24-ші Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS 24)
Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету
1. Осы Стандарттың мақсаты - ұйымның онымен байланысты тараптардың, сондай-ақ тараптармен операциялардың өзара есеп айырысуларының өтелмеген сальдосының оның қаржы жағдайына, пайдасына немесе шығынына ықтимал ықпалына назар аударту үшін қажетті қаржы есептілігінде мұндай ақпараттың ашып көрсетілуін қамтамасыз ету.
2. Осы стандарт келесі жағдайларды қолдануы тиіс:
(а) байланысты тараптармен қатынастыру мен операциялардыанықтау;
(b) ұйым мен байланысты тараптар арасындағы өзара есепайырысуларда өтелмеген баланстарды сəйкестендіру;
(c) (а) жəне (b) тармақтарында көрсетілген баптардың ашып көрсетілуі талап етілетін жағдайларды сəйкестендіру; жəне
(d) осындай баптарға қатысты ашып көрсетілуге тиісті ақпаратты анықтау үшін қолданылады.
3. Осы Стандарт байланысты тараптармен операциялар жəне өзара есеп айырысулардың өтелмеген сальдосы туралы ақпаратты бас ұйымның, бірлескен қызметке қатысушы немесе инвестордың 10 Шоғырландырылған қаржы есептілігі ХҚЕС-на (IFRS) жəне 27 Жеке Қаржы Есептілігі ХҚЕС-на (IAS) сəйкес берілетін жеке қаржы есептілігінде ашып көрсетуді талап етеді. Осы стандарт сонымен қатар жекелеген қаржы есептеріне де қатысты қолданылады.
4. Топтағы басқа байланысты тараптармен операциялар жəне өзара есеп айырысулар туралы ақпарат ұйымның қаржы есептілігінде ашып көрсетіледі. Инвестициялық кәсіпорын мен оның еншілес компаниялары арасындағы пайда мен залал арқылы әділ құнмен өлшенетін қалдықтардан басқа, байланысты тараптармен топ ішіндегі операциялар жəне өзара есеп айырысулардың өтелмеген қалдықтар топтың шоғырландырылған қаржы есептілігін дайындау кезінде алып тасталады.
Байланысты тараптар бойынша ақпаратты ашып көрсетудің маңызы
5. Байланысты тараптар арасындағы өзара қатынастар - сауда мен бизнестегі қалыпты құбылыс. Мəселен, ұйымдар өз қызметінің бір бөлігін еншілес ұйымдар, бірлескен қызмет жəне қауымдасқан ұйымдар арқылы жиі жүзеге асырады. Мұндай жағдайларда ұйымның инвестициялау объектінің қаржылық жəне операциялық саясатына əсерін бақылау, бірлескен бақылау немесе елеулі ықпал жасау түрінде жүзеге асырылады.
6. Байланысты тараптармен өзара қатынастар ұйымның пайдасына немесе залалына, сондай-ақ қаржы жағдайына ықпал етуге қабілетті. Байланысты тараптар байланысты емес тараптар бас тартатын операцияларды жасауы мүмкін. Мысалы, өзінің бас ұйымына тауарларын өзіндік құны бойынша сататын ұйым осы тауарларды басқа сатып алушыға сол жағдайларда сатудан бас тарту мүмкін. Сонымен қатар, байланысты тараптар арасындағы операциялардың көлемі байланысты емес тараптар арасындағы операциялар ұқсамайтын көлеміне жүзеге асыруы мүмкін.
7. Тіптен байланысты тараптармен байланысты ешбір операциялар орын алмаса да, ұйымның пайдасына немесе залалына жəне қаржы жағдайына байланысты тараптарың қарым-қатынастары ықпалын тигізуі мүмкін. Ұйым басқа тараптармен жүзеге асыратын операцияларға ондай өзара қарым-қатынастардың болуының өзі ықпал ете алады. Мысалы, еншілес ұйым сауда əріптесімен қарым-қатынасын бас ұйым бұрынғы сауда əріптесі жұмыс істеген салада жұмыс істейтін басқа еншілес ұйымды сатып алғаннан кейін үзе алады. Жəне керісінше, бір тарап басқа тараптың елеулі ықпал етуі салдарынан белгіленген іс-əрекеттерден тартынуы мүмкін - мысалы, еншілес ұйым өзінің бас ұйымынан зерттеулер мен талдамалар жүргізбеу жөнінде нұсқау алуы мүмкін.
8. Осы себептер бойынша, байланысты тараптардың операциялары, өзара есеп айырысулардың өтелмеген қалдықтары жəне байланысты тараптармен қатынастар туралы ақпараттың болуы ұйым қызметіне қаржы есептілігін пайдаланушылар беретін бағалауға, соның ішінде ұйым келешекте тап болатын тəуекелдіктер мен мүмкіндіктерге берілетін бағалауға ықпал етуі мүмкін.
9. Төмендегі терминдер осы Стандартта аталған мəндерде пайдаланылады:
Байланысты тарап дегеніміз жеке тұлғаның немесе ұйымның өзінің қаржылық есептерін жасап беретін ұйыммен байланысты болуы (осы Стандартта «есеп беруші ұйым» деп аталған).
(а) Жеке тұлға немесе сол жеке тұлғаның жанұясының жақын мүшесі келесідегідей жағдайда есеп беруші ұйымға қатысты болады:
(i) ұйымға бақылау немесе бірлескен бақылау жүзеге асырылса;
(ii) есеп беруші ұйымға елеулі ықпал етсе; немесе
(iii) есеп беруші ұйымның немесе бас ұйымның негізгі басқарушы мамандар құрамының мүшесі болса.
(b) Егер келесідегідей жағдайлардың кез-келгеніне қатысты болса ұйым есеп беруші ұйыммен байланысты тарап деп табылады:
(i) Ұйым жəне есеп беруші ұйым бір топтың мүшелері болатын болса ( бұл əрбір бас ұйым, еншілес ұйым жəне өзге де еншілес ұйым осы топтың басқа ұйымдарына байланысты дегенді білдіреді).
(ii) Бір ұйым келесі бір ұйыммен қауымдас немесе бірлескен ұйым болып табылса (немесе келесі бір ұйым мүше болып табылатын топтың қауымдасы немесе бірлескен кəсіпорны болып табылатын болса).
(iii) Ұйымның екеуі де үшінші бір тараптың бірдей ұйымы немесе бірлескен кəсіпорны болса.
(iv) Бір ұйым үшінші тараптың бірлескен кəсіпорны болса, ал келесі ұйым үшінші тараптың қауымдасы болып табылса.
(v) Сол ұйымның немесе сол ұйымның байланыстырушы тарабы болып табылатын кез келген ұйымның жалдамалы қызметкерлерінің мүдделерінде еңбек қызмет аяқталған кездегі сыйақылар жоспары болып табылса.
(vi) Ұйымды (а) да анықталған тұлға қадағаласа немесе бірлесіп қадағаласа.
(vii) (а) мен (i) да анықталған тұлға ұйымға елеулі ықпал етсе немесе ұйымның (немесе ұйымның бас ұйымының ) негізгі басқарушы мамандар құрамының мүшесі болса.
(viii) Ұйым немесе бір бөлігі болып табылатын топтың әрбір мүшесі ұйымға немесе аналық компанияға есеп беретін негізгі басқарушылық мамандар құрамы қызметін көрсетеді.
Байланысты тараптар арасындағы операциялар байланысты тараптар арасында, төлем алынуына қарамастан, ресурстарды, қызметтерді немесе міндеттемелерді беру болып табылады.
Тұлғаның жанұясының ең жақын туыстары - жеке тұлға отбасының ұйыммен өзара іс-қимыл барысында сол тұлғаға ықпал жасауы мүмкін, не өздері оның ықпалында болатын мүшелері. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
(а) сол тұлғаның азаматтық зайыбы немесе бірге тұрушысы мен балалары;
(b) сол тұлғаның азаматтық зайыбының немесе бірге тұрушысының балалары; жəне
(c) сол тұлғаның немесе оның азаматтық зайыбының немесе бірге тұрушысының асырауындағы жандар.
Өтемге қызметкерлерге берілетін (19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар ХҚЕС-тағы (IAS) анықтамаға сəйкес) барлық сыйақылар, соның ішінде 2 Акциялар негізіндегі төлемдер ХҚЕС (IFRS) қолданылатын қызметкерлерге сыйақылар қамтылады. Қызметкерлерге сыйақылар - ұйымға көрсетілетін қызметтерге айырбас ретінде ол төлейтін, төлеуге тиіс не беретін немесе оның атынан төленетін, төленуге тиіс не берілетін өтемнің кез-келген түрі. Оған сондай-ақ ұйым өзінің бас ұйымы атынан төлейтін өтем де қамтылады. Өтемге мыналар қамтылады:
(а) қызметкерлерге берілетін жұмысшылар мен қызметшілердің жалақысы жəне əлеуметтік қамсыздандыру жарналары, жыл сайынғы ақы төленетін демалыс жəне сырқаттануға байланысты ақы төленетін демалыс, пайдаға қатысу жəне сыйақылар (егер кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде төленетін болса) сияқты қысқа мерзімді сыйақылар, сондай-ақ сол кезде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ақшалай емес нысандағы (медициналық қызмет, тұрғын үймен жəне автокөлікпен қамтамасыз ету, тегін немесе дотацияланатын тауарлармен қызметтер сияқты) сыйақылар;
(b) еңбек қызметі аяқталғаннан кейін берілетін зейнетақы, зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі сыйақылар, өмірді сақтандыру жəне еңбек қызметі аяқталғаннан кейін медициналық қызмет көрсету сияқты сыйақылар;
(c) қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар, соның ішінде ұзақ жұмыс өтілі бар қызметкерлерге арналған ақы төленетін демалыс, не ақы төленетін шығармашылық демалыс, мерейтойлар немесе басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар, еңбекке жарамсыздық бойынша ұзақ мерзімді сыйақылар, сондай-ақ пайдаға, сыйақыға қатысу, егер аталған төлемдер кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде төленетін болса;
(d) жұмыстан шығардағы жəрдемақы; жəне
(е) акцияларға негізделген төлемдер.
Негізгі басқарушы мамандар құрамы - ұйым қызметін жоспарлау, басқару жəне бақылау мəселелерінде уəкілеттік берілген адамдар, соның ішінде сол ұйымның кез келген (атқарушы немесе атқарушы емес) директоры.
Үкімет жергілікті, ұлттық немесе халықаралық болсын, ол үкіметке, үкіметтік органдарға немесе сол тəріздес ұйымдарға қатысты болады.
Үкіметпен байланысты ұйым - үкімет қадағалайтын, бірлесе қадағалайтын немесе елеулі түрде үкіметтің ықпалындағы ұйым.
Мына терминдер «басқару», «инвестициялық ұйым», «бірлесе басқару» және «маңызды ықпал» 10-шы ХҚЕС-та, 11-ші Бірлескен келісімшарттар ХҚЕС-та және 28-ші Бірлескен ұйымдардағы Инвестициялар ХҚЕС-та анықтамалары көрсетілген және Осы Стандартта сол сәйкес мағыналарында қолданылады.
10. Байланысты тараппен кез келген өзара қатынастарды қарау кезінде сол қатынастардың заңды нысанына ғана емес, олардың мазмұнына назар аудару керек.
11. Осы Стандарт контексінде төмендегі тараптардың байланысты тараптар болып табылуы міндетті емес:
(а) екі ұйым, себебі жəй ғана директоры немесе негізгі басқарушы мамандар құрамының мүшесі ортақ болатын болғандықтан немесе осы аталған екі ұйымның біреуі келесісіне елеулі ықпал ететіндіктен.
(b) екі кəсіпкер, себебі олар бірлескен қызметке бірлескен бақылау жасайды;
(i) қаржы ресурстарын беретін ұйымдар,
(ii) кəсіподақтар,
(iii) коммуналдық мекемелер, жəне
(iv) есеп беруші ұйымға елеулі ықпал етпейтін, оны қадағаламайтын немесе бірлесе қадағаламайтын мемлекеттік мекемелер мен ведомстволар, олардың ұйыммен әдеттегі өзара қатынасына (олар ұйымның іс-қимыл бостандығы деңгейіне ықпал жасай немесе оның шешімдер қабылдануына қатыса алатындығына байланысты);
(d) жекелеген сатып алушы, өнім жеткізуші, франшиза туралы келісімшарт бойынша жеңілдік құқығын беруші тарап, таратушы немесе ұйым өзімен ірі сомаға мəміле жасайтын бас агент, осының негізінде пайда болатын экономикалық тəуелділікке байланысты.
12. Қаржылық есептілігін пайдаланушылар байланысты тараптар арасындағы өзара қатынастың ұйымға ықпалы туралы пікір қалыптастыруы үшін байланысты тараптар арасындағы өзара қатынас туралы ақпаратты, сол байланысты тараптар арасында операциялар жүзеге асырылғанына қарамастан, бақылау бар болатын жағдайларда ашып көрсету керек.
Барлық ұйымдар
13. Басты жəне еншілес ұйымдар арасындағы өзара қатынастар, осы байланысты тараптар арасында операциялар жүзеге асырылғанына қарамастан, міндетті түрде ашып көрсетілуге тиіс. Ұйым өзінің басты ұйымының атауын, ал егер басты ұйым түпкілікті бақылаушы тарап болып табылмаса - түпкілікті бақылаушы тараптың атауын ашып көрсетуге міндетті. Егер басты ұйым да, түпкілікті бақылаушы тарап та ашық пайдалануға арналған қаржы есептілігін тапсырмаса, басқару баспалдағы бойынша ең жоғары, сондай есептілік беретін басты ұйымның атауын көрсету қажет.
14. Қаржылық есептерді пайдаланушылар байланысты тарап қарым-қатынастарының əсері туралы көзқарас қалыптастыра алуы үшін байланысты тараптар арасында операциялардың жасалған жасалмағандығына қарамастан бақылаудың бар кезінде байланысты тараптар туралы ақпаратын ашып көрсеткен жөн.
15. Басты жəне еншілес ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды ашып көрсету талабы 27 ХҚЕС (IAS) жəне 12 ХҚЕС-тың Басқа Кәсіпорындардағы Қатысулар Туралы Ақпараттарды Ашып Көрсету (IFRS) ақпаратты ашып көрсету талаптарына қосылады.
16. 13 тармақ келесі ең басты ұйымға қатысты. Бұл топтағы тікелей басты ұйымнан жоғары əрі көпшіліктің пайдалануына қолжетімді Келесі ең жоғары басты ұйым - ең жақын басты ұйымнан кейінгі, сондай есептілік беретін бірінші басты ұйым.
17. Ұйым жалпы негізгі басқарушы мамандар құрамына жəне төмендегі санаттардың əрқайсысы бойынша төленетін сыйақының мөлшерін ашып көрсетуге міндетті:
(а) қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар;
(b) еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақылар;
(c) басқа ұзақ мерзімді сыйақылар;
(d) жұмыстан шығардағы жəрдемақы; жəне
(е) акцияларға негізделген төлемдер.
17А Егер ұйым басқа ұйымнан негізгі басқарушылық мамандар құрамы қызметтерін (‘басқарушы ұйым’) алса, ұйым 17 тармақтағы талаптарды басқарушы ұйым арқылы басқарушы ұйымның қызметкерлеріне немесе директорларына төленетін немесе төленген өтемақыға қолданады.
18. Егер байланысты тараптар арасында операциялар жүзеге асырылған болса, ұйым байланысты тараптар арасындағы өзара қатынастар сипатын, сондай-ақ сол операциялар мен өзара есеп айырысулардың өтелмеген сальдосы туралы сол өзара қатынастардың қаржы есептілігіне ықтимал ықпалын түсіну үшін қажетті ақпаратты ашып көрсетуге міндетті. Ақпаратты ашып көрсету жөніндегі бұл талаптар 17-тармақтың негізгі басқарушы мамандар құрамына сыйақыларды ашып көрсету туралы талабына қосымша енгізіледі. Ашып көрсетуге, кем дегенде, мынадай ақпарат жатады:
(а) жүзеге асырылған операциялар сомасы;
(b) өзара есеп айырысулардың өтелмеген баланстарының сомасы:
(i) оларға байланысты шарттар, соның ішінде есеп айырысулар кезінде берілетін қарсылама берудің қамтамасыз етілуі мен сипаты; жəне
(ii) берілген немесе алынған кез келген кепілдіктер туралы егжей-тегжейлі мəліметтер;
(c) өтелмеген баланс сомасына байланысты күмəнді қарыздар бойынша резервтер; жəне
(d) байланысты тараптардан алынуға тиісті үмітсіз жəне күмəнді қарыздар жөнінде кезең ішінде мойындалған шығыс.
18A Жеке басқарушы ұйым арқылы қамсыздандырылған негізгі басқарушылық мамандар құрамы қызметтерінің ұсынысының ұйыммен келтірілген сомалары ашылып көрсетілуі тиіс.
19. 18-тармақта талап етілетін ақпарат төменде көрсетілген санаттардың əрқайсысы үшін жеке ашып көрсетілуге тиіс:
(а) басты ұйым;
(b) сол ұйымға бірлесе бақылау жасайтын немесе оған елеулі
ықпал ететін ұйымдар;
(c) еншілес ұйымдар;
(d) қауымдасқан ұйымдар;
(е) ұйым кəсіпкер болып табылатын бірлескен қызмет;
(f) ұйымның немесе оның басты ұйымының негізгі басқарушы мамандар құрамы; жəне
(g) басқа байланысты тараптар.
20. Байланысты тараптарға төленетін жəне олардан алынатын, 19-тармақ талаптарына сəйкес түрлі санаттарға жатқызылатын сомалар жіктемесі 1 Қаржы есептілігін ұсыну ХҚЕС-тың (IAS) не қаржылық жағдай туралы есепте, не ескертпелерде берілетін ақпаратты ашып көрсету туралы талаптарына қосымша болып табылады. Ол санаттар байланысты тараптар арасындағы өзара есеп айырысулар сальдосына неғұрлым кешенді талдау жасау мақсаттарында ұлғайтылған жəне байланысты тараптармен операцияларға қолданылады.
21. Төменде өздері туралы ақпарат ашып көрсетілуге тиісті, байланысты тараппен жүзеге асырылатын операциялар мысалдары келтірілген:
(а) тауарлар (дайын немесе аяқталмаған өнім) сатып алу немесе;
(b) мүлікті жəне басқа активтерді сатып алу немесе сату;
(c) қызметтер көрсету немесе алу;
(d) жалгерлік;
(е) зерттеулер мен талдамаларды беру;
(f) лицензиялық келісімдер бойынша беру;
(g) қаржылық келісімдері бойынша беру (соның ішінде ақшалай немесе заттай нысандағы несиелер жəне жарғылық капиталға жарналар);
(h) кепілдіктер беру немесе қамтамасыз ету;
(i) болашақта орындалуға тиіс келісім-шартты (танылған жəне танылмаған) қоса алғанда белгілі бір жағдай болашақта орын алса немесе орын алмаса; және[1]
(j) басқа ұйым атынан немесе басқа тарап атынан ұйымның міндеттемелерді өтеуі.
22. Бас ұйымның немесе еншілес ұйымның топ құрамындағы ұйымдар арасындағы тəуекелдіктері бөлінген төлемдері белгіленген зейнетақы жоспарына қатысуы байланысты тараптар арасындағы операцияларды білдіреді (19 ХҚЕС-тың (IAS) 22 тармағын (2011 жылғы өзгеріске сәйкес) қараңыз).
23. Байланысты тараптар арасындағы операциялар тəуелсіз тараптар арасындағы мəмілелерде басым болатын жағдайларға баламалы жағдайларда жүзеге асырылғаны туралы ақпарат тек ондай факт қуатталған жағдайда ғана ашып көрсетіледі..
24. Сипаты жағынан осындай баптарды, ақпаратты бөлек ашып көрсету байланысты тараптар арасындағы операциялардың ұйымның қаржы есептілігіне ықпалын түсіну үшін қажет болатыннан басқа жағдайларда, жиынтықтап ашып көрсетуге болады.
Үкіметпен байланысты ұйымдар
25. Келесі тараптар есеп беруші ұйымды болашақта орындалуға тиіс келісім-шартты қоса алғанда байланысты тараптар арасындағы операциялар мен қарыздылық сальдоларына қатысты 18-тармақтың ашып көрсету талаптарынан босатады:
(a) есеп беруші ұйымды қадағалайтын, бірлесе қадағалайтын немесе оған елеулі ықпал ететін үкімет; жəне
(b) байланысты тарап болып табылатын келесі бір ұйым, себебі бұл екі ұйымға бір үкімет елеулі ықпал ететіндіктен немесе қадағалайтын немесе бірлесе қадағалайтын болғандықтан.
26. Егер есеп беруші ұйым 25-тармақтағы босатылуды қолданатын болса, онда ол 25-тармаққа қатысты операциялар мен тиісті қарыздылық сальдосы туралы келесілерді ашып көрсетуі тиіс:
(a) үкіметтің аты жəне оның есеп беруші үкіметке қатыстылығының болмысы ( мысалы, қадағалау, бірлесе қадағалау немесе елеулі ықпал);
(b) ұйымның қаржылық есептерін пайдаланушылары қатысты тараптар операцияларының оның қаржылық есептеріне əсерін түсінуі үшін келесі ақпарат мұқият ұсақ-түйектерімен:
(i) əрбір жекелей алғанда елеулі операцияның болмысы мен мөлшері; жəне
(ii) жекелей алғанда емес, бірақ ұжымды түрде елеулі өзге операциялар, олардың мөлшерлерінің сандық немесе сапалық көрсеткіші. Операциялардың түрлеріне 21-тармақта келтірілген тізім жатады.
27. Есеп беруші ұйым өзінің ашып көрсетілуі тиіс ұсақ-түйек деңгейін анықтау шешімін пайдалана отырып, 26(b) тармағындағы талаптарға сəйкес байланысты тарап байланысының тығыздылығын жəне операцияның елеулілігінің деңгейін бекітетін келесі өзге де факторларды есепке алуы тиіс:
(а) мөлшері жағынан елеулі;
(b) нарықтық емес шарттармен орындалған;
(c) бизнесті сату немесе сатып алу тəрізді қалыпты күнделікті тыс операциялар;
(d) реттеуші немесе басқарушы өкілеттіліктерге ашып көрсетілген;
(е) бас басқарушыға мəлімдеме етілген;
(f) акция иесінің мақұлдауын ескеретін.
Күшіне ену күні және жаңа есептік кезеңге өту
28. Ұйым осы Стандартты 2011 жылғы 1 қаңтардан немесе одан кейінгі күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер жөнінде ретроспективті қолдануға міндетті. Стандарттың мерзімінен бұрын қолданылуы құпталады, ол толық Стандартты қолдану да немесе 25-27 тармақтардағы үкіметпен байланысты ұйымдарды жартылай босату болуы да мүмкін. Егер ұйым осы Стандартты немесе сол бір жартылай босатуды 2011 жылғы 1 қаңтардан басталатын кезеңдер жөнінде қолданатын болса, ол бұл фактіні ашып көрсетуге міндетті.
28A 2011 жылғы маусым айында жарияланған 10, 11 және 12 Бірлескен келісімшарттар ХҚЕС-ның (IFRS) 3,9,11(b),15,19(b) және (е) және 25 тармақтарына түзетулер енгізді. Ұйым жарияланған 10,11 және 12 ХҚЕС-ты (IFRS) қолданған кезде сол түзетулерді қолдануы тиіс.
28B 2012 жылы қазан айында жарияланған Инвестициялық Ұйымдар (10 ХҚЕС(IFRS), 12 ХҚЕС(IFRS), және 27 ХҚЕС(IAS)) 4 және 9 тармақтарына түзету енгізді. Ұйым бұл түзетуді осы күннен немесе 2014 жылдың 1 қаңтарынан кейін қолдануға тиіс. Ертерек қолданысқа рұқсат беріледі. Егер ұйым түзетуді ертерек қолданса, ұйым бұл жайтты ашып көрсетуі тиіс және енгізілген барлық түзетулер қолданысқа енеді.
28C 2013 жылдың желтоқсан айында шыққан 2010-2012 кезеңіндегі ХҚЕС-тың Жылдық Жетілдірулері 9 тармағына түзету енгізіп, 17А және 18А тармақтарын қосты. Ұйым 2014 1 шілдесінен кейінгі жылма-жыл кезеңінде осы түзетулерді қолдануы тиіс. Көрсетілген кезеңнен ерте кезеңде қолдануға рұқсат етіледі. Егер ұйым осы Стандартты көрсетілген кезеңнен ерте кезеңде қолданса, онда ол бұл фактіні ашып көрсетуге міндетті.
24-ші ХҚЕС-ның (IAS) күшін жою (2003 жылғы редакция)
29. Осы Стандарт 24 Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету ХҚЕС- ты (IAS) (2003 жылғы редакция) алмастырады.