4) сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді осы Кодекстің 23-1-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асыру туралы.
2. Қабылданған шешiм туралы арыз берушiге хабарланады және сонымен бiр уақытта оған шешiмге шағым беру құқығы түсiндiрiледi.
3. Арыз немесе хабар тергеу немесе соттау ретiмен жiберiлген жағдайда анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң бастығы, тергеушi, прокурор қылмысты болдырмау немесе бұлтартпау, сонымен қатар қылмыс iзiн бекіту шараларын қолдануға мiндеттi.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен; 2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 186-бап өзгертілді
186-бап. Қылмыстық iс қозғау тәртібі
1. Осы Кодекстің 23-1-тарауында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 177-бабында көрсетiлген себеп пен негiз болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң бастығы, тергеушi, прокурор қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарады.
2. Қаулыда: оның шығарылған уақыты мен орны, оны кiм жасағаны, iс қозғаудың себептерi мен негiздерi, ол кiмге қатысты немесе қандай факт бойынша қозғалып отырғаны, белгiлер бойынша iс қозғалып отырған қылмыстық заңның бабы, сондай-ақ iстiң бұдан былайғы бағыты көрсетiледi. Қылмыстық iс қозғау туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi. Қабылданған шешiм туралы арыз берушiге және өзiне қатысты iс қозғалып отырған адамға оған қылмыстық iзге түсудiң басталуына байланысты құқықтар мен мiндеттердi түсiндiре отырып, хабарланады.
Осы Кодекстің 177-бабының екінші бөлігінің 2) тармағында көзделген тәртіппен қозғалған қылмыстық іс қозғау туралы қаулыда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы көрсетілмейді.
3. Егер қылмыс жасаудан зардап шеккен адам белгiлi болса, қылмыстық iс қозғаумен бiр уақытта ол жәбiрленушi деп танылады, ал егер қылмыс жасалғаны туралы хабармен бiрге азаматтық талап қойылса, онда бұл адам сонымен қатар азаматтық талапкер деп танылады.
187-бап. Қылмыстық iс қозғаудан бас тарту
1. Қылмыстық iс қозғауға негiздер болмаған кезде қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға және арыз берушiге жiберiледi. Бұл ретте арыз берушiге құқықтары мен қаулыға шағымдану тәртібі түсiндiрiлуге тиiс.
3. Тергеушiнiң, анықтаушының қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулысына тиiсiнше тергеу бөлiмiнiң бастығына, анықтау органының бастығына, сондай-ақ прокурорға немесе сотқа осы Кодексте белгiленген тәртiп бойынша шағымдануға болады. Соттың жеке айыптау туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады.
4. Егер келiп түскен арызда (хабарда) азаматтардың саяси, еңбек, тұрғын үй, отбасы және өзге де құқықтарын бұзушылық, сондай-ақ азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен қорғалатын ұйымдардың заңды мүдделерiн бұзушылық байқалса, онда қылмыстық iс қозғаудан бас тартумен бiр уақытта мүдделi адамдарға құқықтары және бұзылған құқықтар мен мүдделердi қалпына келтiру үшiн азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен сотқа жүгiну тәртібі түсiндiрiлуге тиiс.
09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 188-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
188-бап. Қылмыс туралы хабарды немесе арызды тергелуiне немесе сотталуына қарай беру
1. Қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген лауазымды адам немесе орган қылмыс туралы арызды немесе хабарды қылмыстық iс қозғамай, тергелуi бойынша тек мынадай:
1) қылмыс бұл ауданнан тысқары жерде жасалып және қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн қылмыс жасалған жерде тексеру iс-әрекетiн жасау қажет болған;
2) қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн ол тергеуiне жатқызылған орган ғана жүргiзе алатын тексеру iс-әрекеттерiн жасау қажет болған жағдайларда ғана беруге құқылы.
2. Арыздың немесе хабардың қылмыстық iс қозғамай, тергелуi бойынша берiлгенi туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурор хабардар етiлуге тиiс.
3. Қылмыстық iс қозғамай сотталуы бойынша беруге жәбiрленушiлердiң жеке айыптау тәртібімен iзге түсетiн қылмыстары туралы шағымдары ғана жатады.
4. Қылмыс туралы хабарды немесе арызды тергелу ретi немесе соттылығы бойынша беру кезiнде оқиға болған орынды, сол жердi немесе үй-жайды қарау кезiнде табылған не ұйымдар, лауазымды адамдар немесе азаматтар ұсынған заттар мен құжаттар осы Кодекстiң 223-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен берiледi.
2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 189-бап өзгертілді
189-бап. Қылмыстық iзге түсу органының қылмыстық iс қозғалғаннан кейiнгi iс-әрекетi
1. Қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн:
1) прокурор iстi алдын ала тергеу немесе анықтау жүргiзуi үшiн тергеушiге немесе анықтау органына жiбередi;
2) тергеушi алдын-ала тергеу жүргiзуге кiрiседi;
3) алдын-ала тергеу жүргiзу мiндеттi болып табылатын iстер бойынша анықтау органы шұғыл тергеу iс-әрекеттерiн орындағаннан кейiн iстi алдын-ала тергеу iсiн жүргiзуге жiбередi; осы Кодекстiң 285-бабында аталған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау жүргiзедi.
2. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу кезіндегі қылмыстық қудалау органының іс-әрекеті осы Кодекстің 23-1-тарауымен реттеледі.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 190-бап өзгертілді
190-бап. Прокурордың қылмыстық iс қозғаудың заңды болуын қадағалауы
Қылмыстық iс қозғаудың заңды болуын қадағалай отырып, прокурор:
1) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғау туралы қаулысының күшiн жоюға және қылмыстық iс қозғаудан бас тартуға немесе материалдарды қосымша тексepy үшiн iс жүргiзуге жiберуге;
2) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулысының күшiн жоюға және қылмыстық iс қозғауға;
3) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғау туралы қаулысының күшiн жоюға және егер қылмыстық iс бойынша тергеу iс-әрекеттерi жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы.
2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен мазмұн 23-1-тараумен толықтырылды
23-1-тарау. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 190-1-бап өзгертілді
190-1-бап. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің негіздері
1. Ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар туралы істер бойынша, егер жинақталған дәлелдемелер арқылы қылмыс фактісі және оны жасаған адам белгілі болса, ол адам дәлелдемелерге, өзінің кінәсін келтірілген зиянның сипаты мен мөлшеріне дау айтпай мойындаған, жағдайда, осы тараудың баптарында белгіленген алынып тасталатындарды қоспағанда, осы Кодекстің жалпы ережелері бойынша сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу жүзеге асырылады.
2. Сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі:
қылмыстардың ішінде ең болмағанда біреуі аса ауыр болып табылатын қылмыстардың жиынтығына қатысты; кәмелетке толмағандарға және өзінің қорғану құқығын дене немесе психикалық кемістіктеріне байланысты өздері жүзеге асыра алмайтын адамдарға қатысты; сот ісі жүргізілетін тілді меңгермеген адамдарға қатысты; артықшылықтары және қылмыстық қудалауға қарсы иммунитеті бар адамдарға қатысты; бірге қатысушылардың ең болмағанда біреуі өз кінәсін мойындамаған жағдайда; осы Кодекстің 190-2-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде істің барлық мән-жайының жан-жақты және толық зерттелуін қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде; күдіктіні осы Кодекстің 132-бабы негізінде ұстау немесе оған бұлтартпау шараларын қолдану қажет болған кезде қолданылмайды.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған ретте алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізіледі.
190-2-бап. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің тәртібі
1. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу қылмыс туралы арызды немесе хабарламаны тіркеген кезден бастап он тәулікке дейінгі мерзімде іс прокурорға берілгенге дейін аяқталуға тиіс.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша материалдар бір іс жүргізуге біріктірілуі мүмкін.
2. Сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтаушы немесе тергеуші жасалған қылмыстың мән-жайларын және оның кінәсін растайтын мән-жайларды анықтайды.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайларды анықтау үшін тексеріп қарау, алу, сараптама, арыз берушіге, көрген адамдарға және қылмыс жасаған адамға сұрау салынуы, құжаттар немесе өзге де материалдар талап етіп алынуы, тексерулердің, ревизиялардың, сараптамалардың актілері, аудиторлық қорытындылар, соттылық туралы анықтама, мінездеме, стенограмма, аудио-, бейнежазба материалдары қоса тігілуі мүмкін.
4. Қылмыстық қудалау органдарына жүгінген кезден бастап - арыз берушінің, ал көрген адамдар мен қылмыс жасаған адамның тергеушіге, анықтаушыға немесе анықтау органына шақырылған кезден бастап заң көмегін көрсету үшін қорғаушы шақыртуға құқығы бар.
Арыз берушіге, көрген адамдарға және қылмыс жасаған адамға жасалған қылмыстың белгілі мән-жайлары туралы сұрау салынады. Сұрау салынатын адамдарға олардың өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы түсінік бермеу құқығы түсіндіріледі. Сұрау салу кезінде дыбыс-, бейнежазба қолданылуы мүмкін.
Қылмыс жасаған адамға сұрау салу кезінде іс бойынша іс жүргізуді сотқа дейінгі жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асыру мүмкіндігі және оның құқықтық салдары түсіндіріледі.
Сұрау салу барысында қылмыс жасаған адамға, арыз берушіге және көрген адамдарға олардың шақырту бойынша анықтаушыға, тергеушіге және сотқа келу міндеті түсіндіріледі. Қажет болған жағдайда аталған адамдардан осы Кодекстің 157-бабында белгіленген тәртіппен анықтаушыға, тергеушіге және сотқа келуі туралы міндеттеме алынады.
190-3-бап. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасау және қылмыстық істі прокурорға беру
1. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттама жасаумен аяқталады. Хаттамада: оның жасалған уақыты мен орны; хаттаманы кімнің жасағаны; қылмыс жасаған адам туралы деректер; қылмыстың жасалу мән-жайлары; адамның кінәлілігін растайтын дәлелдемелер; Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстың саралануы (бап, бөлік, тармақ); адамның өз кінәсін мойындағаны және қылмыс арқылы келтірілген зиянның сипаты мен мөлшеріне келіскені көрсетіледі.
Хаттамаға барлық материалдар, сондай-ақ сотқа шақырылуға жататын адамдардың тізімі қоса тігіледі.
2. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын тергеушінің жасауы не оны анықтау органы бастығының бекітуі қылмыстық істің қозғалғанын және қылмыс жасаған адамның айыпталушы деп танылғанын білдіреді.
3. Айыпталушы, ал шақырылған жағдайда оның қорғаушысы да сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудегі істің материалдарымен таныстырылады. Хаттамаға олардың арыздары мен өтінішхаттары енгізіледі. Хаттаманың көшірмесі айыпталушыға тапсырылады және арыз берушіге жіберіледі.
190-4-бап. Прокурордың сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен келіп түскен қылмыстық іс бойынша іс-әрекеттері
Прокурор сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудегі қылмыстық істі алып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей мына іс-әрекеттердің бірін жасайды:
1) сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасына келісім білдіреді және айыпталушыны сотқа береді;
2) алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізу үшін жібереді;
3) осы Кодексте көзделген негіздер бойынша жекелеген айыпталушыларға қатысты қылмыстық істі немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарады не айыпталушының іс-әрекеттерін қайта саралайды немесе айыптаудың жекелеген тармақтарын алып тастайды.
24-тарау. Алдын-ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұрынғы ред. қара); 2009.17.07. № 187-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 191-бап өзгертілді
191-бап. Алдын-ала тергеудiң мiндеттілігi
1. Алдын-ала тергеудi осы Кодекстiң 33-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 190-1, 285-баптарында көрсетiлген қылмыстар туралы iстердi қоспағанда, барлық қылмыстық iстер бойынша жүргiзу мiндеттi.
2. Алдын ала тергеудi кәмелетке толмағандар немесе өздерiнiң дене немесе ақыл-ой кемiстiктерiне байланысты өздерiнiң қорғану құқықтарын өздерi жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар туралы барлық қылмыстық iстер бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 177-бабының екінші бөлігінің 2) тармағында көзделген тәртіппен қозғалған қылмыстық істер бойынша жүргiзу мiндеттi.
3. Қылмыстық iстер бойынша алдын-ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, iшкi iстер және қаржы полициясы органдарының тергеушiлерi, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда прокурорлар жүргiзедi.
4. Қылмыстық iстердi тергелуi бойынша бiр органнан екiншi органға беру осы Кодекске сәйкес жүргiзiледi.
09.12.98 ж. № 307-1; 05.05.00 ж. № 47-II; 16.03.01 ж. № 163-II; 19.02.02 ж. № 295-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 25.09.03 ж. № 484-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2004.31.12 № 27-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III; 2005.22.11 № 90-III; 2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара); 2007.08.01. № 210-III (бұр. ред. қара);2008.27.06 № 50-ІV (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара); 2009.10.07. № 175-IV (бұр.ред.қара); 2009.10.07. № 177-IV (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.08.12. № 225-IV (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 228-IV (бұр.ред.қара); 2010.14.06. № 290-ІV (бұр.ред.қара); 2010.06.10. № 343-ІV (бұр.ред.қара); 2010.23.11. № 354-IV (бұр.ред.қара); 2011.11.01. № 385-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 192-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 192-бап өзгертілді
192-бап. Тергелу ретi
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 156-163, 165 - 173, 233, 233-1, 233-2, 233-3, 236, 238-240, 243, 244, 247-249-баптарында, 255-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды ұрлауға не қорқытып алуға қатысты), 306-бабында, 317-1-бабында, 317-2-бабында, 318-бабында, 330-бабында (екiншi бөлiгiнде), 331-бабында (екiншi бөлiгiнде), 367-бабында (үшінші, 3-1 және бесінші бөліктерінде), 368-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 369-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 372-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 373-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 374-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 375, 376 баптарында, 381-бабында (үшінші бөлігінде), 382-бабында (екінші бөлігінде), 383-386 баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша, алдын-ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің өзге де баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, егер олардың тергеуі ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеуіне жатқызылған қылмыстар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізуге тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүргізуі мүмкін.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 96-103-баптарында, 107-бабында (екiншi бөлiгiнде), 112, 113,114-баптарында, 116-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 117-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 120-122, 124, 125-баптарында, 126-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 127-бабында, 128-бабында (екiншi, үшiншi және төртінші бөлiктерiнде), 131-бабында, 132-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 132-1, 133, 138-баптарында, 141-бабында (екiншi бөлiгiнде), 142 (екiншi бөлiгiнде), 143 баптарында, 145-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 146-153, 155, 174-баптарында, 175-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 178-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 179, 181-баптарында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 183-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 183-1-бабында, 185-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 186-бабында (екiншi бөлiгiнде), 187-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 227-1, 229, 230-баптарында (екiншi бөлiгiнде), 234, 237, 241, 242, 245, 245-1, 246-баптарында, 251-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 252-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 254-бабында (екiншi бөлiгiнде), 255-бабында (бiрiншi, үшінші және төртінші бөліктерінде), 257-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 259-бабында (1-1, екінші, 2-1, үшінші және төртінші бөліктерінде), 260-бабында, 261-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 263-бабында(үшінші және төртінші бөліктерінде), 264, 267-269-баптарында, 271-бабында (екiншi бөлiгiнде), 273-1-бабында, 275-бабында (екiншi бөлiгiнде), 275-1-бабында (екінші бөлігінде), 277-286-баптарында, 287-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 288-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 289-бабында, 292-бабында (екiншi бөлiгiнде), 294-бабында, 295-бабында, 298-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 299-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 300-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 301-бабында, 302-бабында (екiншi бөлiгiнде), 303-305-баптарында, 319, 319-1, 320 (екiншi бөлiгiнде), 321 - 322-баптарында, 327-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 330-2 (екінші бөлігінде), 335-338, 340, 358-бабында (екiншi бөлiгiнде), 361-бабында, 367-бабында (төртінші бөлігінде), 368-бабында (екiншi бөлігінде), 369-бабында (екiншi бөлiгiнде), 370-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 360-бабында (екінші және үшінші бөлiктерiнде), 373-бабында (екiншi бөлiгiнде), 374-бабында (екінші бөлігінде), 377-бабында (екiншi бөлiгiнде), 381-бабында (екінші бөлігінде), 382-бабында (бірінші бөлiгiнде), 390-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 391-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 392, 393-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 177-бабының екінші бөлігінің 2) тармағында көзделген тәртіппен қозғалған қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеудi iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (үшiншi бөліктің г) тармағында), 177-бабында (үшінші бөліктің г) тармағында), 190-бабында (екінші бөлігінде), 191, 192, 192-1, 193 - 196, 199-205, 206, 207-баптарында, 209-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 221-бабында (екінші бөлігінде), 222-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 222-1, 224-бабында, 226-бабында (екiншi бөлігінде), 226-1, 231, 232, 269-1, 307, 308, 310 - 315-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді салық полициясының тергеушілері жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 183-бабында (екінші және үшінші бөлігінде), 229-бабында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, егер олардың тергеуі қаржы полициясы органдарының тергеушілері тергейтін қылмыстарды тергеуге тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді салық полициясы органдарының тергеушілері жүргізуі мүмкін.
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (екінші бөлігінде, үшінші бөліктің б) тармағында, төртінші бөлігінде), 177-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 180-бабында, 182-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 184, 184-1, 228, 235, 309, 316, 339 (екіншi және үшіншi бөлiктерiнде), 341, 343-357, 363-365-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеуді қылмыстық іс қозғаған ішкі істер органы немесе қаржы полициясы жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-1, 363-1-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді осы органның қызметкері болып табылмайтын адамға қатысты қылмыстық iстi қозғаған iшкi iстер немесе қаржы полициясы органдары жүргiзедi.
4-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 164-бабында, 250-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 337-1-бабында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қылмыстық іс қозғалған ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.
4-2. 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 227, 380, 380-1, 380-2-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iсті қозғаған ішкi iстер, ұлттық қауіпсiздiк немесе қаржы полициясы органдары жүргізедi.
5. 2004.31.12 № 27-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6. Белгiлi бiр iстiң өз тергеуiне жатпайтынын анықтағанда тергеушi қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап бес тәулік ішінде кейiнге қалдыруға болмайтын тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге, содан кейiн iстi тергелу ретi бойынша жiберуi үшiн прокурорға тапсыруға мiндеттi.
7. Бiр немесе бiрнеше адамды әртүрлi алдын ала тергеу органдарының тергеуiне жататын қылмыстар жасағаны үшiн айыптау бойынша iстердi бiр iс жүргiзуге бiрiктiрген кезде тергеу ретiн прокурор белгiлейдi.
193-бап. Алдын ала тергеу жүргiзiлетiн жер
1. Алдын ала тергеу қылмыс жасалған ауданда (облыста) жүргiзiледi.
2. Алдын ала тергеу жедел және толық болуы мақсатында қылмыс анықталған орын бойынша, сондай-ақ сезiктi, айыпталушы адам немесе куәлардың көпшiлiгi тұрған жерде жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Тергеу iс-әрекеттерiнiң басқа ауданда (облыста) жүргiзу қажет болған жағдайда тергеушi оны тiкелей өзi жүргiзуге не бұл iс-әрекеттердi жүргiзудi сол ауданның (облыстың) тергеушiсiне немесе анықтау органына тапсыруға құқылы. Тергеушi iздестiру әрекеттерiн немесе жедел iздестiру шараларын жүргiзудi алдын ала тергеу жүргiзiлетiн жердегi немесе iс жүргiзiлетiн жердегi анықтау органына тапсыра алады. Тергеушiнiң тапсырмасы он тәулiктен аспайтын мерзiмде орындалуға тиiс.
194-бап. Алдын ала тергеу жүргiзудiң басталуы
1. Алдын ала тергеу қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.
2. Тергеушi өзi қозғаған немесе өзiне тапсырылған iс бойынша тергеуге дереу кiрiсуге мiндеттi. Iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдағаны туралы тергеушi қаулы шығарады. Егер қылмыстық iстi тергеушi қозғаса және өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдаса, онда қылмыстық iстi қозғау және оны өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдау туралы бiрыңғай қаулы жасалады. Жоғарыда аталған қаулылардың көшiрмелерiн тергеушi жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей прокурорға жiбередi.
195-бап. Алдын ала тергеудiң аяқталуы
Алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулы, не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.
2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 196-бап өзгертілді
196-бап. Алдын ала тергеу мерзiмi
1. Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу - қылмыстық іс қозғалған күннен бастап, ал осы Кодекстің 190-4-бабының 2) тармағында, 303-1-бабында көзделген жағдайларда сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің хаттамасы жасалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.
2. Алдын ала тергеу мерзiмiне iс қозғалған күннен бастап iстi айыптау қорытындысымен немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселенi қарау үшiн iстi сотқа беру туралы қаулымен бiрге прокурорға жiберген күнге дейiнгi не iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы шығарылған күнге дейiнгi уақыт енгiзiледi.
3. Алдын ала тергеу мерзiмiне осы Кодексте көзделген негiздер бойынша алдын ала тергеу тоқтатыла тұрған уақыт, айыпталушы мен оның қорғаушысын қылмыстық iс материалдарымен таныстыру уақыты, сондай-ақ айыпталушының шағымы бойынша талап етiлген қылмыстық iстiң сотта және прокуратурада жатқан уақыты енгiзiлмейдi.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген алдын ала тергеу мерзiмiн тергеушiнiң дәлелдi қаулысы бойынша:
- iстiң күрделiлiгiне байланысты аудандық және оған теңестiрiлген прокурор - үш айға дейiн;
- iстiң аса күрделi болуына байланысты облыс прокуроры және оған теңестiрiлген прокурор мен олардың орынбасарлары - алты айға дейiн ұзартуы мүмкiн.
5. Алдын ала тергеу мерзiмiн одан әрi ұзартуға тек айрықша жағдайларда iстiң күрделiлiгi ескерiле отырып жол берiледi және Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор жүзеге асыра алады.
6. Алдын ала тергеудiң мерзiмiн ұзарту туралы қаулыны тергеушi ауданның, облыстың прокурорына және оларға теңестiрiлген прокурорларға тергеу мерзiмi өтпестен бұрын - бес тәулiктен кешiктiрмей, Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, Бас әскери прокурорға он тәулiктен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.
7. Iс қосымша тергеу жүргiзу үшiн қайтарылған кезде, сондай-ақ уақытша тоқтатыла тұрған немесе қысқартылған iс қайта қозғалған кезде қосымша тергеудi iс тергеушiге түскен кезден бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде жүргiзiлуi мүмкiн. Мерзiмдi одан әрi ұзарту осы бапта көзделген тәртiппен жалпы негiздерде жүргiзiледi.
8. Қылмыстық заңмен тыйым салынған iс-әрекеттi жасаған адам анықталмаған iс бойынша iс жүргiзу мерзiмдерi қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмiмен шектеледi.
ҚР 16.03.01 ж. № 163-II Заңымен; 2008.05.07. № 65-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 187-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 197-бап өзгертілді