Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 ж. 16 наурыздағы № 163-II Заңы
Қазақстан Республикасының мына заң кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат):
1) 6-бапта:
г) тармақшасындағы «салық» деген сөз «қаржы» деген сөзбен ауыстырылсын;
е), ж) тармақшалары алып тасталсын;
2) 7-бапта:
б) тармақшасы «жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық процесте пайдалану үшін олардың нәтижелерін орнықтыруды қамтамасыз етуге,»деген сөздермен басталсын;
д) тармақшасы «жүргізу кезінде» деген сөзден кейін», сондай-ақ қылмыстық процесте пайдалану үшін жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беру кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 8-бапта:
м) тармақшасындағы «жасауға» деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, «құқылы» деген сөз алып тасталсын;
осы бап мынадай мазмұндағы н) тармақшасымен толықтырылсын:
«н) қылмыстық процесте пайдалану үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізудің нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беруге құқылы.»;
4) 10-баптың 2-тармағының екінші абзацында:
«Мемлекеттік тергеу комитеті»,», кеден» деген сөздер алып тасталсын;
«салық» деген сөз «қаржы» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 12-бапта:
2-тармақта:
екінші бөліктің а) тармақшасындағы «мемлекеттік тергеу комитеті, ішкі істер органдары» деген сөздер «ішкі істер және қаржы полициясы органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Мемлекеттік тергеу комитеті»,», кеден» деген сөздер алып тасталсын;
«салық» деген сөз «қаржы» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «байланыс кәсіпорындарының телефон коммуникациялары» деген сөздер «телекоммуникациялар желілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын сақтау туралы» Заң» деген сөздер «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:
«34-1-бап. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру
1. Уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерінің не осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасы бойынша жедел-іздестіру шараларын орындауы кезінде заңға сәйкес жасаған әрекетімен осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге келтірген зияны, егер бұл әрекет бір топ адам, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқық қорғау мүдделеріне келтірілген зиян аталған қылмыстармен келтірілетін зиянға қарағанда онша мәнді болмаса және егер оларды болғызбау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеуді өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаса, қылмыс болып табылмайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері адамның өміріне немесе денсаулығына қатер, экологиялық апат, қоғамдық қасірет немесе өзге де ауыр зардаптар қатерін төндіретін әрекет жасаған адамдарға қолданылмайды.»;
2) 193-бапта ескерту мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті заңдастыру дайындалып жатқаны не жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның іс-әрекетінде осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстар немесе өзге де қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
3) 221-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтың декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жағдайларда табыстары туралы декларация табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы не салық салынуға тиісті мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекет ірі мөлшердегі салық немесе міндетті төлемдер төлемеуге әкеп соқса, -
екі жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салына отырып немесе онысыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөлікте «бір мың» деген сөздер «үш мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескерту. Егер төленбеген салық немесе міндетті төлемдер сомасы бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асса, азаматтың салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлемеуі ірі мөлшерде жасалған деп танылады.»;
4) 222-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Декларация табыс ету міндетті болып табылатын жағдайларда жиынтық жылдық табыс туралы декларацияны табыс етпеу не декларацияға немесе салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы, не салық салынатын басқа да объектілерді немесе өзге де міндетті төлемдерді немесе ұйымның нақты тұрған жерін жасыру арқылы ұйымдарға салынатын салықтарды немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, егер бұл әрекет салық немесе өзге де міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, -";
ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескерту. Егер төленбеген салық немесе міндетті төлемдер сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ұйымның салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлемеуі ірі мөлшерде жасалған деп танылады.»;
5) 235-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында «бес» деген сөз «алты» деген сөзбен ауыстырылсын.
