Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы
2003 жылғы 4 шілдедегі № 474-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2010.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-6 баптар)
2-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, (7-15 баптар)
міндеттері, функциялары және өкілеттіктері
3-тарау. Қорытынды ережелер (16-17 баптар)
Осы Заң қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыру мен қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеу жөнiнде жағдайлар жасауға бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушы - қаржылық ұйымның қызмет көрсетуiн пайдаланушы, сондай-ақ өз қаражаттарын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға;
2) қаржы рыногындағы кәсiби қызмет - қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызмет;
3) уәкiлеттi орган - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) қаржылық ұйым - қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) қаржы рыногы - қаржылық қызмет көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуына және айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 6-тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); ҚР 2006.05.07. № 164-III (бұр.ред.қара) Заңымен 6) тармақша өзгертілді; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) қаржы қызметтері - сақтандыру рыногына, бағалы қағаздар рыногына, жинақтаушы зейнетақы қорларына қатысушылардың қызметі, банк қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі, сондай-ақ орталық депозитарийдің және лицензиялауға жатпайтын өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі.
2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудiң және қадағалаудың мақсаттары, принциптерi мен мiндеттерi
1. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудiң және қадағалаудың мақсаттары:
1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау;
2) қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың мүдделерiн қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету;
3) қаржы рыногында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
2. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудiң және қадағалаудың принциптерi:
1) ресурстар мен реттеу құралдарын тиiмдi пайдалану;
2) қаржылық ұйымдар мен қаржылық қадағалау қызметiнiң айқындығы;
3) тәуекелдердi бағалауға негiзделген қаржылық ұйымдарды басқаруды ынталандыру;
4) жаңа қаржы құралдарын және қызмет көрсетудi дамытуды қолдау арқылы қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың кешендiлiгі, сондай-ақ қаржы рыногына қазiргi заманғы технологияны енгізу;
5) қаржылық ұйым органдарының жауапкершiлiгi болып табылады.
3. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудiң және қадағалаудың мiндеттерi:
1) қаржылық ұйымдар қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, қаржылық ұйымдарды корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын жасау;
2) қаржы жүйесіндегі тұрақтылықты сақтау мақсатында қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың мониторингi;
3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы рыногының қауiпке неғұрлым бейiм салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
4) қазiргi заманғы технологияларды енгізудi ынталандыру, қаржылық ұйымдардың қызметi және олар көрсететiн қаржылық қызметтер көрсету туралы ақпараттың тұтынушылар үшiн толымдылығын және қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Қаржы рыногында уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген тиiстi лицензиясы жоқ тұлғалардың қаржы рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруына жол берiлмейдi.
2. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясынсыз жасалған қаржылық қызмет көрсету бойынша мәмiлелер жарамсыз болып табылады.
5-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
Уәкiлеттi органның қаржылық ұйымдар үшiн олардың қаржы тұрақтылығын және қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында белгiлейтiн экономикалық шектеулер пруденциялық нормативтер болып табылады.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда уәкiлеттi орган пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi шоғырландырылған негiзде белгiлеуге құқылы.
6-бап. 2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, міндеттері, функциялары және өкілеттіктері
7-бап. Уәкiлеттi органның мәртебесi
1. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын бiртұтас уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынады және есеп бередi және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн ол туралы Ереженiң негiзiнде әрекет етедi.
2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 2-1- тармақпен толықтырылды
2-1. Уәкiлетті органның еңбекақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентi уәкiлеттi орган Басқармасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісiлген ұсынуы бойынша бекiтедi.
2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 3-тармақ толықтырылды
3. Уәкiлеттi органды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен жүзеге асырылады. Уәкiлеттi орган ол туралы Ережеде айқындалатын тәртіппен шығыстарды өтеуге байланысты өзге де қаржы түсiмдерiн иеленуге құқылы, олар қаржы жылының нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетiне аударылады.
2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 3-1- тармақпен толықтырылды
3-1. Уәкілеттi органның қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жағдайларын оның Басқармасы айқындайды.
8-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
1. Уәкiлеттi органның мiндеттерi:
1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеу жөніндегі шараларды iске асыру;
2) қаржылық ұйымдардың тиiстi түрлерiнiң адал бәсекелестiк принциптерiнде жұмыс iстеуi үшiн тең жағдай жасау;
3) қаржылық ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалаудың стандарттары мен әдiстерiнiң деңгейiн көтеру, олар қабылдаған мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды пайдалану болып табылады.
2. Уәкiлеттi орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген өзге де мiндеттердi iске асыруды қамтамасыз етедi.
11.06.04 ж. № 562-II ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
9-бап. Қаржылық ұйымдарының қызметiн реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi
1. Уәкiлеттi орган қаржылық ұйымдардың қызметiн реттеу және қадағалау мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдарды ашуға (құруға), оларды ерiктi түрде қайта құру мен таратуға рұқсат бередi және оны керi қайтарып алады, қаржылық ұйымдардың бөлiмшелерiн ашуға келісім бередi, сондай-ақ аталған рұқсаттар мен келісімдердi беру тәртібін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың басшы қызметкерлерi лауазымдарына адамдарды сайлауға (тағайындауға) келісім бередi не келісім беруден бас тартады, сондай-ақ аталған келісімдi берудiң не беруден бас тартудың тәртібін айқындайды;
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2007 ж. 19 ақпанындағы өзгерістерді қара (ресми түрде жаряланған күннен бастап 6 ай өткенде қолданысқа енді)
3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржы рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру, қолданылуын тоқтату және керi қайтарып алу тәртібін белгiлейдi, аталған лицензияларды бередi, қолданылуын тоқтатады және керi қайтарып алады;
4) қаржылық ұйымдар, қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағында орындалуы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;
5) қаржылық ұйымдар үшiн, оның iшiнде шоғырландырылған негiзде пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғалары есептілігінің (қаржылық есептiлiктi қоспағанда) тiзбесiн, нысандарын, табыс ету мерзiмдерi мен тәртібін белгілейді;
7) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру және бухгалтерлiк есеп стандарттары туралы заңдарын қаржылық ұйымдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) қаржылық ұйымдар акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда және шектерде, оның iшiнде аудиторлық ұйымды тарту арқылы қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының қызметiн тексередi;
9) қаржылық ұйымдарға Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген шектеулi ықпал ету шаралары мен санкциялардың қолданылу тәртібін айқындайды және қолданады;
10) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсе отырып, қаржылық ұйымдардың лекцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдайды;
11) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
12) қаржылық ұйымдар туралы мәлiметтердi (қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), оның iшiнде оларға қолданған шаралар туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Уәкiлеттi орган қаржылық ұйымдарға және олардың аффилиирленген тұлғаларына, оның iшiнде аудиторлық ұйымдарды тарта отырып:
1) қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық жай-күйiн айқындау;
2) қаржылық ұйымдармен олардың аффилиирленген тұлғаларының басқарма құрылымының және шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн айқындау;
3) қаржылық ұйымдардың аффилиирленген тұлғаларын айқындау;
4) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар құқықтарының бұзылуын анықтау және оның алдын алу;
5) қаржылық қызмет көрсету немесе қаржы құралдарын шығару жөніндегі уәкiлеттiк берiлмеген қызметтi анықтау және оның алдын алу мақсатында тексеру жүргiзуге құқылы.
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
2-1. Уәкілетті орган қаржы мониторингіне жататын ақшамен (және) немесе өзге де мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және ұсыну бөлігінде қаржы ұйымдарының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі бақылауды ұйымдастыруын бақылауды жүзеге асырады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде, жинақтаушы зейнетақы қорларында, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында өз өкілінің (бұдан әрі - өкіл) болуына құқылы.
3. Уәкiлеттi орган осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген өкiлеттiктерден басқа, осы Заңның 10-13-баптарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
4. Уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржылық ұйымдардың қызметiне араласуға құқылы емес.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды
9-1-бап. Өкілдің мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның өз қызметкерлері қатарынан өзі тағайындайтын өзінің өкілін банктерге, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жібереді.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржылық ұйымдардың біріндегі өкілдер санын уәкілетті орган айқындайды.
2. Өкіл өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.
3. Уәкілетті орган банктегі, жинақтаушы зейнетақы қорындағы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы өз өкілін кез келген уақытта ауыстыруға құқылы.
4. Өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
5. Өкіл өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) банктің, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдайды;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сауалдың, нұсқамаларының, талаптарының сақталуын бақылайды;
3) банкте, жинақтаушы зейнетақы қорында, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тексеру жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) банк, жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының, директорлар кеңесінің, тұрақты не уақытша жұмыс істейтін комиссияларының (комитеттерінің, жұмыс топтарының) (бұдан әрі - банктің, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары) отырыстарына байқаушы ретінде қатысады;
5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру және өз пікірін білдіру құқығынсыз байқаушы ретінде банк, жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысына қатысады.
