Инвестиция нысанынан айнымалы кіріспен байланысты тәуекел және инвестиция нысанынан кіріс алу құқығы
B55 Инвестор инвестордың инвестициялар нысанына бақылауының бар-жоғын бағалап, ол инвестициялар нысанындағы үлестен алынатын өзгермелі кірісі қауіпке ұрына ма, жоқ па, әрі оның осындай кірісті алуға құқық бар ма, жоқ па, соны анықтап алуы қажет.
B56 Айнымалы табыс - бұл инвестиция нысаны қызметінің нәтижелеріне байланысты ауысып отыруы мүмкін және белгіленбеген табыс. Айнымалы табыс тек қана оң, тек қана теріс немесе әрі оң, әрі теріс (15-тармақты қара) болуы мүмкін. Инвестор инвестиция нысанынан түсетін пайда айнымалылығына, сонымен қатар табыстың заң формасынан тәуелсiз және табыс келiсiмнiң мәнiне сүйене отырып мұндай табыс құбылмалылығының дәрежесiн бағалауы керек. Мысалы, инвестор бекiтiлген сыйақысы бар облигацияның ұстаушы бола алады. Олар дефолттың тәуекелiне ұшырап және облигацияның эмитентiнiң несие тәуекелiне инвестор ұшырайтындықтан, бекiтiлген пайыздық төлемдер осы стандарттың контекстiнде айнымалы табыстар болып табылады. Құбылмалылықтың дәрежесi (мұндай табыс қаншалықты құбылмалы деген сөз) облигацияға қатысты несие тәуекелiне байланысты. Осылайша, инвестиция нысаны активтерін басқаруда белгілі нәтижелерге қол жеткізгендігі үшін бекітілген төлем айнымалы табыс болып табылады, өйткені ол инвесрторды инвестиция нысанын міндеттемелерін орындамауға итермелейді. құбылмалылықтың дәрежесi инвестиция нысанының төлем жасау үшін жеткілікті табысты шығару қабілеттілігіне тәуелді.
B57 Кірістің мысалы ретінде атауға болады:
(a) дивидендтер, инвестиция нысанынан әр түрлі экономикалық пайдаларды бөлу (мысалы, инвестиция нысанынан шыққан борышты бағалы қағаздардан пайыздар) және осындай инвестиция нысанынан инвестордың қатысуымен инвестиция құнындағы өзгерістер.
(b) инвестиция нысанын міндеттері немесе активтерді атқару қызметіне сый беру, инвестиция нысанын тарату кезінде инвестиция нысаны міндеттері мен активке қатысудың қалған үлестерінде гонорар және несиелік демеуден немесе өтімділікті қамтамасыз етуде шығындарға тәуекелділік, салықтық жеңілдіктер және инвестиция нысанында инвестордың қатысуынан болашақ өтімділікке қолжетімділік.
(c) Қатысудың үлесін ұстаушы өзгелердңғ қолы жетпейтін кіріс. Мысалы, инвестор өзінің активтерін инвестиция нысаны активтері есебінде пайдалана алу мүмкіндігі, мысалы масштабтан тиімділікке қол жету мақсатында операциялық функциялардың бірігуі, дефицит тауарларды жеткізушілерді іздеу, патенттелген білімге қолжетімділік мүмкіндігін алу немесе өзге де инвестор активтерінің құнын өсіру үшін кейбір операциялар немесе активтерге тосқауыл қою, шығындардың түсуі.
Өкілеттіктер мен табыс арасындағы байланыс
Құқық берілген өкілеттіктер
B58 Шешім қабылдау құқығына ие инвестор оның инвестиция нысанына бақылау жүргізе алуын бағалау кезінде инвестордың принципал немесе агент екенін анықтауы тиіс. Инвестор үшін агент ретінде әрекет жасайтын, шешім қабылдау құқығына ие қандай да бір басқа кәсіпорынның бар-жоғын инвестор анықтауы керек. Агент - бұл басқа тараптың немесе тараптардың (принципиал(дар) атынан және олардың мүдделері үшін қызметтік іске асыру мақсатында тартылған тарап, сондықтан агент шешім қабылдау туралы өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыруда инвестиция нысанына бақылау жүргізе алмайды (17 және 18 тармақтарын қараңыз). Осылайша, кейде принципалдың өкілеттіктері агенттің құзырында болуы мүмкін, бірақ ол оны тек принципалдың атынан ғана пайдалана алады. Шешім қабылдайтын тұлға агент болып табылмайды, себебі басқа тараптар осы тұлға қабылдайтын шешімдерден өз пайдаларын көздеуі мүмкін.
B59 Инвестор кейбір нақты мәселелерге немесе жалпы мәнді қызметке қатысты шешім қабылдау жөнінен өз құқығын агентке беруі мүмкін. Өзінің инвестиция нысанына бақылау жүргізе алуын бағалай отырып, инвестор агентке берген шешім қабылдау құқығын инвестордың тікелей құзырындағы құқық ретінде қарастыруы керек. Бірнеше принципал жағдайында олардың әрқайсысы B5-B54 тармақтарында баяндалған талаптарға талдау жасай отырып, инвестиция нысанына қатысты өзінің өкілеттігін бағалауы тиіс. B60-B72 тармақтарында шешім қабылдайтын тұлғаның агент пе, әлде, принципал екенін анықтау жөнінде басшылық бар.
B60 Шешім қабылдайтын тұлға оның басқаратын нысанының және инвестиция нысанына қатысушы басқа тараптар арасындағы өзара қарым-қатынасты, осы қарым-қатынастың барлық құбылыстарын және төменде келтірілген факторларды оның агент болып табылуы туралы шешім қабылдай отырып, сарапқа салуы керек:
(a) инвестиция нысанына қатысты шешім қабылдау туралы оның өкілеттіктерінің шегі (B62 және B63 тармақтары).
(b) басқа тараптардың құқықтары (B64-B67 тармақтары).
(c) сыйақыны төлеу туралы келісімге(дерге) сәйкес, оның құқығы бар сыйақы (B68-B70 тармақтары).
(d) инвестициялар нысанында басқалардан түсетін табыстың өзгермелілігіне байланысты инвестициялардың иегері болып табылатын шешім қабылдайтын тұлғаның тәуекелдері (B71 және B72 тармақтары).
Аталған факторлар нақты деректер мен нысандарға байланысты әртүрлі ықпал етеді.
B61 Шешім қабылдайтын тұлғаның агент болып табылатын немесе табылмайтындығын анықтау тек егер қандай да бір тарап шешім қабылдайтын тұлғаны қызметінен босатудың шынайы құқығына ие болмаған жағдайда ғана (қызметтен босату құқығы) B60 тармағында баяндалған барлық факторлардың бағалануын талап етеді және бұл тарап шешім қабылдайтын тұлғаны себебін айтпастан қызметтен босата алады (B65 тармағын қараңыз).
Шешім қабылдау бойынша өкілеттіктердің шегі
B62 Шешім қабылдайтын тұлғаның өкілеттігінің шегі келесі факторлардың сараптамасы негізінде бағаланады:
(a) шешім қабылдау туралы келісімге(дерге) сәйкес рұқсат етілген және заңмен белгіленген қызмет, және
(b) шешім қабылдауда осы қызметке қатысты болатын шешім қабылдайтын тұлғаның қарастыру құқығы.
B63 Шешім қабылдайтын тұлға инвестиция нысанының мақсаты мен құрылымын, қабылдануы инвестиция нысанын ұйымдастыруда жоспарланған тәуекел, қатысушы тараптарға тапсыру жоспарланған тәуекел, сонымен қатар, шешім қабылдайтын тұлғаның инвестиция нысанын ұйымдастыруға қатысу деңгейін қарастыруы керек. Мысалы, егер шешім қабылдайтын тұлға инвестиция нысанын ұйымдастыруға айтарлықтай дәрежеде қатысатын болса (сонымен қатар, шешім қабылдау бойынша өкілеттіктердің шегін анықтау), мұндай қатысу шешім қабылдайтын тұлғаның мәнді қызметті басқаруына мүмкіндік беретін құқыққа қол жеткізуге ынтасы мен мүмкіншілігі де болғандығын білдіреді.
Басқа тараптардың құқықтары
B64 Басқа тараптардың шешім қабылдайтын тұлғаның инвестициялардың нысанының мәнді қызметін басқару қабілетіне ықпал етуінің шынайы құқықтары. Қызметтен босатудың шынайы құқықтарына немесе басқа құқыққа ие болу шешім қабылдайтын тұлғаның агент болып табылатындығына білдіреді.
B65 Егер бір тарап қызметтен босатудың шынайы құқығына ие болса және шешім қабылдайтын тұлғаны себебін айтпастан орнынан босата алатын болса, онда бұл айтылғандар шешім қабылдайтын тұлғаның агент екендігі туралы шешім қабылдауға жеткілікті болып табылады. Егер мұндай құқыққа бірнеше тарап ие болса (және олардың ешқайсысы шешім қабылдайтын тұлғаны басқа тараптардың келісімінсіз орнынан босата алмайтын болса), онда мұндай құқықтардың болуы шешім қабылдайтын тұлғаның ең алдымен, басқа тараптардың атынан және олардың мүддесінде әрекет ететіндігін анықтауда өздігінен шешуші фактор болып табылмайды. Сондай-ақ, шешім қабылдайтын тұлғаны қызметінен босату құқығын іске асыру үшін бірлесе әрекет жасайтын тараптардың қатары қаншалықты көп болса, және шешім қабылдайтын тұлғаның басқа да экономикалық мүддесі қаншалықты көп болса және осы мүдделердің (яғни, сыйақы және қатысудың басқа да үлестері) өзгермелілігінің деңгейі қаншалықты жиі болса, осы фактордың салмағы соншалықты жеңіл.
B66 Шешім қабылдайтын тұлғаның агент екенін анықтау кезінде шеттету құқықтарына ұқсас түрде шешім қабылдайтын тұлғаның қарастыру құқығын шектейтін басқа тараптардың шынайы құқықтарына талдау жүргізілуі керек. Мысалы, өзінің іс-әрекеттеріне байланысты басқа тараптардың аз бөлігінің мақұлдауының уәдесін алуға міндетті шешім қабылдайтын тұлға әдетте, агент болып табылады ң уәдесін алуға еріне байланысьы басқа тараптардың ция нысанын ұйымдастыруға қатысатын әдетт (B22-B25 тармақтарында құқықтардың шынайы болып табылатындығын анықтау туралы қосымша басшылық бар).
B67 Басқа тараптардың құқықтарының сараптамасына инвестиция нысанының (немесе басқа басқару органының) директорлар кеңесі жүзеге асыратын кез-келген құқық бағасы және олардың шешім қабылдау өкілеттігіне әсері қосылуы керек (B23 (b) тармағын қараңыз).
Сыйақы
B68 Шешім қабылдайтын тұлғаның сыйақысының мөлшері, және инвестиция нысанының қызметінен түсетін күтілетін табысына байланысты осы сыйақының өзгермелілігінің деңгейі қаншалықты көп болса, шешім қабылдайтын тұлғаның принципал екендігінің ықтималдығы да соншалықты үлкен.
B69 Шешім қабылдайтын тұлғаның принципал немесе агент екендігін анықтау барысында, осы тұлға сондай-ақ, келесі шарттар туралы сұрақты да қарастыруға тиісті:
(a) Шешім қабылдайтын тұлғаның сыйақысы көрсетілген қызметпен мөлшерлес.
(b) Сыйақыны төлеу туралы келісімге әдетте, ұқсас қызмет көрсету туралы келісімдерде болатын шарттар немесе сомалар сияқты мерзімге негізделеді, қажетті біліктілік деңгейі стандартты коммерциялық шарттарда анықталады.
B70 B69(a) және (b) тармақтарында баяндалған шарттар орындалмаса шешім қабылдайтын тұлға агент болып табылмайды. Алайда, аталған шарттарды орындау өздігінен шешім қабылдайтын тұлғаны агент деп табуы үшін жеткіліксіз.
Басқа мүдделерден түскен табыс көзінің өзгермелілігімен байланысты тәуекелдер
B71 Инвестиция нысанында басқа мүддеге ие шешім қабылдайтын тұлға (мысалы, инвестиция нысанындағы инвестициялар немесе инвестиция нысанының қызметінің нәтижелеріне қатысты кепіл береді) өзінің агент болып табылатындығын не табылмайтындығын бағалау кезінде осындай мүдделерден түсетін табыстың өзгермелілігімен байланысты өзінің тәуекелдерін қарастыруы тиіс. Инвестиция нысанында басқа мүдделердің болуы шешім қабылдайтын тұлғаның принципал болып табылу мүмкіндігін білдіреді.
B72 Инвестиция нысанында басқа мүдделерден түсетін табыстың өзгермелілігіне байланысты өзіне төнетін қауіпті бағалай отырып, шешім қабылдайтын тұлға келесі мәселелерді қарастыруы керек:
(a) сыйақысы және басқа да жиынтық мүдделері есепке алынған оның экономикалық мүдделерінің шамасы және осындай мүдделермен байланысты өзгермелілігінің деңгейі қаншалықты үлкен болса, шешім қабылдайтын тұлғаның принципал болуының ықтималдығы соншалықты артады.
(b) табысының өзгермелілігіне байланысты оған төнген қауіптің басқа инвесторлардың барған тәуекелінен айырмашылығы бар ма, және, егер болса, бұл жағдай оның қызметіне әсер етуі мүмкін бе. Мысалы, мұндай жағдай егер шешім қабылдайтын тұлға инвестиция нысанында тәртіптелген үлеске иелік ететін болса немесе инвестиция нысаны үшін несие сапасын арттырудың басқа түрлерін қамтамасыз ететін болса туындауы мүмкін.
Шешім қабылдайтын тұлға инвестиция нысанынан түсетін біріккен табыстың өзгермелілігіне байланысты өзіне келетін қауіп-қатерді бағалауы тиіс. Бұл бағалау инвестиция нысанының қызметінен күтілетін табысқа қатысты жасалады, бірақ, сондай-ақ, шешім қабылдайтын тұлғаның басқа мүдделерінен түсетін табыстың өзгермелілігіне байланысты залал шегу қаупі төніп тұрған шешім қабылдайтын тұлғаның барынша көп сомасын есепке алуы керек.
Қолдану мысалдары |
13-мысал |
Шешім қабылдайтын тұлға (қор басқарушысы) жергілікті заңнамаға және нормативтік актілер бойынша талап етілетін инвестициялық мандатта баяндалған нақты белгіленген параметрлерге сәйкес, нарықта құнды қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналатын реттемелі қорды құрады, насихаттайды және басқарады. Қор инвесторлар алдында құнды қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналатын кәсіпорынның үлестік құнды қағаздарындағы портфелге салынатын әртараптандырылған инвестициялар ретінде насихатталды. Белгіленген параметрлер аясында қор басқарушысы капитал құйған активтерді таңдауға қатысты қарастыру құқығына ие. Қор басқарушысы қорға 10-пайыздық үйлесімді инвестиция жасады және өз қызметі үшін нарықтық гонорар алады, бұл гонорар қор активтерінің таза құнының 1 пайызына тең келеді. Гонорар көрсетілген қызметтермен мөлшерлес келеді. Қор басқарушысына шығынды қаржыландыру бойынша 10-пайыздық қатысу шегінде ғана міндеттеме жүктеледі. Қор тәуелсіз директорлар құруға міндетті емес болғандықтан кеңесті құрған жоқ. Инвесторлардың шешім қабылдауы бойынша қор басқарушысының өкілеттігіне ықпал ете алатын шынайы құқығы жоқ, бірақ қор бекіткен белгіленген шектердің аясында өзінің қатысу үлесінің айналымынан шығарып тастай алады. |
Басқарушы инвестициялық мандатта баяндалған параметрлер шеңберінде және реттеуші органдардың талаптарына сәйкес әрекет жасайтындығына қарамастан, қор басқарушысы дәл қазіргі уақытта қордың мәнді қызметін басқару мүмкіндігін беретін шешім қабылдауға құқылы: инвесторлардың шешім қабылдауы бойынша қор басқарушысының өкілеттіктеріне ықпал ете алатындай шынайы құқығы жоқ. Қор басқарушысы көрсетілген қызметпен мөлшерлес келетін өз қызметі үшін нарықтық гонорар алады, сонымен қатар қорға шамалас инвестициялар жасады. Қор басқарушысының сыйақылары мен инвестициялары оған қор қызметінен түсетін табыстың өзгермелілігімен байланысты тәуекелге ұрындырады, алайда, мұндай тәуекелдің қауіптілігі қор басқарушысын принципал деп санауға болатын белгі ретінде бағалауға болатындай аса маңызды емес. |
Бұл мысалда қордан түсетін табыстың өзгермелілігімен байланысты қор басқарушысына төнетін қауіп-қатерді шектелген параметрлер шеңберінде оның шешім қабылдау өкілеттігімен бірге қарастыру қор басқарушысының агент болып табылатындығын меңзейді. Осылайша, қор басқарушысы қорға бақылау жүргізе алмайтындығы туралы қорытынды шығарады. |
14-мысал |
Шешім қабылдайтын тұлға бірқатар инвесторларға инвестициялық мүмкіндікте ұсынатын қорға басшылық етеді, нарықта ұйымдастырған және жарнамалайды. Шешім қабылдайтын тұлға (қор басқарушысы) шешімді барлық инвесторлардың мүдделерін басшылыққа ала отырып және қор басқару туралы келісімге сәйкес қабылдауы керек. Әйтсе де, қор басқарушысы шешім қабылдау сұрақтарында еркін түрде әрекет жасай алады. Қор басқарушысы өзінің қызметі үшін табыстың белгіленген деңгейіне қол жеткізген жағдайда қордың жиынтық табысының 20 пайызына және басқарылатын активтердің 1 пайызына тең келетін нарықтық гонорар алады. Гонорар көрсетілген қызметпен мөлшерлес. |
Қор басқарушысы барлық инвесторлардың мүдделерін басшылыққа ала отырып шешім қабылдайтындығына қарамастан, ол қордың мәнді қызметін басқару аясында шешім қабылдау сұрақтары бойынша еркін әрекет ете алады. Қор басқарушысы көрсетілген қызметпен мөлшерлес қордың қызметінің нәтижелерінің негізінде есептелетін гонорар және белгіленген гонорар алады. Сонымен қатар, сыйақы қор басқарушысының мүддесін және қор құнының артуына қатысты басқа инвесторлардың мүдделерін қор қызметінен түсетін табыстың өзгермелілігіне қатысты тәуекел тудырмастан бір қатарға қояды, бұл тәуекелдің маңыздылығы соншалық, сыйақы қор басқарушысының принципал екендігіне меңзейтін еді. |
Нақты мән-жайлар мен жоғарыда келтірілген мысалдың сараптамасы төменде аталатын 14A-14C мысалдарына сарапталады. Әрбір мысал жеке-жеке қарастырылады. |
14A мысал |
Сонымен қатар қор басқарушысы қорда 2 пайыздық инвестицияларды ұстайды, бұл оның және басқа инвесторлардың үлесін теңгереді. Қор басқарушысы тек өзінің 2 пайыздық инвестициясы шегінде ғана шығынды қаржыландыруға міндетті. Инвесторлар қор басқарушысын келісім шарттарын бұзғаны үшін ғана қарапайым көпшілік дауыс беру арқылы шеттетуі мүмкін |
Қор басқарушысының 2 пайыз көлеміндегі инвестициялары қор қызметінен түсетін табыстың өзгермелілігімен байланысты оған төнетін қатерді арттырады, бұл қор басқарушысының принципал екендігіне меңзейді. Басқа инвесторлардың қор басқарушысын шеттету құқығы қорғаныс құқығы ретінде бағаланады, себебі бұл жағдай тек келісім шарттарының бұзылғанында ғана іске асырылуы мүмкін. Бұл мысалда, қор басқарушысының шешім қабылдау сұрақтарында еркін әрекет ете алатындығына және оның қатысу үлесінен және сыйақыдан түскен табыстың өзгермелілігіне байланысты тәуекелге душар болатындығына қарамастан, тәуекел түбіндегі соманың мөлшері қор басқарушысының агент екендігіне меңзейді. Осылайша, қордың басқарушысы қорға бақылау жүргізбейтіндігі туралы қорытынды шығарады. |
14B мысал |
Қор басқарушысы қорда айтарлықтай маңызы бар шамалас инвестицияларды ұстайды және өз инвестицияларының шегінде шығындарды қаржыландыру үшін міндетті болып табылады. Инвесторлар қор басқарушысын келісім шарттарын бұзғаны үшін ғана қарапайым көпшілік дауыс беру арқылы шеттетуі мүмкін. |
Бұл мысалда басқа инвесторлардың қор басқарушысын шеттету құқығы қорғаныс құқығы ретінде бағаланады, себебі, ол тек келісім шарттарын орындаған жағдайда ғана іске асуы мүмкін. Қор басқарушысы белгіленген және қор қызметінің нәтижелеріне негізделе есептелген, көрсетілген қызмет көлемімен мөлшерлес гонорар алатындығына қарамастан, қор басқарушысының инвестициялары оның сыйақысымен бірге қор қызметінен түсетін табыстың өзгермелілігіне байланысты тәуекелге ұрындаратын еді, және тәуекел түбіндегі соманың маңыздылығы соншалық, бұл жағдай қор басқарушысының принципал болып табылатындығына меңзейтін еді.Қор басқарушысының экономикалық мүдделерінің көлемі және осы мүдделердің өзгермелілігінің (сыйақы және басқа да жиынтыққа қатысу үлесі есепке алына отырып) деңгейі қаншалықты артық болса, қор басқарушысы осындай экономикалық мүдделерге талдау кезінде соншалықты салмағын арттыра түседі және қор басқарушысының принципал болып табылатындығының ықтималдығы да артады. |
Мысалы, өзінің сыйақысын және басқа да факторларды қарастыра отырып, қор басқарушысы 20 пайыз көлеміндегі инвестициялар оның қорға жүргізетін бақылау туралы тұжырым жасау үшін жеткілікті болып табылатындығы жайлы қорытынды шығара алатын еді. Алайда, басқа жағдайларда (яғни, егер сыйақы мөлшері немесе басқа факторлар жоғарыда аталғандардан өзгешеленетін болса) бақылау инвестицияның басқа деңгейінде туындауы мүмкін. |
14C мысал |
Қор басқарушысы қорда 20 пайыз көлеміндегі шамалас инвестицияларды ұстайды және оның 20 пайыздық инвестицияларының шегінде шығындарды қаржыландыруға міндетті болып табылады. Қордың директорлар кеңесі бар, оның барлық мүшелері қор басқарушысына тәуелді емес, және оларды басқа инвесторлар тағайындайды. Директорлар кеңесі қор басқарушысын жыл сайын тағайындайды. Егер директорлар кеңесі қор басқарушысымен келісімді жаңарту туралы шешім шығармаса, онда қор басқарушысы көрсететін қызметті осы салада қызмет ететін басқа басқарушы атқара алады. |
Қор басқарушысы белгіленген және көрсетілген қызметпен мөлшерлес, қор қызметінің нәтижесіне негізделе есептелетін гонорар алатындығына қарамастан, қор басқарушысының 20 пайыз көлеміндегі инвестициялары сыйақыларымен бірге қор қызметінен түсетін табыстың өзгермелілігіне байланысты тәуекелге ұрындыруы мүмкін, бұл жағдай қор басқарушысының принципал болып табылатындығына меңзейді. Дегенмен, инвесторлар қор басқарушысын шеттетудің шынайы құқығына ие: егер директорлар кеңесі қор басқарушысын шеттету туралы шешім қабылдаса, онда ол инвесторларға, оған мүмкіндік беретін механизмге ие болады. |
Бұл мысалда қор басқарушы сараптама кезінде шеттетудің шынайы құқықтарына үлкен мән береді. Осылайша, қор басқарушысы шешім қабылдау сұрақтарында еркін әрекет жасай алатындығына және өзінің сыйақысы мен инвестицияларынан түсетін табыстың өзгермелілігіне байланысты қатерге ұрынатындығына қарамастан, басқа инвесторлардың шынайы құқықтары қор басқарушысының агент болып табылатындығын білдіреді. Осылайша, қор басқарушы қорға бақылау жүргізуге иелік ете алмайтындығы туралды қорытынды шығарады. |
15-мысал |
Инвестиция нысаны ставкасы белгіленген құнды қағаздар активтерімен қамтамасыз етілген портфелге қол жеткізу мақсатымен құрылған, ол ставкасы белгіленген сыйақымен борышқорлық және үлестік құралдар арқылы қаржыландырылады. Үлестік құралдар инвесторларды борышқорлық құралдарға алғашқы шығындардан қорғауға және инвестиция нысанынан түскен қалдық табысқа қол жеткізуге арналған. Келісім потенциалды инвесторлардың үлестік құралдарына портфелдің құнды қағаздар активімен қамтамасыз етілген эмитенттердің ықтимал дефолтымен және портфелге бақылау жүргізуге қатысты пайыздық несиеге байланысты несиелік тәуекел тудыратын құнды қағаздар активімен қамтамасыз етілген портфелге салынған инвестиция ретінде ұсынылды. Портфелді рәсімдеу кезінде үлестік құралдар сатып алынған активтердің құнының 10 пайызын құрайды. Шешім қабылдайтын тұлға (активтерді басқарушы) инвестиция нысанының аңдатпасында баяндалған параметрлердің шеңберінде инвестициялық шешім қабылдай отырып, активтер айналымындағы портфелге басшылық етеді. Өзінің қызметі үшін активтерді басқарушы белгіленген нарықтық гонорарды (яғни, оның басқаруындағы активтердің 1 пайызы) және көрсетілген қызмет нәтижесіне негізделе есептелген гонорарды (яғни, пайданың 10 пайызы) тек егер инвестиция нысанының табысы белгіленген деңгейден асып түссе ғана алады. Гонорар көрсетілген қызметпен мөлшерлес келеді. Активтерге басшылық етуші инвестиция нысанының үлестік құралдарының 35 пайызына иелік етеді. |
Үлестік құралдардың қалдық 65 пайызы және барлық борышқорлық құралдар тәуелсіз үшінші тарап болып табылатын инвесторлардың көпшілік бөлігіне жатады. Активтерге басшылық етуші себептері көрсетілместен басқа инвесторлардың қарапайым көпшілігінің дауыстарына сәйкес шешіммен қызметтен босатылуы мүмкін. |
Активтерге басшылық етуші белгіленген гонорар және көрсетілген қызметпен мөлшерлес келетін іс-әрекет нәтижесінде есептелетін гонорар алады. Сыйақы портфель құнының артуына байланысты активтердің басқарушысының мүдделерін және басқа инвесторлардың мүдделерін бір қатарға қояды. Активтердің басқарушысы капиталдың 35 пайызының иегері болып табылатындықтан, ол сыйақыдан және қор қызметінен түсетін табыстың өзгермелілігімен байланысты тәуекелге душар болады. |