Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 қазан № 1594
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның құрамына мыналар:
Бәйменов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Әлихан Мұхамедияұлы және халықты әлеуметтік қорғау министрі,
төрағаның орынбасары
Өмірбаев - Қазақстан Республикасының Еңбек
Әділхан Әбдірахманұлы және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі
Нефедов - Қазақстан Республикасының
Петр Петрович Энергетика, индустрия және сауда
вице-министрі енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Николай Владимирович Радостовец, Есберген Әбітайұлы Әбітаев және Роза Сақтағанқызы Қуанышбаева шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі