвестор басқа жақтың инвестиция нысанына қатысты өкілетілігіне кедергі келтірмесе немесе өкілеттілікті игере алмаса, қорғау құқықтары субъектіге инвестиция нысанына өкілеттілік бермей оның мүддесін қорғау үшін тағайындалады (14-тармақты қараңыз).
B28 Қорғау құқықтарының мысалдары ретінде атауға болады:
(a) қарыз алушының несиелік тәуекел етуі несие берушіге зиянын тигізетіндей өзгеріс әкелетіндей болса қарыз алушының әрекетіне несие берушінің шектеу қою құқығы.
(b) инвестиция нысанында үлесі бақыланбайтын ұстаушылар болып табылатын жақтардың құқықтары - күнделікті шаруашылық әрекетінде қажетті шығынның үстіне капиталды шығынды жарату немесе үлестік шығарымды не қарызға алынған құралдарды жарату.
(с) қарыз алушы несие төлеу шарттарын орындай алмаса қарыз алушының активтерін арестке алу - несие берушінің құқығы
Франчайзинг
B29 Франчайзинг туралы келісім бойынша инвестиция нысаны франшизаалушы болып табылады, көбінее франшизаберушіге франшиза брендін қорғайтын құқықтар ұсынылады. Франчайзинг туралы келісім франшизо берушіге франшизо алушының операциялары шешімдерін қабылдауда арнайы құқық ұсынатын ережелері бола алады.
B30 Негізінде франшизаберуші құқығы франшизаберуші саналмайтын жақтарға франшизаалушының табысына айтарлықтай әсер ететін шешім қабылдауда мүмкіндіктерін шектемейді. Сонымен қатар, франшизо беруші құқығы франчайзинг туралы келісімінде қарастырылғандай франшизаберушіге сол кезеңде франшизаалушының табысына айтарлықтай әсер ететін шешім қабылдауда басқару мүмкіндігін бермейді.
B31 Франшизаалушының табысына айтарлықтай әсер ететін шешім қабылдау мен франшиза брендін қорғауға бағытталған шешімдерді қабылдауды айыра білу қажет. Франшизаберуші франшизаалушымен қарым-қатынаста егер басқа жақтар франшизаалушының басқару мүмкіндігін бере алатын сәйкес құқықтарға иеболса, өкілеттілік ете алмайды.
B32 Франчайзинг туралы келісімге келе отырып, франшизо беруші біржақты тәртіпте франчайзинг туралы келісімдегі шарттарға сай тек өзінің қаржысымен жеке кәсібін дамытуда шешім қабылдай алады.
B33 Мұндай принципті шешімдер үстінен бақылау франшизаберушінің ұйымдастырылған-құқықты формасы және қаржыландыру құрылымы ретінде франшиза беруші емес жақтармен жүзеге асып, франшизаалушының табысына айтарлықтай әсер етеді. Франшизаберушінің қаржылық демеушілігінің деңгейі, франшизаалушының да франшизаалушымен байланыстағы ауыспалы сипаттағы табысқа франшизаберушінің тәуекелдігі қанша төмен болған сайын, франшизаберуші тек қорғау құқығына ие болады деген соншалықты сенім бар.
Дауыс беру құқығы
B34 Көбінесе дауыс беру көмегі арқылы немесе сәйкес құқықтар арқылы инвестордың басқару әрекетіне мүмкіндігі бар. Егер инвестиция нысанын дауыс беру құқығы арқылы басқару мүмкіндігін іске асырылса, инвесторға берілген тармақтарды (В35-В50 тармақтары) қарау талап етіледі.
Бақылау пакетінің дауыс беру құқығы жағдайындағы өкілеттілігі
B35 Инвестор инвестиция нысанында дауыс беру құқығының жартысынан басым бөлігіне ие болса, өкілеттілік егер B36 немесе B37 пунктері қабылданбаса, мыналарды реттейді:
(a) бақылау пакетінің дауыс беру құқығын ұстаушының дауысы арқылы әрекет ете алатын басқаруды жүзеге асырады, немесе
(b) басқару органында әрекет ете алатын басқаруды жүзеге асыратын мүшелерінің басым бөлігі бақылау пакетінің дауыс беру құқығын ұстаушының дауысы арқылы тағайындалады.
Өкілеттілік болмаған кездегі бақылау пакетінің дауыс беру құқығы
B36 Инвестор инвестиция нысанында дауыс беру құқығының жартысынан басым бөлігіне ие инвестор инвестиция нысаны қарым-қатынасында өкілеттілікке ие болуы үшін B22-B25 пунктерімен сәйкес келуі керек және көбінесе қаржыландыру саясаты мен әрекет ету принциптерін бекіту арқылы осы уақыт аралығындаинвесторға әрекет ете алатын басқаруға мүмкіндік беруі керек. Егер қандай да бір кәсіпорын осы кәсіпорынға әрекет ете алатын басқару мүмкіндігін беретін құқыққа ие болып және инвестордың агенті болмайтын жағдайда инвестордың инвестиция нысанына өкілеттілік ету құқығы болмайды.
B37 Егер дауыс беру құқықтары нақтылы болмаса, тіпті инвестор инвестиция нысанынабақылау пакетінің дауыс беру құқығын ұстаушы болса да инвестордың инвестиция нысанына өкілеттілігі жоқ. Мысалы, егер әрекет ете алатын басқаруды сот, мұрагерлік әкімшілігімен, конкурс массасы басқарушыларымен, ликвидатормен немесе реттеуші органдар арқылы іске асыратын болса инвестор инвестиция нысанында дауыс беру құқығының жартысынан басым бөлігіне ие болса да өкілеттілік ете алмайды.
Бақылаусыз пакеттің дауыс берудегі өкілеттілігі
B38 Инвестор инвестиция нысанынабақылау пакетінің дауыс беру құқығын ұстаушы болмаса да өкілеттілік ете алады. Инвестиция нысанында дауыс беру құқығы пакеті болып табылмайтын дауыс беру құқығы пакеті бар болса да инвестор өкілдік ете алады, мысалы, нәтижесінде:
(a) инвестор мен өзге де дауыс беру құқығын ұстаушылар арасындағы келісімшарт
мәмілесі (В39 пунктін қараңыз);
(b) қарастырылған басқа да келісімшарт мәмілеллеріндегі құқықтар (B40 пунктін қараңыз);
(c) инвестордың дауыс беру құқы (B41-B45); немесе
(d) дауыс берудің потенциалды құқығы (B47-B50); немесе(a) - (d) тармақтарындағы құқықтармен сай келуі.
Өзге де дауыс беру құқығын ұстаушылармен келісімшарт мәмілелері
В39 Инвесторлар мен басқа да дауыс иелері арасындағы келісімшарт инвестордың құзырындағы жеткілікті қолда бар мүлікке дауыстық құқығын жүзеге асыруға,тіпті инвесторда мұндай келісімсіз қолда бар мүлкіне дауыстық құқығыболмаған жағдайда да мүмкіндік береді. Алайда,келісімшарт инвестордың басқа да дауыс иелерінің жеткілікті санын басқара алатындығына кепілдік береді. Олардың қалай дауыс беруі инвесторға сол салаға қатысты маңызды шешім қабылдауына әсер етеді.
Өзге де қарастырылған келісімшарттар құқығы
В40 Дауыс иелеріне қатысты шешім қабылдаудағы өзге де құқықтар сол уақытта,негізгі сәтте инвесторға маңызды қызмет түріне байланысты басқару мүмкіндігін береді. Мысалы, дауыс иелерімен байланысты келісімшартта қарастырылған құқық,инвесторға сол сәтте инвестициялық нысанның өндірілу кезеңінде немесе инвестициялық нысанның табысына маңызды әсер ететін басқа да инвестициялық нысанның операциондық және қаржылық қызмет түріне басқарушылық құзіретін ұсына алады. Бірақ, кез-келген басқа құқықтың болмауы, инвестордан инвестициялық нысанның экономикалық тәуелділігін(мысалы, жеткізуші мен оның негізгі клиенттің арасындағы қатынас) инвестордың құзіретінен инвестициялық нысанның арасындағы қатынасты бөліп қарастырмайды.
