«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 20 наурыздағы № 192 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Yкіметі өкілдерінің құрамына мыналар енгізілсін:
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары, төраға |
Палымбетов Болат Әбілқасымұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице- министрі; |
көрсетілген құрамнан Есімов Ахметжан Смағұлұлы, Исаев Батырхан Арысбекұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |