Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 ақпан № 187
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Yкіметі өкiлдерiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
атауындағы және мәтiніндегі "әлеуметтiк-экономикалық" деген сөздер тиiсiнше "әлеуметтiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Жандосов - Қазақстан Республикасы
Ораз Әлиұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға
Рябченко - Қазақстан Республикасының
Олег Григорьевич Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім вице-министрi;
Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы, Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы көрсетiлген құрамнан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі