Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысы
(2011.15.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 8 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 05.02.01 ж. № 187 қаулысымен тақырыбы мен мәтініндегі сөздер ауыстырылды
Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі жөніндегі ұзақ мерзімді басымдықты жүзеге асыру, мемлекеттік органдар, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері және кәсіподақтар арасындағы әлеуметтікэкономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестіктегі өзара байланыстар мен ынтымақтастықты күшейту үшін диалогтың ықтимал барлық нысанын көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 25.11.99 ж. № 1784; 24.01.00 ж. № 119; 26.10.00 ж. № 1594; 05.02.01 ж. № 187; 24.12.01 ж. № 1679; 10.04.02 ж. № 411; 23.07.03 ж. № 732 (бұр. ред. қара); 29.01.04 ж. № 108; 07.06.04 ж. № 631; 2005.11.01. № 6 ; 2005.26.10. № 1075 (бұр.ред.қара); 2006.20.03. № 192 (бұр.ред.қара); 2006.12.07. № 664 (бұр.ред.қара); 2007.28.02. № 155 (бұр.ред.қар); 2007.05.10. № 904 (бұр.ред.қара); 2008.06.02. № 109 (бұр.ред.қара); 2009.15.05. № 729 (бұр.ред.қара); 2010.30.09. № 993 (бұр.ред.қара) қаулыларымен; 2011.15.11. № 1340 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып мыналар тағайындалсын:
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға; |
Әбдіқалықова Гулшара Наушақызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі; |
Paу Альберт Павлович | - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі |
Қосдәулетов ӘдiлетДулат Рашитұлы | -Қазақстан Республикасының -вице-министрі |
Шоқпытов Андар Мәулешұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, | |
Қиынов Ләззат Кетебайұлы | - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі; | |
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1305 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдерін тағайындау туралы» 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 1452 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 48, 545-құжат).
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы» 1996 жылғы 30 қыркүйектегі № 1194 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 39, 373-құжат).
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 1452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1512 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 51, 492-құжат).
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 1452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1997 жылғы 12 тамыздағы № 1253 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 37, 353-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 1452 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1998 жылғы 9 қаңтардағы № 3 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 4-құжат).