6. Өкіл:
1) өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсатында осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарынан және (немесе) олардың лауазымды адамдарынан ауызша және жазбаша нысандағы мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қаржылық есептілікті және банк, жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органдары отырыстарының (сырттай өткізілгендерін қоса алғанда) материалдарын сұратуға;
2) автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) қол жеткізуге құқылы.
7. Өкіл:
1) өзі сұратқан мәліметтер мен құжаттарды осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының бермеуі немесе уақтылы бермеуі, уәкілетті орган өкілінің өз функцияларын орындауына кедергі келтіруі, осы қаржы ұйымдарының тарапынан параға сатып алу, қорқыту немесе оған өзге де құқыққа сыйымсыз ықпал ету фактілері туралы уәкілетті органға хабарлауға;
2) уәкілетті органның банкке, жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өз өкілін жіберу туралы шешімінде көрсетілген мәселелер жөнінде уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындауға міндетті.
8. Өкіл жіберілетін банк, жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) өкілге өз функцияларын орындауына жәрдем көрсетуге;
2) өкілге осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржылық ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің ақпаратты толық және уақтылы беру мүмкіндігін және барлық ақпарат көздеріне қолжетімдікті қамтамасыз етуге;
3) өкілден сауалды алған күні не сауалда белгіленген және өздерімен келісілген мерзімдерде барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды табыс етуге;
4) өздерінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
5) өкілдерді өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттардың көшірмелерімен қамтамасыз етуге міндетті.
9. Өкіл өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыруы барысында алған қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, зейнетақы жинақталымдарының құпиясын, сақтандыру немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді, оның ішінде уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейін үш жыл ішінде жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Өкіл уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде өзі өкілі болып табылған банкке, жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына жұмысқа қабылдана алмайды.
Өкіл банк, жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органдары отырыстарының барысында қабылданатын (қабылданған) нәтижелер мен шешімдер үшін жауапты болмайды.
ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 10-бап толықтырылды; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Банк қызметiн реттеу және қадағалау ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган банк қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жеке және заңды тұлғалардың банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, банктердің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не беруден бас тартады;
2) банктердiң меншiктi капиталының ең аз мөлшерiн белгiлейдi;
3) банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру жөніндегі талаптарды белгiлейдi;
4) банктiк топтар үшiн пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;
5) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) активтердi және шартты мiндеттемелердi сыныптау мен оларға қарсы провизиялар құру тәртібін белгiлейдi. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және сенiмсiз санаттарға жатқызу тәртібін мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органмен келiсе отырып айқындайды;
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) банктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
8) банктiң аффилиирленген тұлғаларына Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін айқындайды және оларды қолдану туралы шешiм қабылдайды;
9) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктi консервациялау туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (банктi уақытша басқарушыны) тағайындайды;
2008.23.10. № 185-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
9-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда тұрақтандыру банкін құру және оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;
2007 ж. 19 ақпанындағы өзгерістерді қара (ресми түрде жаряланған күннен бастап 6 ай өткенде қолданысқа енді)
10) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңдарында көзделген барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды
10-1-бап. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11-бап. Сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган сақтандыру қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не оларды беруден бас тартады;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерiн қалыптастыруына қойылатын талаптарды белгiлейдi;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерiн есептеу әдiстемесiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерiн орналастыру және инвестициялау тәртібін айқындайды;
5) сақтандыру полистерiнiң нысандары мен мазмұны бойынша талаптарды белгiлейдi;
6) актуарийлiк қорытынды және оның мазмұнына талаптар негiзiнде аннуитет шарттарын қолдану кезеңiнде тұрақты сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн көбейту тәртібі мен талаптарын айқындайды;
7) жинақтаушы сақтандыру бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына заемдарды беру тәртібі мен талаптарын айқындайды;
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру (сақтандыру полистерi), оның iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының белгiленген (шарттармен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен) мерзiмдердi бұза отырып орындаған шарттарын есепке алу тәртібін айқындайды;
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, актуарийлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
2007 ж. 19 ақпанындағы өзгерістерді қара (ресми түрде жаряланған күннен бастап 6 ай өткенде қолданысқа енді)