Қазакстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 729 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамына енгізілсін:
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға; |
Әбдіқалықова Гулшара Наушақызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; |
Қосынов Алмас Олжабайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі; |
көрсетілген құрамнан Шөкеев Өмірзақ Естайұлы, Сапарбаев Бердібек Машбекұлы, Бішімбаев Қуандық Уәлиханұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |