Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 192-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "380-бабында (үшiншi бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлікте:
"184-бабында,", "228,", "231, 232,", "307-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 308-бабында (бiрiншi бөлігінде), 309, 310, 311 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 312-316,", "344-346, 348, 349, 350-баптарында," деген сөздер алып тасталсын;
екiншi сөйлем алып тасталсын;
үшіншi бөлiкте:
бiрiншi сөйлемде:
"176-бабында (екiншi және үшiнші бөлiктерiнде)" деген сөздер "176-бабында (үшiншi бөліктің г) тармағында), 189-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"222-бабында (екiншi бөлігінде)," деген сөздерден кейiн "223-бабында (екінші бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"225-бабында" деген сөздерден кейiн ", 226-бабында (екiншi бөлігінде), 231, 232-баптарында, 307-бабында (бiрiншi бөлігінде), 308-бабында (бiрiншi бөлігінде), 310, 311-баптарында (бiрiншi және екінші бөлiктерiнде), 312-315-баптарында" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi сөйлемдегі "184, 228, 229," деген цифрлар "229-бабында" деген сөздермен ауыстырылып, ", 231, 232, 307-310-баптарында, 311-бабында, 312-316-баптарында" деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөлікте:
"Қылмыстық кодексiнің" деген сөздерден кейін "176-бабында (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiктiң а), б), в) тармақтарында)," деген сөздермен толықтырылсын;
"189, 206-баптарында, 226-бабында" деген сөздер "184, 206, 228, 235, 309, 316, 339 (екіншi және үшіншi бөлiктерiнде), 341, 343-357, 363-365-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1-бөлiкте:
"307-бабында (екiншi, үшінші және төртіншi бөлiктерiнде), 308-бабында (екiнші, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 311-бабында (үшiншi және төртiншi бөліктерiнде),", "380-бабында (екінші бөлiгінде)," деген сөздер алып тасталсын;
4-2-бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"4-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 307-бабында (екінші, үшiнші және төртiншi бөліктерiнде), 308-бабында (екiншi, үшіншi және төртiншi бөліктерінде), 311-бабында (үшінші және төртiнші бөлiктерiнде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық істi қозғаған ұлттық қауiпсiздiк немесе қаржы полициясы органы жүргiзедi.";
мынадай мазмұндағы 4-3-бөлiкпен толықтырылсын:
"4-3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 227, 380-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iсті қозғаған ішкi iстер, ұлттық қауіпсiздiк немесе қаржы полициясы органдары жүргізедi.";
бесiншi бөлiк алып тасталсын;
2) 285-бапта:
екiншi бөлiктегi "324 - 326" деген цифрлар "324, 326" деген цифрлармен ауыстырылсын;
үшіншi бөлiкте:
"176 (бiрiншi бөлiгінде),", "192," деген сөздер алып тасталсын;
"223" деген цифрдан кейiн "(бiрiншi бөлiгiнде), 226 (бiрiншi бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi бөлiктегі "380 (бiрiншi бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;
8-1-бөлiкте:
"Қылмыстық кодексінің" деген сөздерден кейiн "176 (бiрiншi бөлiгінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"182 (бiріншi бөлiгінде)," деген сөздерден кейiн "325-" деген цифрмен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. НАЗАРБАЕВ
Астана, 2004 жылғы желтоқсанның 31-і. № 27-III ҚРЗ