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат):
1) 53-баптың бірінші бөлігі «анықтау» деген сөздің алдынан «жедел-іздестіру қызметі,»деген сөздермен толықтырылсын;
2) 64-бапта:
бірінші бөлігінде «салық» деген сөз «қаржы» деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші бөлігінде:
«танысуға,»деген сөзден кейін «осы Кодексте белгіленген тәртіппен осы іске қосу үшін оларды сұратып алуға,»деген сөздермен толықтырылсын;
«оларға» деген сөз «анықтау органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 65-баптың екінші бөлігінің 4) тармағындағы «салық» деген сөз «қаржы» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 66-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Жедел-іздестіру қызметінің қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы болатын, нақты деректері бар нәтижелерін қылмыстық іске қосу үшін қылмыстық іс жүргізуші органның талап етуі бойынша не өз бастамасымен осы Кодекстің 130-бабында белгіленген тәртіппен жібереді.»;
5) 71-бапта:
бірінші бөліктің 9) тармақшасындағы «қатысса» деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, «міндетті» деген сөз алып тасталсын, мынадай мазмұндағы 10) тармақпен толықтырылсын:
«10) айыпталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болса және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарса міндетті.»;
екінші бөлікте «1-6» деген цифрдан кейін», 10» деген цифрмен толықтырылсын;
6) 130-бапта:
«сәйкес» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 53-бабында және 21-тарауында, сондай-ақ «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып,»деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2, 3, 4 және 5-бөліктермен толықтырылсын:
«2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган қызметкері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде тікелей қабылдаған нақты деректер аталған қызметкерден куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органға жасырын негізде көмек көрсетуші адам тікелей қабылдаған нақты деректер аталған адамнан куә, жәбірленуші, сезікті (айыпталушы) ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
3. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде анықталған істің мән-жайларын қылмыстық процесті жүргізуші адам тікелей қабылдауы қажет және мүмкін болған кезде істің бұл мән-жайлары осы Кодексте көзделген ережелер бойынша жүргізілетін тергеу не сот іс-әрекеттерінің хаттамаларында көрсетіледі.
4. Жедел-іздестіру қызметі барысында алынған заттар мен құжаттарды заттай айғақтар және құжаттар ретінде пайдалану тиісінше осы Кодекстің 121 және 123-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Жедел-іздестіру қызметі материалдарын заттай айғақтар мен құжаттар ретінде іске қосу олардың пайда болуы туралы анық деректер болған ретте ғана осы Кодекстің 53 және 100-баптарының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.
5. Анықтау органының бастығы қылмыстық процесті жүргізуші органның талап етуі бойынша не өз бастамасы бойынша жедел-іздестіру қызметі материалдарын табыс ету туралы шешім қабылдай отырып, осы Кодекстің 202-бабының ережелеріне сәйкес тиісті қаулы шығарады. Қаулыда: талап етуі бойынша жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері табыс етіліп отырған, қылмыстық процесті жүргізуші орган; қандай жедел-іздестіру шарасының қандай нәтижелері және қандай көлемде табыс етілетіні; аталған нәтижелерді алу үшін пайдаланылған техникалық құралдар; қылмыстық іс материалдарына қосу үшін жіберілетін заттар мен құжаттар; қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ұсынылатын шаралар көрсетіледі. Анықтау органының бастығы қылмыстық процесті жүргізуші органға жедел-іздестіру материалдарын өз бастамасымен табыс еткен жағдайда, қаулыда жедел-іздестіру қызметі нәтижелерін қылмыстық іс бойынша дәлелдеуде пайдалану қажеттігіне негіздеме де келтіріледі. Жедел-іздестіру қызметінің материалдары олардағы нақты деректерді олардың тергеліп (қаралып) жатқан қылмысты іске қатыстылығы, пайдалануға болатындығы және дұрыстығы тұрғысынан бағалауға мүмкіндік беретін көлем мен нысанда табыс етілуге тиіс.»;
7) 192-бапта:
бірінші бөлікте:
«255-бабында (екінші бөлігінде)»деген сөздер «255-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды ұрлауға не қорқытып алуға қатысты)»деген сөздермен ауыстырылсын;
«311-бабында (үшінші бөлігінде)»,», сондай-ақ ұйымдасқан топ немесе жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдардың, не әскери қызметшілердің, анықтау немесе алдын ала тергеу органдары қызметкерлерінің, прокурорлардың, судьялардың қатысуымен қылмыстық сыбайластар (қылмыстық ұйым) жасаған істер бойынша, сол сияқты қылмыстық сыбайластар (қылмыстық ұйым) жасайтын есірткі заттардың заңсыз айналымы немесе контрабанда туралы істер бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлікте:
«143,»деген цифрдан кейін «145 (екінші және үшінші бөліктерінде)»деген сөздермен толықтырылсын;
«246-»деген цифрдан кейін «бабында,»деген сөзбен және «250-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде),»деген сөздермен толықтырылсын;
«255-бабында (бірінші бөлігінде)»деген сөздер «255-бабында (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;
«257-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде),»деген сөздерден кейін «259-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 260-бабында,»деген сөздермен толықтырылсын;
«263-бабында (екінші бөлігінде)»деген сөздер «263-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;
«307-бабында (бірінші бөлігінде), 308-бабында (бірінші бөлігінде)»деген сөздер «307, 308» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«310,»деген цифрдан кейін «311,»деген цифрмен толықтырылсын;
«340,»деген цифрдан кейін «344-346, 348» деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 213, 218-баптарында, 223-бабында (екінші бөлігінде) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша алдын-ала тергеуді, егер олардың тергеуі ішкі істер органдары тергеушілерінің тергеу жүргізуіне жатқызылған қылмыстарды тергеумен тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп шығаруға болмайтын болса, ішкі істер органдарының тергеушілері де жүргізе алады.»;
үшінші бөлігінде:
«209-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде),»деген сөздер алып тасталсын;
«311-бабында» деген цифрдан кейінгі»(бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)»деген сөздер алып тасталсын;
«салық» деген сөз «қаржы» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 177-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 180-бабында, 182-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 189, 206-баптарында, 209-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 224, 226, 227-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеуді қылмыстық іс қозғаған ішкі істер органы немесе қаржы полициясы жүргізеді.»;
4-1 және 4-2-бөліктер алып тасталсын;
8) 197-баптың бірінші бөлігінің 2) тармағы «жүргізу туралы» деген сөздерден кейін», сондай-ақ жедел-іздестіру қызметінің материалдарын қылмыстық іске қосу туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 198-бапта:
бірінші бөлік соңғы сөйлемнің бірінші бөлігінде «оларға» деген сөзден кейін «тергеу тобының жетекшісінен, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ерекше жағдайларда тергеудің толық және объективті еместігі фактілері анықталған, іс күрделі және маңызды болған кезде, алдын ала тергеуді жүзеге асырушы бірнеше органның тергеушілері арасынан тергеу тобын құра алады, бұл орайда прокурорды осы топтың жетекшісі етіп тағайындап, бұл шешімді өз қаулысымен ресімдейді. Мұндай тергеу тобы жүзеге асыратын тергеудің заңдылығын қадағалау Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына жүктеледі.»;
10) 199-баптың бірінші бөлігінде»- тергеуші» деген сөз алып тасталсын;
11) 203-баптың тоғызыншы бөлігі «Қаулы» деген сөзден кейін «бұдан әрі қылмыстық істі тергеген органда сақталатын» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 208-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болған және ол тергеу органдарына келуден жалтарған жағдайда, алдын ала тергеу органы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпы жұрттың қолы жететін телекоммуникация желілерінде, ал оның тұрып жатқан жері белгілі болған жағдайда айыпталушының тұрып жатқан жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жариялауға құқылы.»;
13) 209-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«8. Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болған және ол алдын ала тергеу органына келуден жалтарған жағдайда - тергеуші, ал қорғаушы келген жағдайда қорғаушы да, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда оның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болуына және алдын ала тергеу органына келуден жалтаруына байланысты айыпталушыға айыпты жариялау мүмкін еместігін куәландырады.
Егер айыпталушының тұрып жатқан жері алдын ала тергеу органына белгілі болса, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының көшірмесі оған байланыс құралдары пайдаланыла отырып, соның ішінде почта арқылы жіберіледі. Қажет болған жағдайда алдын ала тергеу органы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, айыпталушының тұрып жатқан жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпы жұрттың қолы жететін телекоммуникация желілерінде айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы хабарлама жариялауды ұйымдастыруға құқылы.»;
14) 216-баптың бірінші бөлігінде «ұсталғаннан кейін» деген сөздер «ұсталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде» деген сөздермен, «қаулыны жарияланғаннан кейін дереу» деген сөздер «қаулы жарияланған кезден бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 273-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Егер айыпталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болса және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарса, бірақ айыпталушының тұрып жатқан жері алдын ала тергеу органына белгілі болса, айыпталушыға оның құқықтары түсіндіріле отырып, тергеу аяқталғаны туралы жазбаша хабарлама почта арқылы жіберіледі, хаттамаға тергеуші айыпталушыға тергеу іс-әрекеттерінің аяқталғаны және құқықтарының түсіндірілгені туралы хабарланғаны жөнінде белгі соғады.»;
16) 280-баптың екінші бөлігі «құжаттар» деген сөзден кейін», айыпталушы Республика шегінен тыс жерлерде болған және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарған жағдайларды қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын;
17) 284-баптың екінші бөлігі «көрсетілмейді.»деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болған және прокуратура органдарына келуден жалтарған жағдайларда, прокурор айыпталушыға айыптау қорытындысының көшірмесін тапсырмай-ақ, қылмыстық істі сотқа жібереді. Егер айыпталушының тұрып жатқан жері белгілі болса, айыптау қорытындысының көшірмесі оған почта арқылы жіберіледі. Қажет болған жағдайда прокурор республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, айыпталушының тұрып жатқан жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпы жұрттың қолы жететін телекоммуникация желілерінде айыпталушыны сотқа беру және қылмыстық істі сотқа жіберу туралы хабарлама жариялауды ұйымдастыруға құқылы.»;
18) 285-бапта:
екінші бөлігінде:
«263 (бірінші бөлігінде)»деген сөздер «263 (бірінші және екінші бөліктерінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;
«266» деген цифрдан кейінгі»(бірінші бөлігінде)»деген сөздер»(бірінші және үшінші бөліктерінде)»деген сөздермен ауыстырылсын;
«334» деген цифрдан кейін «342» деген цифрмен толықтырылсын;
«362» деген цифрдан кейінгі»(үшінші бөлігінде)»деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабында (бірінші бөлігінде), 214-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша анықтауды, егер ішкі істер органдарының тергеу жүргізуіне жатқызылған қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізумен тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп шығаруға болмайтын болса, ішкі істер органдары жүргізе алады.»;
үшінші бөліктегі «салық» деген сөз «қаржы» деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктегі «342, 362 (бірінші және екінші бөліктерде)»деген сөздер алып тасталсын;
тоғызыншы бөлікте:
«ұлттық қауіпсіздік,»деген сөздер алып тасталсын;
«салық» деген сөз «қаржы» деген сөзбен ауыстырылсын;
19) 302-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Басты сот талқылауы бір ай мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен ұзартылуы мүмкін.»;
20) 363-баптың үшінші бөлігі мынадай сөйлеммен толықтырылсын: «Қысқартылған сот талқылауы он күн мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен ұзартылуы мүмкін.»;
21) 471-баптың екінші бөлігінің 4) тармағындағы «ұйғарымдар» деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, «болып табылады» деген сөздер алып тасталсын, мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:
«5) өзіне қатысты осы Кодекстің 315-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында белгіленген тәртіппен іс қаралған сотталушының, ол қылмыстық процесті жүргізуші органға келген жағдайда ерік білдіруі болып табылады.».
4. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат):
166-баптың 2-тармағында «жұбайымен (зайыбымен)» деген сөздер «зайыбымен» деген сөзбен ауыстырылсын.
5. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат):
1) 14-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) барлау, қарсы барлау қызметінің күштерін, құралдарын, көздерін, әдістерін, жоспарларын, жай-күйін, ұйымдастырылуын, нәтижелерін, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметінің қылмыстық процесте пайдаланылмаған қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар нақты деректер ретіндегі нәтижелерін ашып көрсететін мәліметтер. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін қаржыландыру туралы деректер, егер олар аталған мәліметтерді ашып көрсететін болса;»;
13) тармақшадағы «нақты адамдардың» деген сөздер алып тасталып, «бөлімшелерге қатыстылығын» деген сөздер «бөлімшелердің күштерін, құралдарын және әдістерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 22-баптың 1-тармағының соңғы абзацында «аяқталуы» деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, «негіз болады.»деген сөздер алып тасталсын және осы тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«жедел-іздестіру қызметі нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану қажеттігі негіз болады.».
Қазақстан Республикасының