3) мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
5) лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы.
2. Қылмыстық iс қозғауға қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыс белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы негiз болып табылады.
178-бап. Азаматтардың арыздары
1. Азаматтардың қылмыс туралы арыздары ауызша немесе жазбаша болуы мүмкiн. Жазбаша арызға оны берiп отырған адам қол қоюға тиiс.
2. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде немесе сот талқылауы барысында жасалған қылмыс туралы ауызша арыз тиiсiнше тергеу iс-әрекетiнiң немесе сот отырысының хаттамасына енгiзiледi. Өзге жағдайларда жеке хаттама жасалады. Хаттама арыз берушi, оның тұратын жерi немесе жұмыс орны, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс. Хаттамаға арыз берушi және арызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды.
3. Арыз берушiге әдейi жалған сөз жеткiзгенi үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 351-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туралы ескертiледi, бұл туралы хаттамада белгi қойылып, ол арыз берушiнiң қол қоюымен куәландырылады.
4. "Домалақ арыздар" тек олар алдын-ала тексерiлгеннен кейiн, егер оларда осы Кодекстiң 177-бабының екiншi бөлiгiнде аталған жеткiлiктi деректер болғанда ғана қылмыстық iс қозғауға себеп бола алады.
179-бап. Кiнәсiн мойындап келу
1. Кiнәсiн мойындап келу - адамның оған қатысты әлi күмән келтiрiлмегенде немесе аталған қылмысты жасағанына айып тағылмағанда өзi жасаған қылмысы туралы ерiктi мәлiмдеуi.
2. Аталған мәлiмдеменi жазбаша да және ауызша да нысанда жасауға болады және оны мәлiмдеушi қылмыстық процестi жүргiзетiн органға беруге тиiс. Ауызша мәлiмдеме хаттамаға енгiзiледi, хаттамада жасалған мәлiмдеме егжей-тегжейлi жазылады. Хаттамаға кiнәсiн мойындап келген адам және мәлiмдеменi қабылдаған лауазымды адам қол қояды.
3. Кiнәсiн мойындап келген кездегi мәлiмдемеде қылмысқа бiрге қатысқан адамдар аталған жағдайда мәлiмдеушiге әдейi жалған хабар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiледi.
180-бап. Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда
басқару функцияларын атқаратын адамның хабарлауы
Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқаратын адамның қылмыс туралы хабарлауы жазбаша түрде жасалуға тиiс. Оған қылмыс туралы жасалған хабарды растайтын құжаттар мен өзге де материалдар қоса тiркеледi.
181-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар
1. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар газетте немесе журналда жарияланғанда не радио немесе теледидар арқылы таратылғанда қылмыстық iс қозғауға себеп бола алады.
2. Қылмыс туралы хабарды жариялаған немесе таратқан бұқаралық ақпарат құралдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар қылмыстық iс қозғауға құқығы бар адамның талап етуi бойынша жасалған мәлiмдеменi растайтын өз қолындағы құжаттар мен өзге де материалдарды беруге, сондай-ақ мәлiметтердi ақпарат көзiн құпия ұстау шартымен берген жағдайларды қоспағанда, сол мәлiметтердi берген адамның атын атауға мiндеттi.
182-бап. Қылмыстық iстi қозғауға құқық берiлген лауазымды
адамдардың және органдардың қылмыс туралы
мәлiметтердi тiкелей анықтауы
Қылмыс туралы мәлiметтердi анықтау қылмыстық iстi қозғауға мынадай жағдайларда:
1) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде анықтау органының қызметкерi, тергеушi, прокурор қылмыстың куәлары болғанда не қылмыстың iзiн немесе салдарын ол жасалғаннан кейiн бiрден байқағанда;
2) анықтау органы мен анықтаушы қылмыс туралы мәлiметтердi өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде немесе басқа бiр қылмыс туралы iс бойынша анықтауды жүргiзу кезiнде алғанда;
3) тергеушi қылмыс туралы мәлiметтердi басқа қылмыс туралы қылмыстық iс бойынша тергеу кезiнде алғанда;
4) прокурор қылмыс туралы мәлiметтердi заңдардың орындалуына қадағалау жасаған кезде алғанда себеп болады.
