2004.31.12. енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 192-баптың редакциясы
ҚР 09.12.98 ж. N 307-1; 05.05.00 ж. N 47-II; 16.03.01 ж. N 163-II; 19.02.02 ж. N 295-II; 21.12.02 ж. N 363-II (бұр. ред. қара); 25.09.03 ж. N 484-II; 09.12.04 ж. N 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 192-бап өзгертілді
192-бап. Тергелу ретi
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 156-163,165-174,233,233-1,233-2,236,238-240,243,244,247-249-баптарында,255-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды ұрлауға не қорқытып алуға қатысты), 306-бабында,318-бабында,330-бабында (екiншi бөлiгiнде), 331-бабында (екiншi бөлiгiнде), 367-бабында (үшінші және бесінші бөліктерінде), 368-бабында (үшінші бөлігінде), 369-бабында (үшінші бөлігінде), 372-бабында (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 373-бабында (үшінші бөлігінде), 374-бабында (үшінші бөлігінде), 375,376 баптарында,380-бабында (үшінші бөлігінде), 381-бабында (үшінші бөлігінде), 382-бабында (екінші бөлігінде), 383-386 баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша, алдын-ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 96-103-баптарында,107-бабында (екiншi бөлiгiнде), 113,114-баптарында,116-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 117-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 120-122,125-баптарында,126-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 127-бабында,128-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 131-бабында,132-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 133,138-баптарында,141-бабында (екiншi бөлiгiнде), 142 (екiншi бөлiгiнде),143 баптарында, 145-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 146-153, 155-баптарында, 175-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 178-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 179,181-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 183-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 184-бабында,185-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 186-бабында (екiншi бөлiгiнде), 187-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 228, 229,230-баптарында (екiншi бөлiгiнде), 231, 232, 234,237,241, 242,245, 246-баптарында,251-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 252-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 254-бабында (екiншi бөлiгiнде), 255-бабында (бiрiншi, үшінші және төртінші бөліктерінде), 256-бабында (екiншi бөлiгiнде), 257-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 259-бабында (екінші бөлігінде), 260-бабында,261-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 263-бабында(үшінші және төртінші бөліктерінде), 264-бабында (екiншi бөлiгiнде), 267-269-баптарында,271-бабында (екiншi бөлiгiнде), 275-бабында (екiншi бөлiгiнде), 277-286-баптарында,287-бабында (екiншi бөлiгiнде), 288-бабында (екiншi бөлiгiнде), 289-бабында,292-бабында (екiншi бөлiгiнде), 294-бабында,295-бабында, 298-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 299-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 300-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 301-бабында,302-бабында (екiншi бөлiгiнде), 303-305-баптарында,307-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 308-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 309,310, 311 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 312-316,319, 320 (екiншi бөлiгiнде), 321, 322-баптарында, 327-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 335-338,340,344-346,348,349, 350-баптарында,358-бабында (екiншi бөлiгiнде), 361-бабында,367-бабында (төртінші бөлігінде), 368-бабында (екiншi бөлігінде), 369-бабында (екiншi бөлiгiнде), 370-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 373-бабында (екiншi бөлiгiнде), 374-бабында (екінші бөлігінде), 377-бабында (екiншi бөлiгiнде), 382-бабында (бірінші бөлiгiнде), 390-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 391-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 392,393-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша, алдын ала тергеудi iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 209 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде) 213,218-баптарында,, 224-бабында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша алдын-ала тергеуді, егер олардың тергеуі ішкі істер органдары тергеушілерінің тергеу жүргізуіне жатқызылған қылмыстарды тергеумен тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп шығаруға болмайтын болса, ішкі істер органдарының тергеушілері де жүргізе алады.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 190-бабында (екінші бөлігінде), 191-197, 199-205, 207-баптарында,209-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 221-бабында (екінші бөлігінде), 222-бабында (екінші бөлігінде), 224-бабында, 225-бабында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді салық полициясының тергеушілері жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 183-бабында (екінші және үшінші бөлігінде), 184,228,229,231,232,307-310-баптарында,311-бабында312-316-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, егер олардың тергеуі қаржы полициясы органдарының тергеушілері тергейтін қылмыстарды тергеуге тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді салық полициясы органдарының тергеушілері жүргізуі мүмкін.
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 180-бабында,182-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 189,206-баптарында,226-бабында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеуді қылмыстық іс қозғаған ішкі істер органы немесе қаржы полициясы жүргізеді.
4-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 164-бабында,250-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 259-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 307-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 308-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 311-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 347-1-бабында, 380-бабында (екінші бөлігінде), 381-бабында (екінші бөлігінде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қылмыстық іс қозғалған ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.
4-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 227-бабында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iстi қозғаған iшкi iстер, қаржы полициясы немесе ұлттық қауiпсiздiк органдары жүргiзедi.
5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 235-бабында,339-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 341,343,347,351,352-357,363,364,365-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iс қозғауға байланысты қылмыс қай органның тергеуiне жатса, сол орган жүргiзедi.
6. Белгiлi бiр iстiң өз тергеуiне жатпайтынын анықтағанда тергеушi кейiнге қалдыруға болмайтын тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге, содан кейiн iстi тергелу ретi бойынша жiберуi үшiн прокурорға тапсыруға мiндеттi.
7. Бiр немесе бiрнеше адамды әртүрлi алдын ала тергеу органдарының тергеуiне жататын қылмыстар жасағаны үшiн айыптау бойынша iстердi бiр iс жүргiзуге бiрiктiрген кезде тергеу ретiн прокурор белгiлейдi.
2004.31.12. енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 285-баптың редакциясы
ҚР 09.12.98 ж. N 307-1; 05.05.00 ж. N 47-II; 16.03.01 ж. N 163-II; 16.07.01 ж. N 244-II; 22.02.02 ж. N 296-II; 21.12.02 ж. N 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. N 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 285-бап өзгертілді
285-бап. Алдын ала тергеу iсiн жүргiзу мiндеттi емес iстер
бойынша анықтаудың тәртiбi мен мерзiмдерi
1. Осы баптың екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктерiнде көрсетiлген қылмыстар туралы iстер бойынша алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес және анықтау материалдары iстi сотқа қарауға негiз болып табылады.
2. Iшкi iстер органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 104,107 (бiрiншi бөлiгiнде), 108,109,110,115,116 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 117 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 118,119,123,124,126 (бiрiншi бөлiгiнде), 128 (бiрiншi бөлiгiнде), 132 (бiрiншi бөлiгiнде), 134-137,139,140,141 (бiрiншi бөлiгiнде), 142 (бiрiншi бөлiгiнде), 144,145 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 175 (бiрiншi бөлiгiнде), 178 (бiрiншi бөлiгiнде), 181 (бiрiншi бөлiгiнде), 183 (бiрiншi бөлiгiнде), 185 (бiрiншi бөлiгiнде), 186 (бiрiншi бөлiгiнде), 187 (бiрiншi бөлiгiнде), 188 (екiншi бөлiгiнде), 230 (бiрiншi бөлiгiнде), 251 (бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 252 (бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 253,254 (бiрiншi бөлiгiнде), 257 (бiрiншi бөлiгiнде), 258,259 (бiрiншi бөлiгiнде), 261 (бiрiншi бөлiгiнде), 262, 263 (бірінші және екінші бөліктерінде), 264 (бiрiншi бөлiгiнде), 265,266, 270,271 (бiрiншi бөлiгiнде), 272-274,275 (бiрiншi бөлiгiнде), 276,287 (бiрiншi бөлiгiнде), 288 (бiрiншi бөлiгiнде), 290,291,292 (бiрiншi бөлiгiнде), 293,296, 297,298 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 299 (бiрiншi бөлiгiнде), 300 (бiрiншi бөлiгiнде), 302 (бiрiншi бөлiгiнде), 317,320 (бiрiншi бөлiгiнде), 323,324,326,327 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 328,329,330-1,330-2,330-3,332-334,339 (бірінші бөлігінде), 342,362 баптарында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабында (бірінші бөлігінде), 214-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша анықтауды, егер ішкі істер органдарының тергеу жүргізуіне жатқызылған қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізумен тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп шығаруға болмайтын болса, ішкі істер органдары жүргізе алады.
3. Қаржы полициясының органдары анықтауды 176 (бірінші бөлігінде), 190 (бірінші бөлігінде), 192,198, 208,221 (бірінші бөлігінде), 222 (бірінші бөлігінде), 223 баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 183-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша анықтауды, егер қаржы полициясының органдары тергейтін істер бойынша анықтау жүргізуге тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаса, қаржы полициясының органдары жүргізуі мүмкін.
4. Кеден органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 214-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жүргiзедi.
5. Әскери полиция органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 367 (бірінші және екінші бөліктерінде), 368 (бірінші бөлігінде), 369 (бірінші бөлігінде), 370 (бірінші және екінші бөліктерінде), 371,372 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 373 (бiрiншi бөлiгiнде), 374 (бірінші бөлігінде), 377 (бiрiншi бөлiгiнде), 378 (бірінші және екінші бөліктерінде), 379 (бірінші және екінші бөліктерінде), 380 (бірінші бөлігінде), 381 (бірінші бөлігінде), 387 (бірінші және екінші бөліктерінде), 388,389,390 (бiрiншi бөлiгiнде), 391 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша, сондай-ақ осы бапта көрсетiлген, әскери қызметтi шақыру немесе келiсiм-шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында өткерушi әскери қызметшiлердiң; запастағы азаматтардың олардың әскери жиындардан өту уақытында; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық қызметкер адамдарының өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалар мен мекемелердiң орналасқан жерiне жасаған қылмыстары туралы iстер бойынша жүргiзедi.
6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 358 (бірінші бөлігінде), 359,360-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық істі қозғаған ішкі істер органы немесе әділет органы жүргізеді.
7. Шекара қызметiнiң органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 331-бабының (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жүргiзедi.
7-1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 330-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды іс қозғаған шекара қызметі органы немесе ішкі істер органы жүргізеді.
8. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 256-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жүргiзедi.
8-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 (бірінші бөлігінде), 182 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық іс қозғаған ішкі істер немесе қаржы полициясы органы жүргізеді.
9. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 209-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 250-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды қылмыстық iстi қозғаған iшкi iстер, қаржы полициясының органы немесе кеден органы жүргiзедi.
10. Осы бапта көрсетiлген қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау қылмысты жасады деген сезiктi адам белгiлi болған кезде жүргiзiледi.
11. Анықтау осы тараудың баптарында көзделген алуларға орай осы Кодексте алдын ала тергеу үшiн белгiленген ережелер бойынша жүргiзiледi.
12. Қылмыс жасады деп анықтау нысанында сотқа дейiнгi iс жүргiзу жүзеге асырылатын сезiктi адамды осы Кодекстiң 132-138-баптарында белгiленген ережелер бойынша анықтау органы ұстауы мүмкiн. Аталған адамға осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкiн.
13. Анықтау қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылған сәттен бастап он күн мерзiм iшiнде қылмыстық iстi сотқа жiберу үшiн прокурорға бергенге дейiн жүргiзiледi. Бұл мерзiмді анықтау органының бастығы отыз тәулiкке дейiн ұзартуы мүмкiн. Анықтау мерзiмiн ұзарту туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жiберiледi.