- ақша рыногының банкаралық депозиттер, репо және кері репо, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар және ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтингі бар эмитенттер шығарған басқа да борыштық міндеттемелер сияқты құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға;
- форвард операциялары, своп операциялары және кредиттік рейтингін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын деңгейден төмен емес қарсы әріптестермен опцион операциялары сияқты туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға;
- Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа да операцияларды жүзеге асыруға құқылы.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 58-бап өзгертiлдi
58-бап. Алтын-валюта активтерi
Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерi Қазақстан теңгесiнiң сыртқы және iшкi тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшiн жасалады, және пайдаланылады әрi олар:
- аффинирленген алтыннан;
- Қазақстан Ұлттық Банкiнде сақтаулы валюталық құндылықтардан;
- шет ел валютасындағы жай және аударым вексельдерiнен;
- шет елдер үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарып, кепiлдiк берген бағалы қағаздардан;
- мұндай активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуы қамтамасыз етiлген жағдайда, шет ел валютасында деноминирленген басқа да сыртқы активтерден құралады.
Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң құрылымын және олардың орналастырылуын анықтайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiмен көзделген жағдайларды қоспағанда алтын-валюта активтерiн кредиттер (заемдар, несиелер) беру нысанында пайдалануға және Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидентi еместерге кепiлдiктер немесе басқадай мiндеттемелер ұсынуға жол берiлмейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерiнiң құрылымын ұлғайту және өзгерту:
бағалы металдар мен асыл тастарға қатысты қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қазақстандық және басқа осындай металл өндiрушiлерден (сатушылардан) тазартылған алтын сатып алу;
Қазақстан теңгесiне (естелiк және кәдесый тиындарын қоса) шет ел валютасын және Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резиденттерi мен резидентi еместерге шет ел валютасын сатып алу жолымен;
Қазақстан Ұлттық Банкінің шет ел валютасымен жүзеге асыратын депозит, салым, дилинг операцияларынан және шет ел валютасында деноминирленген бағалы қағаздар операцияларынан, сондай-ақ шет ел валютасымен беретiн кредиттерiнен түсетiн комиссиялық және басқа сыйақылар;
Қазақстан Ұлттық Банкінің тазартылған алтын, күмiс, платина және платина тобындағы басқа металдарды сату, салу және басқа операциялар жүргiзуiнен алынған шет ел валютасындағы түсiмдер;
Қазақстан Ұлттық Банкi халықаралық қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердiң орталық банктерiнен және басқа кредиторлардан алған кредиттер;
осы Заңға және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкi көрсеткен консультациялық, баспа-ақпараттық және басқа да қызметтен алынған шет ел валютасындағы түсiмдер есебiнен жүргiзiледi.
Алтын-валюта активтерiн азайтуды Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай жолмен жүргiзедi:
айырбас бағамы саясатын қоса ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында iшкi валюта нарығында валюта сату әрi iшкi валюта нарығында шет ел валютасына деген сұраным мен ұсынымның арасындағы алалықты бәсеңдетуге;
шет елдегi дипломатиялық және басқа да өкiлдiктердi ұстау мен iссапар шығындарын, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік сыртқы қарызына қызмет көрсетудi қоса өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) импортын төлеу үшiн мемлекеттік бюджеттiң қаражаты мен Қазақстан Ұлттық Банкi сметасы (бюджетi) есебiнен теңгенi шет ел валютасына айырбастауды жүзеге асыру;
басқа шет ел валютасын сатып алу үшiн шет ел валютасын сату;
Қазақстан Ұлттық банкінің алған кредитi бойынша негiзгi соманы, және сыйақыны, сондай-ақ комиссиялық және басқа iлеспе шығындарын қайтару;
шығынды алтын-валюта активтерiн қалыптастырылған провизиялар (резервтер) есебiнен есептеп шығару.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 59-бап өзгертiлдi; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 59-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 59-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
59-бап. Алтын-валюта активтерiнiң өтiмдiлiгi және олардың сақталуы
Қазақстан Ұлттық Банкі алтын-валюта активтерінің өтімділігін және сақталуын, сондай-ақ тәуекел қалыпты деңгейде болған кезде ұзақ мерзімді перспективада кірістілігін қамтамасыз ете отырып, олармен операциялар жасайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiн ұлттық валютаның тұрақтылығын және айырбасталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн қажеттi деңгейде ұстап тұруға тиiс.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 60-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 60-бап жаңа редакцияда; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 60-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
60-бап. 2009.11.07 № 185-ІV Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау функциялары
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 61-бап өзгертiлдi; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 61-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV Заңымен 61-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 61-бап өзгертiлдi
61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің (реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру принциптерi
Қазақстан Ұлттық Банкi қаржылық ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалауға қатысады, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады. Қазақстан Ұлттық Банкi қаржы ұйымдарына өз құзыретi шегiнде санкция қолданған кезде бұл туралы уәкілеттi органға хабарлайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің реттеушi функциялары Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған.
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржы ұйымдарының қызметіне араласпайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз функцияларын орындау үшiн мемлекеттік органдардан, қаржылық және өзге де ұйымдардан, сондай-ақ олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) қажеттi алғашқы статистикалық деректерді және қажет болған жағдайда өзге де қосымша ақпаратты сұратуға әрi алуға құқылы.
ҚР 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 09.07.03 ж. № 482-II Заңдарымен 62-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 62-бап жаңа редакцияда; 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 62-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 62-бап өзгертiлдi (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
62-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалау жөніндегі өкiлеттiктерi
Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес қаржылық ұйымдарға лицензия берудi, оларды бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
Осы мақсаттарда Қазақстан Ұлттық Банкi:
1) қаржылық ұйымдар мен олардың клиенттерi орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға;
2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың банк операцияларын жүргiзуiне лицензиялар берудiң шарттары мен тәртібін айқындауға;
2-1) банк операцияларын жүргізу тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда банктерге қорытынды беру шарттары мен тәртібін айқындауға;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаржылық ұйымдар мен өзге де тұлғалардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және азаматтардан өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтер алуға;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асыруға өкілетті.
Қазақстан Ұлттық Банкi уәкiлеттi органмен, басқа мемлекеттердiң орталық банктерiмен және қадағалау органдарымен ынтымақтастық жасайды және өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпарат алмасуға құқылы.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 62-1-баппен толықтырылды; ҚР 18.12.00 ж. № 128-II Заңымен 62-1-бап өзгертілді
62-1-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 62-2-баппен толықтырылды (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.04.07 № 167-ІV ҚР Заңымен 62-2-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
62-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау функцияларын жүзеге асыру
Қазақстан Ұлттық Банкі осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес реттелуі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үй-жайларының техникалық жарақтануын және жабдықтарын алдын ала қарап шығу;
2) біліктілік талаптарына сәйкестікті белгілеу;
3) тексерілетін орынға барып немесе құжаттық нысанда:
қаржы ұйымдарына, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан; Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін тұтастай немесе жекелеген мәселелер бойынша, сондай-ақ олардың Қазақстан Ұлттық Банкіне табыс ететін есептері мен мәліметтерінің дұрыстығын зерделеу үшін тексеру жүргізу арқылы бақылау функцияларын жүзеге асырады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 62-3-баппен толықтырылды (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.04.07 № 167-ІV ҚР Заңымен 62-3-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.11.07 № 185-ІV Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 62-3-бап өзгертілді
62-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің тексерулер ұйымдастыру мен жүргізу тәртібінің ерекшеліктерi
1. Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы ұйымдарының (олардың филиалдарының), сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруді осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік пен лицензиялау мәселелерін реттейтін заңнамалық актілеріне сәйкес дербес не басқа мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың мамандарын тарта отырып жүргізеді.
2. Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізетін тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жоспарлы - Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру жоспарларына сәйкес жылына бір реттен асырмай жүргізілетін тексеру;
2) жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде жазылған фактілер, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар бойынша, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан сауалдар түскен кезде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылғаны туралы айғақтайтын ақпарат пен материалдар алған кезде, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде тағайындалатын, сондай-ақ бұдан бұрын анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатындағы тексеру.
3) рейдтік - бір мәселе, бір негіз бойынша бір мезгілде бірнеше субъектілердің қызметін қамтитын, алты айда бір реттен жиі жүргізілмейтін тексеру.
3. Тексеру жоспарлары тоқсан сайын жасалады және оны Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.
4. Қазақстан Ұлттық Банкі тексеру жүргізу басталарда тексеруші топқа тексерілетін тұлға ұсынуға міндетті құжаттардың (мәліметтердің) тізбесін көрсете отырып, алдағы тексеру туралы тексерілетін тұлғаны жазбаша хабардар етуге құқылы.
5. Тексеру Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары не Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалының басшысы бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру тағайындау туралы актісінің негізінде жүргізіледі.
Тексеру тағайындау туралы актіде:
1) актінің нөмірі және жылы, айы, күні;
2) тексеру тағайындаған органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
4) оған қатысты тексеру тағайындалған тексерілетін тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
5) тексеру түрі;
6) тексерілуге жататын мәселелер;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын нормативтік құқықтық актілер;
9) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша және бұрын анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатындағы тексерулерді қоспағанда, тексеру кезеңі;
10) лауазымын, тегін, аты-жөнін көрсете отырып, актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және мөр көрсетіледі.
Рейдтік тексеру тағайындау туралы актіде, осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген мәліметтерді қоспағанда, осы тармақта көзделген мәліметтер көрсетіледі, сондай-ақ тексеруге тартылатын тұлғалар тізімінің бар екені туралы мәлімет көрсетіледі. Рейдтік тексеру тағайындау туралы актіге осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып, тексеруге тартылатын тұлғалар тізімі қоса беріледі.
6. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. Тексерілетін тұлғаға тексеру тағайындау туралы актіні ұсынған сәт, рейдтік тексеруді қоспағанда, тексеру жүргізудің басталуы болып саналады.
Тексерілетін тұлғаға тексеру тағайындау туралы актінің түпнұсқасын танысу үшін ұсынған және оның көшірмесін тапсырған сәт рейдтік тексеру жүргізудің басталуы болып саналады. Түпнұсқада көшірмемен танысқаны туралы және оны алғаны туралы белгі қойылады.
8. Тексеру тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған немесе тексеруді жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамдарының тексеру жүргізуге қажетті материалдарды пайдалануына кедергі келтірілген жағдайда тиісті акт жасалады. Актіге тексеруді жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамы және тексерілетін тұлғаның уәкілетті қызметкері қол қояды.
9. Тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.
10. Тексерілетін тұлға Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру тағайындау туралы актісін алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей тексеруші топ басшысының атына:
1) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы және оны алмастыратын адам туралы;
2) тексерілетін тұлғаның қажетті құжаттар (мәліметтер) дайындауға, оларды тексеруші топқа (адамға) уақтылы беруге жауапты мамандары туралы ақпаратты көрсете отырып, хат табыс етеді.
11. Тексеру жүргізілетін кезеңде тексерілетін тұлға тексеруші топқа (адамға):
1) алғашқы талап етуі бойынша тексеруге қатысты кез келген қажетті құжаттарды (мәліметтерді) қағаз және электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін алуын, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті кез келген ақпарат көздеріне қол жеткізуін;
2) автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) тексеру мәніне сәйкес қол жеткізуін;
3) қажет болған кезде кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлердің жүргізілетін тексеруге, олардың қызметтік міндеттеріне және (немесе) тексерілетін тұлғаның қызметіне қатысты мәселелер бойынша түсіндірме (ауызша немесе жазбаша) беруін;
4) тексерілетін тұлғаның ғимаратынан жеке үй-жай берілуін (болған жағдайда), оған еркін кіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
12. Тексерілетін тұлғаның осы баптың 11-тармағында көрсетілген талаптардың бірін бұзуы тексерілетін тұлғаға не оның басшысына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға негіз болып табылады.
13. Тексеру жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, жекелеген мәселелерді қосымша зерделеу қажет болған не тексерудің едәуір көлеміне байланысты ерекше жағдайларда Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары не Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалының басшысы тексеру жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ бұл күнтізбелік отыз күннен аспауы керек.