183-бап. Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды
қабылдау мен қараудың мiндеттілігi
1. Қылмыстық iзге түсу органы кез келген жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдауға, тiркеуге және қарауға мiндеттi. Арыз берушiге арызды немесе хабарды қабылдаған адамды, оны тiркеген уақыт пен арыз немесе хабар бойынша шешiм қабылдануға тиiстi уақытты көрсете отырып, қылмыс туралы қабылданған арыздың немесе хабардың тiркелгенi туралы құжат берiледi.
2. Қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдаудан негiзсiз бас тартуға прокурорға немесе сотқа осы Кодексте белгiленген тәртiп бойынша шағымдануға болады.
3. Сотқа түскен қылмыс туралы арыз немесе хабар, жеке айып тағу iсiн қозғау жағдайларын қоспағанда, прокурорға жiберiледi, бұл туралы арыз берушiге хабарланады.
4. Сот қылмыстық, азаматтық немесе әкiмшiлiк iстi талқылау кезiнде қылмыс белгiлерiн байқағанда ол туралы жеке қаулы арқылы прокурорға хабарлауға мiндеттi.
Қазақ тілінің өзгешіліктеріне байланысты орыс тіліндегі мәтін мемлекеттік тілдегі мәтіннен айрықша (орысша мәтінді қара)
05.05.00 ж. № 47-ІІ; 2007.08.01. № 210-III (бұр. ред. қара); 2009.03.12. № 213-IV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 184-бап өзгертілді
184-бап. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарау
мерзiмдерi
Қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешiм ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс. Қажет болған жағдайда қосымша мәлiметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап етіп алу, тексеріп қарауды, іс үшін маңызы бар нәрселерді немесе құжаттарды алуды, сараптаманы жүргiзу үшiн бұл мерзiмдi анықтау органының бастығы, тергеу бөлiмiнiң бастығы он тәулiкке дейiн, ал ерекше жағдайларда - екі айға дейiн ұзарта алады, бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға хабарлануға тиiс.
2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 185-бап өзгертілді
185-бап. Қылмыс туралы арызды немесе хабарды қарау
нәтижесiнде қабылданатын шешiмдер
1. Қылмыс туралы арызды немесе хабарды алған әрбiр жағдайда немесе қылмыс тiкелей анықталғанда анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң бастығы, тергеушi немесе прокурор мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) қылмыстық iс қозғау туралы;
2) қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы;
3) арызды, хабарды тергеу ретiмен, ал жеке айып тағу iстерi бойынша - сот ретiмен беру туралы.
4) сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді осы Кодекстің 23-1-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асыру туралы.
2. Қабылданған шешiм туралы арыз берушiге хабарланады және сонымен бiр уақытта оған шешiмге шағым беру құқығы түсiндiрiледi.
3. Арыз немесе хабар тергеу немесе соттау ретiмен жiберiлген жағдайда анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң бастығы, тергеушi, прокурор қылмысты болдырмау немесе бұлтартпау, сонымен қатар қылмыс iзiн бекіту шараларын қолдануға мiндеттi.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 186-бап өзгертілді; 2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 186-бап өзгертілді
186-бап. Қылмыстық iс қозғау тәртібі
1. Осы Кодекстің 23-1-тарауында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 177-бабында көрсетiлген себеп пен негiз болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң бастығы, тергеушi, прокурор қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарады.
2. Қаулыда: оның шығарылған уақыты мен орны, оны кiм жасағаны, iс қозғаудың себептерi мен негiздерi, ол кiмге қатысты немесе қандай факт бойынша қозғалып отырғаны, белгiлер бойынша iс қозғалып отырған қылмыстық заңның бабы, сондай-ақ iстiң бұдан былайғы бағыты көрсетiледi. Қылмыстық iс қозғау туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi. Қабылданған шешiм туралы арыз берушiге және өзiне қатысты iс қозғалып отырған адамға оған қылмыстық iзге түсудiң басталуына байланысты құқықтар мен мiндеттердi түсiндiре отырып, хабарланады.
3. Егер қылмыс жасаудан зардап шеккен адам белгiлi болса, қылмыстық iс қозғаумен бiр уақытта ол жәбiрленушi деп танылады, ал егер қылмыс жасалғаны туралы хабармен бiрге азаматтық талап қойылса, онда бұл адам сонымен қатар азаматтық талапкер деп танылады.
187-бап. Қылмыстық iс қозғаудан бас тарту
1. Қылмыстық iс қозғауға негiздер болмаған кезде қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға және арыз берушiге жiберiледi. Бұл ретте арыз берушiге құқықтары мен қаулыға шағымдану тәртібі түсiндiрiлуге тиiс.
3. Тергеушiнiң, анықтаушының қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулысына тиiсiнше тергеу бөлiмiнiң бастығына, анықтау органының бастығына, сондай-ақ прокурорға немесе сотқа осы Кодексте белгiленген тәртiп бойынша шағымдануға болады. Соттың жеке айыптау туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады.
4. Егер келiп түскен арызда (хабарда) азаматтардың саяси, еңбек, тұрғын үй, отбасы және өзге де құқықтарын бұзушылық, сондай-ақ азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен қорғалатын ұйымдардың заңды мүдделерiн бұзушылық байқалса, онда қылмыстық iс қозғаудан бас тартумен бiр уақытта мүдделi адамдарға құқықтары және бұзылған құқықтар мен мүдделердi қалпына келтiру үшiн азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен сотқа жүгiну тәртібі түсiндiрiлуге тиiс.
09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 188-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
188-бап. Қылмыс туралы хабарды немесе арызды тергелуiне
немесе сотталуына қарай беру
1. Қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген лауазымды адам немесе орган қылмыс туралы арызды немесе хабарды қылмыстық iс қозғамай, тергелуi бойынша тек мынадай:
1) қылмыс бұл ауданнан тысқары жерде жасалып және қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн қылмыс жасалған жерде тексеру iс-әрекетiн жасау қажет болған;
2) қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн ол тергеуiне жатқызылған орган ғана жүргiзе алатын тексеру iс-әрекеттерiн жасау қажет болған жағдайларда ғана беруге құқылы.
2. Арыздың немесе хабардың қылмыстық iс қозғамай, тергелуi бойынша берiлгенi туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурор хабардар етiлуге тиiс.
3. Қылмыстық iс қозғамай сотталуы бойынша беруге жәбiрленушiлердiң жеке айыптау тәртібімен iзге түсетiн қылмыстары туралы шағымдары ғана жатады.
4. Қылмыс туралы хабарды немесе арызды тергелу ретi немесе соттылығы бойынша беру кезiнде оқиға болған орынды, сол жердi немесе үй-жайды қарау кезiнде табылған не ұйымдар, лауазымды адамдар немесе азаматтар ұсынған заттар мен құжаттар осы Кодекстiң 223-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен берiледi.
2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 189-бап өзгертілді
189-бап. Қылмыстық iзге түсу органының қылмыстық
iс қозғалғаннан кейiнгi iс-әрекетi
1. Қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн:
1) прокурор iстi алдын ала тергеу немесе анықтау жүргiзуi үшiн тергеушiге немесе анықтау органына жiбередi;
2) тергеушi алдын-ала тергеу жүргiзуге кiрiседi;
3) алдын-ала тергеу жүргiзу мiндеттi болып табылатын iстер бойынша анықтау органы шұғыл тергеу iс-әрекеттерiн орындағаннан кейiн iстi алдын-ала тергеу iсiн жүргiзуге жiбередi; осы Кодекстiң 285-бабында аталған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау жүргiзедi.
2. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу кезіндегі қылмыстық қудалау органының іс-әрекеті осы Кодекстің 23-1-тарауымен реттеледі.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 190-бап өзгертілді
190-бап. Прокурордың қылмыстық iс қозғаудың
заңды болуын қадағалауы
Қылмыстық iс қозғаудың заңды болуын қадағалай отырып, прокурор:
1) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғау туралы қаулысының күшiн жоюға және қылмыстық iс қозғаудан бас тартуға немесе материалдарды қосымша тексepy үшiн iс жүргiзуге жiберуге;
2) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулысының күшiн жоюға және қылмыстық iс қозғауға;
3) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғау туралы қаулысының күшiн жоюға және егер қылмыстық iс бойынша тергеу iс-әрекеттерi жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы.
2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен мазмұн 23-1-тараумен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
23-1-тарау. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу
190-1-бап. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің негіздері
1. Ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар туралы істер бойынша, егер жинақталған дәлелдемелер арқылы қылмыс фактісі және оны жасаған адам белгілі болса, ол адам дәлелдемелерге, өзінің кінәсін келтірілген зиянның сипаты мен мөлшеріне дау айтпай мойындаған, сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібін қолдануға келіскен жағдайда, осы тараудың баптарында белгіленген алынып тасталатындарды қоспағанда, осы Кодекстің жалпы ережелері бойынша сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу жүзеге асырылады.
2. Сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі:
қылмыстардың ішінде ең болмағанда біреуі ауыр немесе аса ауыр болып табылатын қылмыстардың жиынтығына қатысты; кәмелетке толмағандарға және өзінің қорғану құқығын дене немесе психикалық кемістіктеріне байланысты өздері жүзеге асыра алмайтын адамдарға қатысты; сот ісі жүргізілетін тілді меңгермеген адамдарға қатысты; артықшылықтары және қылмыстық қудалауға қарсы иммунитеті бар адамдарға қатысты; бірге қатысушылардың ең болмағанда біреуі өз кінәсін мойындамаған жағдайда; осы Кодекстің 190-2-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде істің барлық мән-жайының жан-жақты және толық зерттелуін қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде; күдіктіні осы Кодекстің 132-бабы негізінде ұстау немесе оған бұлтартпау шараларын қолдану қажет болған кезде қолданылмайды.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған ретте алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізіледі.
190-2-бап. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің тәртібі
1. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу қылмыс туралы арызды немесе хабарламаны тіркеген кезден бастап он тәулікке дейінгі мерзімде іс прокурорға берілгенге дейін аяқталуға тиіс.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша материалдар бір іс жүргізуге біріктірілуі мүмкін.
2. Сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтаушы немесе тергеуші жасалған қылмыстың мән-жайларын және оның кінәсін растайтын мән-жайларды анықтайды.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайларды анықтау үшін тексеріп қарау, алу, сараптама, арыз берушіге, көрген адамдарға және қылмыс жасаған адамға сұрау салынуы, құжаттар немесе өзге де материалдар талап етіп алынуы, тексерулердің, ревизиялардың, сараптамалардың актілері, аудиторлық қорытындылар, соттылық туралы анықтама, мінездеме, стенограмма, аудио-, бейнежазба материалдары қоса тігілуі мүмкін.
4. Қылмыстық қудалау органдарына жүгінген кезден бастап - арыз берушінің, ал көрген адамдар мен қылмыс жасаған адамның тергеушіге, анықтаушыға немесе анықтау органына шақырылған кезден бастап заң көмегін көрсету үшін қорғаушы шақыртуға құқығы бар.
Арыз берушіге, көрген адамдарға және қылмыс жасаған адамға жасалған қылмыстың белгілі мән-жайлары туралы сұрау салынады. Сұрау салынатын адамдарға олардың өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы түсінік бермеу құқығы түсіндіріледі. Сұрау салу кезінде дыбыс-, бейнежазба қолданылуы мүмкін.
Қылмыс жасаған адамға сұрау салу кезінде іс бойынша іс жүргізуді сотқа дейінгі жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асыру мүмкіндігі және оның құқықтық салдары түсіндіріледі.
Сұрау салу барысында қылмыс жасаған адамға, арыз берушіге және көрген адамдарға олардың шақырту бойынша анықтаушыға, тергеушіге және сотқа келу міндеті түсіндіріледі. Қажет болған жағдайда аталған адамдардан осы Кодекстің 157-бабында белгіленген тәртіппен анықтаушыға, тергеушіге және сотқа келуі туралы міндеттеме алынады.
190-3-бап. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасау және қылмыстық істі прокурорға беру
1. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттама жасаумен аяқталады. Хаттамада: оның жасалған уақыты мен орны; хаттаманы кімнің жасағаны; қылмыс жасаған адам туралы деректер; қылмыстың жасалу мән-жайлары; адамның кінәлілігін растайтын дәлелдемелер; Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстың саралануы (бап, бөлік, тармақ); адамның өз кінәсін мойындағаны және қылмыс арқылы келтірілген зиянның сипаты мен мөлшеріне келіскені көрсетіледі.
Хаттамаға барлық материалдар, сондай-ақ сотқа шақырылуға жататын адамдардың тізімі қоса тігіледі.
2. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын тергеушінің жасауы не оны анықтау органы бастығының бекітуі қылмыстық істің қозғалғанын және қылмыс жасаған адамның айыпталушы деп танылғанын білдіреді.
3. Айыпталушы, ал шақырылған жағдайда оның қорғаушысы да сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудегі істің материалдарымен таныстырылады. Хаттамаға олардың арыздары мен өтінішхаттары енгізіледі. Хаттаманың көшірмесі айыпталушыға тапсырылады және арыз берушіге жіберіледі.
190-4-бап. Прокурордың сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен келіп түскен қылмыстық іс бойынша іс-әрекеттері
Прокурор сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудегі қылмыстық істі алып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей мына іс-әрекеттердің бірін жасайды:
1) сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасына келісім білдіреді және айыпталушыны сотқа береді;
2) алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізу үшін жібереді;
3) осы Кодексте көзделген негіздер бойынша жекелеген айыпталушыларға қатысты қылмыстық істі немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарады не айыпталушының іс-әрекеттерін қайта саралайды немесе айыптаудың жекелеген тармақтарын алып тастайды.
24-тарау. Алдын-ала тергеу жүргізудің
жалпы шарттары
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұрынғы ред. қара); 2009.17.07. № 187-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 191-бап өзгертілді
191-бап. Алдын-ала тергеудiң мiндеттілігi
1. Алдын-ала тергеудi осы Кодекстiң 33-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 190-1, 285-баптарында көрсетiлген қылмыстар туралы iстердi қоспағанда, барлық қылмыстық iстер бойынша жүргiзу мiндеттi.
2. Алдын ала тергеудi кәмелетке толмағандар немесе өздерiнiң дене немесе ақыл-ой кемiстiктерiне байланысты өздерiнiң қорғану құқықтарын өздерi жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар туралы барлық қылмыстық iстер бойынша жүргiзу мiндеттi.
3. Қылмыстық iстер бойынша алдын-ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, iшкi iстер және қаржы полициясы органдарының тергеушiлерi, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда прокурорлар жүргiзедi.
4. Қылмыстық iстердi тергелуi бойынша бiр органнан екiншi органға беру осы Кодекске сәйкес жүргiзiледi.
