Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 23 шілдедегі № 732 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкiлдерiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Yкіметі өкiлдерiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Павлов - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич Премьер-Министрінің бiрiншi
орынбасары, төраға
Оразбаев - Қазақстан Республикасының
Бірлік Есiркепұлы Энергетика және минералдық
ресурстар вице-министрi
Исаев - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау вице-министрi
Асанов - Қазақстан Республикасының
Жақып Қажманұлы Әдiлет вице-министрi
Андрющенко - Қазақстан Республикасының
Александр Иванович Индустрия және сауда
вице-министрі
1-тармақта:
"Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрi" деген жолдағы "вице-министр" деген сөз "бiрiншi вице-министр" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген құрамнан Бауыржан Әлiмұлы Мұхаметжанов, Наталья Артемовна Коржова, Петр Петрович Нефедов, Бауыржан Жаңабекұлы Аймақов, Ринат Шарафутдинович Шамсутдинов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |