Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2009.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат, № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат):
213-бапта:
тақырыптағы «Шетел» деген сөз «Ұлттық және шетел» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «Ұйым басшысының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті банкіндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын» деген сөздер «Ұйым басшысының немесе жеке кәсіпкердің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті банкіндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын ұлттық және» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«он мыңнан жиырма мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
Ескертудегі «шетел валютасындағы қаражат сомасы бес» деген сөздер «ұлттық және шетел валютасындағы қаражат сомасы он» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 187-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«187-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды қамтамасыз етпеу
Уәкілетті банктердегі банк шоттарына:
тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортынан ұлттық және шетел валютасындағы түсімдерді;
резиденттің тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына аударған, резидент еместің міндеттемелерді орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық және шетел валютасын есептемеу түрінде жасалған ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды қамтамасыз етпеу, -
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - есептелмеген ұлттық және шетел валютасы сомасының жиырма проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі аяқталғаннан кейін есептелмеген ұлттық және шетел валютасының сомасы елу мың АҚШ долларына балама сомадан асып кеткен және егер осы іс-әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаған жағдайларда туындайды.»;
2) 188-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ауытқу шегін сақтамауы, -
лауазымды тұлғаларға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) мынадай мазмұндағы 188-1-баппен толықтырылсын:
«188-1-бап. Арнайы валюта режимін бұзу
Арнайы валюта режимін:
валюталық операцияны жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы рұқсатын алу талабын орындамау;
резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабын орындамау;
шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану;
валюталық операцияларды жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды орындамау;
Қазақстан Республикасының Президенті енгізген өзге де уақытша валюталық шектеулерді сақтамау бөлігінде бұзу, -
жеке және заңды тұлғаларға арнайы валюта режимін бұза отырып жүргізген операция сомасының жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 572-баптың бірінші бөлігіндегі «188 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер «188 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 188-1,» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар):
1) - 3) тармақшалар ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiлді
1) мазмұнында:
39-баптың тақырыбы «тұлға» деген сөзден кейін «қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен» деген сөздермен толықтырылсын;
40-баптың тақырыбындағы «орындау ерекшеліктері» деген сөздер «орындауы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 39-бапта:
тақырыбы «тұлға» деген сөзден кейін «қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен» деген сөздермен толықтырылсын;
1 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша хабарлайды.
Тапсыру актісі немесе бөліну балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға сонымен бір мезгілде орналасқан жері бойынша салық органына:
1) таратудың салық есептілігін;
2) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені (қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда) табыс етеді.
Таратудың салық есептілігі қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша осындай есептілікті тапсыру міндеті туындаған салық кезеңі басталған сәттен бастап оны салық органына табыс ету күніне дейінгі кезең үшін жасалады.»;
«5. Қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға уәкілетті мемлекеттік орган аталған тұлғаны Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарып тастаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына сонымен бір мезгілде уәкілетті мемлекеттік органның заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы бұйрығының көшірмесін табыс етеді.»;
6-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацта «көрсетілген құжаттарды» деген сөздер «көрсетілген құжатты» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бөлініп шығу - жаңадан туындаған заңды тұлғаны бөліп шығарған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны жаңадан туындаған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша бөліну балансы негізінде береді.»;
3) 40-бапта:
тақырыбындағы «орындау ерекшеліктері» деген сөздер «орындауы» деген сөзбен ауыстырылсын;
1 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша түрде хабарлайды.
Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде бөліну балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша салық органына сонымен бір мезгілде:
1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салық есептілігін;
3) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені (қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда) табыс етеді.»;
«5. Бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жері бойынша салық органына сонымен бір мезгілде:
1) бөліну балансын;
2) банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын табыс етеді.
Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада бюджетке артық төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары болса, аталған сомалар осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу есебіне жатқызылады.
Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада бюджетке қате төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары болса, онда аталған сомалар осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есебіне жатқызылады.
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салық берешегі жоқ болса, онда:
1) бюджетке қате төленген салықтар және басқа да міндетті төлемдер сомалары осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады;
2) бюджетке артық төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленген басқа да міндетті төлемдер сомалары осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады.
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттарды құжаттық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.»;
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды табыс еткеннен және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерін өтегеннен кейін салық органы осы тұлғаға осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама беруге міндетті.
Салық органы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаға салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы осы тармақта көзделген анықтаманы берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 595-бабына сәйкес бөліну балансы негізінде жаңадан туындаған заңды тұлғалардың орналасқан жері бойынша салық органына бөлінген заңды тұлғаның жеке есепшоттары бойынша сальдоны береді.
7. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) оның салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуге негіз болып табылмайды.»;
4) - 16) тармақшалар 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 43-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «түсініктемені табыс етеді» деген сөздер «түсініктемені;» деген сөзбен ауыстырылып, осы тармақ мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені (қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда);
5) дара кәсіпкердің қызметін тоқтатуы туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты табыс етеді.»;
5) 118-бапта:
4-тармағындағы «көрсетілген активтерді қабылдап алу-беру актісінің деректері бойынша айқындалатын құн» деген сөздер «алынған активтердің аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салық төлеушінің қосылу, бірігу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылуына байланысты тіркелген активтерді алу кезінде, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, алынған активтердің беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген баланстық құны осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
Қосылу жолымен құрылған, жаңадан туындаған заңды тұлғаның немесе оған басқа заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы осы Кодекстің 119-бабының 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес беру актісінде осындай құн көрсетілген жағдайда салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркелген активтердің құнына арттырылады.»;
6) 119-баптың 4 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тіркелген активтерді өтеусіз беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша берілген активтердің баланстық құнына азайтылады.»;
«6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосу, біріктіру, бөлу немесе бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде тіркелген активтердің шығып қалуы кезінде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген, берілген активтердің баланстық құнына азайтылады.