Инвестор дауысының құқығы
В41 Бақылаушы пакет дауыс құқығына иелік етпейтін инвестордың толық құқығы бар,егер инвестордың маңызды қызмет түрін біржақты ретте тәжірибелік басқару мүмкіндігі болса;
В42 Инвестордың дауыс құқығы баға беру жағдайында соңғы өкілеттілікті табыстауда жеткілікті ма деген сұрақта инвестор барлық деректер мен жағдайларды қарастырады, оның ішінде:
(а) Инвесторға тиесілі дауыс пакетінің мөлшері өзге де дауыс иелерінің пакеттерінің мөлшері мен бағытталудың кезеңіне қатысты келесідей жағдайларға назар аударады:
(і) инвесторда қаншалықты дауыс құқығы пакеті көп болса, соншалықты онда сол сәтте белгілі қызмет түрін басқару құқығының мүмкіншілігі жоғары;
(іі) өзге де дауыс иелеріне қатысты инвесторға тиесілі дауыс құқығы пакеті көп болса, соншалықты инвестордың сол сәттегі белгілі қызмет түрін басқарудағы құқықтық мүмкіншілігі жоғары;
(ііі) дауыс беру кезінде инвесторды сүріндіру үшін бір-біріне айта отырып әрекет ететін тараптар қаншалықты көп болса, соншалықты инвестордың сол сәттегі белгілі қызмет түрін басқарудағы құқықтық мүмкіншілігі жоғары;
(b) инвестор иелік ететін потенциалды дауыс құқығы, өзге де дауыс иелері және өзге де тараптар (В47-В50 тармақтарын қараңыз);
(с) өзге де келісімшарттармен қарастырылған құқықтар(пунктВ40);
(d) алдындағы акционерлер жиналысындағы дауыстарды реттеу характерін ескере отырып,шешім қабылдау сәтінде инвестордың белгілі қызмет түрін басқару мүмкіндігі барын, не жоғын көрсететін кез-келген қосымша деректер мен жағдайлар.
B43 Елеулі қызметті басқаруға арналған шешім көпшілік дауыс берумен қабылданған жағдайда, дауыс берудің ең көп санын жинаған инвестор иеленуші болып табылады. Басқа кез- келген иеленуші немесе дауыс беру құқығын иеленуші топтардың ұйымдасқан тобы және басқа да пакеттер кең деңгейде таратылса, (42 (а)- (с) тармақтарында көрсетілген фактілерден кейін инвестициялар нысанына қатысты инвестор өкілеттіліктерге ие болуы мүмкін.
Қолдану мысалдары |
4 -мысал Инвестор инвестиция нысаныныңакция дауысының 48 пайызын сатып алады. Қалған дауыс құқығын ұстаушы мың акционерлер болып табылады олардың біреуіде 1 ден төмен дауыс құқығына ие емес. Акционерлердің бірде бірі ұжымдық шешім қабылдау немесе басқа кез-келген акционерлермен кеңесетін келісім шарты жоқ. Инвестор басқа акция пакеттерінің салыстырмалы мөлшерінен қандай акция дауыс үлесін сатып алуды бағалай отырып, оған бақылау қоюға 48 пайызқатысу үлесі жеткілікті деген тұжырымға келді. Мұндай жағдайда басқа акция пакеттерінің мөлшерін салыстырғанда және оның пакет мөлшерінің шартсыздығынан шыға отыра инвестор үлеске қатысу басымдылығы жеткілікті екенін кез-келген дәлелдің болуы туралы сұрақтарды қарау қажеттілігінсіз өкілетіктің болуы өлшемін орындайды. 5-мысал А инвесторға инвестиция нысанының 40 пайыз акция дауысы, ал басқа он екі инвесторларға инвестиция нысанының 5 пайыздан дауыс акциясы тиесілі. Акционерлердің өз ара келісімі инвесторға маңызды қызметті басқаруға жауапкершілік, басшылық мүшелеріне сыйақы тағайындау, қызметінен босату, тағайындау құқығы беріледі. Келісімді өзгерту үшін акционерлер қабылдаған екі,үш дауыстары, шешімі талап етіледі. Мұндай жағдайда инвестор А инвестордың шартсыз пакетінен басқа акция пакеттері салыстырмалы мөлшерінен шыға отырып,оның өкілділігінің үлесі үшін жеткілікті құқыққа ие бола ала ма дегенге қорытынды жасауға болмайды. Бірақ та инвестор А ондағы ескерілген келісіммен қызметінен босату, тағайындау, басшылық мүшелеріне сыйақы тағайындау, ол инвестициялар нысанына қатынасты ие екені жеткілікті деп шешті. Фактісі сол инвестор А өз құқығын сайлау, тағайындау, немесе қызметтен босату құқығын жүзеге асырмайды, инвестор А өкілдікке ие ме, жоқ па бағалау кезінде ескертуге қабылданбайды. |
B44 В басқа жағдайда факторларды қарастырғанда B42(а)-(с) бөлімдегі сөйлемде инвестор өкілдікке ие емес деген тұжырым жеткілікті болуы мүмкін
Қолдану мысалдары |
6-мысал Инвестор A инвестиция нысанының дауыс акцияларының 45 пайызын иеленуші болып табылады. Инвестиция нысанының 26 пайыз акция дауысын әр қайсысы иемденген тағыда екі инвестор бар. Қалған үш акционерге әрқайсысына 1 пайыздан акция дауысы тиесілі. Шешім үдерісін қамсыздандыратын қандай бір басқа келісімшарт жоқ. Мұндай жағдайда инвестор Аға тиесілі акция пакет мөлшерінің нәтижесі,сондай-ақ бұл пакеттің мөлшері басқа инвесторлардың акция пакетіне салыстырғанда инвестор А өкілеттілікке ие емес деген қорытынды шығаруға болады. Инвестиция нысанының маңызды қызметін басқару мүмкіндігінен айыру үшін, басқа екі инвесторға хабарлай отырып іс әрекет жасау жеткілікті. В 45 Алайда, В 42(а)-(с) тармақтарында көрсетілген факторлардың талдауы сенімсіздеу болып шығуы мүмкін. Егер инвестор көрсетілген факторларды қарап шығып, құзіреттілік ете алмайтынына сенімсіз болса, онда ол қосымша деректер мен жағдайларды қарастыруы керек,мысалы: басқа акционерлер белсенді ма, алдындағы акционерлер жиналысындағы дауыстардың үлестірілу сипаты нені куәландырады. Бұл В18 тармағында көрсетілген және В19-В20 тармақтарда суреттелген көрсеткіш факторларын бағалауға мүмкіндік береді. Инвесторға дауыс құқығы қаншалықты аз тиесілі және бір-біріне айта отырып әрекет етіп инвесторға дауыс беру кезінде жеңіліс әкелетін тараптардың саны неғұрлым аз болса, соншалықты көп мөлшері қосымша деректер мен жағдайларға сүйенуі қажет,себебі инвестордың құзіреттілігін бөлу кезіндегі құқығының жеткілікті екенін бағалау үшін. Егер, В18-В20 тармақтарында мазмұндалған деректер мен жағдайлар инвестор құқығымен бірге қарастырылған жағдайда, В18 тармағында сипатталған қолда бар құзырлық дәлелдемесі В19 және В20 тармақтарында сипатталған қолда бар өкілеттілік салдарына қарағанда салмақты болады. |
В45 Алайда, В 42(а)-(с) тармақтарында көрсетілген факторлардың талдауы сенімсіздеу болып шығуы мүмкін. Егер инвестор көрсетілген факторларды қарап шығып, құзіреттілік ете алмайтынына сенімсіз болса, онда ол қосымша деректер мен жағдайларды қарастыруы керек,мысалы: басқа акционерлер белсенді ма, алдындағы акционерлер жиналысындағы дауыстардың үлестірілу характері нені куәландырады?! Бұл В18 тармағында көрсетілген және В19-В20 тармақтарында суреттелген көрсеткіш факторларын бағалауға мүмкіндік береді. Инвесторға дауыс құқығы қаншалықты аз тиесілі және бір-біріне айта отырып әрекет етіп инвесторға дауыс беру кезінде жеңіліс әкелетін тараптардың саны неғұрлым аз болса, соншалықты көп мөлшері қосымша деректер мен жағдайларға сүйенуі қажет,себебі инвестордың құзіреттілігін бөлу кезіндегі құқығының жеткілікті екенін бағалау үшін. Егер,В18-В20 тармақтарында мазмұндалған деректер мен жағдайлар инвестор құқығымен бірге қарастырылған жағдайда, В18 тармағында сипатталған қолда бар құзырлық дәлелдемесі В19 және В20 тармақтарында сипатталған қолда бар өкілеттілік салдарына қарағанда салмақты болады.
Қолдану мысалдары |
7-мысал Инвестор инвестиция нысанының 45 пайыз акция дауысын иеленуші болып табылады. Инвестиция нысанының 5 пайыз дауыс беру акциясы басқа он бір акционерлерге тиіселі. Бірақ та акционерлердің бірде біреуінде ұжымдық шешім қабылдау және басқа кез-келген акционерлермен ақылдасу қажеттілігі туралы келісімшарт жоқ. Мұндай жағдайда инвестор пакет мөлшерінің толық нәтижесі жәнебасқа инвесторлардың акция пакетінің салыстырмалы мөлшерінің нәтижесі инвестор инвестициялар нысанына қатынасты оған өкілеттілікті ұсыну үшін инвестор акция пакетінің толық және басқа инвесторлардың салыстырмалы акция пакетінің мөлшеріне иеме дегенді анықтағанда шешуші факторы болып табылмайды. Инвестор өкілеттілікке иеме жоқ па дегенің айғағын қамтамасыз ететін басқа қосымша фактілер және жағдайды қарастыру қажет. 8-мысал Инвестор инвестиция нысанының 35 пайыз акция дауысын иеленуші болып табылады. Акционерлердің басқа үшеуі әрқайсысы 5 пайыздан акция дауысына ие. Акционерлер көбіне қалған дауыс беруші акциялар тиесілі,олардың біреуіде 1-ден көбірек дауыс беруші акциясына ие емес. бірақ та акционерлердің бірде біреуінде ұжымдық шешім қабылдау және басқа кез-келген акционерлермен ақылдасу қажеттілігі туралы келісімшарт жоқ. Инвестиция нысанының маңызды қызметіне қатысты шешіші,акционерлер жиыналысына сәйкес көбірек дауыстарды құптауды талап етеді; өткен акционерлер жиыналысында инвестиция нысанының акционерлері 75 пайыз дауыс берді. Мұндай жағдайда өткен жиналыстағы акционерлердің қатысуы,инвестордың маңызды қызметті басқару мүмкіндігі жоқтығын, бір жақты тәртіпте инвестор маңызды қызметті басқаруды жүзеге асыруына байланысты, акционерлердің басқа саны инвестор сияқты жеткілікті дауыс берді. |
В46 Егер де B42 (a) - (d) бөлімде тізімделген факторлар нәтижесі қортындысында инвестор инвестиция нысанына бақылауға ие емес, инвестор өкілділікке ие ме жоқ па түсініксіз болып қалады.
Дауыс құқығына мүмкіндік
B47 Инвестор бақылауды бағалау кезінде ол өкілеттікке иеме дегенді анықтау үшін, өзінің дауыс құқығының мүмкіндігін, сондай-ақ басқа жақтың құқық мүмкіндігін қарастырады. Дауыс құқығы мүмкіндігі -инвестиция нысанында дауыс құқын алу, форвардық келісімді қоса өтімді құралдармен байланысты құқық. Ондай дауыс құқығы мүмкіндіктері егер олар нақтылы болып табылса ғана назарға қабылданады ( B22-B25 тармақтарына қараңыз).
B48 Инвестор дауыс құқығы мұмкіндігін қарастырғанда құралдардың құрылысы мен мақсатын, сондай-ақ инвестиция нысанына қатысудың кез-келген форма құрылымы мен мақсатын қарастыруы керек. Бұл инвестордың ондай жағдайға келісуі, көзделген дәлел, құралдардың әртүрлі жағдайын бағалауды енгізеді.
B49 Егер инвестор инвестиция нысаны қызметіне қатысты шешім қабылдау бойынша қандай бір құқыққа ие болса, дауыс құқығы мүмкіндігімен байланысты құқық берілеме дегенді бағалауы керек.
B50 Қазіргі уақытта инвесторға маңызды қызметті басқару мүмкіндігі ұсынылуы басқа құқықтармен байланысты немесе дауыс құқық мұмкіндігі нақтылы болып табылады.Мысалы, егер де инвестор инвестиция нысанының дауыс акциясының 40 процентін ұстаушы болса,В23 бөлімге сәйкес тағыда 20 процент акция дауысын сатып алуға опционмен байланысты нақтылы құқыққа ие болуға ықтимал.
Қолдану мысалдары |
|
9-мысал А инвестор инвестициялар нысанының дауыс беруші акцияларының 70 пайыз иеленушісі болып табылады.инвестициялар нысанының 30 пайызы, сонымен қатар А инвестордың дауыс беруші акцияларының сатып алуға арналған опциондарының жартысы B инвесторға тиесілі. Опцион тіркелген баға бойынша кейінгі екі жыл барысында орындалуы мүмкін және нарықтық бағалар опциондардың орындалуын тиімсіз етеді (және көрсетілген екі жыл кезеңінде опцион орындалмай қалуы болжанады). |
|
10-мысал |
А инвесторға және басқа екі инвесторға инвестициялар нысанының дауыс беруші акцияларының үштен бірі тиесілі. Инвестициялар нысанының кәсіпкерлік қызметі А инвестормен тығыз байланысты. Үлестік құралдардың қосымшасында, А инвестор сонымен қатар тіркелген «шығыны бар» (шығыны үлкен емес) баға бойынша кез-келген уақытта инвестициялар нысанының қарапайым акцияларында конверсиялануы мүмкін үлестік құралдардың иеленушісі болып табылады. Егер де үлестік құралдар конверцияланатын болса, онда А инвестор инвестициялар нысанындағы дауыс беру құқытарының 60 пайызын иеленуші болар еді. Егер де үлестік құралдар қарапайым акцияларға конверсияланатын болса, А инвестор синергияларды жүзаге асыру арқылы пайда табар еді. А инвестор инвестициялар нысанына қатысты өкілеттелктерге ие болады, өйткені ол шынайы болып табылатын және қазіргі уақыт кезеңінде инвесторға елеулі қызметті басқару мүмкіндігін беретін әлеуетті дауыс беру құқықтары бар сатып алуда инвестициялар нысанының дауыс беруші акцияларын иеленуші болып табылады. |
Дауыс беру құқығы мен ұқсас құқықтар инвестициялар нысанының кірісіне елулі әсер етпеген жағдайларда өкілеттіліктің болуы
В51 Инвестициялық нысан құрылымы мен мақсатын бағалау кезінде(В5-В8) инвестор жобаны құру төңірегіндегі инвестициялық нысан қызмет түрінің бастапқы сәттерінде қабылданған шешімі мен өзінің қатысуын қарастыруы керек және соңғы құзыреттілікті бөлуде инвесторға құқықтық қатысудың ерекшеліктері мен операциялардың жағдайын жасай ма соны бағалау қажет.Инвестициялық нысын жобасын құруға қатысу өз алдына инвесторға инвестициялық нысанға бақылау жүргізуде жеткілікті болып табылмайды. Бірақ, жобаны құруға қатысудың өзі инвестордың инвестициялық нысанға қатысты құзыреттілікте жеткілікті басқару мүмкіндігі болғандығын көрсетеді.
B52 Бұдан басқа, инвестор инвестициялар нысанының қызметін бастау кезінде орнатылған сатып алу құқығы, сату құқығы және жою құқығы сияқты келісім шарттарды қарастыру керек. егер осы келісімдер инвестициялар нысанымен тығыз байланысты іс-әрекетті білдіретін болса, онда мұндай қызмет инвестициялар нысанының заңнамалық шектерінен тыс іске ала алғанына қарамастан, инвестициялар нысанының жалпы қызметінің ажырамас бөлігіне болып табылады. Сәйкесінше, инвестициялар нысанымен тығыз байланысты келісім шарттарда қарастырылған шешімдерді қабылдаудың анық айтылған немесе тұспалды құқықтар н инвестициялар нысанына қатысты өкілеттіліктердің бар болу фактісін орнықтықтыру кезіндегі мәні бар іс-әрекет деп бағалау керек.
B53 Инвестициялардың кейбір нысандарымен бірге мәні бар іс-әрекет белгілі бір жағдайлар туындағанда немесе белгілі бір оқиғалар болғанда орын алады. Инвестициялар нысаны оның іс-әрекетін басқару мен мен кірістері белгілі жағдайлар туындамай немесе белгілі бір оқиғалар болмаса, және мұндай жағдайлар туындамағанға немесе белгілі бір оқиғалар болмағанға дейін алдын ала белгілі болатындай жағдайда ұйымдастырылуы тиіс. Бұл жағдайда инвестициялар нысанының іс-әрекетіне қатысты және омындай жағдайлар немесе оқиғалар туындаған кезде қабылданған шешімдер ғана оның кірісіне аздаған әсер етіп, сәйкесінше, бөлінбес қызметіне айнала алады. осындай шешімдерді қабылдауға қабілетті инвестор жағдайлар немесе оқиғалар туындамағанның өзінде, өкілеттіліктерге ие болады. Белгілі бір жағдайлар немесе оқиғалардың туындауына тәуелді шешімдерді қабылдау құқығының бар болуының өзі көрсетілген құқықтарды қорғау жағының құқықтарына айналдырмайды.
