19.06.1997 ж. № 134-I; 07.04.1999 ж. № 374-1; 16.11.1999 ж. № 476-I; 10.10.2001 ж. № 247-11; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертiлдi
26-бап. Iшкi iстер органдардың қызметкерлерiне еңбекке ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзгедей қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызметтi өтеудiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және арнаулы атағы үшiн қосымша ақыдан тұрады.
3. 10.10.2001 ж. № 247-11 ҚР Заңымен алып тасталды
4. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi:
1) Үлгiлерi мен тиесiлiк нормаларын Республика Үкіметі белгiлейтiн тегiн нысандық әрi арнаулы киім-кешекпен;
2) 10.10.2001 ж. № 247-11 ҚР Заңымен алып тасталды
4-1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қалауы бойынша оларға нысанды және арнайы киім-кешектiң орнына ақшалай өтем төленуi мүмкiн.
5. Мемлекеттік тергеу комитетi қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң:
1) 07.04.1999 ж. № 374-1 ҚР Заңымен алып тасталды
2) iссапар куәлiгiн көрсеткен соң барлық көлiк түрiнде жүрiп-тұру құжаттарын және мейманханаларда тұру үшiн орынды бiрiншi кезекте алуға құқығы бар.
2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен 27-бап толықтырылды
27-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң демалысы
1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы отыз тәулiк демалыс, сондай-ақ заңмен көзделген өзге де демалыс берiледi.
2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне қосымша ақы төленетiн демалыс (күнтiзбелiк есеппен) қызмет өткерген жылдарына қарай:
1) он жылдан аса қызмет өткерген жылдары барларға - ұзақтығы бес тәулiк;
2) он бес жылдан аса қызмет өткерген жылдары барларға ұзақтығы он тәулiк;
3) жиырма жылдан аса қызмет өткерген жылдары барларға ұзақтығы он бес тәулiк мерзiмге берiледi.
3. Биiк таулы жерлерде, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет өткерiп жүрген iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, қызмет өткерген жылдарына қарамастан, ұзақтығы қырық бес тәулiк кезектi демалыс берiледi.
3-1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне кезектi, қысқа мерзiмдi, қосымша демалыстар, сырқаттануына байланысты, жүктi болуына және бала тууына байланысты демалыстар уақытында, демалысын өткізу орнына баратын және керi қайтатын жолға берiлетiн уақытты қоса алғанда, ақшалай ризық атқаратын лауазымы бойынша еңбек демалысына кеткен күнiне алатын мөлшерде төленеді.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Iшкi iстер органдарының жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң демалысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес анықталады.
02.04.1997 ж. № 88-I; 19.06.1997 ж. № 134-I; 09.12.1998 ж. № 307-1; 07.04.1999 ж. № 374-1; 10.10.2001 ж. № 247-11; 2004.29.12 № 26-III ҚР Заңдарымен 28-бап өзгертiлдi
28-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайда берiлетiн кепiлдiктер
1. Iшкi iстер органдарының қызметкерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарып жүрген кезеңiнде мертiккен жағдайда, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтем алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтем төленедi.
2. Бір жолғы өтемді төлеу тәртібін Республиканың Үкіметі белгілейді.
3. Iшкi iстер органдарының қызметкерi қызметтiк міндеттерін немесе қызметтік борышын орындау кезiнде не қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне оның соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi.
4. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезіндегі жарақаты, жаралануы (контузия алуы), зақымдануы, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленгенде,оларға:
1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай үлесi;
2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай үлесi;
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi.
5. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр зақым (жарақат, жаралану, контузия) алған жағдайда оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, жеңiл зақым алған жағдайда жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем сақтандыру сомасы төленедi.
6. Iшкi iстер органдары қызметкерiнiң қазасы (өлiмi) жаралануы (мертiгуi), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын орындауға қатысы жоқ жағдаяттарға байланысты болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бір жолғы өтем төленбейдi.
7. 07.04.1999 ж. № 374-1 ҚР Заңымен алып тасталды
8. Қызметтiк мiндеттерiн не қызметтiк борышын атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң балаларына олар кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн ведомстволық денсаулық сақтау мекемелеріндегі медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсетуге құқық сақталады.
29-бап. Жерлеу шығындарын өтеу
Iшкi iстер органдарының қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу үшiн олардың үш айлық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
02.04.1997 ж. № 88-I; 07.04.1999 ж. № 374; 16.11.1999 ж. № 476-I; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 30-бап өзгертiлдi
30-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнiң тұрғын үй құқығы
1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады.
2. Iшкi iстер органдарының он күнтiзбелiк жылдан астам уақыт қызмет атқарған қызметкерлерi тұрақты тұрып жатқан қызметтiк тұрғын үй-жайларын өздерiнiң қалауына қарай жеке меншiгiне сатып ала алады.
3. Егер басқа тұрғын үй-жайлар берiлмесе, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн қызметтiк тұрғын үй-жайлардан шығаруға болмайды.
4. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй қорының тиістілігіне қарамастан тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) жұмсалатын шығындарды төлеуге ақшалай өтемақы республикалық бюджетте тиісті жылға белгіленген мөлшерде төленеді.
5. 16.11.1999 ж. № 476-I ҚР Заңымен алып тасталды
6. Iшкi iстер органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның отбасы ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей заңмен белгiленген шарттар мен тәртiп бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын алаң алуға құқылы.
31-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн әлеуметтiк қорғаудың өзге шаралары
1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiне және олардың бiрге тұратын отбасы мүшелерiне Республика Үкіметі белгiлеген шекте Республика Қорғаныс министрлігінiң әскери қызметшiлерi мен зейнеткерлерiне заңмен белгiленетiн жеңiлдiктер мен артықшылықтар қолданылады.
2. Iшкi iстер министрлігінiң туберкулез және басқа мамандандырылған жұқпалы аурулар мекемелерiнде қызмет атқаратын iшкi iстер органдарының қызметкерлерi аталған қызметкерлерге заңмен белгiленетiн жеңiлдiктердi пайдаланады.
2008.05.07. № 63-IV ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiне медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету
Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, сондай-ақ iшкi iстер органдарының зейнеткерлерi тиiстi мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерiнде медициналық және санаторий-курорттық қызметтi Республика Үкіметі белгiлеген тәртiппен пайдаланады.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) ішкі істер органдарының қызметкерлері бюджет қаражаты есебінен санаторий-курорттық емделуге жіберіледі.
2008.05.07. № 63-IV ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды
32-1-бап. Ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік
комиссиялары
Ішкі істер органдарында бекітілген контингентті және қызметке тұрушы адамдарды медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өткізу үшін әскери-дәрігерлік комиссиялар құрылады. Куәландыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
7 Тарау
Iшкi iстер органдарын қаржымен және
материалдық-техникалық қамтамасыз ету
ҚР 22.12.1998 ж. № 327-1 Заңына сәйкес 33-бап өзгертiлдi
33-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1; 06.12.2001 ж. № 260-11 Заңдарымен 34-бап өзгертiлдi; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
34-бап. Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
8 Тарау
Қорытынды және өтпелi ережелер
35-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
36-бап. Iшкi iстер органдарының қызметiне прокурорлық қадағалау
Iшкi iстер органдарының қызметiнде заңдардың дәл және бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынатын прокурорлар жүзеге асырады.
37-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртібі
Осы Заң 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
38-бап. Осы Заңды iске асыру шаралары
1. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11, 288-құжат; 1992 ж., № 24, 593-құжат, 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1993 ж., № 17, 426-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бұрын өзi қабылдаған шешiмдердi осы Заңға сәйкес келтiрсiн;
2) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі туралы Ереженi бекiтсiн;
3) осы Заңнан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі өзiнiң нормативтiк актілерін осы Заңға сәйкес келтiрсiн.
Қазақстан Республикасының