09.12.98 ж. № 307-1; 05.05.00 ж. № 47-II; 16.03.01 ж. № 163-II; 19.02.02 ж. № 295-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 25.09.03 ж. № 484-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2004.31.12 № 27-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III; 2005.22.11 № 90-III; 2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара); 2007.08.01. № 210-III (бұр. ред. қара) ;2008.27.06 № 50-ІV (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара); 2009.10.07. № 175-IV (бұр.ред.қара); 2009.10.07. № 177-IV (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.08.12. № 225-IV (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 228-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 192-бап өзгертілді
192-бап. Тергелу ретi
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 156-163, 165-174, 233, 233-1, 233-2, 233-3, 236, 238-240, 243, 244, 247-249-баптарында, 255-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды ұрлауға не қорқытып алуға қатысты), 306-бабында, 318-бабында, 330-бабында (екiншi бөлiгiнде), 331-бабында (екiншi бөлiгiнде), 367-бабында (үшінші, 3-1 және бесінші бөліктерінде), 368-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 369-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 372-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 373-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 374-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 375, 376 баптарында, 381-бабында (үшінші бөлігінде), 382-бабында (екінші бөлігінде), 383-386 баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша, алдын-ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 96-103-баптарында, 107-бабында (екiншi бөлiгiнде), 112, 113,114-баптарында, 116-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 117-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 120-122, 125-баптарында, 126-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 127-бабында, 128-бабында (екiншi, үшiншi және төртінші бөлiктерiнде), 131-бабында, 132-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 133, 138-баптарында, 141-бабында (екiншi бөлiгiнде), 142 (екiншi бөлiгiнде), 143 баптарында, 145-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 146-153, 155-баптарында, 175-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 178-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 179, 181-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 183-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 185-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 186-бабында (екiншi бөлiгiнде), 187-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 227-1, 229, 230-баптарында (екiншi бөлiгiнде), 234, 237, 241, 242, 245, 245-1, 246-баптарында, 251-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 252-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 254-бабында (екiншi бөлiгiнде), 255-бабында (бiрiншi, үшінші және төртінші бөліктерінде), 256-бабында (екiншi бөлiгiнде), 257-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 259-бабында (1-1 және екінші бөліктерінде), 260-бабында, 261-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 263-бабында(үшінші және төртінші бөліктерінде), 264-бабында (екiншi бөлiгiнде), 267-269-баптарында, 271-бабында (екiншi бөлiгiнде), 275-бабында (екiншi бөлiгiнде), 275-1-бабында (екінші бөлігінде), 277-286-баптарында, 287-бабында (екiншi бөлiгiнде), 288-бабында (екiншi бөлiгiнде), 289-бабында, 292-бабында (екiншi бөлiгiнде), 294-бабында, 295-бабында, 298-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 299-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 300-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 301-бабында, 302-бабында (екiншi бөлiгiнде), 303-305-баптарында, 319, 320 (екiншi бөлiгiнде), 321, 322-баптарында, 327-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 330-2 (екінші бөлігінде), 335-338, 340, 358-бабында (екiншi бөлiгiнде), 361-бабында, 367-бабында (төртінші бөлігінде), 368-бабында (екiншi бөлігінде), 369-бабында (екiншi бөлiгiнде), 370-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 360-бабында (үшінші бөлігінде), 373-бабында (екiншi бөлiгiнде), 374-бабында (екінші бөлігінде), 377-бабында (екiншi бөлiгiнде), 382-бабында (бірінші бөлiгiнде), 390-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 391-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 392, 393-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша, алдын ала тергеудi iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (үшiншi бөліктің г) тармағында), 177-бабында (үшінші бөліктің г) тармағында), 189-бабында, 190-бабында (екінші бөлігінде), 191, 192, 192-1, 193 - 197, 199-205, 207-баптарында, 209-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 221-бабында (екінші бөлігінде), 222-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 222-1, 223-бабында (екінші бөлiгiнде), 224-бабында, 225-бабында, 226-бабында (екiншi бөлігінде), 231, 232-баптарында, 307-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 308-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 310, 311-баптарында (бiрiншi және екінші бөлiктерiнде), 312-315-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді салық полициясының тергеушілері жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 183-бабында (екінші және үшінші бөлігінде), 229-бабында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, егер олардың тергеуі қаржы полициясы органдарының тергеушілері тергейтін қылмыстарды тергеуге тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді салық полициясы органдарының тергеушілері жүргізуі мүмкін.
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiктiң а), б), в) тармақтарында), 177-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 180-бабында, 182-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 184, 184-1, 206, 228, 235, 309, 316, 339 (екіншi және үшіншi бөлiктерiнде), 341, 343-357, 363-365-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеуді қылмыстық іс қозғаған ішкі істер органы немесе қаржы полициясы жүргізеді.