Қолдану мысалдары |
11-мысал Инвестициялар нысаны кәсіпкерлік қызметінің құрылтайшы құжаттары бойынша жалғыз түрі инвесторлар үшін күнделікті негізде дебиторлық берешектерді сатып алу мен қызмет көрсету болып табылады. Күнделікті негізде қызмет көрсету шығындарды төлету мен берешекті негізгі сомасын аудару және оларды өтеу мерзімінің келуіне қарай сыйақыларды қарастырады. Дебиторлық берешектер бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда инвестициялар нысаны инвестор мен инвестициялар нысаны арасындағы «жол» жеке келісімде көрсетілгендей инвесторға дебиторлық берешекті автоматты түрде сатады. Мәнді қызметтің жалғыз түрі ретінде дебиторлық берешектер бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда дебиторлық берешектерді басқару болып табылады. Себебі, бұл инвестициялар нысанының кірісіне айтарлықтай әсер ететін жалғыз қызмет. Дебиторлық берешекті басқару дефолт болғанға дейін мәнді қызмет болып табылады, себебі, бұл инвестициялар нысанының кірісіне едәуір әсер ете алатындай маңызды шешімдерді қабылдауды қажет етпейді, дефолт орнағанға дейінгі қызмет алдын ала анықталған және қарызды жабу мерзімі келгенге және оларды инвесторларға беруге орай қаржы ағындарын шығынмен өтеудеп тұрады. Сәйкесінше, инвестордың дефолттың орнауына байланысты активтерді басқару құқығы ғана инвестициялар нысанының кірісіне айтарлықтай әсер ететін инвестициялар нысаны қызметін бағалау барысында ескерілуі тиіс. Осы мысалда, инвестициялар нысанының құрылымы инвесторда кіріске айтарлықтай әсер ететін қызметке қатысты шешімдерді қабылдау жөніндегі өкілеттіктердің болуына шешімдероді қабылдау жөніндегі өкілеттіліктер қажет еткен кезде кепілдік береді. «Пут» келісімінің шарттары операциялар мен инвестициялар нысанын құрудың ажырағысыз бөлігі болып табылады. Сәйкесінше, «пут» келісімінің шарттары инвестициялар нысанының құрылтайшы құжаттарымен бірге инвестор тіпті, ол дебиторлық берешектерді дефолт орнаған кезде ғана иеленетінін және инвестициялар нысанының заңнамалық шектерінен тыс мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешектерді басқаруды жүзеге асыратынын ескергеннің өзінде де, инвестициялар нысанына қатысты өкілеттіліктерге ие деген қорытындыға алып келеді. 12 -мысал Инвестициялар нысанының жалғыз активі дебиторлық берешектер болып табылады. Инвестициялар нысанының мақсаттары мен құрылымын қарастыру барысында мәнді қызметтің жалғыз түрі дефолт орнаған жағдайда дебиторлық берешектерді басқару болып табылады. Мерізімі өтіп кеткен дебиторлық берешектерді басқару мүмкіндігіне ие тараптың қарыз алушылардың біреуі дефолт жағдайына тап болғанына қарамастан инвестициялар нысанына қатысты өкілеттіліктері бар болады. |
B54 Инвестиция нысанының келісіп өңделген жобасының іс-әрекетін жалғастыруда инвестор көрсетілген немесе ойға алған міндеттерді қамти алады. Мұндай міндет инвесторға тәуекелді күшейтуі мүмкін, сондай-ақ кірістің өзгерісіне байланысты, инвестордың құқығын, жеткілікті өкілеттігін таратуда стимулын көтеруге. Инвестиция нысаны өңделген жобаға сәйкес өзінің іс-әрекетін сезінуде инвестордың өкілі ретінде көрінуі мүмкін, бірақ мұндай міндет инвесторға өкілеттік бермейді, қандай да бір басқа жағынан өкілеттікке кедергі болмауға тең.