Қосу, біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру кезінде салық төлеушілер салықтық есепке алу мақсаттары үшін қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаны салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркелген активтердің құнын:
1) І топтағы тіркелген активтер бойынша - осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген, тіркелген активтердің қалдық құнын;
2) ІІ, ІІІ, ІV топтардағы тіркелген активтер бойынша топтың барлық тіркелген активтерін беру шартымен - осы Кодекстің 117-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен есептелген топтың құндық балансының шамасын беру актісінде көрсетуге құқылы.
Қосу, біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы осы тармаққа сәйкес беру актісінде көрсетілген салықтық есепке алу деректері бойынша тіркелген активтердің құнына азайтылады.»;
7) 239-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерін түзету осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған салық кезеңінде жүргізіледі.
Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын түзету сомасы өткізу айналымы жасалған күнге қолданыстағы ставка бойынша айқындалады.»;
8) 247-баптағы «басқа да міндетті төлемдердің» деген сөздер «кеден төлемдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 258-бапта:
4-тармақтың бірінші абзацындағы «Осы тармақта» деген сөздер «Осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «1) тармақшасында көрсетілгенді» деген сөздер «1) және 6) тармақшаларында көрсетілгендерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 260-бапта:
1-тармақ «қосылған құн салығы» деген сөздерден кейін «, осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу жөніндегі айналымдары салық салудан босатылатын объектілер құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеуші салық салудан босатылатын айналымдар мақсатында және басқа да мақсаттарда пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер есебін бөлек жүргізуге міндетті.
Сонымен бір мезгілде салық салудан босатылатын айналымдар мақсатында және басқа да мақсаттарда пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша есепке жатқызудың барабар әдісі пайдаланылады.»;
11) 263-бапта:
5-тармақта:
1) тармақшадағы «цифрлық мәні бар» деген сөздер «араб цифрларымен көрсетілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «, сондай-ақ осы баптың 18-тармағында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) осы баптың 18-тармағында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;»;
5) тармақшадағы «өнім берушінің» деген сөздер - «өнім беруші-қосылған құн салығын төлеушінің» деген сөздермен, «куәліктің» деген сөз «куәлігінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші немесе алушы болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі:
осы тармақтың 3), 3-1) және 4) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында осындай заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің деректемелерін көрсетеді;
осы тармақтың 5) тармақшасының талаптарын орындау мақсатында өзі құрылымдық бөлімшесі болып табылатын заңды тұлғаның - қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәліктің нөмірін көрсетеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, шот-фактура өнім берушінің басшысы мен бас бухгалтерінің қолдарымен, сондай-ақ салық төлеушінің мөрімен куәландырылады.
Шот-фактура қосылған құн салығын төлеушінің шешімімен өкілеттік берілген қызметкердің қолымен куәландырылуы мүмкін.
Қосылған құн салығын төлеушінің шешімімен шот-фактура «шот-фактуралар үшін» деген арнайы деректемесі бар оның мөрімен куәландырылуы мүмкін.
Қосылған құн салығын төлеушінің шешімімен заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі ол жазып берген шот-фактураларды заңды тұлғаның осындай құрылымдық бөлімшесінің, оның ішінде осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мөрімен куәландыруға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:
«19. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші осы Кодекстің 265-бабында көзделген тәртіппен қосымша шот-фактураны бір мезгілде мынадай шарттарға сай болған:
тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші шот-фактураны осы бапта көзделген жағдайларда осындай шот-фактура жазып берілген күнге қолданыстағы салық ставкасы бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасын көрсете отырып, өткізу айналымы жасалған күнінен бұрын жазып берілген;
шот-фактура жазып берілген күнге қолданыстағы қосылған құн салығы ставкасы осындай шот-фактура бойынша өткізу айналымы жасалған күніне қолданыстағы қосылған құн салығы ставкасынан өзгеше болған кезде жазып береді.»;
12) 265-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «реттік» деген сөз «араб цифрларымен көрсетілетін реттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 270-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдері табыс етіледі. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Шот-фактураның нөмірін көрсетуге арналған ұялардың саны электронды түрде мыналарды:
1) есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары);
2) есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін табыс ету кезінде шектелмейді.»;
14) 342-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Су шаруашылығы жүйесі саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің өндірген жерасты суларының көлемі бойынша осы баптың бірінші бөлігінің кестесіндегі 4-тармақта белгіленген пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкасына 0,3 коэффициенті қолданылады.»;
15) 398-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнының 0,5 процент ставкасы бойынша мына салық төлеушілер:
1) дара кәсіпкерлер;
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар есептейді.»;
3-тармақтың 7) тармақшасындағы «объектілерін пайдаланатын заңды тұлғалар» деген сөздер «объектілері бойынша заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 399-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, келіп түскен күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған, келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалады. Ағымдағы төлемдер көбейтілуі тиіс сома осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдер бойынша тең үлестермен бөлінеді, бұл ретте салық салу объектілері келіп түскен күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, ағымдағы төлемдер салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, шығып қалған салық салу объектілерінің құнының 1/13-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын сомаға азайтылады.
Бұл ретте мыналар:
келіп түскен күнге бухгалтерлік есеп деректері бойынша бастапқы құны - ағымдағы салық кезеңінде келіп түскен салық салу объектілері бойынша;
салық кезеңі басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құны - басқа салық салу объектілері бойынша шығып қалған салық салу объектілерінің құны болып табылады.