Тексеру мерзiмi ұзартылған жағдайда, тексерудi ұзарту туралы қосымша акт ресiмделедi, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актiнiң тiркеу нөмiрi мен күнi және ұзарту себебi көрсетiледi.
Рейдтік тексеру кезінде тексеруге тартылатын тұлғалар тізімінде көрсетілген бір тұлғаны тексеру мерзімі бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Рейдтік тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда, тексеруге тартылатын тұлғалар тізімінде көрсетілген бір тұлғаны тексеру мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
14. Тексеру нәтижелері бойынша тексеруші топ (адам) тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған жылы, айы, күні мен орны;
2) тексеру жүргізген органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеру тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
5) тексерілетін тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, ал тексеру жүргізген кезде тексерілетін тұлғаның өкілі қатысқан жағдайда оның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы;
6) тексеру жүргізілген орын және кезең;
7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
8) тексерілетін тұлға өкілінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан жағдайда басқа да тұлғалардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;
9) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетіледі.
Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелеріне байланысты қажетті құжаттар (мәліметтер) немесе олардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.
Тексеру жүргізу мерзімі аяқталуынан кешіктірмей тексеруші топ (адам) тексерілетін тұлға басшысының атына, тексерілетін тұлғада түпнұсқасы болатын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, танысу және қол қою үшін тексерудің нәтижелері туралы актінің екі данасын қосымшаларының көшірмелерімен қоса жібереді.
Тексерілетін тұлғаның басшысы (оның орынбасары) не тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын қабылдайды, актінің екінші данасының әрбір парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, алған күні туралы белгі қояды және тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен кейінгі келесі күнінен кешіктірмей, тексеру нәтижелері бойынша ескертулері және (немесе) қарсылықтары болса көрсете отырып, Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеруші тобына (адамына) екінші дананы табыс етеді.
15. Тексерілетін тұлғаның басшысына (оның орынбасарына) тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы актінің жіберілген күні тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
16. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданған жағдайда тексерілетін тұлға анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы жазбаша есепті (ақпаратты) Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген мерзімде оған табыс етуге міндетті.
17. Тексеру жүргізген кезде Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамдары тексерілетін тұлға құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге және алынған ақпараттың құпиялығын сақтауға, тексерілетін тұлғаның және оның клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге тікелей не жанама әкеп соғатын іс-әрекеттерден тартынуға тиіс.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 63-бап өзгертiлдi
63-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 64-бап өзгертiлдi
64-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп беруi
65-бап. Қаржы жылы
Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы жылы күнтiзбелiк есептеу бойынша 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 66-бап жаңа редакцияда; ҚР 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 66-бап өзгертілді
66-бап. Есеп беру
Қазақстан Ұлттық Банкi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуiне жылдық есеп берiп отырады.
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебiн қарап, оны бекіту туралы шешiм қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi келісілген мерзiмде Қазақстан Республикасының жиынтық қаржы балансын жасау үшiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық бухгалтерлiк балансын және пайдалары мен шығындары туралы есебiн берiп отырады.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 67-бап өзгертілді; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 67-бап өзгертілді
67-бап. Жылдық есеп
Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебi:
- ақша-кредит саясаты және қаржы рыногының жай-күйi туралы баяндаманы;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің өткен жылғы қызметi туралы есептi;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қамтиды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 68-бап өзгертілді; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 68-бап өзгертілді
68-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметiн тексеру
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық есептілігінің аудитін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттің немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің орталық банкіне аудит жүргізу тәжірибесі бар аудиторлық ұйым жыл сайын жүргізеді.
Тексерiс кезiнде алынған әрбір ақпарат құпия деп саналады және аудиторлық ұйым оны үшiншi жаққа жеткiзгенi үшiн жауап бередi.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ұйымдарының қызметiне жасалған кез келген мемлекеттік органның тексерiсi Қазақстан Республикасы Президентінің келісімiмен не болмаса тапсыруы бойынша ғана жүзеге асырылады.
13 Тарау. Қорытынды ережелер
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 69-бап өзгертілді
69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің таратылуы
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын қабылдау жолымен таратылуы мүмкiн, Қазақстан Ұлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi Заңда көрсетiлген банк құқығын иеленушiге бередi.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 70-бап өзгертілді