Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу
және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 108 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Әлеуметтік серiктестiк пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкiлдерiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсiн:
Әлеуметтік серiктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкiметі өкiлдерiнiң құрамына
Марченко - Қазақстан Республикасы Премьер-
Григорий Александрович Министрінің бiрiншi орынбасары,
төраға
болып енгiзілсiн.
1-тармақта:
көрсетiлген құрамнан Александр Сергеевич Павлов шығарылсын.
2. Қоса берiліп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерінiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2004 жылғы 29 қаңтардағы
№ 108 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi
жойылған кейбір шешімдерiнiң
Тізбесі
1. "Кедейлiкті азайту мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 305 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 305 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 1618 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуiрдегі № 397 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдеріне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 305 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 459 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 305 және 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 17 қазандағы № 1061 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.